1.1-кесте. Нысанды сырттай бақылауда микроскоп пен оның көру шегінің үлкейтілуі
Объективтер
|
Окулярлар
|
12,5x
|
15x
|
20x
|
Үлкей- тілуі,
есе
|
Шегі, мм
|
Үлкей- тілуі,
есе
|
Шегі, мм
|
Үлкей- тілуі,
есе
|
Шегі, мм
|
F = 23,2; А = 0,17
|
100
|
1,9
|
130
|
1,3
|
170
|
1,0
|
F = 8,2; А = 0,37
|
300
|
0,6
|
370
|
0,5
|
490
|
0,4
|
F = 6,3; А = 0,65
|
400
|
0,5
|
490
|
0,3
|
650
|
0,3
|
F = 4,3; А = 0,95
|
580
|
0,3
|
700
|
0,2
|
930
|
0,2
|
1.2- кесте. Фотосуретке түсіруде микроскоптың үлкейтілуі
|
Объективтер
|
9 x 12 см фотопластикаға
|
24 x 36 мм фототаспаға
|
Окулярлар
|
12,5x
|
15x
|
20x
|
12,5x
|
15x
|
20x
|
F = 23,2; А = 0,17
|
—
|
100
|
—
|
52
|
62
|
87
|
F = 8,2; А = 0,37
|
—
|
300
|
400
|
146
|
176
|
246
|
F = 6,3; А = 0,65
|
—
|
400
|
—
|
195
|
234
|
328
|
F = 4,3; А = 0,95
|
500
|
—
|
800
|
279
|
335
|
469
|
Микроскоптың техникалық сипаттамасы
Көрсету экранының өлшемі, см ...................................................9 x 12
Фотопластинканың өлшемі, см ....................................................9 х 12
Фототаспадағы кадр өлшемі, мм................................................24 х 36
Микрометрикалық фокус механизмі:
механизм шығыны, мм .................................................................2,5
шкаланы бөлу бағасы, мм ........................................................0,002
Нысан үстелі:
екі өзара перпендикуляр
бағытта орын ауыстыру шегі, ..........................................мм30 x 20
шкаланы бөлу бағасы, .............................................................мм1,0
бұрылу шегі, ...°.......................................................................0...360
нысан нүктесінің окулярдың
бір ернеуінен екіншісіне өту уақыты, с 3.4
у өсі бойынша қадам шамасы, мм ................................ 0,4; 0,8; 1,2
ең жоғарғы жүктеме, кг 5
Аумақтық өлшемдері:
микроскоп, мм ..........................................................580 х 250 х 385
басқару пульті, мм ...................................................330 х 250 х 150
Салмағы:
микроскоп, кг 35
басқару пульті, кг..........................................................................6,5
1.2-сурет. Микроскоптың оптикалық схемасы:
1—шам;
2—коллектор;
3—жылу фильтрі;
4,23,24,25,27,33—призмалар;
5— ауыстырылатын жарықфильтр;
6,9—телеобъективтер;
7—апертуралық диафрагма;
8,12,34—линзалар;
10,29,30,32—әйнек;
11—алаңдық диафрагма;
13— күңгірт
алаң линзасы;
14—поляризатор;
15—анализатор;
16—жартылай мөлдір пластинка;
17—объектив;
18—конденсатор;
19,31—фотоокулярлар;
20— айналма әйнек;
21, 28—экрандар;
22—бинокулярлы саптама;
26—ахроматтық линза;
35—таспа;
36—фотопластинка
Микроскоптың оптикалық схемасы. 1 Шам жарығы (1.2-сурет) 7 апертуралық диафрагманың кеңістігіне
2 коллектор жəне
4 призманың көмегімен проекцияланады. Жылу фильтрі
3 оптиканы шамның қызуынан қорғайды.
5 ауыстырылатын жарық фильтрлері жалпы тақтайшада құрастырылған.
8 линза,
10 əйнек
, 12 линза жəне
16 жартылай мөлдір пластинкадан құралған жүйе
7 апертуралық диафрагманың кескінін объективтің кіру қарашығына проекциялайды. 11 алаңдық диафрагма,
12 линза жəне
17 объективтің кескіні нысан жазықтығына проекцияланады.
Алаңдық диафрагма зерттелетін нысанның учаскесін шектеу үшін қажет.
Нысанды жарық алаңда жəне поляризацияланған жарықта бақылау үшін 16 жартылай мөлдір пластинка жарық сəулесін 90°-қа бұрып, оны объек- тивтің фокальдік жазықтығына орналастырылған нысанға 17 объектив арқылы бағыттайды. Нысанның кескіні 26 ахроматикалық линзаның көмегімен окулярлардың фокальдік жазықтығына проекцияланады.
Сырттай бақылау жасағанда 29 əйнек пен 27 призма жарық сəулесін 22 бинокулярлық саптама окулярларының фокальдік жазықтығына бағыт- тайды, осы жерде нысанның кесікіні жасалады.
Поляризацияланған жарықта бақылау жасағанда сəулелерге 14 поля- ризатор мен 15 анализатор қосылады.
Күңгірт алаңда бақылау жасағанда 12 линза мен 16 жартылай мөлдір пластинканың орнына сəулелерге 13 күңгірт алаң линзасы мен жарық сəулесін 18 металл конденсаторға бағыттайтын 20 айналма əйнек қосы- лады. Сəулелер конденсаторға түсіп нысанға бағытталады.
Бұдан əрі сəулелердің бағыты жарық алаңда жүргізілетін зерттеудегідей болады.
Нысанның кесінін 28 экранда бақылаған кезде 26 ахроматикалық линза мен 29 əйнек өшіріледі, сəулелердің бағытына 6 жəне 9 телеобъективтер енгізіледі, олар сəулені 31 фотоокулярдың фокальдік жазықтығына түйіс- тіреді.
Жүйеге қосылған фотоокуляр 32, 20 əйнектердің көмегімен нысанның кесінін 28 экранға проекциялайды.
Микроскоптың жалпы үлкейтілуі объективтің үлкейтілуі мен окуляр- дың үлкейтілуінің көбейтіндісіне тең, олардың мəні металл жақтауларда белгіленген. Бақылаушының көзі қарайтын линза окуляр деп аталады. Нысан мен объективтің арасындағы ортаның сыну көрсеткішінің көбей- тіндісі сандық апертура деп аталады, яғни объективке өтетін екі бұрыштың сəулелерден пайда болатын бұрыш жартысының синусы:
A=n sin α/2
мұндағы А — апертура; n — ортаның сыну көрсеткіші (ауада n = 1); α— объективтің тік бұрышы (объективтің ашылу бұрышы).
Микроскоптың шешуші қабілеті — бұл екі объектив арқылы айқын жəне бөлек көрінетін екі нүкте арасындағы ең жақын қашықтық. Апертура шешуші қабілетке байланысты:
d= λ/2 𝑛sin α/2
Мұндағы d — оптикалық жүйенің ең жоғары шешуші қабілеті; λ —
жарық толқынының ұзындығы; А — апертура.
Микросылмаларды әзірлеу бірнеше кезеңде іске асырылады, онда өлшемі азайып келетін түрлі түйіршіктері бар əртүрлі нөмірлі тегістейтін қағаз пайдаланылады. Тегістеу қолмен немесе арнайы білдекте автоматты түрде жүзеге асырылады. Басқа, ұсақ түйірлі материалға ауысуда үлгіні 90°-қа бұрып, бұған дейінгі тегістеуде алынған барлық сызаттар жойылғанша тегістейді. Тегістелген үлгіні қажақ түйіршіктерінен тазартып, жылтыратады.
Жылтырату — шлифті əзірлеуде жасалатын соңғы операция. Жұқа киіз, шұға немесе барқытпен қапталған айналып тұратын немесе дірілдейтін дискілерде жүргізіледі. Жылтырату барысында дискіге хром, алюминий немесе темір оксидінің суспензиясы жағылады. Барлық сызаттар өшіріліп, шлифтің беті айнадай тегіс болғанда жылтырату аяқталды деп есептеледі. Кейбір жағдайларда механикалық жылтыратудың орнына электр химиялық жылтырату қолданылады. Ол үшін анод болып табылатын үлгіні электролитті ваннаға салады. Катодтың рөлін тотығуға төзімді болат, қорғасын немесе басқа материалдан жасалған пластина орындайды. Мұндай жылтыратуың мəні – үлгінің бетіндегі кедір-бұдыр мен шығыңқы жерлер анодта ериді, осының нəтижесінде үлгінің беті айнадай жылтырайды.
Жылтыратылған үлгі сумен жуылып, спиртпен сүртіледі жəне фильтр қағазымен кептіріледі.
Дайын микросылманы күйдірмей зерттеуге болады. Бұл ретте бей- металл қосылыстардың (графит, сульфит, оксид жəне т.б.) болуы не болмауы жəне олардың орналасуы зерттеледі.
Микроқұрылымын анықтау үшін шлифті күйдіреді. Күдіргіш ретінде əдетте əлсіз спирт немесе қышқылдар мен сілтілердің сулы ерітінділері, сондай-ақ түрлі қышқылдардың қоспасы қолданылады. Әртүрлі құры- лымдық бөлшектер бірдей күйдірілмейді жəне сондықтан түрліше жарық көрсетеді. Қатты күйетін құрылым күңгірттеу болады, себебі көбірек сəуле ыдыратады. Түйірдің шеттері түйірдің денесіне қарағанда қаттырақ күйдіріледі. Бұл химиялық құрамындағы айырмашылық (қоспалар шеткі бөлігінде топтасады) пен кристалдық топтасудың бұзылуымен байланысты. Күйдіру нəтижесінде шлифтің бетінде құрылымдық бөлшектердің біркелкі емес биіктігінің есебінен микрорельеф пайда болады.
Осылайша, күйдірудің көмегімен жекелеген құрылымдық бөлшектер мен түйір шекарасын бөліп қарауға мүмкіндік туады.
ЖҰМЫС ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ
Микроскопты қараңғы түскен жерге жұмыс үстелінің үстіне орна- ластыру қажет. Фотоға түсіру кезінде кескіннің айқындылығын бұзатын дірілдің əсерін азайту үшін микроскоптың негізіне полимерден немесе жуандығы 5 = 10...20 мм болатын кеуек резеңкеден жасалған амортизатор қоюға болады.
Микроскоп орнына берік орналастырылғанына көз жеткізу керек.
Микроскоптың жарық көзін жəне оған қажетті құралдарды қуат беру блогына қосып, ал қуат беру блогын желіге қосу керек.
Жарық алаңда жұмыс істеу үшін жарықты баптап алу қажет.
Оқытушыдан зерттелетін болаттың микросылмаларын алу керек.
Микросылманың зерттелетін жағын объективке қаратып үстелге қою керек, осыдан соң саптаманың оң жақ окулярлық трубкасынан оң жақ көзімен бақылап отырып, микрометрикалық бұраманы айналдырып оты- рып микроскопты нысанға қарай дəлдейді.
Саптаманың окулярлық трубкаларын екі көздің аралығына сəйкес орналастыру қажет, бұл ретте сол жақ жəне оң жақ трубканың көру алаңы жалғыз алаңға түйісу керек.
Зерттелетін болат микрошлифін фотосуретке түсіру.
Микроскоппен жұмыс аяқталған соң үстелді тірелгенінше түсіріп, микросылманы алып тастап жəне микроскоптың үстін қабымен жабу керек. Қажетті құрал-жабдықтарды жəшікке жинап тастау қажет.
Е с к е р т у. Зерттелетін нысанды жалпылай қарапшығу үшінəлсіз объективтерді қолданған жөн F = 23,2; A = 0,17 и F = 8,2; A = 0,37, ал нысанды егжей-тегжейлі зерттеу үшін үлкейтіп көрсетуде мықты объективтерді пайдаланған дұрыс F = 6,2; A = 0,65 и F = 4,3; A = 0,95.
ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН РӘСІМДЕУ
Жұмыстың мақсатын анықтау.
Зертханалық жұмыстарға арналған дəптерге құрамдас бөлшектерін атап отырып микроскоптың оптикалық схемасын сызу.
Нұсқардың көмегімен (мүмкін болса басқа түстес) окулярдан микро- сылмаға дейінгі сəуленің бағытын көрсету.
Болаттың құрылымын кескіндеп (фотосуреттің көшірмесін тіркеуге болады), оған сипаттама беру.
Болаттың екі құрылымын салыстырып, айырмашылықтарын жазып шығару.
Е с к е р т у. Бақылаудың өзге түрлері көппайдаланылмайтындықтан, олармен микроскоптыңтөлқұжатында танысуға болады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Металлграфикалық микроскоптар қандай мақсатта пайдала-нылады?
Зерттеу зертханаларында қандай металлграфика- лық микро-скоптар пайдаланылады?
Металлграфикалық микроскоп кескінді қанша есеге үлкей-теді?
ММР-1 микроскобының көмегімен қандай материал- дарды зерттеуге болады?
Металдар мен қорытпалардың құрылымын қандай мақсатта зерттейді?
Достарыңызбен бөлісу: