Экономикалық теория
45
7) Меншіктің экономикалық мазмұнын қандай қос-
ұғым ашады:
А) иемдену-жатсыну;
В) негіз-құрылым;
С) мәні-көрінісі;
D) себебі-салдары;
Е) тұлға-зат.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1С, 2С, 3А, 4С, 5Е,
6А, 7А.
Н. А. Маженова
46
4. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ФОРМАЛАРЫ
4.1. Натуралды және тауарлы шаруашылық формалары
Барлық қоғамдық шаруашылығында жеке еңбекті қоғамдық
өндірісіне
қосу
проблемасы
болып
табылады.
Жалпы
экономикалық
формалардың
ішіндегі
тарихи
тұрғыдағы
біріншісі натуралды өндіріс болды.
Натуралды шаруашылық дегеніміз – мұнда өндіруші
өнімді басқаларға сату үшін емес, өз үшін өндірді. Натуралды
шаруашылықта өзіне сай анықтайтын түрі бар:
тұйықтылық;
жан-жақты еңбек;
өндірістің көлемі сол қалпында болғаны, оның өсуі өте
жәй жүреді;
тікелей экономикалық байланыс (өндіріс, бөлу, тұтыну).
Натуралды шаруашылық капиталистік формацияға дейін
болған (алғашқы қауым, кұлиеленушілік, феодалдық қоғамда).
Натуралды шаруашылық қазірде дамушы елдерде бар.
Тауарлы өндірістің пайда болуы және дамуы белгілі
жағдайлармен байланысты:
Біріншіден, бұл еңбектің қоғамда бөлінуі, яғни әр өндіруші
қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін өнімнің белгілі бір
түрін өңдеуге мамандандырылады.
Екіншіден, өндіріс құралдары мен өндірілген еңбек өніміне
жекеменшік болғандықтан өндірушілердің арасында айырбас
болуы.
Еңбекті қоғамдық бөлу, тауар өндірушілерді байланыстырады,
олардың арасында өзара байланыс тудырады. Жекеменшік,
керісінше өндірушілерді бөледі, оларды бір-бірінен тәуелсіз
етеді. Еңбек өнімдерін алмастыру нәтижесінде, тауар өндірушілер
бір-бірімен қоғамдық қатынаста болады және қажетті өндіріс
құралдары мен тұтыну заттарын алады.
Тауар өндірісінің екі негізгі түрлері бар: жай (қарапайым)
және капиталистік тауар өндірісі. Жай тауар өндірісі өндірушінің
өзінің және оның жанұя мүшелерінің жеке еңбегіне негізделген.
Мысалы: жәй шаруалар және қолөнершілер. Капиталистік тауар
өндірісі жалдамалы жұмысшылар еңбегіне негізделген.
Экономикалық теория
47
Сонымен,
тауар
өндірісі
өндірістің
экономикалық
ұйымдастырудың прогрессивті типіне жатады. Прогрестің
қозғаушы
күші
техника
мен
технологияны
жетілдіру,
шаруашылықтың өнім өндіруді кеңейту және адамдардың
қажеттілігін толық қанағаттандыру болып табылады.
4.2. Тауарлы шаруашылықтың негізгі категориялары
Экономикалық қатынастарға талдау жасауды Маркс тауардан
бастайды.
Себебі:
Біріншіден, тарихи тұрғыдан алғанда капитализм жәй тауар
шаруашылығынан өсіп шығады.
Екіншіден, тауарлар жиынтығы қоғамның байлығы. Ал
тауар оның ішінде өте қарапайым кішкене ғана клеткасы, бұл
клеткада барлық ерекшеліктері мен қайшылықтары бар.
Үшіншіден, капитализм тұсында жұмыс күші де тауар
болып табылады. Тауар дегеніміз не? Тауар – бұл сату үшін
арналған еңбек өнімі. Тауардың екі қасиеті бар:
ол адамның белгілі бір қажетін қанағаттандырады;
басқа тауарға айырбасталу қасиеті.
Басқаша айтқанда тауардың тұтыну құны және айырбас
құны бар.
Тауардың тұтыну құны, оның адамға пайдалы болуында.
Адамның белгілі бір қажетін қанағаттандырады. Өндірістің
міндеті – тауардың тұтыну құндарын жасау.
Айырбас құны дегеніміз – бұл тауардың белгілі бір
пропорцияда басқа тауарлармен айырбасталу қасиеті. Екі
тауардың айырбасталуы олардың өзара бір-бірімен теңесуі деген
сөз.
Тауарды өндіру үшін адамның еңбегі керек.
Еңбектің бірінші жағы – нақты еңбек. Нақты еңбек –
белгілі бір пайдалы формада жұмсалатын еңбек, белгілі бір
тұтыну құнын жасайды.
Еңбектің екінші жағы – абстракты еңбек. Абстракты
еңбек дегеніміз жалпы адамның еңбегі, оның қоғамдық сипаты
тауар айырбасы процесінде көрінеді.
Н. А. Маженова
48
Тауарлардың жалпы объективтік қасиеті – оларды өндіруге
қоғамдық қажетті еңбектің жұмсалуы. Тұтыну құндары ретінде
тауарлар әр түрлі болады да, ал қоғамдық қажетті еңбек
нәтижесі ретінде олар біртектес болып келеді.
4.3. Құн теориясы мен шектелген пайдалылық теориясы
Маркстің еңбектің теориясының негізгі жағдайлары:
1) Маркстің көрсетуінше, құн дегеніміз – адамдар
арасындағы айырбас процесінде болатын қоғамдық қатынас.
2) Құн дегеніміз – тауар өндірушілердің тек еңбегі ғана -
абстракті еңбегінің іске асуы.
3) Тауардың құнының мөлшері, жеке емес, қоғамдық
қажетті жұмыс уақытысымен анықталады.
Яғни, құн дегеніміз – тауар өндірушілер арасындағы
қоғамдық-өндірістік
қатынастарды
көрсететін,
тауардың
қоғамдық қасиеті.
4) Әр түрлі тауар өндірушілер бір тауарды өндіруге әр
мөлшерде уақыт жұмсайды. Қоғамдық құнның мөлшері ретінде
жеке уақыт мөлшерімен белгілене алмайды. Тауардың құны
дегеніміз – бұл өндіруге кеткен қоғамдық қажетті жұмыс
уақытпен белгіленетін құн.
5) Тауар құнының мөлшері – оны өндіруге қоғамдық
қажетті еңбек санымен белгіленеді және жұмыс уақытымен
өлшенеді.
Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты дегеніміз – белгілі бір
тауарды өндіруге өндірістің қоғамдық қалыпты жағдайында
және сол қоғамда еңбектін шеберлігімен интенсивтілігінің орта
дәрежесі жағдайында жұмсалатын уақыт. Тауардың бір өлшемін
өндіруге басқалардан аз жұмыс уақытын жұмсаған тауар
өндіруші тиімді жағдайда болады.
Белгілі бір тауарды өндіруге ірі және ұсақ өнеркәсіптері әр
түрлі уақыт жұмсайды, ал ол тауарды бірдей бағамен сатады.
Еңбек өнімділігі жұмыс уақыты өлшемінде өндірілген өнім
мөлшерімен белгіленеді. Еңбек өнімділігінің артуына байланысты
тауар өлшемінің құны кемиді. Еңбектің интенсивтілігі
дегеніміз – уақыт өлшемінде жұмсалған жұмысшы күші. Бір
Достарыңызбен бөлісу: |