Экономикалық теория
163
Нарықты экономика жағдайында несие келесі қызметтерді
атқарады: бөлушілік, эмиссиондық және бақылаушылық.
Қайтарылу мерзімі бойынша несие қысқа мерзімді және
ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Мемлекеттің несие жүйесіне кіреді:
1. Орталық эмиссиялық банк;
2. Банк жүйесі;
3. Мамандандырылған банк емес несие-қаржы институттар:
– инвестициондық компаниялар;
– қаржы;
– сақтандыру;
– зейнетақы қоры;
– жинақ кассалар;
– ломбардтар.
14.4. Ақша-несие саясаты немесе мемлекеттің
монетарлық саясаты
Нарықтық экономикада мемлекет кәсіпорындардың өміріне
араласпайды, тек ақша, салық, бюджет, несие және тағы
басқалар арқылы нарыққа макроэкономикалық реттеулер
жүргізеді. Ақша – несие саясаты бұл, мемлекеттің ерекше
қызметі. Ақша және несие экономиканың дамуына мүмкіндік
туғызады,
оның
тиімділігін
арттырады.
Бірақ,
белгілі
жағдайларда экономиканың дамуына кедергі болуы мүмкін.
Әрбір қоғамда тауарлардың саны мен ақша санының арасында
сәйкестік сақталуы керек. Бұл талапты И.Фишердің (1867-1947)
айырбас теңдеуі көрсетеді: MхV=PхQ
Ақша-несие саясатының негізінде, экономикаға ақшаның
және ақша-несие саясаты әсері процесін оқытатын ақша
теориясы жатыр.
Ақша теориясына екі әртүрлі тәсілдері бар:
- бірінші жағынан, бұл, модернизацияланған кейнсиан
теориясы;
- екінші жағынан, қазіргі ақшаның сандық теориясы
(монетаризм).
Н. А. Маженова
164
Қазіргі кейнсиандықтар және монетаристер мойындайтыны,
ақшалы ұсыныстық өзгеруі ЖҰӨ номиналдық көлеміне әсер
етеді, бірақ, сол әсердің мәнін және механизмін әртүрлі
бағалайды.
Кейнсиандықтардың көзқарасынан негізінде пайыздық
ставканың деңгейі қойылуы керек, ал, монетаристердің
көзқарасында - ақша ұсынысының өзі болуы керек.
Кейнсиандық теория бойынша, негізгі ережелері:
1. Нарықтық экономика өзінің көптеген ішкі ақауларымен
/пороки/ тұрақсыз жүйені көрсетеді. Сондықтан, мемлекет ақша-
несиелік
реттеудің
әртүрлі
инструменттерін
тұрақты
пайдаланып тұруы керек.
2. Ақша
ұсыныс
өзгерісі
проценттік
ставканың
деңгейіндегі өзгеріске әкеледі, ол инвестициялық сұраныстың
өзгеруіне және мультипликациялық тиімділік арқылы ЖҰӨ
көлемінің өзгеруіне әкеледі.
3. Кейнсиандық негізгі теориялық теңдеуі, ол:
ЖҰӨ=C+І+G+NX;
4. Кейнсиандықтар
монетарлық
саясатты
мысалы,
фискалды немесе бюджеттік саясат сияқты экономиканы
тұрақтандырудың тиімді құралы деп есептемейді.
Монетарлық тәсіл.
ХХ ғасырдың 70 жылдарында кейнсиандық мектебінде
дағдарыс байқалады. Басымдылық жағы неоклассикалық бағыт -
оның ішінде қазіргі формасы - монетаризм болды.
Қазіргі монетаризмнің бас теоретигі – белгілі американдық
экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Милтон Фридмен.
Негізгі ережелері мынадай:
1. Нарықтық жүйе - ішінен тұрақты жүйе. Бар теріс
жағдайы - бұл, мемлекеттің экономикаға компетентсіз
араласуының нәтижесі, оны төмендету керек.
2. Айналымдағы ақша массасының және ЖҰӨ номиналды
көлемінің арасында, ал инвестиция және ЖҰӨ арасындағы
қарағанда өте тығызды тәуелділік балқалады.
ЖҰӨ динамикасы ақша динамикасының артынан тікелей
жалғасады.
Монетаристердің
санауынша,
айналымдағы
Экономикалық теория
165
ақшаның саны және ұлттық экономика шеңберінде сатылған
тауарлардың жалпы көлемінің арасында белгілі өзара байланыс
болады.
Бұл байланыс И.Фишердің айырбас теңдеуімен көрінеді,
немесе, ол, ақшаның сандық теориясының теңдеуі: M • V=P • Q.
Бұнда бағаның деңгейі ақшалы ұсыныстың өзгеруінен
белгілі тәуелділікте болады.
Ақша ұсынысы және ЖҰӨ номиналдық көлемі арасындағы
байланыс проценттік ставка арқылы емес тікелей жүргізіледі.
Осыған сүйене М. Фридмен балансталынған ұзақ мерзімді
монетарлық саясат «ақша ережесін» ұсынды, яғни, мемлекет
айналымдағы ақша массасының негізделген тұрақты өсімін
қолдауы керек.
М. Фридменнің монетарлық ережесі, жылда 3-5%
шегіндегі - айналымдағы ақша массасының көбеюін қатаң
бақылауын ұсынады.
Сондай-ақ
өсім
экономикадағы
іскерлік
белсенділікті
шақырады.
Жылына
3-5%
жоғары
ақшалы
ұсыныстың
бақыланбаған
артықшылығы
жағдайында
инфляцияның
тарқатылуы болып келеді, ал, егер жылдың 3-5% төмен болса,
онда ЖҰӨ өсу қарқыны құлап кетеді.
Қорытындысын атап өтсек, қазіргі ақша-несие саясатының
теоретикалық моделі әрбір теориядан рационалды жағдайларын
есептеген кейнсианство және монетаризмнің бірліктілігі болып
табылады. Ұзақ мерзімді кезеңдерде монетарлық тәсілдер
артығырақ болады. Қысқа мерзімді кезеңдерде мемлекет тезірек
экономикалық маневр жасау мақсатында пайыздық ставканы
қолданудан бас тартпайды.
Ақша айналымын реттейтін инструменттері. Ақшасыз және
несиесіз нарықты экономика болмайды. Ақша-несие саясаты
бұл ерекше катынас және мемлекеттің ерекше қызметін құрады.
Әрбір қоғамда, тауардың саны және ақша санының арасында
сәйкестік сақталынуы керек. Егер, бұл сәйкестік бұзылса
инфляция пайда болады. Әлемдік практикада ақшаға және
несиеге мемлекеттің жасайтын әдісінің инструменттері:
ашық нарықтағы операциялар:
Достарыңызбен бөлісу: |