№1 зертханалық жұмыс
ММР-1 МЕТАЛЛГРАФИКАЛЫҚ МИКРОСКОПТЫҢ КӨМЕГІМЕН БОЛАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ
Жұмыстың мақсаты — ММР-1 металлграфикалық микроскоппен жұмыс істеу тəсілдерін меңгеру.
ЖАЛПЫ ҰҒЫМДАР
ММР-1 металлграфикалық микроскоп (1.1-сурет) металдардың жəне өзге күңгірт нысандардың микроқұрылымын жарық алаңда тікелей жəне жанама жарық түсірумен, қараңғы алаңда жəне поляризацияланған жарықта зерттеуге арналған.
Микроскоптың көмегімен нысандарды бинокулярлық қондырмада жəне көрсету экранында (1.1-кесте) сырттай бақылауға, нысандарды 9 х 12 см фотопластинкаға немесе кадр өлшемі 24 х 36 мм болатын (1.2-кесте) таспаға суретке түсіруге болады.
1.1-сурет. ММР-1 Металлграфикалық микроскоп