Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
29
Бұл емтихандар оқу жылына әзірленген бағалаудың жалпы жүйесінің бір бөлігі болып
табылады және де оқу процесін тиімді басқару сияқты оның басты принципіне сәйкес келеді,
оның нәтижесі соңғы өнім емес, мақсаттары ретінде қолданылады.
Емтиханға қандай да бір себеппен қатыспаған студенттер оған басқа уақытта жіберілмейді;
емтихан уақыты барлық студенттер үшін тағайындалады және оның уақыты өзгертілмейді.
Студенттер үлгерімі туралы есеп
Студент үлгерімі туралы есеп немесе репорттар жылына 4 рет қолға беріледі: әр тоқсан
соңында - қазан мен наурыз айларында - қысқаша есеп, ал желтоқсан мен мамырда –
барынша толық берілетін қорытынды есептер.
Бірінші және екінші тоқсан соңында берілетін, Ф4 форматына толтырылған репорттар әр пән
бойынша мұғалім студенттен күтетін деңгейге сәйкес студент жетістігі деңгейі көрсетіледі
және сынып жетекшісінің түсіндірмесі беріледі. Осындай қосымша ішкі репорттар ата-анаға
олардың өтініші бойынша немесе қажет болған жағдайда берілуі мүмкін. Әр жарты
жылдың соңында берілетін репорттар студент үлгеріміне жасалған барынша егжей-тегжейлі
сараптаманы мазмұндайды, сондай-ақ семестрде қол жеткізген нәтижелері бойынша әр пән
мұғалімінің және сынып жетекшісінің түсіндірмесі беріледі (10 сынып репортын сондай-ақ
Жеке Жоба бойынша студенттің супервайзері толтырады). Мамыр репортында үлгерім
деңгейін көрсететін 1-ден 7-ге дейінгі жетілік меже бойынша IB қорытындылаушы бағасы
қойылады, мұнда студенттің жыл бойында тұтас алғандағы әр пән бойынша үлгерімі
көрсетіледі.
Студент Келбеті
Студент Келбеті -
IB
ұйымы үш бағдарламасының өзегі болып табылады
.
Сынып жетекшісі мен
пән мұғалімдері студенттердің дамуын «Студент Келбеті» құжатында баяндалған ережелерге
сүйене отырып бақылайды. Жарты жылдықтың соңында сынып жетекшісі студенттің
қайсыбір кезеңдегі жетістігін қадағалау үшін «Студент Келбетіне» сүйене отырып репортты
толтырады.
Оқытуға жасалатын қадамдар
Пән мұғалімдері пән негіздері бойынша білімдерін сабақ үстінде тексеру арқылы студент
білімін бақылайды. Жарты жылдықтың соңында пән мұғалімі осы уақыт аралығында алған
дағдысын үш деңгей бойынша бағалайды: күтілетін деңгейге сәйкес, күтілетін деңгейге
жақын, күтілетін деңгейден төмен.
Қызмет ету және Қоғам
Әр студенттің «Қоғамға қызмет ету» әрекетін сынып жетекшісі қадағалайды, сондай-ақ
үлгерім туралы репорттарда жеке жазба түсіріледі.
Жетістік деңгейі мен бағалар
MYP бағдарламасы бойынша оқитын студенттер білімі мектебімізде жинақталып жылына екі
мәрте, яғни әр жартыжылдық соңында бағаланады. Мектеп репорттарының бағалау жүйесі
IB ұйымында бекітілген әр пән бойынша ұстанымдарға негізделген. Нақты ұстанымдар
Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
30
бойынша жетістіктермен тең болатын екінші жартыжыл соңында берілетін әр репортта 1-
ден 7-ге дейінгі меже бойынша қорытынды бағалар көрсетіледі.
Бірінші семестр барысында студенттер білімін әр ұстаным бойынша үш рет бағалау үнемі
мүмкін бола бермейтінін атап өту керек. Бұл бағалау ұстанымдарының көптігін ескере
отырып, аптасына 1-2 мәрте сабақ жүргізетін пән мұғалімдері үшін аса өзекті болып
есептелінеді. Оқу перспективалары тұрғысынан қарағанда, кейде студенттің түсінігін дамыту
және жетілдіруге көмектесетін нақты ұстанымдарға тоқталған дұрыс болады. Мысалы,
бірінші семестрдің барысында ұстанымдар түгелдей 100 %-ға орындалмайды, ал жыл
соңында көрсеткен білімі мен дағдысы негізінде баға қойылады.
Жарты жылдың барысында студент кем дегенде әр ұстаным бойынша үш мәрте бағаланады.
Төменде А ұстанымы бойынша жетістіктер деңгейін анықтау үлгісі көрсетілді.
Мысал
Семестр үшін қойылатын баға – бұл орташа арифметикалық емес, студенттің осы уақыт
аралығында көрсете білген даму динамикасы, оның өрлеуін бағалау болып табылады!
Мектеп журналдарындағы формативті бағалау бойынша қойылған бағалар MYP пәні
спецификалық ұстанымдарына негізделген. Білім туралы қазақстандық талаптарға сәйкес
журналдағы бағалар, негізінен, Білім мен Түсінікке негізделген. Біздің мектебімізде MYP
бағдарламасының әр пәні қазақстандық бағалау жүйесімен сәйкес нақты ұстанымдары
болатын қол жеткізген деңгейді салыстыру үшін қолданылады.
Орыс тілді бағдарлама мұғалімдері жетістіктер деңгейін Қазақстандық стандарттарға сәйкес
бейімдейді және бағаларын қояды, қазақстандық құжаттарға (журналдар, тәбілдер) баға қою
үлгісі төменде берілген.
Қазақстандық
стандарттарға
сәйкес бағалау
MYP
жетістіктер деңгейі
Ең жоғарғысы 10 Ең жоғарғысы 8
Ең жоғарғысы 6
1
0 - 2
0 - 1
0 - 2
2
3 - 4
2
3
3
5 - 6
3 - 4
4
4
7 - 8
5 - 6
5
5
9 - 10
7 - 8
6
Академиялық әділеттілік
Біз студенттеріміздің академиялық әділеттіліктің жоғары стандарттарына сәйкес келгенін
қалаймыз. Бұл - әрбір студент
академиялық әділетсіздіктің не екенінін, авторлықтың
шынайылығын қалай орнықтыруға болатынын, зияткерлік меншіктің мәнін білу,
плагиаттың мәнін айқын түсінуі тиіс дегеніміз
. Мектеп тиімді әрі сапалы түрде жазба
Ұстаным
Жетістіктер деңгейі
Жартыжылдағы
жетістіктердің
суммарлы деңгейі
А
3 4 6 6 4 8
6