Экономикалық теория
145
2. Циклдердің қандай түрлерін білесіз және Н. Кондратьевтің
циклдер теориясына қосқан үлесі қандай?
3. Экономикалық өсу ұғымы астарында нені ұғынасыз?
4. Экономикалық өсудің мәні қандай?
5. Экономикалық өсу экономикалық және әлеуметтік
дамудың қандай көрсеткіштерімен тығыз байланыста болады?
6. Қоғам экономикалық өсумен байланысты қандай әлеуметтік
және экономикалық мәселелерді шешуге тура келеді?
7. Экономикалық өсу мен қоғамның өндірістік мүмкіндік-
терінің қисығы өзара қалай байланысады?
8.
Экономикалық
өсудің
факторлары
өзара
қалай
байланысады және көрсеткіштері қандай? Экономикалық өсудің
әрбір көрсеткішін толығырақ сипаттап беріңіз.
Жаңа терминдер мен ұғымдар
Цикл
Кризис
Тоқырау
Жандану
Өрлеу
Бум
Пик
Мемлекеттік циклге қарсы реттеу
Экономикалық өсу
Экстенсивті өсу
Интенсивті өсу
Адам басына табыс
Тест сұрақтары
1) Экономикалық дамудың экстенсивті факторына жатады:
A) еңбек өнімділігінің өсуі;
B) инвестиция көлемінің артуы;
C) қор қайтымдылығының өсуі;
D) жұмысшылардың біліктілігінің артуы;
E) жұмысшылар санының азаюы.
Н. А. Маженова
146
2) Экономикалық дамудың интенсивті факторына жатады:
A) өндіріс кеңістігінің ұлғаюы;
B) еңбек өнімділігінің өсуі;
C) инвестициялардың көбеюі;
D) жұмысшылар санының көбеюі;
E) қосымша жұмысшы күші арқылы жүретін өндіріс.
3) Экономикалық цикл көрсетеді:
A) экстенсивті типтегі экономикалық өсуді;
B) интенсивті типтегі экономикалық өсуді;
C) аралас типтегі экономикалық өсуді;
D) экономикалық өсудің және даму барысының процесін;
E) өсу және төмендеу кезеңін қамтитын экономикалық
қозғалыс үрдісін.
4) Экономикалық өсудің типтерін атаңыз:
A) интенсивті, прогрессивті,
B) экстенсивті, интенсивті, прогрессивті;
C) экстенсивті, интенсивті;
D) жылдам, жайлап;
E) экстенсивті, прогрессивті.
5)
Экономика
құлдырауының
қысқа
мерзімді
экономикалық циклін атаңыз:
A) 50 жылдан жоғары;
B) 40 жыл;
C) 30 жыл;
D) 10 жыл;
E) 1 жыл.
6)
Экономика
құлдырауының
орта
мерзімді
экономикалық циклін атаңыз:
A) 50 және одан артық жыл;
B) 30 жыл;
C) 25 жыл;
D) 10 жыл;
E) 1-ден 5 жылға дейін.
Экономикалық теория
147
7) Экономикалық цикл мына кезеңдерден тұрады:
A) дағдарыс - жандану - қырау - өрлеу;
B) жандану - өрлеу – тоқырау - дағдарыс;
C) дағдарыс – тоқырау – жандану - өрлеу;
D) тоқырау – дағдарыс - өрлеу - жандану;
E) дағдарыс – жандану - өрлеу.
8) Экономикалық циклдің себептері:
A) нарықтық құрылыммен;
B) ішкі себептері;
C) ішкі және сыртқы себептері;
D) сыртқы себептері;
E) бәсекенің болуы.
9) Төмендегілердің экономикалық цикл түрлерінің
авторына жатпайды:
A) К. Жугляр;
B) Дж. М. Кейнс;
C) Н. Д. Кондратьев;
D) С. Кузнец;
E) Дж. Китчин.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1В, 2В, 3Е, 4С, 5D,
6В, 7С, 8С, 9В.
Н. А. Маженова
148
13. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҢ
КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ
13.1. Жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздың
көрінісі ретінде
Экономикалық тұрақсыздықтың негізгі белгілері, ол
өндірістің төмендеуі, жұмыссыздықтың және инфляцияның
болуы. Экономикалық жағдай қолайлы саналады, егер ол толық
жұмысбастылықпен сипатталатын болса. Толық жұмысбастылықты
түсіну үшін жұмыссыздықтың типтері мен жұмыссыздықтың
табиғи нормасы түсінігімен танысу керек.
Жұмыссыздық – бұл әлеуметтік-экономикалық құбылыс,
мұнда еңбекке жарамды халықтың бір бөлігі жұмысты таба
алмайды. Жұмыссыз дегеніміз, ол жұмыс істей алатын, істегісі
келетін,
жұмысты
іздейтін
бірақ
жұмыс
орны
жоқ.
Жұмыссыздық, қазіргі еңбек нарығына тән ерекшелік.
Экономистер жұмыссыздықтың негізгі типтерін айырып
бөледі:
1. Фрикциондық жұмыссыздық – бұнда жұмыскер жұмыс
орнын ауыстыруына байланысты. Кейбір адамдар өздерін
күрделі және жоғары төленетін жұмыстарды орындауға
қабілеттілігін сезінеді және сондай жұмыс орындарын іздейді.
Ал кейбіреулері жұмыс орындарындағы талаптарға сәйкес
келмей, ақысы төмен жұмыс іздеуге мәжбүр болады. Қоғамда
әртүрлі себептер бойынша, мысалы, институт бітіріп жұмыс
іздейді, армиядан келіп, бір қаладан басқа қалаға көшіп, жұмыс
іздейді, кейбірулері жұмысты өмірінде бірінші рет іздейді.
Өзіне ыңғайлы жұмыс іздейтін әрқашан да адамдардың белгілі
бір саны болады. Адамдардың белгілі бөлігі осындай жағдайда
болады, сондықтан да жұмыссыздықтың бұл түрін тұрақты
деуге болады. Бұл процестер еңбек ресурстарын пайдаланудың
тиімділігін
арттыруды
және
олардың
тиімді
бөлінуін
қамтамасыз етеді.
2. Құрылымдық жұмыссыздық – ҒТП және технологиялық
өзгерістер нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс құрылымы да
Достарыңызбен бөлісу: |