Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
25
анықтау үшін деңгей аралық шекарасын белгілеп бекітіп берді. Сіздердің назарларыңызға
студенттің жалпы үлгерімі анықталатын дескрипторларды сипаттайтын кестесін беріп
отырмыз:
Сынып Дескриптор
7
Білім мен біліктің талап ететін көлемін тұрақты және түгелдей, сарқып түсінеді, сондай-ақ оларды
көптеген түрлі жағдаяттарда қалтқысыз пайдаланады. Қажетті жерінде жағдаятты сараптау,
синтездеу, бағалау дағдыларын үнемі көрсетіп отырады. Студент өзінің айрықша жасайтын қадамы
мен өткірлігін үнемі көрсетеді және де барлық жұмысты жоғары деңгейде орындайды.
6
Білім мен біліктің талап ететін көлемін тұрақты және түгелдей, сарқып түсінеді, сондай-ақ оларды
көптеген жағдаяттарда пайдаланады. Қажетті жерінде жағдаятты сараптау, синтездеу, бағалау
дағдыларын үнемі көрсетіп отырады. Әдетте студент өзінің айрықша жасайтын қадамы мен
өткірлігін қолданады.
5
Білім мен біліктің талап ететін көлемін тұрақты және түгелдей, сарқып түсінеді, сондай-ақ оларды
түрлі жағдаяттарда қалтқысыз пайдаланады. Тұтастай алғанда студент жағдаятты сараптау,
синтездеу, бағалау дағдыларын үнемі көрсетіп отырады, және кейде кейбір жеке қадамдары мен
интуициясын қолданады.
4
Білім мен біліктің талап ететін көлемін жалпы жақсы түсінеді және оларды стандартты
жағдайларда тиімді қолдануға қабілетті. Жағдаятты сараптау, синтездеу, бағалау дағдыларын
анда-
санда көрсетеді.
3
Көптеген нормативтер бойынша өте шектеулі жетістіктер көрсетеді немесе кейбір білім
саласы бойынша анық көрінетін қиындықтар сезінеді. Студент талап етілетін білім көлемін
түсінуде шектеулі түрде түсінетінін көрсетеді және қолдау көрсеткеннің өзінде кәдімгі жағдаятта
толық қолдана алмайды.
2
Барлық нормативтер бойынша өте шектеулі жетістіктер. Студент талап етілетін білім көлемін
түсінуде қиындықтарды сезінеді және қолдау көрсеткеннің өзінде стандартты жағдаятта толық
қолдана алмайды.
1
Орындалған нормативтер жағдайында ең минималды жетістік
Бағалау жұмыстарын тапсыру мерзімдері
MYP
бағдарламасы тұтастай алғанда студенттердің түрлі жұмыстарын үздіксіз бағалау және
оларға деген тұрақты түрдегі қызығушылығын талап етеді, мысалы, зерттеу, іздестіру,
жобалар мен т.б. Істелуге тиіс көптеген жұмыстарды бір мезгілде бақылап отыру өте күрделі.
Студенттердің осындай қиындыққа қарсы тұруына көмектесу үшін біздің мұғалімдеріміз
жұмысты тапсыру мерзімін үйлестіріп отырады, тестілеу күнін естеріне салады, т.б.
Студенттердің бағалау жұмыстарының кестесі құрастырылады. Егер студенттер, өз кезегінде,
қиындықтарға кездесетін болса, өздерінің сынып жетекшілерінен қосымша көмек сұрайды.
Студенттер өз жұмыстарының жоспарына сәйкес күнделік жүргізеді.
MYP бағдарламасы бойынша үй тапсырмасын орындау
Әр студенттің үй тапсырмасын және маңызды ақпаратты жазып отыратын күнделігі болады.
Мұғалімдер ата-аналарға хабарлама қалдыру/беру үшін күнделікті қолдануы мүмкін. Ата-
аналар өз кезегінде баласының күнделігін үнемі тексеріп отыруы тиіс.Студенттер үй
тапсырмасын орындау кестесін үнемі алып отырады. Төменде әртүрлі жас ерекшеліктеріне
қарай студенттердің үй тапсырмаларын дайындау кезінде жұмсауға тиіс уақыты көрсетілген
кесте берілген
.
Халықаралық «Мирас» мектебі, Алматы қ.
Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012
26
Негізгі мектеп
6 & 7
сын. 45-90 мин / күніне
8
сын. 1-2 сағ/күніне
9 & 10
сын. 1.5-2.5 сағ/күніне
11 & 12
сын. 15-20 сағ/аптасына)
Студенттер үйге берілген тапсырмаларды сабақ үстінде өз күнделіктеріне әр сабақты
белгілей отырып, жұмыс нұсқаулары мен орындау мерзімі мен берілген уақытын қоса жазып
алуға тиісті. Әр студенттің қолына үй тапсырмасын орындау кестесі беріледі. Үй
тапсырмасына берілетін нұсқау ауызша түсіндіріледі, тақтада немесе жұмыс дәптеріне
жазылады, содан кейін осы нұсқауларды оқып түсінуге уақыт беріледі. Жеке орындалатын
үй тапсырмасы студенттің қажеттілігіне және үлгеріміне қарай аздап өзгертілуі мүмкін.
IB
талабы бойынша зерттеу эссе, т.б. түрінде бағалау шарасын жүргізу қажет болған
жағдайларда студенттерге тапсырма берілген және тапсырманы орындауға қажетті
материалды берген күннен бастап санағанда 7 күн беріледі.
Егер жұмыс уақтылы мерзімінде орындалмаса, төмендегі тәртіп қарастырылады:
Егер студент тапсырманы уақытында орындауға үлгермесе және студентте орындалмаудың
себебін/орын алған жағдаятты түсіндіретін ата-ананың сәйкес хаты болмаса, онда ол «0»
бағасын алады. Ата-аналарға бұл туралы мағлұмат беріледі (студент күнделігіндегі
түсіндірме).
Егер студент үй тапсырмасын қайталап уақытында тапсырмаса, нәтиже «0» болады
•
Егер студент үй тапсырмасын тапсыратын күні ауырып қалса, онда ол мектепке келген
келесі күні оны бірден алып келіп тапсыруы тиіс.
•
Егер студент бір күннен артық мектепке келмесе және мұғалімнен ақпарат алып
үлгермесе, онда мектепке келісімен мұғалімге жолығып, үй тапсырмасын
орындаудың қолайлы кестесі туралы келісіп алуы керек.
•
Сырқаттану себебі бойынша үй тапсырмасын орындауға аз уақыт жұмсаған
студенттер тапсырманы аяқтау үшін қажетті қосымша уақыт туралы мұғалімге
жолығып келісіп алуы керек. Мұғалімнің шешіміне қарай сабаққа келмеген күн
санына тең уақытқа тең болатын нақты уақыт кесіндісі беріледі.
Түзету сабақтары
Түзету сабақтары осы сабақтардың кестесі бойынша сағат 8.00-ден басталады (дүйсенбіден
басқа, аптаның барлық күндері). Түзету сабақтарына студенттер мұғалімнің ұсынысы
бойынша қатысады.
10
сын. –MYP бағдарламасының соңғы оқу жылы