Н. А. Маженова
166
Егер үкімет, мемлекетте инфляция өсіп келеді деп болжаса,
онда үкімет ұлттық банкке мемлекеттік құнды қағазды сатуға
жарлық береді. Бірақ, оларды сатып алуға коммерциялық
банктер мен халықтың ықыласы жоқ.
Бұнда, банк, оларды қызықтырады, яғни құнды қағаздар
тартымды болу керек.
Мемлекет құнды қағаздың ұсынысын жоғарылатады.
Сондықтан, оның бағасы төмендейді, ал табыстылығы өседі.
Облигацияны сатып ала отырып, халық мемлекеттің
қолына нақты ақша береді. Айналымнан ақша алынып инфляция
төмендейді.
Керісінше, мемлекет халықтан құнды қағазды сатып
алады, сол кезде айналымға керекті нақты ақша шығарылады.
Құнды қағазға сұраныс өседі, оның бағасы жоғарылайды,
ал %-ті төмендейді.
Сонымен,
айналымда ақша
көбейеді,
елде
жұмыс
белсенділігі өседі.
Сақтық /резервтік/ нормадағы өзгерістер:
Сақтық (резервтік) норма деп ұлттық банктегі банкі
депозитінің бөлігі. Ол, коммерциялық банктердің өз операцияларын
жүргізуге пайдалануға құқы жоқ ақша қаржыларының қоры.
Ол ұлттық банкпен қойылып, жыл бойы бірнеше рет
ауысып тұрады.
Сақтық нормасын ауыстыра отырып мемлекет неге жетеді.
Сақтық нормасы жоғарыласа коммерциялық банктердің
экономикаға несие беру мүмкіндігі қысқарады, несие % өседі,
экономикалық өсуде бәсеңдеу болады, және керісінше.
Есептеу ставкасының өзгеруі:
Есептеу ставкасы – бұл ұлттық банктің коммерциялық
банктерге несиеге қоятын %.
Ұлттық банктің есептеу ставкасының мөлшерін қоюға
әкімшілік құқы бар.
Ұлттық банктің есептеу ставкасының өзгеруі, ақшаның
“қымбат” және “арзан” саясаты деп аталады.
“Қымбат ақша” саясатын жүргізсе, несие алу ынтасы
төмендейді және осыдан ақшаға ұсынысы азаяды. Өндіріс
төмендейді, жұмыссыздық өседі, инфляция төмендейді. “Арзан
Экономикалық теория
167
ақша” саясаты (есептеу ставкасы азаяды) өндірістің құлдырауын
баяулату үшін, кәсіпорындарды қолдау қажеттілігі жағдайында
жүргізіледі. Экономикаға ақша көп жіберіледі, ол инфляцияның
өсуіне әкеледі. “Арзан” ақша саясатын тағы да инфляциялық
несиелендіру саясаты деп атайды. Сонымен, есептеу ставкасын
жоғарылату, инфляциямен күрестің күшті құралының бірі, бірақ
ол, өндірістің қысқаруына, жұмыссыздықтың өсуіне, және
әлеуметтік шиеленіске соқтырады. Есептеу ставкасының
төмендеуі
инфляцияның
өсуіне
әкеледі.
Әрбір
нақты
жағдайларда үкімет нені құрбан жасауын шешеді. Тәртіпте,
құрбан болатындар өндіріс және жұмысбастылық. Қымбат ақша
саясаты жиі жүргізіледі.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Ақшаның түрлері
2. Негізгі ақша агрегаттары
3. Ақша мультипликаторы
4. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
5. Банк жүйесінің түрлері
6. Ұлттың банкінің қызметтері
7. Ақша массасы және ақша айналымы
8. Несиенің мәні мен қызметтері
9. Банк операциялары
10. Ақша-несие саясатының құралдары мен мақсаттары
11. Монетаризм теориясы
12. Экономиканы тұрақтандырудағы банктің рөлі
Жаңа терминдер мен ұғымдар
Өтімділік
Несие
Резервтік нормасы
Банк мультипликаторы
Ипотека
Лизинг
Есептеу ставкасы
Эмиссия
Н. А. Маженова
168
Тест сұрақтары
1) Ақша-несие саясатын жүргізеді:
A) елдің Үкіметі;
B) Ұлттық банк;
C) қаржы-несие мекемелері;
D) қаржы министрлігі;
E) мемлекеттік табыс министрлігі.
2) “Ашық нарықтағы” операциялар термині көрсетеді:
A) банктердің несиелендіру қызметін;
B) коммерциялық банктерге қарыз беру бойынша қызметін;
C) мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу
бойынша қызметін;
D) пайыздық ставкалар деңгейіне өседі;
E) пайыздық ставкалар деңгейіне төмендейді.
3) Мемлекеттік облигацияларын сату:
A) ақша массасын көбейтеді;
B) ақшаның саны өзгермейді;
C) ақша массасы қысқарады;
D) инфляция өседі;
E) инфляция сол қалпында қалады.
4) Ақшаның эмиссиясы – бұл:
A) мемлекеттің айналымға қосымша ақша санын шығаруы;
B) айналымнан артық ақшаның жасанды түрде алынуы;
C) мемлекеттің ақша бірлігіндегі металдық құнын заңды
түрде азайтуы;
D) жаңа валютаны енгізу;
E) ақша массасы өзгермейді.
5) М. Фридманның «монетарлық тәртібі» қорытындайды:
A) нарықты экономика - бұл ішкі тұрақты жүйе;
B) ЖҰО динамикасы ақша динамикасынан кейін жүреді;
C) ақша айналымының жылдамдығы тұрақты;
Экономикалық теория
169
D) мемлекет айналымдағы ақша массасының дәлелді
тұрақты өсімін қолдауы қажет;
E) мемлекет ақша айналымының реттеуіне қатыспауы
қажет.
6) Егер ЖҰӨ номинал көлемі 4000 дана құратын болса,
ал ақшаға сұраныс көлемі 800 дана болса, онда:
A) ақшаға сұраныс 3200 дана құрайды;
B) жалпы сұраныс 4800 дана құрайды;
C) ақша орта есеппен 5 рет айналады;
D) көлемді көбейту қажет;
E) ақшаның мөлшерін 800 данаға азайту қажет.
7) Мемлекеттік бюджет дегеніміз:
A) табыс пен шығындарды көрсететін мемлекеттік қаржы
жоспары;
B) мемлекеттің табыстарының тізімі;
C) қазынаға түскеннің жалпы сомасы;
D) мемлекеттік меншіктен түскен табыс;
E) жеке тұлғалардың, адамдардың қаржы қатынастары.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1В, 2С, 3С, 4А, 5D,
6С, 7А.
Достарыңызбен бөлісу: |