Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


«Парадигмалар соғысы»: позитивтілік (сандық зерттеу)



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет14/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

«Парадигмалар соғысы»: позитивтілік (сандық зерттеу) 
және конструктивтілік (сапалық зерттеу)
Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу парадигмалары жайлы 
сөз қозғағанда біз «парадигмалар соғысын», атап айтқанда, пози-
тивтілік пен конструктивтілік арасындағы қарама-қайшылықтан 
аттап өте алмаймыз (Bryman, 2008; Prasad, 2017). «Парадигмалар 
соғысы» сандық және сапалық зерттеу әдістерін жақтаушылар ара-
сындағы қақтығыстармен сипатталады.
Көптеген зерттеушілер бұл қақтығыстың шешімі аталған 
әдістерді бір зерттеуге біріктіруде деп есептейді. Әрі қарай атап 
өтетініміздей, сандық және сапалық әдістерді біріктіру стратеги-
ясына негізделген зерттеулер деректерді жинаудың әрі сапалық, 
әрі сандық әдіс элементтерін кіріктіреді. Сандық және сапалық 
әдістерді біріктіру стратегиясы прагматизм парадигмасына негіз-
делген. Прагматизмнің қалыптасуының нәтижесінде позитивтілік 
пен конструктивтілік зерттеулерінің арасындағы әдіснамалық ай-
ырмашылықтар туралы пікірталастар өзектілігін жоғалтты. 
Прагматизм зерттеу парадигмасы ретінде
Төртінші зерттеу парадигмасы прагматизмге негізделген (грек 
тілінен алғанда «іс, әрекет»), оның негізгі идеясы «таным қажет-
тілігі нақты бір проблемалық жағдаятты шешу қажеттілігінен туын-
дайды»
5
деп көрсетуінде. Кресуэлл және Кресуэлл атап өткендей, 
прагматизм философия мен шындықтың қандай да бір жүйесін 
ұстанбайды (Creswell & Creswell, 2020). Бұл «біріктіру стратегиясын 
әрі сандық, әрі сапалық зерттеу әдісі ретінде кеңінен қолданатын» 
зерттеулерге қатысты (Creswell & Creswell, 2020, 29-б.). Сәйкесін-
ше, прагматизмді әдіснамадағы антифилософиялық бағыт деп 
сенімді түрде атауға болады. Прагматиктер нақты бір жағдайда 
ғана «жұмыс істейтін» нәрсеге сенеді.
Макси атап көрсеткендей (Maxcy, (2003), прагматизм «зерт-
теу әдісі ретінде де, пуристер мен тәжірибеге бағытталған зертте-
5
Новая философская энциклопедия. (2010). Москва: Мысль. - 
https://iphlib.ru/library/collection/newphilenc/document/HASH985c351499c04271945098


25
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
ушілер арасындағы тартысты реттеу әдісі және құралы ретінде бір-
дей қалыптасқан» (79-б.). Білім прагматизмді жақтаушылар үшін 
бір мезгілде объективті шындықты да, зерттеуге қатысушылардың 
шындыққа деген субъективті көзқарастарын да біріктіреді. 
Прагматизм әлеуметтік ғылымдар зерттеулерін сандық және 
сапалық деп бөлудің балама көзқарасы ретінде қалыптасты. Праг-
матизмді жақтаушылар қойылған зерттеу сұрағына жауап іздей 
отырып, әдіснамадағы антифилософиялық бағыт сияқты кез кел-
ген мәселені зерттеу үшін ең қолайлы зерттеу әдісін таңдауға 
ұмтылады. Сәйкесінше, прагматиктер сапалық зерттеуді шын-
дықтың субъективті мағынасын қарастырумен, ал сандық зерттеу 
адам мінез-құлқын зерттеумен айналысады деген тұжырыммен 
толық келіспейді. Олар үшін зерттеудің екі түрі де адамдардың қа-
рым-қатынасы мен іс-әрекетін зерттеумен байланысты болуы мүм-
кін (Robson & McCartan, 2016).
Прагматизмнің зерттеу парадигмасы ретіндегі маңызды қағи-
даты зерттеушіге зерттеу мақсатына қатысты деректерді талдау 
әдіс-тәсілдерін таңдау еркіндігін қамтамасыз ету болып табылады. 
Зерттеуші сандық және сапалық әдістерді біріктіру арқылы өзінің 
зерттеу әдіснамасын анықтауға құқылы. 

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау