Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет49/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

Н. А. Маженова 
 
170 
15.   МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ. 
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ. ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ 
 
15.1. Қаржы жүйесінің мәні және құрылымы 
 
Қаржы  тарихи  категория.  Оның  табиғаты  мемлекетпен 
тығыз  байланысты,  себебі  оған  өзінің  қызметін  атқару  үшін 
ақша қаражаты қажет. Қаржының мәні қоғамның экономикалық 
құрылысымен, сондай-ақ мемлекеттің қызметімен анықталады. 
Қаржы  түсінігі,  бір  жағынан  мемлекеттік  және  жергілікті 
бюджеттегі 
қаржыларды 
айтады. 
Екінші 
жағынан 
– 
монополиялардың, 
корпорациялардың, 
кәсіпорындардың, 
фирмалардың  ақшалай капиталы болып табылады.  
Қаржы қатынас бұл ақшамен байланысты қатынас. Қаржылық 
жүйе  –  бұл,  шаруашылық  субъектілері    және    мемлекеттің    ақша 
құралдары  қорларының  қалыптасуы,  бөлінуі  және  пайдалану 
әдістері  мен  түрлерінің    жүйесі.  Экономикалық  категория  ретінде 
қаржының  маңызды  белгісі  қаржы  қатынастарының  бөлу 
сипаты болып табылады. Қаржылық қатынастардың материалдық  
сақтаушысы  қаржылық ресурстар  болады.  
Мемлекеттің  және    шаруашылық    субъектілерінің 
қаржылық  ресурстары  әртүрлі    ақшалай  табыстардың    есебінен 
қалыптасады және ұлғайтылған ұдайы өндіріске, жұмыскерлерді  
материалдық  ынталандыруға  және қоғамның  әлеуметтік  және 
басқа  қажеттілігіне  қанағаттандыруға  жұмсалады. 
Қаржы жүйесінің (маңызды) қызметтері мыналар:  
  мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ету қызметі;  
  бөлушілік қызметі; 
 
  бақылаушылық қызметі. 
1)  Мемлекеттің  анықтаушы  қызметінің  міндеті,  қаржы 
қатынасы жүйесі арқылы қаржы жинақтау болып табылады. 
2) Мемлекеттің бөлушілік  қызметі,  оның қоғамдық  жиынтық 
өнімнің  бір  бөлігін  ол  ақша  түрінде  өз  қолына  біріктіре  отырып, 
оны  қаржы  арқылы  бөлуі  мен  тұтынуы  болып  табылады.  Ол 
арқылы,  арнаулы  қорларды,  әлеуметтік  қамсыздандыру  мен 
мемлекеттік бюджеттің құрылуын қарастырады. 
3)  Бақылау  қызметі,  ақша  қорларының  құрылуы  мен 
пайдалану  процесінде  көрінеді.  Әртүрлі  салықтың  түрлерінің 


Экономикалық теория 
 
171 
дұрыс  алынуын  бақылайды  Қорлардың  жұмсалуын,  олардың 
белгілі мақсатқа және тиімді пайдалануын бақылайды. 
Қаржылық  жүйені  халықтың,  шаруашылық  субъектілері 
мен  мемлекеттің  қаржыларының  өзара  байланысы  ретінде 
анықтайды.  
Қаржы жүйесінің құрылымы: 
–  барлық  деңгейдегі  бюджеттердің  жиынтығы  (мемлекет, 
әкімшілік бірлігі, жергілікті үкімет органдары); 
–  бюджеттен  тыс  қорлар  (әлеуметтік,  мүліктік,  жеке 
қамсыздандыру); 
–  мемлекеттің валюталық резерві; 
–  кәсіпорын мен ұйымдардың ақшалай қорлары. 
 
15.2. Мемлекеттік бюджет.  Бюджеттік тапшылық.  
         Тапшылықты жабудың тәсілдері 
 
Мемлекеттік шығындардың мультипликаторы. 
Мемлекеттік  бюджет  –  үкіметтің  билігінде    тұрған  ірі 
орталықтандырылған  ақша  қоры.  Бюджет  қаржы  жүйесінің 
бөлігі бола тұра, оның өзіндік  ерекшеліктері бар: 
  мемлекеттік бюджет  бөлу қатынастарының ерекше түрі 
болады, себебі ол ұлттық табысты қайта бөледі; 
  бюджеттік  қайта  бөлу  пропорциясы  ұдайы  өндіріс  және 
қоғамдағы толық қажеттілікпен анықталады; 
  бюджеттік    бөлу  мемлекетте    қаржы    құрамында  
орталық орын алады; 
Мемлекеттік бюджет –  бұл, мемлекет  қызметінің барлық 
ақша ресурстары (табыстары) және оның бөлінуін (шығыстары) 
көрсететін  қаржылық программасы.  
Қаржылық    жүйе    мемлекет  деңгейінде    белгілі  жетістікке  
бағытталса,  онда  ол  мемлекеттік  қаржы  саясаты  деп  айтамыз. 
Тек  бюджет  мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерін 
шешуге  жәрдемдеседі,  ол  нарықты  механизмнің  қолынан 
келмейді. Қаржылық саясаттың екі шешімі болады: 
1)  экономиканы  табыстың  және  шығыстың  көмегімен 
реттеу, ол фискалды саясат; 
2)  бюджеттік  процестерді  реттеу  (бюджеттік  тепе-
теңділікке жету), ол бюджеттік саясат. 


Н. А. Маженова 
 
172 
Фискалдық  саясат  –  мемлекеттің  өз  құқын  пайдалана 
отырып  салықтарды  белгілеуі  және  қаржыны  жұмсауы. 
Фискалды саясаттың түрлері: 
  Дискрециондық реттеулер. 
  Автоматты реттеулер. 
Дискрециондық  реттеулер.  Олар  іске  үкіметтің  арнаулы 
шешімімен  кірістіледі  (келесі  заң  немесе  жарлық),  мысалы, 
қосымша салықтар немесе зейнетақының төменгі жаңа деңгейі. 
Автоматты 
реттеулер
керісінше, 
кірістірілген 
стабилизатордың  көмегі  арқылы  қаржылық  құжаттарда  ертерек 
салынып  қойылған,  қажет  кезінде  өз  еркімен  әрекет  жасайды, 
мысалы,  регрессивті  салық  жүйесі  белгілі  бір  деңгейде 
автоматты түрде жұмыс істей бастайды. 
Бюджеттік баптар өзінің құрылымы бойынша бөлінеді: 
  мемлекеттік басқару бойынша шығындар; 
  әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға; 
  мемлекеттің 
шаруашылық 
қызметіне, 
сыртқы 
экономикалық қызметтерді жүргізуге; 
  ұлттық қауіпсіздік және қорғанысты бекітуге. 
Бюджет арқылы қоғамда өндірілген табысты  бөледі. Міне, 
осының нәтижесінде денсаулық, білім беру, басқа да әлеуметтік 
мәселелерді  қорғаныс,  мемлекеттік  басқару,  ірі  күрделі 
ғылымды қаржыландыру іске асады. 
Қоғамдағы  өндірілген  табыстардың  қайта  бөлінуі  бюджет 
арқылы  жүргізіледі.  Соның  арқасында  денсаулық  сақтау,  білім 
және  басқа  әлеуметтік  программалар,  қорғаныс,  мемлекеттік 
басқару, түбірлі ғылымды қаржыландыру жүргізіледі. 
Бюджеттің  қаржысы  инвестицияға  шектелген  мөлшерде 
шығындалады,  себебі  нарықты  шаруашылықта  күрделі  қаржы 
жұмсаудың негізгі мол көзі несие болады. 
Бюджеттік  қаржыларды  жұмсау  кезінде  келесі  принциптер 
сақталуы қажет:  
  қаржылардың мақсатты бағытталуы; 
  жұмсалудың қайтып келмес принципі; 
  үнемдеу режимін сақтау.  
Мемлекеттік  шаруашылық  қызметінің  шығындары  таза 
ұлттық 
өнімнің 
мультипликациялық 
өсуіне 
әкеледі. 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау