Миссия Межународной школы



жүктеу 0,76 Mb.
Pdf просмотр
бет13/15
Дата15.01.2020
өлшемі0,76 Mb.
#26648
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 

27 


«

Мирас»  мектебі  MYP  бағдарламасы  бойынша  авторизациялаудан  өтті  және  де    енді 

бағдарламаның    10-шы  сынып  студенттерін  IB  ұйымы  MYP  бағдарламасы  бойынша 

бағалауға  сәйкестігі  бойынша    аттестациялайды.  Студенттер  сертификаттау  талаптарына 

сәйкес болуы тиіс.   

  

Модерацияның негізгі ұстанымдары 

 

IB 



ұйымы  өткізетін  модерация  процесі  халықаралық  көзқараспен  алғанда  жетістіктер 

деңгейін  стандарттауға  бағытталған.  Бұл  процестен  соң  студенттер  халықаралық  деңгейде 

мойындалатын  сертификаттар  мен  бағалар  алады.  Бұлар  -  әрбір  студент  үшін  өте  маңызды 

құжаттар.  

 

 

Модерация процесі 



 

Орыс және қазақ тіліндегі бағдарлама бойынша оқып білім алатын,  IB ұйымы сертификатын 

алуға  үміткер  студенттері  IB  ұйымында  10-шы  сыныпта  қазан  айының  ортасынан  бастап 

тіркеледі (өздері оқып үйреніп жатқан барлық пәндер бойынша).      

 

1.      


Жыл барысында студенттерді әр пән бойынша ұстанымдарға сәйкес бағалайды.  

 

2.     



Наурыз  айына  қарай    әр  пән  бойынша  жұмыс  үлгілері  студент  портфолиосына  

жинақталады  да,  IB  ұйымына  модерациялауға  жіберіледі.  Модерация  -   нәтижесінде 

барлық  пәндер  бойынша  бекітілген  ұстанымдар  бойынша  қойылатын  бағамен  мектеп 

мұғалімдерінің  қойған  бағасын  салыстыру  процесі.  IB  ұйымы  модераторлары  MYP 

бағдарламасымен  оқытатын  мектептің  әрбір  жұмысын  студенттің  алған  бағасымен 

сәйкестігін салыстыра отырып тексереді (Бәрінен бұрын олар әр мұғалімнің ұпай санын 

арттыру  немесе  кеміту  жағына  қарай  отырып,  бағалау  жүйесін  тексереді  (IB  ұйымы 

бекітілген  ортақ  ұстанымдарға  сәйкес).  Егер  бағалар  дұрыс  қойылмаса  модераторлар 

ары  қарай  студенттердің  үлгерімі  деңгейін  төмендету  немесе  көтеру  туралы  сұрақты 

шешеді.      

  

 

3.      



IB  ұйымы жұмысты модерациялап жатқан кезде, студенттер әдеттегі режимде жұмыс 

істейді. Оқу жылының соңына қарай мұғалімдер пән бойынша студенттің тегеуріні мен 

табыстар  деңгейін  көбірек  көрсететін  ұстанымдар  бойынша  бағалайды.  Ұстанымдар 

бойынша  қорытындылаушы  бағалар  есептелінеді  және  IB  ұйымына  қарастыруға 

беріледі.    

 

4. 



IB 

модерациясы  нәтижесі  бойынша  әр  студент  үшін  пәндер  бойынша  жалпы 

қорытындылаушы ұстанымдарды анықтайды/белгілейді.   Тек осыдан кейін ғана әр пән 

бойынша  1-ден  7-ге  дейінгі  меже  бойынша  қорытындылаушы  бағасы  қойылады.  Бұл 

бағалар  әр студентке берілетін MYP сертификатына түседі.  

 

MYP бағдарламасы бойынша үлгерім табелі 

 

IB ұйымында тіркелген және пән бойынша  қойылған қортындылаушы бағалар  көрсетіледі.  



Студенттердің көпшілігі MYP бағдарламасы  курсын толық өтеді,  және олар бұл жағдайда 

үлгерім тәбіліне белгіленетін 8 пән бойынша, Жеке Жоба бойынша  бағаларын алады.     

 



Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 

28 


Үлгерім тәбілінде  тағы да  «Қызмет ету және Қоғам» пәні бойынша  аттестациясы қойылады.  

Үлгерім табелін MYP бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған,  IB-ге тіркелген әрбір студент 

алады.  Мектеп  студенттің  тіркелгені  жайлы,  олардың  талапты  орындағаны  немесе 

орындамағанына қарамастан  IBCA-ны хабарландыруға міндетті.  

 

 

MYP 



сертификаты 

 

MYP-



дің ең жоғары марапаты болып табылатын MYP сертификатын алу үшін студент 

келесі шарттарды орындауы тиіс:   

 

• 



MYP бағдарламасы бойынша курс аяқталғанға дейінгі соңғы екі жылда оқуы тиіс;  

• 

MYP  бағдарламасы  бойынша  8  пәннің  ең  болмағанда    біріне  тіркеліп,  одан    кем  



дегенде 2 бағалау деңгейін алуы тиіс;  

• 

Жеке Жобасы үшін 3 бағалау деңгейін алуы тиіс;  



• 

8 пән тобынан және Жеке Жобасы бойынша  қосып алғанда, кем дегенде (минимум) 

жалпы 36 ұпай (мүмкін болатын 63-тен) алуы тиіс; 

• 

Мектепте бекітілген «Қызмет ету және Қоғам» бағдарламасын орындауы тиіс. 



 

MYP бағдарламасы бойынша соңғы 2 жыл оқыған, бірақ  MYP сертификатын алмаған 

студенттер MYP бағдарламасы бойынша үлгерім тәбілін алады.  

 

Мектеп  IB  үлгерім  тәбілі  мен  MYP  сертификатын  модерациялау  процесі  кезінде  қазан  айы 



немесе қараша айында алады және студенттердің қолдарына тапсырады. 

 

IB 



тіркелу жарнасы 

Мектеп әр студенттің барлық тіркелу жарнасын төлейді.  

 

Емтихандар 

MYP бағдарламасы  аясында ешқандай да сырттан болатын бағалау қарастырылмаған, бұдан 

шығатыны ешқандай да формалды түрде болатын емтихан қарастылмаған. Дегенмен, осыған 

қарамастан, біз келесі мақсаттарды басшылыққа аламыз:  

 

• 

Студенттердің ҰБТ немесе  IB Дипломдық бағдарлама емтихандарын тапсырған кезде 



қажет болатын емтихан тапсыру дағдысын қалыптастыру.  

 

• 



Студенттердің оқу жылы барысында орындайтын жұмысына деген қарым-қатынасын 

бақылау.  

 

• 

MYP бағдарламасының формалды бағалауының негізгі элементтерін әрбір жеке  пән 



бойынша алу мүмкіндігін ұсыну.     

 

• 



Студенттерді барынша егжей-тегжей бағалау үшін пән мұғалімдеріне уақыт беру.  

 

Емтихандар  MYP  бағдарламасы  қарастыратын  пәндік  ұстанымдар    бойынша    бағаланатын 



тапсырмаларды қамтиды.   

 



жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау