Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Зерттеу пайдасы мен тәуекелінің арақатысын талдау



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет100/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

Зерттеу пайдасы мен тәуекелінің арақатысын талдау
Нюрнберг кодексінің аталмыш принципінде: «қабылданатын тәу-
екел дәрежесі эксперимент барысында шешілетін мәселелердің гума-
нитарлық маңыздылығы жағынан мүлдем аспауы қажет» (Nuremberg 
Code, 1949), – деп көрсетілген. Басқаша айтқанда, зерттеуші ретінде 
сіз зерттеуге қатысушыларға зиян келтіру қаупін барынша азайтып, 
зерттеудің нәтижесінде туатын пайданың зерттеуге қатысудың кез 
келген өзге де тәуекелінен асып түсетініне көз жеткізуіңіз керек.
Тәуекел дегеніміз не? Зерттеу әдебінде тәуекел деп қандай да 
бір зиян келтіру ықтималдығын түсінеміз. Бұл тұрғыда «минимал-
ды тәуекел» түсінігін атап өту қажет. Әдетте білім беру зерттеулері 
мәнмәтінінде зерттеулерге қатысудан келетін қауіп адамдардың 
күнделікті өмірінде ұшырасатын қауіптен аспауы тиіс. Мысалы, 
психологиялық тест тапсыру, белгілі бір тақырып бойынша әңгіме-
ге қатысу деген секілді. Басқаша айтқанда, минималды тәуекел 
«зерттеу барысында күтілетін зиянның не қолайсыз жағдайдың 
ықтималдығы күнделікті өмірде не болмаса әдеттегі физикалық 
не психологиялық тексерістерде, тест орындау кезінде жиі кезде-
сетін зиянды немесе қолайсыз жағдайлардан артық емес екенін 
білдіреді» (National Science and Technology Group, 2008, 4-б.). «Ми-
нималды тәуекел» түсінігі зерттеуге қатысушыларға келуі мүмкін 
зиянды тәуекелдерді қарастырудың негізі болады. Дей тұрғанмен, 
адамдар қатысатын бірде-бір зерттеу тәуекелсіз болмайтынынын 
үнемі есте ұстаған жөн. Ғылыми зерттеулердің институционал-


159
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
дық әдеп комитеттері зерттеу барысында зерттеушілер ұсынатын 
әртүрлі болуы мүмкін зиянның қаупін қарастыруды талап етеді.
Зерттеу пайдасы мен тәуекелінің арасындағы байланысты 
талдау принципі зерттеу әдебінің жағдаяттық сипатын танытады. 
Адамдардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерге қатысты зерт-
теу жұмысын ұйымдастырушылар нақты да болжалды жағдаят ұсы-
нып, зерттеу тиімділігінің ықтимал түсініктерін талқылау арқылы 
түрлі жағдайда зиянды деп қарастырылуы мүмкін жайттарды тал-
дап, бағалауы қажет (Cohen et al., 2011). Адамдарды білім беру 
зерттеулеріне тарту тұрғысынан алғанда «зиян» ұғымы нені біл-
діреді? Мұнда тек зерттеуге қатысушыларға келуі мүмкін физика-
лық және/немесе психологиялық зиян мен эмоциялық жайсыздық 
қана туралы емес, сондай-ақ олардың беделі мен кәсібилігіне кері 
ықпал ететін зиян жайында да сөз қозғалады. Мәселен, егер сіз мек-
тептердегі қорқыту (буллинг) мәселесі жайлы зерттеп жүрсеңіз, 
қатысушыларға білім алушылардың (кәмелетке толмағандардың 
зерттеуге қатысуы кезінде) немесе мектеп қызметкерлерінің (ере-
сектердің зерттеуге қатысуы кезінде) тарапынан көрген қорқыту-
ды басынан қайта өткеруі өте қиын болуы мүмкін екенін ескеруіңіз 
қажет. Қатысушыларға психологиялық зақым келтірмес үшін зерт-
теуші ақпаратты келісім жағдайында ықтимал тәуекелді алдын ала 
көрсетуі керек немесе олардың аталған зерттеуге қатыстырмауы 
қажет (Cohen et al., 2011). Ықтимал зиян түрлерін 7.1.2-бөлімше-
сінде толығырақ қарастырамыз.

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау