Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет27/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50

Экономикалық теория 
 
93 
ATC =
 TC 
            Q 
 
Орта  өзгермелі  (AVC)    және  орта  тұрақты  (AFC) 
шығындарды  да  осы  түрде  есептейді.  Нарықтық  тепе-теңдікті 
түсіну  үшін  орта  шығындардың  ерекше  мағынасы  бар,  себебі 
кәсіпкер шығындарды азайтуға ұмтылады. 
Өндіріс  көлемін  анықтау  үшін  шектелген  шығындар 
категориясын пайдалану қажет. 
Шектелген  шығындар  –  бұл,  бар  көлем  үстінен  өнімнің 
тағы  бір  бірлігін  шығаратын  өндіріске  байланысты  қосымша 
шығындар.  Бұл  шығын,  өнім  бірлігін    шығаруды  көбейту 
кезінде    жалпы  шығындарды  көбейтеді.  Мысалы: шығару  5-тен 
6-ға  дейінгі  бірлікке  артады,  ал  жалпы    шығындар    2400-ден 
3000 бірлікке  өсті. Шектелген  шығындар 600 құрады. 
Трансакциондық  шығындар  түсінігін    американ  экономисі   
Р.  Коуз  енгізді.  Трансакциондық  шығындардың  негізгі  типтері 
бар:  1)  мәлімет  іздеу  шығындары  –  ол  уақыт    пен  ресурстар 
кететін шығыны, баға туралы мәліметтер жинау: 2) келіссөздерге 
жұмсалған  шығындар  –  айырбас  жағдайын    белгілеу,    келісім 
дайындау;  3)  қатеден  пайда  болатын  шығындар;  4)  стандарт 
жүйесін  істеу,  фирмалық  белгілерді  күзетуге  кеткен  шығындар  
және оның меншік құқығын қорғау. 
Қорыта  айтқанда,  трансакциондық  шығындарды  тиімді 
пайдалану  нарықтың қызметі болып табылады. 
 
8.2. Шығындар және пайда өндіріс көлемі  
       өзгерген жағдайында 
 
Бұл сұрақты түсіну үшін мынадай график құрамыз 
Өнім шығарудың өсуі тұрақты капиталға тағы көп жұмысшы 
санын қосу арқылы жетілдіріледі. Бұнда үш кезең қаралады:  
1.  Өндірістің  зиянды  кезеңі  (0-ден  3  бірлікке),  онда  жалпы 
түсімнің  шығыннан төмен болса. 
2.  Өндірістің  пайдалы  кезеңі  (өнімнің  3-тен  10-ға  дейінгі 
бірлігі), жұмысшы саны оптималды өсті және еңбек пен капитал 
арасында  баланс  жетілді.  Бұнда,  масштаб  тиімділігі  деп 


Н. А. Маженова 
 
94 
аталатын,  ірі  өндірістің  өзін  көрсетеді.  Бос  тұру  және  жұмыс 
уақытын  жоғалту  жоқ,  орта  шығындар  азаяды,  ресурстардан 
түсім  өседі,  өндіріс  толығынан  тиімді.  Бірақ,  белгілі  кезеңнен 
бастап шектелген шығындар, орта шығындардан  аса бастайды. 
3.  Өндірістің  зиянды  кезеңі,  өнімнің  10-нан  аса  жалпы 
түсімнің  шығыннан артық болса. 
 
 
1.13-сурет. Шығындар және пайда өндіріс көлемі өзгерген жағдайында 
 
Өндірісте  ресурстардан  түсімнің  азаю  заңы  болады.  Ол, 
белгілі  шектерге  дейін  өзгермейтін  тұрақты  ресурстарға 
(мысалы: капитал, жер), өзгермелі ресурстарды (мысалы: еңбек) 
қосу  есебінен  болатын  өндірістің  ұлғаюын  көрсетеді.  Белгілі 
кезеңнен  бастап,  бұл  ресурстардың  арасындағы  қажетті  баланс 
бұзылады,  өзгермелі ресурстан түсім азаяды.  Мысалы: фермер, 
және  минерал  тыңайтқыш  қосындысы.  Бір  жемдеу,  екеу,  үшеу. 
Жерден  алым  көбейеді,  ал  содан  кейін    төмендейді,  себеп  жер 
артық жемделген болып кетеді. 
 
8.3.  Жетілген бәсеке нарығында фирманың жағдайы 
 
Фирманың  шығындары  пайдаланатын    ресурстар    санынан 
тәуелді.    Көп  ресурстардың  саны,  мысалы,  шикізат,  материал, 
С 


В 

1     2       3     4     5      6     7     8    9    10 
Жалпы шығын 
Жалпы түсім 


Экономикалық теория 
 
95 
жұмыс  күші  жеңіл  және  жылдам  өзгеруі  мүмкін.  Басқа 
ресурстар  игеру  үшін  көп  уақытты  қажет  етеді,  мысалы  өндіріс 
орнын  өзгерту  мен  пайдалынатын  құралдардың  санын. 
Сондықтан  қысқа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  кезеңдерді 
бөледі.  Қысқа  мерзімді  кезең  –  бұл  өлшемді  қуаттылық.  Бұл 
кезде  тек  өзгермелі  шығындар  өзгереді.  Кәсіпорын  өзінің 
өндіріс  қуатын    өзгерту  үшін    уақыт  кезеңі  өте  қысқа.  Бірақ, 
өндіріс  қөлемі  шикізат,  материал  және  жұмыс  күшін  өзгерту 
жолымен өзгеруі мүмкін. 
Ұзақ  мерзімді  кезең  –  ауыспалы  қуаттылық.  Бұл  кезде 
тұрақты  мен  өзгермелі  шығындар  өзгереді.  Бұл  кезең  кейбір 
фирмалардың  осы  салаға  кіруіне,  өндірістік  алаңын  және 
техника мен технологияны өзгерту уақытты қажет етеді. 
Қысқа  мерзімді  кезеңдегі  фирманың  тәртібін  қарайық.  Бұл 
үшін графикті  қараймыз, ол фирманың пайданы максимизациялау 
және фирманың  шекарасының мүмкіндігін көрсетеді. 
 
 
 
1.14-сурет. Шығындардың орта мөлшері 
 
Бұнда  әртүрлі  шығындардың  орта  мөлшері  бойынша 
мәліметтер келтірілген: 
  орта тұрақты шығындар төмендейді; 


Н. А. Маженова 
 
96 
  орта  өзгермелі  шығындар  төмендейді,  бұнда  басында 
масштаб  тиімділігі  әрекет  жасайды,  содан  кейін  түсімнің  азаю 
заңының әрекеті  болады. 
Графикте  көрсетілгендей,  шектелген  шығындар  (МС)  орта 
шығындардан  (АТС)  төмен.  Мұнда  орта  шығындардың  азаю 
кезі.  b  нүктеде  шектелген  шығын  оны  төменгі  орынымен  қиып 
өтеді.  b  нүктеде  нарықтық  баға  орта  жалпы  шығындарға  тең. 
Бұл  нүкте  шығынсыз  нүкте  деп  аталады,  яғни  өндірістің  қиын-
қыстау  көлемі.  b  нүктеден  оңға  қарай  шығындар өсе  бастайды.  
a  нүктеде  барлық  шығындар  өтелмейді,  фирма  банкрот  деп 
жарияланады.  Нарықты  баға  b  нүктесінен  төмендеген  кезде 
кәсіпорын  саланы  тастай  бастайды.  Егер  олар  басқа  өнімдерді 
шығаруды игерсе өндірісті жалғастыруы  мүмкін. 
Ұзақ  мерзімді  кезеңде  барлық  шығындар  өзгермелі  болады. 
Жалпы шығындар, қысқа мерзімді кезеңде сияқты, алдымен азаяды, 
содан кейін көбейеді. Бұнда да масштаб тиімділігі әрекет жасайды.  
 
 
 
1.15-сурет. Ұзақ мерзімді кезеңдегі  шығындар 
 
LATC  жалпы  шығындардың  мөлшерін  көрсетеді.  Сынық 
қисықтағы  қөрініс,  LATC  қисығы    түріндегі  жалпы  шығындар. 
Бұл  қисық  фирманың  таңдауы  қисығы.  Жағдай  өзгерсе,  фирма 
қуатын көбейту немесе азайтуға тиіс.  


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау