175
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
қажеттілігіне толық сенгендіктен және белгілі бір болмыс сипатын
ұстану қажеттілігінен тұратынын атап көрсетеді (321-322 бб.). Пе-
дагогикалық білім беру жүйесінде «мұғалім-зерттеуші» түсінігінің
дамуына байланысты айтылған Г.М.Кертаеваның бұл көзқара-
сының білім беру саласындағы зерттеу әдебінің деонтологиялық
мәселелеріне де қатысы бар.
Зерттеу әдебінің деонтологиялық қыры қамқорлық (жақсылық
жасау), зиян келтірмеу (зияндықтың алдын алу), әділдік, адал-
дық және ризашылық қағидаттарын
танытушы адам құқығына
негізделген теориялармен нығая түседі. Сонымен, деонтологияға
сәйкес, «белгілі бір іс-әрекеттер өз табиғаты жағынан дұрыс не-
месе бұрыс болып келеді, сол себепті
мақсат әдістерді ақтай ал-
майды» (Suri, 2020, 42-б.). Деонтологияны жақтаушылар белгілі
бір әрекеттің тигізетін салдарына қарамастан «дұрыс» екенін ай-
тады, себебі олар нақты бір жағдайда сипатты, құлықты білдіреді
(Stutchbury & Fox, 2009). Сонымен, деонтологиялық әдеп логика-
сы бойынша зерттеушінің сұхбат барысында алынған деректердің
құпиялылығын сақтауға уәде беруі оның адамгершілік борышының
көрінісі болып табылады. Зерттеуші кез келген жағдайда алынған
деректердің құпиялылығы жөніндегі уәдесінде тұруы керек.
Деонтологияға қарама-қарсы ұғым консеквентализм
30
болып
табылады. Консеквентализм дегеніміз – әрекеттердің дұрыстығы
немесе бұрыстығы олардың салдарымен
ғана анықталады дей-
тін көзқарас (Холмс, 2005). Консеквентализмді жақтаушылардың
пікірінше, адамгершілік тұрғысынан қолайлы салдар туғызатын
әрекет әдеп жағынан дұрыс саналады.
Британдық зерттеушілер
Статчбэри мен Фокс атап өткендей, «әрекеттің дұрыс не бұры-
стығын адамдарға зияннан гөрі қаншалықты жақсылық әкелетіні-
не қарай бағалау керек» (Stutchbury & Fox, 2009, 490-б.). Сонымен,
егер уәдені бұзу адамдардың көпшілігіне пайда әкелсе, онда зертте-
ушінің жұмысы моральдық тұрғыдан негізделген болып есептеледі.
Британдық философ Дэвид Сидхауз (Seedhouse, 1998) деонто-
логия мен консеквентализм арасындағы қарым-қатынасқа сүйене
отырып, әдептің мән-мазмұнына байланысты шешім қабылдаудың
30
«Консеквент» термині ‘салдар, нәтиже’ дегенді білдіреді.
176
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
төрт деңгейін анықтайды. Олар пирамида түрінде берілген (7.3-су-
ретті қараңыз). Сидхаузтың мәліметтері бойынша: 1) сыртқы та-
лаптар деңгейі, яғни әдеп кодекстерінің талаптары мен зертте-
ушінің әдеп сипатын танытушы деңгей; 2) салдарлар деңгейі, яғни
зерттеуші әрекетінің жекелеген тұлғаларға,
әлеуметтік топтарға
және қоғамға тигізетін салдарын танытушы деңгей; 3) салдардан
гөрі әрекет маңыздырақ болған жағдайдағы борыш әдебін таны-
тушы деонтологиялық деңгей; 4) жеке тұлға мен оның дербестігін
құрметтеудің әдеп принциптерін танытушы индивидуалды деңгей
(Seedhouse, 1998; Cohen et al., 2011).
Аталған пирамиданы Сидхауз денсаулық сақтау саласындағы
әдеп мәселелерін қарастыру үшін әзірлеген, дегенмен ол білім беру
зерттеулерінде де қолданылады.
7.4-суретте пирамида деңгейлерінің әр элементі жоғарыдан
төменге қарай көрсетілген. Пирамида деңгейлері мен оның эле-
Достарыңызбен бөлісу: