Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет24/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50

Н. А. Маженова 
 
82 
7.2. Капиталдың айналымы 
 
Үздіксіз  қайталанатын  үдеріс  ретінде  қарастырылатын 
өнеркәсіпті капитал айналымы оның айналымын құрайды. 
Айналыс  уақыты  капитал  өндіріс  сатысынан  және 
айналыстан  өтіп,  бастапқы  нысанға  қайтып  келетін  кезең 
ретінде айқындалады.  
Капитал  айналысының  жылдамдығы  жыл  бойында 
жасалынған оның айналым санымен өлшенеді.  
Капитал  айналымының  саны  келесідей  формуламен 
анықталынады:  
 
    O 
n =
 ----- 
     t 
 
мұндағы n – бір жылдағы айналым саны;  
       O – қабылданған уақыт бірлігі;  
        t – бұл капитал айналымының уақыты.  
Өндіріс  аясында  капиталды  қарастырған  кезде  оның 
әртүрлі  элементтерінің  айналымы  әркелкі  болады.  Кейбір 
элементтер 
(ғимараттар, 
машиналар 
және 
т.б.) 
өндіріс 
үдерісінде  қалады;  олардың  тұтынушылық  құны  өндіріс 
үдерісінде  толығымен  қатысады,  ал  құн  жұмысшының  нақты 
еңбегімен  тозуға  сәйкес  дайын  өнімге  бөліктермен  ауысады. 
Өндіріс  құралдарының  ауысқан  құны  тауарларды  сатқаннан 
кейін ақшалай нысанда өтеледі.  
Өндірістік  капиталдың  негізгі  және  айналым  капитал 
бөліктері болып табылады. 
Негізгі  капитал  -  өндірістік  капиталдың  бөлігі,  яғни  ұзақ 
мерзім  бойында  өндіріске  қатысады,  түрін  бұзбайды,  тек  қана 
пайдаланғаннан  кейін  тозады.  Өз  құнын  тозуына  қарай 
біртіндеп  дайын  өнімге  ауыстырады.  Бұған  еңбек  құралдары, 
ғимараттар, машиналар, құрал-жабдықтар жатады.  
Негізгі  капиталдың  құрылымында  өндірісте  тікелей 
қатысатын белсенді қорларын ерекшелейді, бұл  станок, машина 
және  басқа  жабдықтар.  Өндіріс  үшін  жағдай  жасайтын  бәсең 
қорлар, бұл өндірістік ғимараттар, салымдар және өзге объектілер. 


Экономикалық теория 
 
83 
Айналым  капитал –  өндірістік капиталдың екінші  бөлігі, 
өндіріс  процесінде    тек  бір    өндірістік  циклде  пайдаланады, 
түрін  өзгертеді  және  өз    құнын  толығымен  өндірілген  өнімге 
ауыстырады.    Ол  ақшалай  формаға  бір  айналыс  шеңберінде 
қайтып келеді. Бұл еңбек заттары мен тез тозатын аспаптар.  
Құнның өнімге ауысқандағы әркелкілігі өндіріс үдерісіндегі 
капиталдың материалдық құрама бөліктерінің әртүрлі рөлдерінен 
туындайды.  Сондықтан  негізгі  және  айналмалы  капиталға  бөлу 
тек өндірістік капиталға ғана тән.  
Негізгі  капитал    құнының  өзінің  тұтынушылық  құнын 
жоғалту мөлшері бойынша қайта дайындалатын тауарға ауысуы 
негізгі капиталдың тозуы деп аталады.  
Негізгі  капиталдың  тозуы  физикалық  (қолдануына  қарай
және моральдық (ҒТП нәтижесіне байланысты) болып бөлінеді. 
Негізгі  капиталдың  физикалық  тозуының  мәні  оның 
элементтері  құнының  қайта  дайындалатын  тауарға  ауысуында, 
оның  иесіне  тауарды  іске  асыру  мөлшері  бойынша  қайтаруда 
және амортизациялық қорға жинақталуында. Негізгі капиталдың 
моральдық  тозуы    оның  физикалық  тозу  деңгейіне  тәуелсіз 
капиталдың 
құнсыздану 
нәтижесінде 
болады. 
Ғылыми-
техникалық  прогресс  әсерінен  негізгі  капиталдың  қызмет  ету 
мерзімі  бірінші  кезекте,  физикалық  емес,  моральдық  тозумен 
айқындалады.  
Негізгі капитал амортизация есебінен қайта құрылады. ҒТП 
жағдайларына  байланысты  дамыған  елдерде  жылдамдатылған 
амортизация  саясаты  жүргізіледі,  яғни  амортизация  мерзімі  3-5 
жыл ішінде белгіленеді. 
Негізгі  қорды  тиімді  пайдаланудың  негізгі  үш  көрсеткішін 
көрсетуге болады. 
Қор  құнының  бірлігіне  келетін  өнім  шығарылымын 
көрсететін  қор  қайтарымдылығы.  2.  Қор  сыйымдылығы  – 
өндірілетін  өнім  бірлігіне  келетін  негізгі  қор  құнын  көрсететін 
қор қайтарымдылығына кері көрсеткіш. 3. Жабдық жұмысының 
ауысым 
коэффициенті
Ол 
кәсіпорында 
орнатылған 
жабдықтардың  әрқайсысы  белгілі  бір  кезеңде  орта  шамамен 
тәулігіне  неше  ауысым  жұмыс  жасағанын  көрсетеді.  Мәселен, 
егер  цехтағы  200  станоктың  180  1-ауысымда  жұмыс  жасаса,      


Н. А. Маженова 
 
84 
2-ауысымда  –  100,  ал  3-ауысымда  –  40,  онда,  ауысымдылық 
коэффициент  (180+100+40):200=1,6  тең  болады,  яғни  әрбір 
станок үш ауысымды режімде 1,6 ауысым жұмыс жасады.  
 
7.3. Өндірістік қорларды тиімді пайдалану 
 
Әрбір  кәсіпорын  өз  капиталдарының  барынша  тиімді 
пайдалануға  қызығушылық  танытады.  Өндірістік  қорларды 
пайдаланудың  тиімділігін  арттыруында  үш  басты  бағыттарды 
атап көрсетуге болады.  
Бірінші  бағыт  негізгі  капиталға  қатысты.  Ол  келесідей 
негізгі  шаралар  көмегімен  қор  қайтарымдылығының  артуын 
(немесе қор сыйымдылығының төмендеуін)  болжайды:  

орнатылмаған 
жабдықтарды, 
жұмыс 
жасамайтын 
жабдықтарды барынша қысқарту;  
-  белсенді  қор  үлесін  ұлғайту,  бәсең  қорға  шығындарды 
азайту;  
-  жабдық  жұмысының  ауысымдылығының  коэффициентін 
арттыру  (тұрып  қалуларды  еңсеру,  техниканы  пайдалануын 
және  жөндеу  жұмыстарын  жақсарту,  2  және  3  –  ауысымдағы 
еңбекті ынталандыру және т.б.);  
-  ескірген  қорларды  жаңа  өнімділігі  жоғары  техникамен 
алмастыру;  
- салымдарды және жаңа қуаттарды іске қосуды жеделдету.  
Екінші  бағыт  айналмалы  капиталға  қатысты.  Бастысы 
өнімнің материал сыйымдылығын төмендету, яғни өнім бірлігін 
шығаруға  кеткен  материалды  ресурстар  (металл,  ағаш,  отын, 
энергия  және  т.б.)  шығынын  азайту.  Бұл  осы  ресурстардың 
үнемдеуін болжайды. Жеке алғанда: 
-  жаңа  үнемді  материалдарды  және  бұйымдардың 
прогрессивті конструкциясын қолдану;  
-  ресурстарды  сақтайтын  технологияларды  ендіру  және 
еңбекті рационалды ұйымдастыру;  
-  ресурстарды  үнемдеуге  және  өнім  сапасын  жақсартуға 
ынталандыру.  
Үшінші бағыт – капитал айналымының уақытын қысқарту. 
Мұндай  қысқарту  сол  ресурстармен  сол  кезеңде  көбірек  өнім 
шығаруға  мүмкіндік  береді,  бұл  ресурстарды  үнемдеумен  тең 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау