Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет20/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50

Экономикалық теория 
 
69 
D) сұраныс көлемі өзгерісі (%-бен)  бағалардың өзгеру (%-
бен) қатынасына; 
E) баға төмендеуінің  ұсыныс көлемінің өсуінің қатынасына. 
 
7) Нарықтың негізгі үш элементі: 
A) баға, сұраныс және  ұсыныс; 
B) баға, сапа және  бәсеке; 
C) сапа, пайдалылық, қажеттілігі; 
D) сапа, саны, баға; 
E) сапа,  сұраныс және  ұсыныс. 
 
8) Өзара  толықтырытын  тауарлар: 
A) автомашина мен бензин; 
B) шәй мен кофе; 
C) қой еті мен құс еті; 
D) қара нан мен киім; 
E) сыра мен квас. 
 
9) Ұсыныс қисығы  төмендегі тұжырымдарды  көрсетеді: 
A) баға мен ұсыныс көлемі арасындағы тура тәуелділікті; 
B) баға мен ұсыныс көлемі арасындағы оң байланысты; 
C) баға мен ұсыныс көлемі арасындағы кері тәуекелділікті; 
D) нарықтағы сату көлемінің серпінін; 
E) нарықтағы бағалар өзгерісінің серпіні. 
 
Тест  сұрақтарының  дұрыс  жауаптары  –  1В,    2D    3D,  4A,  
5B,  6D,   7A,  8A,  9A.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Н. А. Маженова 
 
70 
6.  ЖЕКЕ-ДАРА ҰДАЙЫ ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫНЫҢ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
6.1. Кәсіпорын экономиканың негізгі звеносы  
       және оның түрлері 
 
Әлемдік 
тәжірибеде 
кәсіпкерлік 
қызметтің 
әртүрлі 
ұйымдастырушылық-құқықтық 
формалары 
пайдаланылады. 
Әдетте  кәсіпкерлік  ұйымның  үш  түрін ажыратады:  бірыңғай ие 
болу, серіктестік, акционерлік қоғам. 
Меншік  формалары  және  типтерімен  бизнестің  белгілі 
ұйымдастыру  формалары  да  байланысты.  Осыған  байланысты 
іскерлік  кәсіпорындардың  келесі  түрлерін  атауға  болады:  жеке 
кәсіпорындар,  серіктестіктер  және  акционерлік  қоғамдар  мен 
унитарлық кәсіпорындар. 
1.  Жеке  кәсіпорындар  –  бұл  бір  немесе  бір  жанұяның 
бизнесі.  Мұндай  кәсіпорындар  тиімді  жұмысқа  жоғары 
ынтасымен, 
үлкен 
еркін 
іс-әрекеттерімен, 
икемділігімен 
айрықшаланады.  Ол  сауда,  фермалық  және  қызмет  көрсету 
салаларында кең қолданылады. Жеке бизнестің кемшілігі болып 
қаржы  тапшылығы  және  жоғары  тәуекел  болып  табылады, 
себебі  мұнда  іскерге  шексіз  жауапкершілік  жүктелген.  Осыған 
байланысты  бизнесте  экономикалық  жауапкершіліктің  екі 
принципі белгіленген: а) шексіз жауапкершілік принципі, мұнда 
кәсіпкерлер  толығымен  фирма  қарызы  мен  шығындары  жауап 
береді,  және  б)  шекті  жауапкершілік  принципі  (Лтд  принципі), 
мұнда  компания  қатысушыларының  жауапкершілігі  олардың 
салған  салымдарына  қарай  шектеледі  (банкротқа  ұшыраған 
жағдайда әркім өзіне тиесілі салымды жоғалтады). 
2.  Серіктестік  (жолдастық)  –  бұл  екі  немесе  одан  да  көп 
меншік  иелерінің  бірлескен  бизнес  үшін  үлесін  қосқан 
кәсіпорын.  Мұндай  кәсіпорындардың  қаржылық  мүмкіндіктері 
үлкен,  тәуекелі  аз,  икемділігі  де  төмен  болады.  Экономикалық 
жауапкершілігіне келсек, олар келесідей түрде болады: а) толық 
серіктестіктер  –  жауапкершілігі  шектелмеген,  б)  аралас  немесе 
сенімге  негізделген  (командитті)  серіктестік,  в)  жауапкершілігі 
шектеулі  қоғамдар.  Серіктес  кәсіпорындардың  қолданылу 


Экономикалық теория 
 
71 
сфералары  –  ауылшаруашылығы,  сауда  және  қоғамдық 
тағамдану, 
қызмет 
көрсетулері 
(заңгерлер, 
дәрігерлер, 
бухгалтерлер, оқытушылар)  және құрылыс. 
Серіктестік 
жеке 
кәсіпкерлік 
фирманың 
көптеген 
құндылықтарымен  (негізінен,  оларды  ұйымдастыру  оңай  және 
оларды басқару күрделі емес) ортақтасады. Сол уақытта олар жеке 
кәсіпкерлік  фирмаға  қарағанда  бірқатар  артықшылықтарға  ие. 
Мұнда еңбек бөлінісін және өндіріс және басқаруда мамандануды 
көп  мөлшерде  қолдануға  болады,  қызметтің  бастамасы  мен 
жалғасы үшін қаржылық кедергілерді еңсеру оңайырақ.  
Жеке  кәсіпкерлік  фирма  секілді  серіктестіктің  бірқатар 
кемшіліктері (қаржылық құралдардың тапшылығы, шектелмеген 
жауапкершілік және т.б.) бар. Оларға, алайда, жаңа кемшіліктер 
қосылады.  Олардың  бастылары  функциялардың  бөлінуі  (оның 
нәтижесінде  әрекеттердің  сәйкессіздігі  және  мүдделердің 
үйлеспеуі  туындауы  мүмкін)  және  серіктестіктің  әлеуетті 
құлдырау  қаупі  (туындайтын  қайшылықтар  немесе  серіктерінің 
бірін істен шығару нәтижесінде) болып табылады.  
3.  Акционерлік  қоғам  (АҚ)  немесе  корпорация  –  бұл 
акцияларды  сату  арқылы  көптеген  жеке  капиталдардың  бірігу 
жолымен  құрылған  ірі  кәсіпорын.  Ол  жіктеледі  1)  акцияларын 
тек  өзінің  құрылтайшыларына  сата  алатын  жабық  АҚ  және  2) 
акцияларын еркін сата алатын немесе сатып алатын ашық АҚ. 
Акционерлік қоғамдардың бірнеше артықшылықтары бар: 
-  олар  ірі  кәсіпкерлік  жобаларды  жүзеге  асыра  алады, 
ресурстарды  әртүрлі  шаруашылық  сфераларға  тиімді  пайдалана 
отырып, тез тарата алады; 
-  өз  кәсіпорынының  акцияларын  сатып  ала  отырып, 
жұмысшылары  барлық  фирманың  жандануына  байланысты 
материалдық және басқару мүдделеріне қатыса алады; 
-  АҚ  көп  адамдар  үшін  еркін  капиталдарды  салудың 
пайдалы  сферасы  болып  табылады,  сонымен  бірге  ол 
жауапкершілігі шектеулі болады. 
4.  Унитарлық  кәсіпорын  –  бұл  мемлекеттік  немесе 
муниципалдық  кәсіпорын,  бөлінбейтін  мүлігі  қоғамдық  меншік 
болып  табылады  (яғни  мемлекет  немесе  муниципалитет 
меншігі).  Осылайша,  өз  шаруашылық  қызметін  унитарлық 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау