§ 37. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІН БАҚЫЛАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық жабдықтың жылу, электр, вакуум өлшемдерін бақылау және реттеу. Технологиялық энергетика өлшемдерін (тозаңдану, ылғал, қысым, температура) бақылау. Сынақ схемаларының эталон аспаптар бойынша жұмысқа жарамдылығын бақылау. Технологиялық сұйықтықтардың физикалық-химиялық өлшемдерін бақылау. Кесте құру. Жұмыс құжаттамасының журналын жүргізу.
Білуге тиіс: технологиялық жабдықтың жұмыс қағидаты және құрылысы; жабдықтың техникалық құжаттамасы; вакуум өлшеуіш және электр өлшеуіш аппаратураның құрылысы мен жұмыс қағидаты; технологиялық сұйықтықтардың физикалық-химиялық өлшемдерін бақылау әдістемесі.
Жұмыс үлгілері
1. Жылу және суық камералар - температураны бақылау.
2. Бақылау-өлшеу және сынау жабдығы – жұмыс режиміне, жұмысқа қабілеттігі мен МЕМСТ талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу.
3. Технологиялық жабдық - жұмыс режимін баптау және бақылау.
4. Бұйымдардың бір-екі типін сынауға арналған жабдық - эталон (бақылау) аспаптары бойынша бақылау.
5. Ағызу жартылай автоматтары – сорғылардың ағызу жылдамдығын, қызу режимін және от режимін бақылау; шекті вакуум және герметикалығын бақылау.
6. Жылтырату құрылғысы - қысымды бақылау.
7. Көрмеге қойып көрсету құрылғысы - жарықтандырылуын бақылау.
8. Технологиялық күйдір пештері - температураны бақылау.
9. Электролит – тығыздығы мен температурасын бақылау.
10. Бақылау ұяшықтары - тексеру.
§ 38. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІН БАҚЫЛАУШЫ
5- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық, өлшеу, арнайы жабдықтардың және кинескоптарды регенерациялау бойынша жабдықтардың жылу, электр, вакуум өлшемдерін бақылау және реттеу. Жабдық жұмысының тиімді режимін таңдау, реттеу және бақылау. Өлшемдерді таратудың кестесін, сипаттамалары мен диаграммаларын жасау. Вакуум өлшеуіш аппаратураны градуирлеу.
Білуге тиіс: негізгі арнайы технологиялық және өлшеу жабдықтарының барлық тораптарының құрылысы және өзара әрекеттесуі; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын баптау және реттеу ережесі; жабдыққа қойылатын МЕМСТ талаптары.
Жұмыс үлгілері
1. Күрделі импульсті жабдық және АЖЖ генераторлары - ЦИ-8 және ИММ типті күрделі радиотехникалық аспаптарды пайдалана отырып бақылау.
2. Жаңа типті жабдықтар – оның режимдері мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру бөлігінде игеру.
3. Көп типті сынақ жабдығы – бақылау микросхемалары мен баламалары бойынша жұмысты бақылау.
4. Ағызу жартылай автоматтары – шекті вакуум мен герметикалығын бақылау; газ бөлгіштердің қисығы – алу және талдау; ұяшықтардың жұмыс қабілеттілігі - бақылау.
5. Бақылау-өлшеу аспаптары (генераторлар, осциллографтар) – баптау және оларға жұмыс істеу.
6. Кесу, тегістеу станоктары - механикалық өлшемдерді бақылау.
7. Соғу стенділері – жылдамдық және соққы ұзақтығын тексеру.
8. Діріл стенділері - ТД сәйкес өлшемдерді бақылау.
§ 39. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІН БАҚЫЛАУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі сынау және технологиялық жабдықтың жұмысқа жарамдылығын және жұмысқа қабілеттілігін толық бақылау, сондай-ақ МЕМСТ талаптарына сәйкестілігін бақылау. Сынау жабдықтарының тиімді шекті режимін есептеу және бақылау. ЭВП күшейткіш коэффициентінің тербеліс және шығын қуатын өлшеу және есептеу. Күрделі сынау жабдығын бақылаудың анағұрлым оңтайлы әдістерін таңдай отырып, сандық және графикалық бағалау. Жаңадан игерілетін (тәжірибелік) сынау және технологиялық жабдықты бақылау әдістемесін әзірлеу.
Білуге тиіс: ИЭТ өлшемдерін өлшеуге қойылатын негізгі МЕМСТ талаптары; электр және радио өлшеу аппаратурасы мен аспаптарының құрылысы және әрекет ету қағидаты, сынау жабдығындағы ақаулықтар және оларды жою әдістері; күрделі сынау жабдықтарының өлшеу тізбектерін өлшеу, есептеу және бақылау әдістемесі.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
1. Қуат блогы – техникалық құжаттамаға сәйкес индуктивтілік, сыйымдылық, схеманың басқа да элементтерін бақылау.
2. ЭВП импульсті өлшемдерінің ішкі кедергілерін өлшеу блоктары - техникалық құжаттамаға сәйкес бақылау.
3. Сынау құрылғылары – қондыру монтажының қағидаттық схемаларға және МЕМСТ талаптарына сәйкестігін бақылау.
4. Жабдықтың тәжірибелік үлгілері – қосымша аспаптарды пайдалана отырып және құрылғыларды қосымша монтаждай отырып сынау.
5. ИЭТ сынауға арналған жоғары вольтті жабдық - техникалық құжаттамаға сәйкес бақылау.
6. С1-17 (С1-15) осциллографына СI-8 стробоскопиялық жапсырма – калибрлеу және онымен жұмыс істеу.
7. Рентген аспаптарын сынауға арналған құрылғылар – мерзімді аттестаттау.
§ 40. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ ТАҢБАЛАУШЫ
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Радиоаппаратуралар, конденсаторлар, резисторлар мен жалпы қолданыстағы басқа да радиобөлшектердің тораптары мен бөлшектерін қолмен таңбалау. Дайындамалар мен радиоаппаратураның түрлі элементтерінің оңай қол жететін жерлерін (тораптарын, сымдарын, түтіктерін және т.б.) қарапайым монтаждық схемалар бойынша таңбалау Кодтау (шартты белгілерді) белгілерін кисть, қыл қалам, рейсфедер немесе құрылғыларды пайдалана отырып енгізу. Таңбалау бояуын талап етілетін консистенция бойынша дайындау.
Білуге тиіс: құралдар мен құрылғылардың мақсаты мен шарттары; бұйымдарды таңбалау номенклатурасы мен ережесі; таңбалаушы қаріп пен кодтау белгілерінің мақсаты мен ережесі; таңбалау үшін пайдаланылатын бояулар мен ерітінділердің түрлері және оларды дайындау ережесі: әр түрлі электр көлемін, қыш конденсаторлар мен басқа да радиобөлшектерді табалауға алынатын бояулардың шартты түрлері; таңбаланатын бұйымдарды кептіру режимдері.
Жұмыс үлгілері
1. Радиоаппаратураның бөлшектері мен тораптары – түрлі белгілерді жапсыру (декалькомания әдісімен).
2. Бөлшектер, сымдар, түтіктер – қылқалам мен сияның көмегімен таңбалау.
3. ТРМ-200 типті бұйымдар, кварц резисторлары, ауыспалы желілі емес кедергілер, ТС-100, ТС-180 типті трансформаторлар – резина штемпельмен қолмен таңбалау.
4. Қыш түтікті конденсаторлар – корпусында бояумен жолақтар немесе нүктелер салу.
5. Қыш дискілі конденсаторлар - ТКЕ тобының көрсеткішіне қолмен бояу жағу.
6. Панельдер, корпустар, радиаторлар, қораптар, реле, ұяшықтар, элементтердің схемалық белгіленуі, трансформаторлар, орауыштар – қолмен таңбалау.
7. Диапазондарды ауыстырып қосқыштар – жеке белгіні таңбалау.
8. СЗ-4 резисторлары, микроплаталар – кодталған нүктені резина штемпельмен қолмен таңбалау.
9. Радиоқабының қабырғалары - жазуларды "БЗП" типті жартылай автомат нығыздауышпен батырып жазу.
10. Қаптамалары, реле, платалардың негізгі - құрылғылармен таңбалау.
§ 41. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ ТАҢБАЛАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Радиобөлшектерді, тораптар мен дайын аспаптарды машинкаларда, арнайы жартылай автоматтарда басу әдісі арқылы таңбалау, бұйымдарды нығыздауышты пайдаланып тығыздау арқылы таңбалау. Монтаждау схемаларының күрделі элементтерін қол жетімділігі қиын жерлерін таңбалау. Шағын көлемді шыны бұйымдарға қолмен белгі соғу. Машинкаларды, жартылай автоматтарды баптау және реттеу; клишені ауыстыру. Бояуды оймаға жағу. тығыздау арқылы таңбалау үшін таңба (пуансон) таңдау және оны нығыздауышқа орналастыру. Тығыздау және таңбалау сапасын тексеру. Ілеспе құжаттаманы ресімдеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың (таңбалаушы машиналардың, жартылай автоматтардың, нығыздауыштардың) жұмыс қағидаты; анағұрлым көп таралған әмбебап және арнайы құрылғылардың мақсаты және қолданылу шарттары; әр түрлі жүйелерді таңбалау ережесі мен тәсілдері; таңбалау үшін белгі жинау тәсілдері, температураны реттеу тәртібі; бұйымдар ауқымының номиналды белгілері; радиосхемалар элементтерінің шартты белгілері; бояуды алу тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
1. Әр түрлі типтегі өлшеу аппаратурасы, баспа платалары, жоғары жиілікті тораптардың экраны - таңбалау.
2. Тұрпайы баптау барабаны - диапазон жиіліктерін таңбалау.
3. Бұйымдардың блоктары, аспаптары, баспа монтажының платалары, алдыңғы панель, жартылай өткізгіш аспаптар - таңбалау.
4. Түзеткіштер - полярлықты кистьпен жағу және машиналарда таңбалау.
5. Феррит бөлшектер - автоматтар мен жартылай автоматтарда таңбалау.
6. "Габарит" типті бұйымдар – эмальмен боялған бетін штемпельмен таңбалау.
7. "Малютка ", "Потенциал" типті бұйымдар – таңбаны қолмен басу.
8. Радиостанциядағы арнайы бұйымдар – ішкі монтажын таңбалау.
9. Станциядағы жүйенің қосқыш кабельдері - монтаждау схемасы бойынша қолмен таңбалау.
10. Корпустар, ШР бұйымының келте құбыры – таңбалау машинасында таңбалау.
11. Магнитпен басқарылатын контактілер - қолмен таңбалау және партияларды жинақтау.
12. ММТ, ММТ-3, М-26 микротрансоформаторлары - клишенің таңбаланатын белгілерін нитроэмальға, қағазға, прессшпан платаға қолмен көшіре отырып таңбалау.
13. ПЛК-7,9, ПЛК-1,2 панельдері, резисторлар – автоматта, жартылай автоматта таңбалау және термостатта немесе кептіргіш камерада кептіру.
14. Радиобөлшектер – қолмен, жартылай автоматта, аяқ жетегі бар таңбалау машинасында таңбалау.
15. Пленкалы резисторлар – кейіннен лактай отырып және агрегаттарда кептіріп, таңбалау.
16. Вакуумдық резонаторлар, сүзгілер – қолмен таңбалау.
17. Кварц резонаторлар – таңбалау машинасында немесе С-93 модельді станокта таңбалау.
18. Кварц сүзгілер - әріп, сан және шартты белгілерді салу.
§ 42. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ ТАҢБАЛАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы құрылғылардың автоматтардың, жартылай автоматтардың, станоктар мен микромодуль аспаптар механизмдерінің, микросхемалардың, резисторлардың, арнайы қабылдауы бар тропикалық орындаудағы аспаптардың көмегімен таңбалау. Аспаптарды майсыздандыру, клишені қондыру, жабдық жұмысының дұрыстығы,н тексеру, таңбалау және кептіру процессін орындау. Таңбалауға арналған мастика дайындау. Таңбалау сапасын тексеру. Ақаулықты тудыратын себептерді жою, ақаулықты түзету.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері; әмбебап және арнайы құралдардың құрылысы; таңбаны қолмен немесе құрылғының көмегімен басу тәсілдері; арнайы мақсаттағы микромодульдер мен аспаптардың ауқымды сызбалары; мастика құрамы, оны дайындау және сақтау әдістері; таңба мен таңбаланатын бұйымдарға қойылатын талаптар.
Жұмыс үлгілері
1. АЖЖ және металл шыны генераторлар, вакуумдық, люминесцентті, көп разрядты индикаторлар, генераторлық аспаптардың колбалары, шағын көлемді және өте кішкентай микрореле - таңбалау.
2. Диодтар, диод матрицалар, микросхемалар, сандық индикаторлар - кейіннен кептіре отырып таңбалау.
3. "Габарит", "Малютка", "Потенциал" типті бұйымдар – таңбаны ресімдеуші матрицалар мен икемді пуансонның көмегімен таңбалау; термостатта кептіру.
4. Электр вакуум аспаптарға арналған колбалар, ПУЛ – қолмен және газ шілтері бар карусель типті машинада таңбалау.
5. Конденсаторлар мен резисторлар – қолмен таңбалау, автоматта, жартылай автоматта және автомат желілерде таңбалау.
6. Магнитпен басқарылатын контактілер – автоматта таңбалау және партияны жинақтау; өте кішкентай контактілер – қолмен таңбалау.
7. Микро жинақтар, алюминий анодталған корпус – машинада таңбалау.
8. Интегралды, "Тропа", "Трапеция", "Посол" типті гибрид микросхемалар, микросхемалардың негіздері - таңбалау.
9. Арнайы мақсаттағы аспаптар - монтаждық схема бойынша таңбалау.
10. Тропикалық нұсқада әзірленген аспаптар – қиын қол жетімді жерлерін таңбалау.
11. АЖЖ, МҚШ, ТҚШ аспаптары, арнайы қабылданатын аспаптар, интеграл схемалар - таңбалау.
12. Электр вакуум аспаптар - цоколь мен шамды таңбалау.
13. Өте кішкентай өзекті радиошамдар - таңбалау.
14. Қатты схемалар – арнайы құрылғылардың көмегімен таңба басу.
15. Жартылай өткізгіш транзисторлар – жартылай автоматта таңбалау.
16. Арнайы электрондық сәулелі түтіктер - цоколь мен қылтасын таңбалау.
17. Электронды блоктар мен олардың бөлшектері - таңбалау және кептіру.
§ 43. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ ТАҢБАЛАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Радиобөлшектерді, тораптар мен дайын өнімдерді жартылай автоматта және бағдарламамен басқарылатын автоматта таңбалау. Микросхемаларды лазер құрылғыларында таңбалау. Сапалы бедер алу үшін және қажетіне қарай жұмыс режимін түзету жабдықты баптау. Лазер сәулесімен таңбалау үшін қажетті трафареттерді таңдау және қондыру. Бөлшектер мен аспаптарды бағдарламамен басқарылатын ультракүлгін кептіргіш құрылғыларда кептіру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмысы және баптау тәсілдері; дисплейге енгізу ережесі; қондыру жұмыс режимі; әмбебап және арнайы құрылғылардың мақсаты мен шарттары; жабдық жұмысындағы ықтимал ақаулықтар және оларды жою әдістері; таңбалау үшін белгілерді таңдау ережесі мен тәсілдері; таңбалау сапасына қойылатын талаптар.
Жұмыс үлгілері
1. Пластмасса корпустағы интеграл схемы (ИС) – таңбалау.
2. Үлкен интеграл схемалар (ҮИС), өте үлкен интеграл схемалар (ӨҮИС) - таңбалау.
§ 44. ДАЙЫНДАМАЛАРДЫ ЖАПСЫРУШЫ
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ыстық металл пластиналарға тегістеу үшін дайындамаларды желіммен немесе мастикамен жапсыру Дайындамаларды жуу.
Білуге тиіс: жұмыс құрылғылары мен құралдардың құрылысы, олардың мақсаты мен қолданылу шарттары; өңделетін материалдың (тегістелетін бөлшектердің) атауы мен таңбалануы; қолданылатын жапсыру құрамының (мастикалардың) атауы; дайындамаларды қондырып орналастыру тәсілдері.
§ 45. ДАЙЫНДАМАЛАРДЫ ЖАПСЫРУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тегістелетін дайындамаларды алдын ала трихлорэтиленде жуа отырып, платаға немесе пластинаға жапсыру. Бағдарлы орналастыру және дайындамаларды ыстық металл пластиналарға пневмонығыздауышпен жапсыру, құймаларға графит төсем жапсыру, жапсыру үшін желім мен мастика дайындау, парафин немесе балауыз негізінде жабысатын құрам дайындау. Желім қайнату үшін арнайы ыдыста электр қыздырылатын аспап дайындау. Сапасын көзбен шолып тексеру. Тегістеу, жуу, кептіруден кейін дайындамаларды сыдыру.
Білуге тиіс: электр қыздырылатын аспаптардың жұмыс қағидаты; құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты және оларды пайдалану шарттары; жабыстыру құрамдарды рецепт бойынша дайындау ережесі; дайындамалар мен бөлшектерді жабыстыру ережесі; дайындамалар мен бөлшектердің пластинада орналасу тәсілдері; өңделетін материалдардың (тегістелетін бөлшектердің) негізгі механикалық қасиеттері.
Жұмыс үлгілері
1. Дискі, плата, қақпақ типті қыш бөлшектер – металл пластиналарға жапсыру.
2. Металдандырылған қыш бөлшектер - металл пластиналарға жапсыру.
3. Металданған және металданбаған қыш бөлшектер - сыдыру; ацетонда және трихлорэтиленде, жуғыш заты бар ерітіндіде жуу.
4. Металл бөлшектер - қыш платаға жапсыру.
5. "Сковорода" бұйымы - фольгадан жасалған этикетканы пластмасса тұтқаларға жапсыру.
§ 46. ДАЙЫНДАМАЛАРДЫ ЖАПСЫРУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Германий, кремний, галлий арсениді кристаллы платиналары мен құймаларын желімдеуші мастикамен (пицеин, щеллак және т.б.) ыстық күйінде қалыптарға жапсыруға кесуге арналған шыны түтіктерді дайындамаға бағдарлы жапсыру. Пластиналарды органикалық ерітінділерде өңдеу және майсыздандырудан кейін шығару. Орталықтарды жартылай өткізгіш материалдардың құймаларына мастикамен жапсыру. Орталықтарды сыдыру. Өңдеу процессі кезінде кристалдар мен пластиналардың қалыңдығын өлшеу. өңдеуден және жуудан кейін дайындамаларды қалыптан нұсқаулыққа сәйкес алу.
Білуге тиіс: қолданылатын арнайы және әмбебап құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; бағдарлы дайындамаларды қондыру және жапсыру ережесі; дайындамаларды бағдарлы жапсыру кезінде ауытқу шектері мен бұрыштары; тегістелетін бөлшектердің материалдарының негізгі қасиеттері; мастикалар мен желімнің құрамы және қасиеттері.
Жұмыс үлгілері
1. Шыны дайындамалар - парафин-канифоль сылақпен жапсыру; пакеттерді сумен суыту.
2. Дайындамалар - кристалдарға кесу үшін жапсыру.
3. Интегралды схемаларға арналған пластиналар - тегістеу және жылтырату үшін басына жабыстыру.
4. Кварц пластиналар – пакеттерге жапсыру.
5. Жартылай өткізгіш аспаптар - төсеніш жапсыру.
6. Ірі көлемді өзекті өзекшелер – жапсыру.
7. Жартылай өткізгіш материалдардың құймалары - бағдарды жапсыру.
§ 47. ДАЙЫНДАМАЛАРДЫ ЖАПСЫРУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Германий, кремний, галлий арсениді құймаларын бағдарлы жапсыру. Құйманы бағдарлауға дайындау. Құйманы жарық әдістерімен бағдарлау. Құралдарды бағдарлау үшін баптау. Құрылғыны бағдарлау үшін реттеу. Диаметрі 75 мм жоғары жартылай өткізгіш материалдардың пластиналарын ыстық күйінде қолмен немесе пневматикалық немесе гидравликалық нығыздауыштың көмегімен қалыбына жапсыру. Кристалдарды желімге микроскоппен бағдарлы орналастыру, кептіру. Жабыстыру және кептіру сапасын тексеру.
Білуге тиіс: белгіленген осьтер бойынша бағдарланған әр түрлі материалдардан жасалған құймаларды жапсыру әдістері мен шарттары; орындалатын жұмыста қолданылатын кристаллография негіздері; әр түрлі арнайы және әмбебап құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, мақсаты және пайдалану шарттары; бағдары әр түрлі кристалдарды жабыстыру әдістері мен шарттары.
Жұмыс үлгілері: Жартылай өткізгіш материалдардың құймасы - пневматикалық және гидравликалық құрылғыларды пайдалана отырып жапсыру.
§ 48. СЫНАУ ЖАБДЫҒЫН БАПТАУШЫ-МОНТАЖДАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі емес сынау жабдықтарының радиоэлектронды блоктарын жөндеу және реттеу. Жекелеген тораптарды, қосылыстарды, аспаптар мен күрделілігі орташа блоктарды монтаждау схемасы бойынша өткізгіштер мен қосылыстарды толық бітей отырып монтаждау. Көп өткізгішті брондалған, резина қаптамадағы кабельдерді ұштарын қалыптармен бітеу отырып ажырату. Сымдардан әр түрлі маркалардан шаблондар бойынша жасалуы мүмкін ширатпалар жасау. Жөнделетін аспаптардың күрделі емес схемаларының, ауыстырылатын бөлшектері мен тораптарын орнатып және дәнекерлей отырып дәнекерін қопару. Электр және механикалық жөндеу және реттеу, күрделілігі орташа электр өлшеуіш аппаратураны тексеру және сынау, сондай-ақ аспаптардың жылжымалы жүйесін теңгерімді ету. Қоректендірудің негізгі көздерін реттеу. Реттеу және сынау кезінде механикалық және электр ақаулықтарды анықтау және жою. Монтаждалатын схемалардағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою. Монтаждалатын схемаларды электр өлшеуіш аспаптармен сынау және атау, ақаулықтарды анықтау және оларды жою. Өткізгіштердің кедергісі мен оқшаулағышын сынау. Схемалар монтажының тізбектілігін қондыру.
Білуге тиіс: ақаулықтарды анықтау тәсілдері, күрделі емес радиоэлектронды блоктарды және күрделі бұйымдардың операциялық монтажын әр түрлі қималы өткізгіштермен монтаждау; монтаждалатын механизмдер мен аспаптардың жұмыс қағидаты; жалпылама монтаждау схемасында аспаптар мен тораптардың шартты белгілері; күрделігі орташа монтаждау және қағидаттық схемалар; ауыспалы және тұрақты тоқ электр техникасы бойынша орындалатын жұмыс көлеміндегі негізгі мәліметтер; монтаждау кезінде қолданылатын өткізгіштер мен оқшаулау материалдарының механикалық және электр қасиеттері; полярлықты, үзілу мен монтаждалатын тізбектегі қысқа тұйықталуды тексеру үшін қолданылатын өлшеу және электр өлшеу аспаптарының мақсаты мен құрылысы; монтаждалатын элементтерді бақылау-сынау желісіне енгізу әдісі; қолданылатын өлшеу аппаратурасын жөндеу тәсілдері; күрделілігі орташа электр өлшеу аппаратурасын механикалық және электр реттеу тәсілдері; оларды пайдалану және реттелетін аспаптар мен құрылғыларға қосу ережесі; монтаждау мен дәнекерлеуге қойылатын талаптар.
Жұмыс үлгілері
1. Клистрон, ағызу посттарының, ЛБВ электр өлшемдерін өлшеу стенділерінің, импульс қалыптастырғыштарды күшейткіштерді және т.б. қоректендіргіш блоктары - монтаждау, жөндеу, реттеу.
2. Магнит индукциясын өлшеуішті күшейту блогы - монтаждау.
3. Конденсаторлар блогы – жөндеу және электр реттеу.
4. Екі жартылай кезеңдік түзеткіштер - монтаждау және тексеру.
5. ГЗ-Зб, ГЗ-ЗЗ, ГЧ-З1 төмен жиілікті генераторлар - шамдар мен жартылай өткізгіш аспаптарды ауыстыру; генератор блогындағы ақаулықтарды анықтау және жою.
6. Дыбыстық генераторлар - әр операция сайын электр тексеру және реттеу.
7. Микросекунд және миллисекунд мерзімді импульсті белгілерге арналған резистивті- сыйымды кернеуді бөлгіш - монтаждау және жөндеу.
8. ЭВМ базасында өлшеу кешені – күнделікті техникалық қызмет көрсету.
9. Электр механикалық өлшеуіштер - әр операция сайын реттеу.
10. Барлық типті қоректендіру көздері, дыбыстық генераторлар, термоионизациялық вакуумметрлер, шамдық вольтметрлер – жөндеу және реттеу.
11. ДР-164 жылу камералары – жылу режимін баптау; желдеткіш жетегінің торабын реттеу; қыздырғышты ауыстыру.
12. 1-2, 5 класты электр өлшеу тетіктері – теңгерімдеу.
13. R , L , С өлшеу үшін стандартталмаған құрылғылар - баптау.
14. Осциллографтар – қарапайым жөндеу, баптау.
15. ОС, ТВС, күшті трансформаторлар мен дроссельдерге арналған сынау жабдықтары – техникалық қызмет көрсету; шағын ақаулықтарды жою және өлшемдерді бақылау.
16. Сынаушының жабдығы - электр тізбектерін, сынау ағытпаларын тексеру; РШ типті ағытпаларды жөндеу.
17. Баспа платалары (модульдер) - микросхемалардың дәнекерлерін қопару, олардың қызмет етуін тексеру; ақаулы элементтерді анықтау және оларды ауыстыру.
18. Электр өлшеуіш аспаптар - эталон стендіні іске қоса отырып тексеру; электр өлшеуіш аспаптарды ауыстыру: магниттерді магниттеу және қайта магниттеу.
19. Термоэлектр жүйесінің аспаптары, барлық типті қоректендіру көздері, дыбыстық генераторлар, термоионизациялық вакуум өлшеуіштер, шамдық вольтметрлер – жөндеу және реттеу.
20. Характериографқа қосымша – монтаждау және баптау.
21. Потенциалометр - монтаждау.
22. Жоғары жиілікті таратушы құрылғылардың тізбек релелері – электр реттеу.
23. Арнайы аппаратура – тораптары мен блоктарын реттеу.
24. Өлшеу стенділерін блоктау жүйесі - тексеру және монтаждау.
25. R , L , С өлшеуге арналған көпір схемалары - баптау.
26. Сынау стенділері – жекелеген тораптар мен блоктарды жинақтау, тексеру, баптау.
27. УЗК-1 ластануға бақылау қондыру – басқаруды баптау және электрондық есепті жөндеу.
28. ЖКМ 346.001 вольтсыйымдылық сипаттамасын өлшеуге арналған құрылғы – салыстырушы құрылғы мен шекті дискриминаторды баптау және реттеу.
29. Мерзімді импульспен күйдіру құрылғысы - жөндеу, баптау
30. Статикалық өлшемдерді сынау құрылғысы - катод, тор және анод тізбектерді жөндеу.
31. Магниттендіруші импульстік құрылғы - баптау.
32. Коммутация тізбектері –релені ауыстыру, кілттерді, тумблерледі, қондырғы аппаратураны жөндеу, алдын алу.
33. Электр қозғалтқыштар - коллекторларды тазалау, майлау, қозғалтқыштарды ауыстыру; қондырғыға қосу және айдау.
§ 49. СЫНАУ ЖАБДЫҒЫН БАПТАУШЫ-МОНТАЖДАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа сынақ жабдықтарының радио электрондық блоктарын жөнге келтіру және реттеу. Жабдықтың тиімді шекті жұмыс режимін белгілеу және оның беріктігін бақылау. Блок аралық қосылыстар мен өлшеу стенділері трактілерінің АЖЖ элементтерінің ақаулықтарын анықтау. Күрделілігі орташа аппаратураны монтаждау схемасы бойынша монтаждау және қарапайым тәжірибелік аспаптарды қағидаттық схема бойынша әр түрлі жинақтау, өңдеу және кабельдік жұмыстарды орындай отырып, монтаждау. Тәжірибелік аспаптар мен аппараттар үшін әр түрлі сымдардан, кабельдерден, шиналардан схемаларды жасау және оларды әр түрлі электр өлшеу аспаптармен сынау. Аспаптарды, блоктарды, схемалардың дәнекерін қопару және дәнекерлеу, қағидаттық және монтаждау схемалары бойынша схемаларды байланыстыру үшін шаблондар жасау. Монтаждау схемалары мен жасанды желілерді жасау. Әр түрлі өткізгіштерді, кабельдер мен шиналарды ажырату және дәнекерлеу. Тізбектің әр түрлі буындарындағы кедергілерді қарапайым есептеу, өткізгіштердің кедергілері мен оқшаулағыштарын сынау. Электр және механикалық реттеу, сынау, күрделі электр өлшеу аппаратурасын тексеру. Монтаждау кезінде түрлі ақаулықтарды анықтау, ақаулы жерді анықтау және кейіннен тоқпен тексере отырып, схеманың тораптары мен бөліктерін ауыстыру арқылы оларды жою. Бақылау-өлшеу нұсқаулығына сәйкес электр сипаттамаларын өлшеу.
Білуге тиіс: сынау жабдықтарына тән ақаулықтарды анықтау тәсілдері радиоэлектрондық аппаратураны монтаждау; монтаждау схемасына енгізілетін аппараттар мен аспаптардың топтық қосылыстарының монтаждық және қағидаттық схемалары; схемаларды тарту, бөлшектер мен аспаптарды қондыру ережесі, оларды жалпы схемаға қосу кезектілігі; монтаждау кезінде қолданылатын әр түрлі тоқ өткізгіш және оқшаулау материалдарының технологиялық және электр қасиеттері; бақылау-өлшеу және қосалқы аппаратураның (авометр, генераторлар, вольтметрлер, осциллограф және т.б.) жұмыс істеу қағидаты мен мақсаты; монтаждау құралдарының мақсаты мен қолданылуы; схемаларды жинақтау кезінде қоректендіру көздерін қосу схемасы; электр техника, радиотехника, импульсті техника негіздері; тексерілетін схемалардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; кедергі, кернеу, электр өлшемдері карталары бойынша микромодульдерді тексеру әдістері.
Жұмыс үлгілері
1. Автоматтар (У-701, У-705, У-706, УПС, ПРС, ГП-5 типті) - электр өлшемдері бойынша реттеу.
2. 261.0061 статикалық өлшемдерді өлшеу автоматы – контактілі алаңдарға диод жібергіш торапты реттеу; шекті құрылғыларды жөндеу.
3. Микросхемаларды толтырып салу платаларына орналастыру автоматтары - жөндеу және жөнге келтіру.
4. 2.650.050/0 9 сыныптау автоматы – аспаптарды контактілі құрылғыларға жіберу механизмін реттеу; өлшеу клапанын жөндеу және баптау.
5. Амперметрлер, вольтметрлер – реттеу және тексеру.
6. Кернеуді тұрақтандырғышы бар қоректендірудің қоректендіргіш блогы - жинақтау және тексеру.
7. Реле блоктары және оны басқару - монтаждау.
8. Қуаты 50 Вт дейін жоғары вольтті түзеткіштерді басқару релесінің блогы – монтаждау және баптау.
9. Электрондық сәулелі түтіктерді сынауға арналған ұңғы блоктары – орташа жөндеу.
10. Шамдық микроамперметр блогы - монтаждау, баптау.
11. Түзеткіштен қоректендірілетін екі диапазонды стационар кварц генераторлар – электр реттеу.
12. Ара тәрізді кернеулі генератор – баптау.
1З. Интегралды микросхемалар мен микромодульдерге арналған режимді қондырушылар – монтаждау, баптау.
14. Импульс датчиктері, индикаторлар мен курсографтар - реттеу.
15. Логикалық элементтер немесе интегралдық орындаудағы триггерлердегі жиілікті бөлуші – монтаждау және баптау.
16. Қанықтырғышы бар дроссельдерді пайдалануға құрылған қоректендіру көздері - монтаждау және баптау.
17. Жоғары вольтті тұрақтандырғыш қоректендіру көздері - жөндеу.
18. Климаттық контактісіз реттеу камерасы - баптау және жөндеу.
19. 12 КТС, КТС-М жылу камералары - баптау және жөндеу.
20. В6-1, В1-4 шам вольтметрлерінің калибраторлары және В3-24 шам вольтметрлерінің калибраторлары – ауыспалы кернеулі генератор блогын баптау және жөндеу.
21.КТЦ-0,025 термоциклдендіру камерасы - температуралық режимдерді баптау және электр схемасын жөндеу.
22. Жартылай автоматты коэрцитиметр - баптау.
23. Периодтық жүйені жинақтау және түзету бойынша сызғыш - баптау.
24. Уақыт, бағдарламалық, арретирлеуші механизмдері – реттеу.
25. Жартылай өткізгіш аспаптарды баптауге арналған жабдық - баптау және жөндеу.
26. Монтаждау-дәнекерлеу жабдығы (реле блоктары, кедергі қораптары, ток және қосу құрылғыларының регуляторлары) – баптау.
27. ЭТТ, оның ішінде термоспутниктері бар УСТТ- 0,25 1609 жүргізуге арналған жабдықтар - баптау және жөндеу.
28. ЭВМ "Электроника-100" баспа платалары, сигнал беру тіркелімі, ұқсас сигналдардың түрлендіргіші, коммутация тіркелімі, индикация блоктары, коммутация деңгейлерінің фиксациясы, логарифмдік тоқ түрлендіргіші, қашау генераторы - қарапайым жөндеу, баптау, монтаждау.
29. 0,.2-1,.5 сыныпты магнит электр жүйесінің аспаптары, “Ц” және "ТТ''' типті құрастырылған аспаптар, кедергілер көпірлері мен қораптар, жалпы мақсаттағы күшейткіштер – жөндеу, баптау, түзету.
30. Әр түрлі жоғары жиілікті ауыстырып қосқыштар, толқынжолдар мен коаксиалды араластырғыштар, термисторлық бастары және балл өлшеуіштер – тексеру және реттеу.
31. Өлшеу қабылдағыштары - жөндеу.
32. Холл датчиктері бар аспаптар - баптау және жөндеу.
33. Цифрлі вольтметр типті өлшеу жүйесі, цифр басушы құрылым, перфоратор, компаратор және кодтарды түрлендіргіш – монтаждау және баптау.
34. Пеш температурасын автоматты қолдау жүйесі - баптау және жөндеу.
35. Қуаты 300 Вт дейін тұрақты және ауыспалы тоқтың электронды тұрақтандырғыш - жөндеу, баптау, түзету.
36. Климаттық және механикалық сынақ жүргізуге арналған стенділер, токпен шынықтыру стенділері - жөндеу және баптау.
37. УНТМ/Д режимдерінің тапсырма стенділері – оң тоқ және кері кернеудің көздерін тексеру; температура тапсырмасы блогын баптау: стенділерді жылу және электр режимдерге шығару.
38. ЛБВ өлшемдерін панорамдық өлшеу стенділері – жөндеу.
39. ОС, ТВС, жол қашаудың шамдық схемасын топтық сынауға арналған сынақ стенділері – баптау, ақаулықтарды жою, өлшемдерді бақылау.
40. Қарапайым тұрақтандырғыш қоректендіргіш көздердің схемалары - жасау және реттеу.
41. Статикалық өлшемдерді, кері тоқтарды өлшеуге арналған схемалар - баптау, жөндеу.
42. Температураның шекті (+70° и -40°С) мәндерінде микромодульдерді тексеруге арналған схемалар – жинақтау, жөндеу, баптау.
43. Триггер схемалар – баптау.
44. Кернеудің тиристорлық реттеуіштері – жөндеу.
45. Кері тоқты өлшеу құрылғылары - жөндеу, баптау.
46. Жартылай өткізгіш аспаптарды өлшеу құрылғылары, транзисторлардың жылуға және суыққа беріктігін сынау, термоцикдендіру құрылғылары - жөндеу, баптау.
47. Жартылай өткізгіш аспаптарды жоғары және төмен қысым кезінде сынауға арналған құрылғылар - алдын алу мақсатындағы жөндеу, баптау.
48. Жартылай өткізгіш аспаптардың шығындарын ПОС-40 , ПОС-60 дәнекерімен сіңдірілуін тексеруге арналған құрылғы - алдын алу мақсатындағы жөндеу, баптау.
49. УКГЭ «құрғақ әдіспен» герметикалығын бақылау құрылғысы – жөндеу, баптау.
50. Діріл, соққы және монтаждау құрылғылары - жөндеу, баптау.
51. ТТЛ-490 ауыстырып қосқыш зарядтарын өлшеу құрылғысы - калибрлеуді эталон сыйымдылық бойынша баптау және импульстің ұзақ фронтын реттеу.
52. Детектордың нөлдік нүктеде, сыйымдылықты, беріктігін өлшеу құрылғысы - жөндеу, баптау.
53. Характериограф – баптау.
54. Щ4312, ЧЗ-З0, ''И2-19, ЧЗ-24 типті сандық өлшеу аспаптары – есепті декадалардың бірінде ақаулықтарды айқындау және ақаулықтарын жою; логикалық операциялардың схемасын тексеру.
55. ЗГДА типті электр генераторы – монтаждау және баптау.
Достарыңызбен бөлісу: |