Экономикалық теория
173
Мемлекеттік шығындар мультипликаторы ТҰӨ өзгерісінің
үкіметтік шығындар өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады.
Мемлекеттік бюджет шығыс және табыс бөліктерінен тұрады.
Мемлекеттік бюджеттің кірісі, бірінші кезекте орталық
және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік
заемдерден, сондай-ақ бюджеттен тыс және мақсатты қорлар
деп аталатын түсімдерден тұрады. Кіріс жүйесіндегі орталық
орынды салық алады. Ірі салықтар орталық үкіметке тіркелсе,
кішігірім салықтар жергілікті билікте болады.
Нарықты механизмнің тиімді жұмыс көбінесе мемлекет
өзінің кіріс пен шығыстың қалай теңеуіне байланысты. Егер
шығындары кірістерінен жоғары болса
оның бюджет
тапшылығы дейді. Бюджет тапшылығы туу себептері мынадай:
мемлекет экономиканың дамуына ірі мемлекеттік
инвестиция жұмсағанда;
өмірдің әр түрлі кеңістігінде мемлекеттің рөлі артқанда;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындары
өскенде;
мемлекет аппараты саны көбейгенде;
төтенше жағдайлардың тууына байланысты (соғыс,
күтпеген апат);
өндірістің циклдік төмендеу болғанда, үкімет елдегі
қаржылық жағдайды бақылай алмайды.
Бюджеттік тапшылық экономикаға керісінше әсер етеді,
сондықтан мемлекет оны жоюға әрекет жасайды. Бюджеттік
тапшылықты жабу жолдары:
эмиссия жасау.
салықты көтеру;
шығындарды қысқарту;
мемлекеттік қарыз, мемлекеттік несие.
Мұнда ұлттық банк үкіметінің өтінішін қабыл алмаған
жағдайда, ол амалсыздан өзінің және сырт елдердегі
азаматтарынан, банктерден, корпорациялардан, түрлі қорлардан
қарызға ақша қаражаттарын алады. Сондықтан, бюджеттік
тапшылықты жабатын бірде бір әдістер инфляциясыз болмайды.
Бюджеттік-салық саясаты – бұл, ЖҰӨ өсуіне және
жұмысбастылықты қамтамасыз етуге бағытталған, үкіметтің
Н. А. Маженова
174
мемлекеттік шығындары мен салықтандыру реттеу шаралары.
Белгілі болғандай, экономикада «мультипликациялық тиімділік»
болады. Нарықты экономикадағы мультипликатор тиімділігінің
мәні, ол инвестицияның көбеюі, ұлттық табыстың, бастапқы
өсуіне қарағанда, улкен мөлшерге көбеюіне әкеледі. Салықта
мультипликациялық тиімділікке тууына әкеледі.
Мемлекеттік бюджетке салық түсімдердің көлемінің өсуі –
инвестициялау
мүмкіндігін
кеңейтеді.
Бұл
ТҰӨ
мультипликациялық өсуіне әкеледі. Салықтық мультипликатор
таза ұлттық өнімнің өзгерісінің, салықтың түсімдер көлемінің
өзгеруіне қатынасымен анықталады.
Салықтың
төмендеуі
тұтынушылар
үшін
олардың
табыстарының өсуіне және оған сәйкес тұтыну, тауарларына
сұраныстың өсуіне әкеледі. Фирмалар үшін салықтың төмендеуі
кәсіпкерлердің табыстарының өсуіне әкеледі, ол инвестиция
көбеюіне және одан әрі инвестициялық тауарларға сұраныстың
өсуіне әкеледі.
Салықтардың төмендеуінен болатын мультипликациялық
тиімділік мемлекеттік шығындардың көбеюіне қарағанда
бостау. Бұл айырмашылық фискалды саясат инструменттерін
таңдау кезінде анықтаушы болады. Егер саясат мемлекет
шығындар көбеюінде циклдік қайтуына бағытталған болса онда
күшті ынталандырушы тиімділік береді. Ал, инфляцияны
тоқтату үшін салық көбеюі (ол жәй шектеулі шара) болады.
Сондықтан, мемлекет фирмалардың табысын салықтық
ставкасы артықша жоғарылату олардың инвестицияға деген
ынтасын түсіретінін ұмытпауы керек. Бұл Лаффер қисығы
графигінде көрінеді.
Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардаптары:
- сыртқы қарызды өтеу қажеттілігі сол мемлекеттің халқы
үшін тұтыну мүмкіндіктерінің едәуір қысқаруына алып келеді;
- қарыз жеке капиталды ығыстыруға алып келеді, бұл одан
ары экономиканың өсуін шектеуі мүмкін;
- өспелі мемлекеттік қарызды төлеу үшін салықтардың
артуы экономикалық белсенділікті ынталандыруға қарсы
ретінде орын алуы мүмкін;
- мемлекеттік борыш табыстардағы теңсіздіктің артуына
алып келеді.
Экономикалық теория
175
15.3. Салықтандырудың принциптері және түрлері
Салық – бұл, белгіленген мерзімде және белгілі заңмен
мөлшерленіп бюджетке түсетін міндетті төлем.
Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше принципті қолданады:
- жалпылай, табыс табатын барлық тұлғаларды қамту;
- тұрақтылық, салық мөлшері мен салық түрінің
тұрақтылығы;
- тең күштеу, салық салу барлық салық төлеуші үшін бірдей
болуы керек;
- міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлілігі, төлемнен
құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестігі;
- әлеуметтік әділдік, яғни салық мөлшері мен салық
жеңілдігін құру.
Салықтың түрлері:
Салықтандыру объектілері бойынша белгіленеді:
Табысқа салық. Мүлікке салық. Белгілі тауарлар және
қызметті сатыпалушылар шығындарына салынатын салық.
Төлету тәсілдері бойынша салықтар бөлінеді:
Тікелей (мүліктің иелерінен немесе табыс алушылардан
тікелей алыну: табыс салығы, меншікке салық).
Жанама (белгілі тауарлардың бағасына қосылады және
сол тауарларды сату кезінде тұтынушылардан алынады –
акциздер және кедендік баж).
Салықтың мөлшерін белгілеу үшін үш жүйесін көруге
болады:
а) пропорционалды салық табыс, шығын немесе мүлік
құнының сомасына тәуелді емес өзгермейтін пайыздық ставкасы
бар салық болып табылады; б) табыс өскен сайын ставкасы да
өсетін салық прогрессивті деп аталады; в) табыс өскен сайын
ставкалары төмендейтін салықтар регрессивті деп аталады.
Салықтар сомасы келіп түсетін бюджет деңгейі бойынша
жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Пайдалану
тәртібі
бойынша:
жалпы
салықтар
–
мемлекеттің бірыңғай кассасына түседі, белгілі бір мақсаты бар
мақсаттық немесе арнайы салықтар болып бөлінеді.
Н. А. Маженова
176
Қазақстанда ҚР Салық кодексімен бекітілген келесідей
салықтар бар:
- Корпоративті табыс салығы;
- Жеке табыс салығы;
- Қосылған құн салығы;
- Акциздер;
- Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен
арнайы төлемдері;
- Әлеуметтік салық;
- Жер салығы;
- Көлік құралдарына салынатын салық;
- Мүлік салығы.
Салықтардан басқа, бюджетке алымдар да келіп түседі:
сауда құқығы, автокөлікті қою құқығы үшін, курорттық алымдар.
Салықтандырудың өзінің шегі болады. Салық ставкалары
белгілі бір биіктікке дейін өседі, ал одан кейін төмендейді:
адамдардың экономикалық белсенділігі төмендейді;
адамдар салық төлеуден бас тартады;
көлеңкелі экономика өседі.
Ставкалар және салықтың түсірілу арасындағы өзара
байланысты Лаффер қисығы көрсетеді.
1.23-сурет. Лаффер қисығы
Экономикалық теория
177
L нүктесі N нүктесіне қарағанда артықшылығы бар. Бұнда
экономикалық белсенділік жоғары, жұмысбастылық және
өндіріс көлемі көп, игілікті тұрмыс деңгейі жоғары.
15.4. Әлеуметтік қорғау саясаты
Табыстар деп түсінетініміз – жеке тұтынуға байланысты
қызметтер және игіліктерге ие болуға арналған, белгілі уақыт
арасында алатын қаржы құралдарының ақшасы.
Қаржы табыстарының үш басты қайнар көзін белгілеуге болады:
жалақы;
меншіктен түсетін табыстар (рента, % дивиденд);
әлеуметтік төлемдер (зейнетақысы, жәрдем ақшалар).
Яғни, қоғамның бастауыш ұясы жанұя болады, ол
көрсеткіш жанұя табысының жиынтығымен есептелінеді.
Әртүрлі жанұялар үшін, әртүрлі табыстардың мәнділігі әр түрлі.
Сондықтан, халықтың өмір сүру деңгейінің, сенімді
суреттемесін алуға болады. Бұл мақсат үшін Лоренц қисығы деп
аталынатын қисық пайдаланылады.
1.24-сурет. Лоренц кисығы
Лоренц қисығы – бұл халық топтарына қарай табыстардың
бөлінуін көрсететін қисық. Егер, халақтың 10%-дың 10%-ға
Жанұя пайызы
Н. А. Маженова
178
табысы бар деп, ал 20%-дың 20% табысқа, 30%-дың 30%
табысқа және тағы басқа деп болжамдасақ, онда бұл график ОА
биссектрисасы түріндегі түзуді көрсетеді.
Ал өмірде басқаша: халықтың 10%-ы барлық табыстың
50% алатын болса, халықтың 50%-ы барлық табыстың 20%
алатын болса, онда біз Лоренц қисығы деп аталатын қисықты
алар едік. L-ОА түзуінен қашығырақ орын алса, онда сол
қоғамда табыстар біркелкі болып бөлінбегені.
Жиынтық табыстың қандай үлесі бай және ең кедейлерге
келетіні талданады. Ресейде халықтың жоғары 10% (жаңа
орыстар) төменгі 10% -нан бай болды. Мәселен:
1989 жылы 7 есе;
1991 жылы 10 есе;
1993 жылы 16 есе;
1994 жылы 20 есе;
1995 жылы 26 есе;
1998 жылы 30 есе;
2003 жылы 14 есе, экономиканың тұрақтануымен алшақтық
қысқара бастады. Әсіресе жоғарыдағылар үшін әлеуметтік
тыныштық бір сәттік олжаға қарағанда маңыздырақ.
1960 жылы Батыс елдері мен Жапонияда табыстардың жалпы
сомасында жалақы үлесі орташа шамамен 40%, 2000 жылы 65%
құрады. Ең бай және ең кедейлер арасындағы айырмашылық
ақырындап 6-7 еселік мөлшерді құрайды. Батыста 9-еселік деңгей
айырмасы шекті болып саналады. Дереу әлеуметтік қорғаныстың
барлық түрлері, трансферттің әр түрі, мемлекеттік реттеудің барлық
жүйесі іске қосылады. Білім беруге, денсаулық сақтауға, тұрғын үй
құрылысына (қоғамдық қызметтерге) АҚШ және Жапонияда ЖҰӨ-
нің 20%, Германияда 31%, Англияда 27% құрады.
Табысты бөлудегі теңсіздік дәрежесінің басқа көрсеткіші
Джини (Италия экономисі 1884-1965) коэффициенті болады.
Бұл индекс 0-ден жалпы теңділіктен 1-ге (жалпы теңсіздікке)
дейін өзгереді. Индекс 1-ге жақындаған сайын, табысты
бөлудегі теңсіздік көп болады.
Адамдар дамуының индексі (АДИ) өзіне көрсеткіштер
жүйесін қосатын жалпылама өлшем: өмірдің ұзақтығы, білім
деңгейі, адам басына келетін ЖҰӨ.
Экономикалық теория
179
Нарық идеалды болмайды және бұнда мемлекеттің
әлеуметтік саясаты қажет.
ҚР әлеуметтік саясат келесі екі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- еңбек және кәсіпкершілік үшін қолайлы мүмкіндіктерді
қамтамасыз ету;
-қоғамның барлық мүшелері үшін белгілі стандарттағы
игілікті тұрмысты қамтамасыз ету.
Кәсіпкерлік
және
еңбек
үшін
қолайлы
жағдайды
қамтамасыз ету үшін төмендегілер қажет:
- заң шегінде кәсіпкерліктің толық еркіндігі;
- шағын бизнесті ынталандыру (несиелер, салықтық
жеңілдіктер);
- жұмысбастылықты ұстап тұру (жұмыс орындары, қайта
біліктендіру, жұмысқа орналастыру);
- еңбек қатынастарын реттеу (еңбекақыны төлеу, жұмыс
уақытының, демалыстардың ұзақтылығы, еңбекті қорғау);
Қоғамның барлық мүшелері үшін әл-ауқаттылықтың
белгілі бір стандартын қамтамасыз ету:
- қоғамда табысты қайта бөлу бюджет есебінен жүзеге
асырылады;
- еңбекке жарамсыз, аз қамтылған және жұмыссыздарға
зейнетақы, жәрдемақы;
- барлығы үшін жалпы білім беру және қажетті
медициналық көмек.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Қаржы жүйесінің мәні неде?
2. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не? Бюджет табысы мен
шығындарының негізгі баптарын атаңыз?
3. Бюджет тапшылығы дегеніміз не? Мемлекет қарыз
жөнінде не білесіз?
4. Мемлекеттік шығындардың мультипликаторы нені көрсетеді?
5. Салық салу принциптерін атаңыз.
6. Фискалдық саясат дегеніміз не?
7. Әлеуметтік саясатты қалай түсінесіз?
8. Трансфеттік төлем деген не?
Н. А. Маженова
180
9. Адамдар дамуының индексі (АДИ) деген не?
10. Джини (Италия экономисі 1884-1965) коэффициенті
нені көрсетеді?
Жаңа терминдер мен ұғымдар
Қаржы қатынас
Мемлекеттік бюджет
Фискалдық саясат
Салық
Салықтандыру
Салық түрлері
Лаффер кисығы
Адамдар дамуының индексі (АДИ)
Лоренц кисығы
Тест сұрақтары
1) Шығындар мен салық төлемдері бойынша үкіметтік
саясат:
A) қаржылық жоспар;
B) ақша теориясының санына негізделген саясат;
C) монетарлық саясат;
D) кірісті қайта бөлу саясат;
E) фискалдық саясат.
2) Лаффер қисығы не көрсетеді:
A) бюджетке түсетін салық сомасының табыс салығы
ставкасынан тәуелділігін;
B) салықтардың бөлінуін;
C) табыстардың бөлінуін;
D) мемлекет бюджеттің тапшылық деңгейін;
E) инфляция деңгейін.
3) Әлеуметтік саясаттың мәнін мыналардан қандай
анықтама бейнелейді:
A) әлеуметтік теңділікті қамтамасыз ететін саясат;
Экономикалық теория
181
B) өсетін қажеттілікті қанағаттандыратын саясат;
C) білімділік деңгейін жоғарылататын саясат;
D) өмір деңгейін және сапа деңгейін өзгертуге бағытталған
саясат;
E) адамдардың қаржы қатынасы.
4) Лоренц қисығы көрсетеді:
A) салықтандыру деңгейін;
B) алынатын салық түрлерін;
C) салықтандыру ставкасын;
D) халықтың топтары бойынша табыстың бөлінуі;
E) инфляция деңгейін.
5) Теңге курсының шетел валютасына (АҚШ, Россия)
қарай төмендеуі экспорт және импорттың табиғи көлеміне
қалай әсер етеді:
A) экспорт және импорт өседі;
B) экспорт өседі, импорт төмендейді;
C) экспорт және импорт төмендейді;
D) экспорт төмендейді, импорт өседі;
E) экспортқа да, импортқа да әсер етпейді.
6) Валюталық курс көрсетеді:
A) ұлттық валютаның алтындық мазмұнын;
B) бір елдің валютасын басқа елдің валютасымен бағалау;
C) әлем нарығындағы валютаға сұранысты;
D) әлем нарығындағы валютаға ұсынысты;
E) валюталы саудаға мемлекеттік араласу.
7) Ұлттық валюта курсының төмендеуі тиімді:
A) экспортерларға;
B) импортерларға;
C) тұтынушыларға;
D) тұрақты табысы бар адамдарға;
E) мемлекетте ешкім пайда таппайды.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1Е, 2А, 3D, 4D, 5В,
6В, 7А .
Н. А. Маженова
182
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ
1. С. Әкімбеков, А. С. Баймухамедова, У. А. Жанайдаров.
Экономикалық теория. Оқу құралы. –Астана: 2002.
2. Я. Ә. Әубакиров, К. Н. Нәрібаев, Е. Б. Жатқанбаев.
Оқулық Экономикалық теория негіздері: – Алматы, 2004.
3. Я. Ә. Әубәкіров. Экономикалық теория негіздері.
Оқулық/ –Алматы: Эверо, 2005.
4. Жалпы экономикалық теория. Оқулық/ Ред. Шеденов У.К.
– Ақтөбе: Ноу-Хау, 2002.
5. Мәуленова С. С. Экономикалық теория. Оқу құралы. –
Алматы: Экономика, 2004.
6. В. З. Баликоев. Общая экономическая теория: Учебник.
10-е изд – М.: Омега, 2007.
7. Курс экономической теории: учеб. пособие для вузов. Под
общ.ред.проф. Чепурина М. Н. и проф. Киселевой Е. А. – Киров,
2004.
8. Экономическая теория: учеб. для студ. высш. учеб.
заведений / Под ред. В. Д. Камаева. –13-е изд., перераб. и доп. –
М.: ВЛАДОС, 2007.
9. Экономика: Учебник. 3-е изд., перераб. и доп./ Под
ред.д-ра экон.наук А.С. Булатова. – М.: «Юристь», 2000.
10. Крымова В. Экономикалық теория: кестелі оқу
құралы. – Алматы: «Бастау», 2009.
11. Б. С. Мырзалиев, С. А. Қалтаева, Ғ. З. Успанова,
С. С. Ыдырыс. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Түркістан,
2006.
12. Куликов Л. М. Экономическая теория: учебник – М.:
Проспект, 2008.
13. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашақтың
жаһандық стратегиясы» атты V Астанадағы экономикалық
форумында сөйлеген сөзінен. 24 мамыр, 2012 жыл.
14. ҚР Ұлттық Банк қаржы есебінің деректері бойынша.
eng.halykfin.kz
Экономикалық теория
183
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1. Экономикалық теорияның пәні мен әдісі.
Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы
орны мен рөлі
5
2. Қоғамдық өндірістің негізі. Экономикалық
жүйелердің типтері
22
3. Меншік қатынастары және олардың
экономикадағы рөлі
34
4. Қоғамдық өндірістің формалары
46
5. Сұраныс пен ұсыныc теориясының негіздері
57
6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері
70
7. Капиталдың айналымы және ауыспалы айналымы
80
8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары
мен табысы
91
9. Өндіріс факторлары нарығы және факторлық
табыстардың құрылуы
100
10. Ұлттық экономика деңгейінде ұдайы өндіріс
ұлттық экономика жүйе ретінде
111
11. Макроэкономикалық тепе-теңдік
120
12. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы
макроэкономика заңдылығы ретінде және
экономикалық өсу
132
13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық
тұрақсыздың көрінісі ретінде
148
14. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
158
15. Мемлекеттің қаржы жүйесі. Мемлекеттік бюджет
Әлеуметтік саясат
170
Библиографиялық тізім
182
Н. А. Маженова
184
Оқулық басылым
Маженова Нағима Ахметжанқызы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ
Оқу құралы
РБ бастығы З.А. Ғұбайдулина
Редакторы А.И. Бейсебаева
Компьютерде беттеген
Л.П. Өмірбекова
Басуға қол қойылды 27.01.2015 ж.
Пiшiмi 60х84 1/16. №1 баспаханалық қағаз.
Көлемi 11,6 есепті баспа табақ. Шартты баспа табағы 10,7.
Таралымы 300 дана. Тапсырыс № 302.
Бағасы келiсiмдi.
Қ. И. Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университетінің басылымы,
Оқу-баспа орталығы.
Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22
Достарыңызбен бөлісу: |