Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
16
Ұлдар үшін
Классикалық сұр шалбар*
Сия көк пиджак*
Жүннен тоқылған Сия көк түсті жилетка (жеңсіз)*
Қара туфли немесе етік, классикалық ақ жейде (бір тонды болуы тиіс, түсі ашық емес,
өрнектері мен суреттері болмауы тиіс).
*
Бұл киімдерді тігуді ателье орындайды
Дене шынықтыру, жүзу, би сабақтарына қарастырылған киім үлгісі :
•
Дене шынықтыру сабағына: спорт аяқ киімі, қысқа шалбар (шорты)/шалбар, футболка
•
Жүзу сабағына: шомылатын арнаулы киім (купальник/плавки), резіңке бас киім,
сланцтар
•
Би сабағына: қысқа шалбар (шорты)/юбка/гимнастика сабағына арналған костюм,
чешкілер.
Экскурсиялар
Мектеп мұғалімдері бағдарламаның нақты тараулары бойынша студенттердің алатын білімін
тереңдету мақсатымен қала ішіне саяхат жасауды ұйымдастырады, мұнда студенттер оқып
үйренетін тақырыптары бойынша қосымша ақпараттар ала алады. Халықаралық «Мирас»
мектебі экскурсияларға шығатын кезде мектеп оқушыларын көлікпен қамтамасыз етеді.
Мектеп күзет қызметі саяхат кезінде студенттермен бірге ілесіп жүреді. Мұғалімдер, өз
кезегінде, экскурсия жайлы ата-аналарды алдын ала арнайы хат арқылы хабардар етеді. Хатта
экскурсияның мақсаты, баратын орны мен оның күні, уақыты, бағасы жазылады. Әр саяхатқа
ата-аналар жазбаша түрде рұқсат беруі қажет. Ата-аналардың жазбаша түрдегі рұқсатынсыз
мұғалімдер оқушыларды мектептен шығаруға құқылы емес.
Денсаулықты сақтау
Медицина қызметкері
Дәрігер мен медбике мектепте күнделікті болады, оларды негізгі мектептің астыңғы (цоколь)
қабатынан табуға болады. Мектепке бала қабылданған кезде ата-ана баланың бұрын
ауырған ауруларының түрлерін көрсете отырып, оның ішінде аллергия, жиі ауыратын ауру
түрлерін, қандай да бір түрлі азық-түлікті жеуге болмайтыны туралы, т.б. мәліметтер
көрсетілген барлық қажетті медициналық анықтаманы әкелуі тиіс. ҚР Денсаулық
Министрлігінің бұйрығына сәйкес жыл сайын егу тізімі болады. Ата-аналарға егу туралы
алдын ала хабарлау қажет. Егер студентке қайсібір дәрі-дәрмекті қабылдауға болмайтын
болса, денсаулығының әлсіздігіне қарай егуге болмайтын болса, онда мектеп дәрігерін
немесе сынып жетекшісін осы туралы хабардар етіңіз. Егер мектепте болатын уақыт
барысында балаға отбасылық дәрігердің кеңесі бойынша дәрі-дәрмек қабылдау керек
болатын болса, онда ішілуге тиісті дәріні ілеспе хатымен қоса беріп жіберіңіздер, медицина
қызметкерлері баланың дәріні уақытылы ішуін қадағалап отырады. Хатта келесі нәрселерді
көрсетіңіз:
1. Студенттің аты мен сыныбы
2. Дәрі, мөлшері, уақыты
Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
17
3. Дәрі –дәрмектің жарамдылық мерзімі орамында көрсетілуі тиіс.
Егер бала жарақаттанып немесе ауырып қалса, онда мектептің медицина қызметкерлері
сәйкес көмек көрсетеді.
Қауіпсіздік
Күзет қызметі
Халықаралық «Мирас» мектебі белгіленген нұсқаулар бойынша қадағалаушы қауіпсіздік
және күзет қызметтері қызмет көрсетеді. Күзет қызметкерлері мектеп аумағы бойынша
тәртіптің қатаң сақталуын қадағалайды. Мектепте бейне бақылау жүйесі жұмыс істейді.
Қауіпсіздік мәселесі бойынша туындаған жағдайда күзет қызметкерлеріне тез арада
хабарласуыңызды сұраймыз.
Жер сілкініс және өрттен сақтану үшін жаттығулар жасау
Мектепте жерсілкініс және өрттен сақтану үшін жаттығулар ұдайы жүргізіледі. Студенттерді
төтенше жағдайларда көшіру маршрутымен таныстыру үшін әр сыныпта көшіру ережесі
баяндалған плакаттар ілініп қойылуы тиіс. Егер сіз мектепке төтенше жағдай кезінде келген
болсаңыз, онда сіз осыған қатысты нұсқауды міндетті түрде сақтап, мектептің жиналатын
орнына мұғалімдер мен қызметкерлермен бірге барып, «Мектепке келушілер» маңдайшасы
орнатылған секторға барып тұруыңыз керек болады.
Асхана
Мектеп асханасы студенттерге қазақстандық және халықаралық асүй тағамдарын ұсынады.
Студенттердің таңертеңгі асы 10:05-те, түскі асы – 13:25-те, түстен кейінгі асы – 15:45-те.
Азық-түліктер студенттерге пайдалылығы мен қажеттілігіне қарай мұқият іріктеліп алынады.
Студенттер, ереже бойынша, асханада түскі ас кезінде кезекке тұрады. IB Дипломдық
бағдарламаның 12-ші сынып студенттеріне айрықша артықшылық берілген, оларға
тамақтануға бірінші болып баруға рұқсат етілген.
Кітапхана
Орта мектептің кітапханасында орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде кең ауқымды кітап
қоры бар. Кітапханада студент ғылымның барлық салалары бойынша энциклопедиялар,
көркем әдебиеттер, мерзімдік басылымдарды оқи алады. Студенттер бір аптаға бір дегенде 3
кітап ала алады. Кітап бүлінген және жоғалған жағдайда ата-аналар шығынның орнын
материалдық түрде немесе жаңа кітап сатып алу құнымен толтырулары тиіс.
Студенттер Кеңесі
Студенттік кеңес мектептің студенттік өмірінің маңызды органы болып табылады. Оның
міндеттері:
•
Студенттер бастамасы мен әрекеттерін қолдау/мадақтау;
•
Пікірталастың еркін демократиялық еркін үлгісі, пікірлер мен тәжірибелер алмасу
арқылы түрлі көзқарасты білдіру және ымыраға келу;
•
Студенттер мен мектеп әкімшілігі арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
•
Мектеп қауымдастығын қолдау, шараларды ұйымдастыруға көмектесу;
•
Студенттік шараларды өз бетінше ұйымдастыру.