Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
20
аспектілер сыныптан тыс әрекеттің бөлігі болып табылады және сынып жетекшісінің
бағдарламасы арқылы ендіріледі.
5 Өзара Әрекеттесу Саласы бар:
Оқуға жасалатын қадамдар
Қалай жақсы оқып үйренуге болады?
Мен әлемді қалай танимын?
Түсінгенімді қалай жеткіземін?
«
Оқуға жасалатын қадамдар» оқу бағдарламасы моделінің өзегі болып табылады. Бұл Өзара
Әрекеттесу Саласы барлық оқу дағдылары мен қарым-қатынастарын дамытуды көздейді,
оларды меңгерген оқушының бойында сенімділігі күшейеді, тәуелсіз екенін сезінеді және
белсенділігі артады. Оқушының зейінін пән мазмұнынан таным процесі мен жаңа нәрсені
білуге құштарлығына аудара отырып, мұғалім баланың өзін өзі дамыту механизмін іске
қосады.
IB MYP анықтамалық басшылығы
Қызмет ету және қоғам
Біз қалай өмір сүреміз және бір-бірімізге қалай қараймыз?
Мен қоғамға қандай үлес қосып жатырмын?
Мен басқаларға қалай көмектесемін?
Мектеп пен IB ұйымының Мүдделерінде тек мектептегі ғана емес, оның аумағынан тыс
жерде алынатын білімге де зор көңіл бөлінеді. Бұл ой-пікір «Қоғамға қызмет ету» Өзара
Әрекеттесу Саласында көрінеді. «Мираста» 6-10 сыныптың барлық студенттері осы
бағдарламаға атсалысады, оның мақсаты студенттің мінез-құлқының түрлі қасиеттерін
дамыту болып табылады. Осы бағдарламаға қатысу студенттердің бойында әлемге дұрыс
қарауға, өзінің жеке жауапкершілігі сияқты әлеуметтік жауапкершілік сезім, басқаша
айтқанда, олардың өмірінде ажырамас бөлік болып табылатын сапаны дамытуға көмектеседі.
MYP
бағдарламасы бойынша білім ала отырып, «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасын жақсы
тәмамдау MYP бағдарламасы Сертификатын алудың шарты болып табылады. Студенттің
талаптарды орындау шамасы бойынша мектеп IB ұйымын хабарландырып отыруға
міндеттенеді және MYP сертификаттары өздерін дамыту үшін жемісті жұмыс істеген және
бағдарламаның барлық шартын сақтаған студенттерге ғана беріледі.
IB MYP анықтамалық басшылығы
Қоршаған орта
Біз қайда өмір сүреміз?
Қандай қорларымыз бар немесе олардың қайсысы бізге қажетті?
Менің жауапкершілігім қандай?
Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
21
«
Қоршаған орта» Өзара Әрекеттесу Саласы студенттің табиғатқа мұқият әрі сақтықпен
қарауы, қоршаған ортамен өзінің өзара байланысын түсіну дағдысын дамытуды білдіреді, б.а.
бұл Өзара әрекеттесу саласының міндеті - студентті қазіргі және болашақ ұрпақ үшін
қоршаған ортаны сақтау проблемасына жауап беру қарым-қатынасында тәрбиелеу.
IB MYP анықтамалық басшылығы
Денсаулық және әлеуметтік білім беру
Мен қалай ойлаймын және қалай әрекет етемін?
Мен қалай өзгеремін?
Мен өзіме және басқаларға қамқорлықты қалай жасаймын?
«
Денсаулық және әлеуметтік білім беру» саласы студентті физикалық та, сондай-ақ ақыл-
парасат жоспарында да салауатты өмір салтына дайындайды. Осылай оқытудың мақсаты –
студенттер өздеріне және қоршаған ортаға келтіре алатын зиянды түсінуге үйренуінен
тұрады, бұл Өзара әрекеттесу саласы студенттерге саналы түрде өз қалауларын жасауға
ықпал етеді. Студенттің өз келбет-бітіміне және ақыл-парасатына құрметпен қарауы – барлық
оқудың негізделген ең басты әрі биік ұшар шыңы болып табылады.
IB MYP анықтамалық басшылығы
Шығармашыл адам
Біз неліктен шығармашылықпен айналысамыз? Және қалай айналысамыз?
Ойлап тапқанымыздың салдары қандай болмақ?
«
Шығармашыл адам» Өзара Әрекеттесу Саласының басты назарында – адамның, кемеңгер
адамдардың шығармашылық әрекеті мен нәтижелері, сондай-ақ олардың қоғам мен адам
санасына тигізетін әсерлері. Студенттер адам мүмкіндігін бағалауға және өмірінде болатын
өзгерістерге құштар, өмірді сүйетін, нақты өмір кезеңінде жетілдіруге деген ұмтылыстарды
бағалауға үйренеді.
IB MYP анықтамалық басшылығы
Бұл салада біздің өміріміздің әрбір аспектісін іс жүзінде кеңейту және жақсарту үшін қосқан
адамдардың үлестері, еңбектері көрсетілген.
Жеке Жоба
Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
22
MYP
бағдарламасының соңғы жылында барлық студенттер Жеке Жоба орындауы керек.
Дайындық 9-шы сыныптың екінші семестрінде басталады да, 10-шы сыныптың екінші
семестрінің басында толық аяқталуы тиіс. 9-10 сыныптың барлық оқушыларына Жеке
Жобаны дайындау бойынша анықтамалық басшылық беріледі, мұнда жобаны орындау
детальдары мен мерзімдері, және тағы да басқалары сипатталған. Жоба зерттеу эссесі,
көркем шығарма (өнім) немесе бұйым, артефакт моделін, іздестіру жұмыстарын жасау немесе
ой-пікірді көрсетудің басқа да нұсқалары түрінде орындалуы мүмкін. Жеке Жоба MYP
бағдарламасын өту шамасы барысында Өзара Әрекеттесу Саласын студенттің қалай
түсінгенін көрсетуді мақсат етеді. Өзара Әрекеттесу Саласы өз кезегінде студенттің жеке
тұлға ретінде дамуын көрсетеді.
Жеке Жобаны бастамас бұрын Студенттер Жоба дайындайтын пәнді анықтап алады.
Студентке супервайзер бекітіледі. ол студенттің Жобаны орындаудың барлық сатысында
қолдап отыратын болады. Студенттің ең қорытындылаушы, нәтижелі өнімі болып
табылатын дайындалу процесі оқытудың маңызды бөлігі болып табылады, сондықтан да
оқушы Жеке Жобаны жасау процесін кезең бойынша көрсететін тіркеу журналын жүргізуі
керек.
Біздің студенттеріміз әзірлеген Жеке Жоба үлгілері:
Өзін бақытты сезінетін, дені сау, тіл
алғыш итті қалай өсіруге болады?
Түркістан - Қазақстандағы әулие жер
Әңгімелер жинағы
Дәстүрлі кәрістер үйінің моделін
дайындау
Кашмир кризисі
Саяси көшбасшы болу үшін не істеу
керек?
Оқушы қандай жобаны таңдап алмасын, жоба студенттің жеке ойын білдіруі және оның ой-
пікірінің даму кезеңдерін көрсетуі тиіс (жұмыс көлемі – 3 500 сөз).
Супервайзер рөлі - студентке көмектесу және орнықтырылған мерзімді сақтай отырып, оның
жоба үстінде үнемі жұмыс істеуіне деген ұмтылысына қолдау жасау. Жеке Жоба
студенттерге жеке тұлға ретінде өздерінің даму деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді.
Сынып жетекшісі бағдарламасы
6-
10 сыныптардың әр студенті оқушы саны 20 студенттен артпайтын сыныпта оқып білім
алады. Мектеп академиялық, жеке және әлеуметтік салада дамыта отырып, әрбір студентті
жеке дара қолдайды. Сынып жетекшісі сыныппен байланыс құрады, өсіп келе жатқан әр
жасөспірімнің зияткерлік және әлеуметтік қажеттіліктерін ескеретін студент ұжымының даму
бағдарламасын құрастырады.
Сынып сағаты кезінде студенттер жеке тұлғалық, әлеуметтік дамуы, академиялық
жетекшілігі мәселелерін қарастырады, академиялық мәселелер мен проблемаларды шешеді,
болашақ оқитын оқуын және карьералық өсу жолы жоспарын талқылайды, сондай-ақ MYP
бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын басқа Өзара Әрекеттесу Саласымен және
оқыту әдістемемен тығыз байланысты «Қызмет ету және Қоғам» бағдарламасы бойынша
әрекеттерді жоспарлаумен айналысады.
Оқу жоспары туралы ақпарат