Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет44/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50

Н. А. Маженова 
 
152 
Сұраныс  инфляциясын  келесі  факторлар  туындатады. 
Бюджеттік  дефицит  инфляцияның  қуатты  факторы,  себебі 
мемлекеттегі ақша айналымына әсер етеді. Мемлекет құралдары 
бойынша  өмір  сүрмеген  кезде,  олар  ақша  эмиссиясын  жасауға 
мәжбүрлі болады. Сауда құрылымында экспортта арзан шикізат, 
материалдар,  энергия  тасымалдаушылар  басым  болса,  қымбат 
дайын  өнімді  импорттау  сыртқы  сауда  үшін  инфляцияның 
өсуіне алып келеді.  
Шығындар  инфляциясы  деп  атайтыны,  ол  өндіріс 
шығындарының өсуіне байланысты. Шығындар көбеюі мынадай 
болады:  жалақының  себепсіз  өсуі,  электрэнергияның,  шикізаттың 
тарифтері  өсуі.  Электрэнергияға,  жанар  майға  бағаның  өсуі 
тізбекті  реакциямен  барлық  бағаның  өсуіне  әкеледі.  Экономикада 
диспропорцияның  болуы,  кәсіпорындардың  монополизациясы 
әсер етеді. 
Инфляцияның салдары
1.  Табысты  қайта  бөлу,  кәсіпорын  монополистерге  қаржы 
құрылымындарына,  көлеңкелі  экономикаға,  фирма  басқармасы 
жалақыны  көбейтеді.  Сондықтан,    бюджеттік  сфера  қасірет 
шегеді. Әлеуметтік шиеленісу күшейеді. 
2.  Дұрыс  әлеуметтік-экономикалық  қатынастар  бұзылады. 
Ақша  өзінің  қызметтерін  атқармайды,  өндіріс  қысқарады, 
шаруашылық  байланыстары  үзіледі,  банкроттық  көбейеді, 
депрессия, қоғамдық саяси тәртіп бұзу өседі және т.б. 
3. Азаматтардың жеке жинағы құнсызданады.  
4.  Салықтар  мемлекеттік  жалғыз  табыс  көзі  болғандықтан,  
олар үнемі өседі.  
5.  Төлемеу  борышкерлердің  пайдасына  жұмыс  істейді. 
Қарызға  ақша  беру  тиімсіз  бола  бастайды.  Несиелік  жүйенің 
дағдарысы орын алады.  
Инфляциядан  барынша  көп  зардап  шегетін  зейнеткерлер, 
себебі  зейнетақы  мөлшері  заңды  түрде  тіркелген,  одан  кейін 
студенттер, сонымен қатар бюджет  сферасының жұмысшылары 
зардап шегеді.  
Инфляция  және  жұмыссыздықтың  арасында  тұрақты  өзара 
кері  байланыс  болады.  Инфляцияның  өсуі,  жұмыссыздықтың 
азаюымен  қоса  жүреді,  және  керісінше.  Сондықтан,  экономикада 


Экономикалық теория 
 
153 
не  жұмыссыздық,  не  инфляция  тууы  мүмкін.  Бұл  тәуелділікті 
ағылшын  экономисі  А.Филлипстің  қисық  сызығынан    көруге 
болады.  
 
 
 
1.22-сурет. Филлипс қисығы 
 
Қаншаға  инфляция  дәрежесі  жоғары  болса,  соншаға 
жұмыссыздар  үлесі  төмен.  Мемлекеттің  араласуы  жиынтық 
сұранысты  көбейтіп  отырып,  жұмыссыздықтың  дәрежесін 
төмендете  алады.  Осы  жағдайда  пайда  болатын  еңбек 
нарығындағы  күйзеліс жалақыны, бағаның инфляциялық өсуіне 
әкеледі. 
Өндірістің  терең  құлдырауы,  яғни  экономикалық  өсімнің 
тоқтатуы  стагнация  деп  аталады.  Инфляцияның  стагнациямен 
қатар жүруі стагфляция деп аталады. 
Қазақстандағы  1991  жылғы  ашық  инфляция  1992-1994 
жылдары  гиперинфляцияға  өсіп  кетті.  Елімізде  ұлттық  валюта 
кіргізгеннен  кейін  реттеудің  ақша-несие  құралдарын  пайдалануға 
мүмкіндік туды. Инфляцияның деңгейі  қысқарды. 1995 жылы – 
60,5%-ға  дейін,  1996  жылы  28,7%-ға  дейін.    1992-1994  жылғы 
инфляцияның  өсуі  еліміздегі  ақша  массасының  өсуімен, 
бюджеттегі тапшылыққа байланысты болды. 2002 жылғы инфляция 


Н. А. Маженова 
 
154 
5,8%  құрастырды.  ҚР  экономикасында  әрбір  ойластырылмаған 
шаралар, инфляциядағы тепе-теңділікті бұзуы мүмкін.  
Қазақстанда жоспарлы экономиканың нарықтық экономикаға 
өзгеру  үрдісі  терең  экономикалық  дағдарыстың  еңсеруімен 
ілесіп  жүрді.  Тұтынушылық  баға  индексі  1992  жылы  3006%, 
1993  жылы  2266%  құрады.  Инфляцияның  айлық  қарқындары 
30% шектен асты, ал 1993 жылдың қараша айында 55% деңгейге 
жетті.  
ҚР  Ұлттық  Банкімен  жүргізілген  қатаң  монетарлы  саясаты 
арқасында жағдайды өзгерте алды және инфляция тұрақты түрде 
айына  18-19%  деңгейінде  тұрды.  1997  жылы  инфляцияның 
қарапайым  деңгейін  сипаттайтын  тұтынушылық  баға  индексі 
11,2 құрады; 2000 жылы – 9,8%; 2001 – 6,4%.  
ҚР  өтпелі  кезеңдегі  инфляцияның  негізгі  себептеріне 
келесілерді жатқызуға болады:  
-  ұлттық  экономикада  өндірістің  құлдырауынан  тауарлы 
дефицит;  
-  өндірілетін  өнімнің  жоғары  энергияны,  материалды, 
еңбекті көп қажетсінуі;  

өзінің 
тауарларына 
бағаны 
арттыратын 
тауар 
өндірушілердің монополиясы;  
-  мембюджеттің  дефициті,  оны  жабу  үшін  мемлекет  ақша 
қағаздарын шығарады;  
- басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстың әсері.  
 
Қайталауға арналған  сұрақтар 
 
1.  Толық  жұмысбастылық  дегенді  қалай  түсінуге  болады? 
Жұмыссыздарға кімдерді жатқызамыз? 
2. Инфляция қалай анықталады? 
3. Инфляцияның себептері неде? 
4.  Инфляцияның  экономикалық  және  әлеуметтік  зардаптары 
қандай? 
5. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы неде? 
6.  Инфляция  мен  жұмыссыздық  кезінде  қандай  саясат 
қолданылады? 
 


Экономикалық теория 
 
155 
Жаңа терминдер мен ұғымдар  
 
Жұмыссыздық 
Жұмыссыздық типтері: 
- фрикциондық 
- құрылымдық 
- циклдік 
Жұмыссыздық нормасы 
Оукен заңы 
Инфляция 
Тұтыну қоржыны 
Инфляция түрлері: 
-  жылжымалы 
-  секіртпелі 
-  гиперинфляция 
Шығын инфляциясы 
Сұраныс инфляциясы 
Филлипс қисығы 
 
Тест сұрақтары 
 
1)  Ақшаның  құнсыздану  үрдісі  және  оның  төлем 
қабілеттілігінің төмендеуі, бұл: 
A) инфляция; 
B) дефляция; 
C) эмиссия; 
D) девальвация; 
E) стагфляция. 
 
2) Инфляцияның нәтижесінде: 
A) өмір сүру деңгейі төмендейді; 
B) экономикалық ахуал анық емес; 
C) құндылықтың төмендігі; 
D) жинақтың азаюы; 
E) өмір сүру деңгейі жоғарылайды. 
 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау