Министерство труда и социальной защиты


§ 121. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ҚҰРАСТЫРУШЫ



жүктеу 6,99 Mb.
бет14/38
Дата19.02.2018
өлшемі6,99 Mb.
#10068
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
§ 121. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ҚҰРАСТЫРУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі үлгідегі жартылай өткізгіш аспаптардың, пьезорезонаторлардың бөлшектері мен тораптарын құрастыру, жартылай автоматтар мен автоматтарда айлабұйымдарды пайдалана отырып пьезоэлементтердің негізінде бұйымдарды құрастыру. Түрлі үлгідегі квантты генераторлардың резонаторларының жүргізетін құрылымдарды құрастыру. Жүргізетін құрылым элементтерін алдын-ала түзету. Шаблондар мен арнайы айлабұйымдардың көмегімен түрлі үлгідегі (оның ішінде миниатюралық резонаторлар үшін) кварцты ұстағыштарды құрастыру. Орташа күрделіліктегі катодты-люминесцентті және сұйық кристалл индикаторларды құрастыру. Пьезопакеттерді параллельді және бірізді біріктіру арқылы желімдеу. Балқытылған сегнет тұзы, шеллак және арнайы жақпаның көмегімен пластиналарды желімдеу. Көп желілі сымдардан жасалған шықпалар мен фольгаларды дайындау және оларды желімдеу және дәнекерлеу. Пьезопластиналар мен пьезопакеттерді шамалайтын аспаппен өлшеу. Жартылай автоматтарда керамика платалардың пассивті элементті ситалл негізіндегі микротәсімдерін металл түбірге арматуралау, жартылай өткізгіш аспаптарды микротәсімдердің ситалл жиектеріне желімдеу. Металл әйнек корпустардағы микротәсімдерді қалайы-қорғасын дәнекерлерді және спиртканифольді флюсті пайдалана отырып герметизациялау. Кварц пластиналар мен суда ерігіш кристаллдарды аспаптардың белсенділігін тексеретін ұстағыштарда монтаждау. Кішкентай габаритті пьезоэлементтерге ±0,05 мм дәлдікпен 0,1-0,2 мм диаметр бұрмаларды дәнекерлеу. Электродтарды фигуралық желілер бойынша электр ұшқынымен бөлу. Кварцты пластиналарда микроскоптың көмегімен Z оптикалық осьтің бағытын айқындау. Диаметрі 6 мм-ге және қалыңдығы 50 мк-ге дейінгі жылтыратылған пьезоэлементтерде осьті белгілеу. Бөлшектер мен тораптарды құрастырудың оңтайлы кезектілігін белгілеу. Құрастырудың сапасын көзбен және өлшеу аспаптарының көмегімен айқындау. Электр өлшеу аспаптарын өлшеу процесінде теңшеу және реттеу. Құрастыруға түсетін бөлшектер мен тораптардың сапасын айқындау, құрастыру режимін реттеу.

Білуге тиіс: басқару құрылғысы, жүйесі, құрастыру автоматтары мен агрегаттарын теңшеу ережесі; бөлшектер мен тораптарды құрастыру кезектілігі және тәсілдері, құрастыру кезінде қолданылатын бөлшектер мен тораптардың қызметі мен негізгі қасиеттері, құрастырылатын тораптар мен бөлшектердің негізгі электрлік параметрлері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; микротәсімдердің керамикалық платаларын арматуралау әдістері; бекіту ережесі, микротәсімдерді монтаждау, жабдықтарды жөндеудің негізгі жолдары, эпоксидті шайырдың негізінде желім даярлау әдістері; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті; электр және радиотехника бойынша негізгі ұғымдар.

Жұмыс үлгілері

1. Жиналған арматура – кристалл ұстағыштардың блоктарын кесу.

2. Баллондар, колбалар – аяғымен (дәнекерлеу) құрастыру.

3. Әйнек моншақтар - ±0,5 мм дәлдікпен платинитті шықпаны дәнекерлеу.

4. Платинитті шықпа - Әйнекштабикке ±0,3 мм дәлдікпен дәнекерлеу.

5. Детекторлар - инелерді кристалмен (дәнекерлеу) байланыстыру; байланыс пружиналы ұстағышты баллонға кіргізу.

6. Ұстағыштар, кристаллдар, шықпалар, моншақтар, әйнектүтікшелер, таблеткалар, фланец, сақиналар, жартылай өткізгіш аспапатардың желілері, коллектордың электродтары, арматура блоктары, бөлшектер, терристорлар, платалар - кассеталарды дірілдеткіште немесе айлабұйымдардың көмегімен жүктеу.

7. Диодтар, триодтар – плющенкаларды индирлеу, қалайылау; индирленген шарикті отырғызу, арматураны формалау, құрастыру.

8. Қолдан өсірілген кварцтың негізінде орташа күрделіліктегі бұйымдар – құрастыру.

9. Катодты-люминесцентті индикаторлар – шықпаларды контактолмен байланыстыру; оқшаулаушы жолақтарды (әйнек цементпен) жағу.

10. Сұйық кристалл индикаторлар – шықпаларды құрастыру және жапсыру.

11. Электронды сағаттарға арналған сұйық кристаллды индикаторлар – дыбыстық және белгілік электродтарды жүктеуге бағдарлау және желіммен герметизациялау.

12. БИС корпустары – құрастыру.

13. Кристалл ұстағыш – түбін құрастыру, аяғына жапсыру.

14. Микротәсімдер – кристаллды корпусқа қолмен отырғызу, кассеталарға қалау және шықпа рамкаларға жиектерін жапсыру; түбінің контурын кесу және шықпаларды ию, дәнекерлеп герметизациялау; металл әйнек түбірлерді құрастыру; құрастырылған түбірді орнату және бағдарлау.

15. Микротрансформаторлар – шықпаларды бағдарлай отырып катушкаларды платаларға желімдеу; платаға қақпағын желімдеу.

16. Жартылай өткізгіш аспаптардың аяқтары – траверсті қысқарту және жалпайту.

17. Металл керамика корпустың тұғыры – дәнекерлеп құрастыру.

18. Желімдеу пленкасынан жасалған пластиналар - әзірлеу.

19. «Трапеция», «Тропа» үлгідегі платалар – арматуралау.

20. Кварц платалар – пакеттерге желімдеу.

21. Жартылай өткізгіш аспаптар - әйнекпен оқшаулағышты және коллекторлық шықпаларды балқыту; шықпаны оқшаулағышқа дәнекерлеу, әйнек оқшаулағыштарды дәнекерлеу.

22. Каркассыз және кішкене пьезорезонаторлар – монтаждау және құрастыру.

23. Жиілігі 125 МГц-ке дейін 3 және 5 гармоника бойынша кварцты резонаторлар – кварц ұстағышты пьезоэлементті құрастыру.

24. Пьезокварцты резонаторлар – пьезоэлементтерді монтаждау.

25. Әйнек оқшаулағыштар – дәнекерлеу, шықпаны оқшаулағышқа дәнекерлеу.

26. Транзисторлар – аяғына ауысуды монтаждау, транзисторды нығыздағыш материалмен герметизациялау.

27. Триодтар – аяғын құрастыру.

28. Атом сәулелік түтікшелер, ОКГ белсенді элементтері – арматуралау.

29. Диод тораптар – кристалды қақпағына жапсыру, қақпағы бар кристалды сақинаға микроскоп арқылы жапсыру; кристалды қақпағы бар тұғырға микроскоп арқылы дәнекерлеу, тұғырды қақпағына микроскоп арқылы дәнекерлеу.

30. Металл корпус торабы – құрастыру.

31. «Поток» және «Приемник» үлгісіндегі сүзгілер – құрастыру.

32. Фотокедергілер – корпустарды өңдеу және құрастыру.

33. Электродтар – электр ұшқынды құрылғыда бөлу.


§ 122. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ҚҰРАСТЫРУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Оптикалық аспапты қолданып жартылай автомат және автомат станоктарда жаншу, нығыздау, дәнекерлеуді қолдана отырып микротәсімдердің барлық үлгілерін құрастыру. Ылғал жұтқышты пайдаланып және онсыз, оптикалық аспаптарды пайдаланып конденсаторлы дәнекерлеу, электрмен дәнекерлеу және суықтай дәнекерлеу әдісімен жартылай өткізгіш аспаптардың бөлшектері мен тораптарын құрастыру. Тәжірибедегі жартылай өткізгіш аспаптар мен дәлме-дәл уақыт электронды аспабын құрастыру. Квантты генераторлардың тораптарын бөлшектерін тексеріп және қиыстырып құрастыру. Көп санды бөлшектердің және электрод аралық қашықтықта күрделі құрылымдар индикаторларын құрастыру. Электр параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарында тексеру және өлшеу. Құрастыру жұмыстарының кезектілігін айқындау. Құрастырма айлабұйымдарды әзірлеу. Дайындамалардың, бұйымдардың, материалдардың және компоненттердің сыртқы пішіні бойынша және аспаптардың көмегімен ақауларын айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтарды қолдану принципі және жөндеу ережесі; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысы және қолдану шарттары; арнайы және әмбебап айлабұйымдардың құрылымы; дәнекерленетін тораптар мен бұйымдардың қызметі; дәнекерлеу сапасын айқындау әдістемесі; жинақталатын аспаптардың бөлшектері мен тораптарының қызметі және жұмыс функциялары; жүргізетін құрылым бөлшектеріндегі оптикалық элементтерді бекіту әдістері; қолданылатын материалдардың негізгі механикалық, химиялық және электрлік қасиеттері; ақау түрлері; квалитеттер; бекітілген жұмыстарды орындау үшін формулалар мен кестелер жөніндегі есептер; электр және радиотехниканың негізгі заңдары; физика, оптика және кристаллография негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Биморфты пьезорезонаторлар - пьезокварцты пластиналарды біріктіру және ұстағышта монтаждау.

2. Әйнекті шықпалар – фланецке дәнекерлеу.

3. Аяқ-колба бөлшектері – суықтай дәнекерлеу тетігінде дәнекерлеу.

4. Диодтар – құрастыру (дәнекерлеу), микроскоппен теңшеу, электродты микроскоппен орнату.

5. Диодтар, триодтар және транзисторлар – кешенді-механизацияланған желілерде құрастыру.

6. Қолмен өсірілген кварц негізіндегі бұйымдар – құрастыру.

7. Сандық-белгілік индикаторлар – қатты тәсімдерді ток өткізетін желіммен желімдеу.

8. Металл және ленталы шықпалы сұйық кристалды индикаторлар, катодты-люминесцентті индикаторлар – құрастыру.

9. Электронды сағаттарға арналған сұйық кристалды индикаторлар – желімдеуге арналған айлабұйымға индикатор ұяшықтарын құрастыру.

10. Микротәсімдердің корпустары – копир ұяшығында орнату.

11. ДМП микротәсімдері – кристалдарды тұғырға желімдеу, дәнекерлеу; корпусқа отырғызу; дәнекермен және роликті дәнекермен, желімдеп герметизациялау.

12. Интегралды микротәсімдер – өткізгіштер мен шықпалардың белсенді элементтерін байланысты плата алаңшалары мен тұғыр шықпаларына жанамалай қыздырып дәнекерлеу; корпусқа қосалқы маңдайшаларды дәнекерлеу.

13. «Тротил» үлгісіндегі микротәсімдер – платада шарикті шықпаларымен жартылай өткізгіш аспаптарды дәнекерлеу.

14. Аяқтары - автоматты базалық шықпаны дәнекерелу; кристалды бағдарлы отырғызу; қысқа шықпаларды кесу.

15. Оптикалық квант генераторлар – тораптарды құрастыру.

16. Тәжірибедегі аспаптар – түзеткіш айлабұйымдарды құрастыру және жөндеу.

17. Металл керамика корпустардың тұғыры – құрастыру.

18. Ситалл етектер (платалар) – жартылай автоматта тұғырға желімдеу.

19. Микромодульды орындалған жартылай өткізгіш аспаптар – кассеталарды, электродтарды, эмиттер мен базаны трафаретті жүктеу, шықпаларды дәнекерлеу, жинақталған арматураны дәнекерлеу, баллонды арматураны дәнекерлеу.

20. Электронды дәлме-дәл уақыт аспаптары – құрастыру.

21. Жоғары мықтылықтағы пьезорезонаторлар – жіңішке алтындалған сымдарды пьезокварцты пластинаға термокомпрессионды дәнекерлеу.

22. Құрастырылған бірліктер – қалыңдығы 300 мкм-нен кем бөлшектерді пайдалана отырып дәнекерлеуді құрастыру.

23. Арнайы радиобөлшектер – қолмен немесе автоматтарда және жартылай автоматтарда құрастыру.

24. Транзисторлар – арматура блогын дәнекерлеу, ұстағышқа кристаллды дәнекерлеу; электродты шықпаларды (микроскоппен) біріктіру.

25. Триодтар – құрастыру және нығыздау, микроплаталарда монтаждау және дәнекерлеу, электронды шықпаларды (микроскоппен) біріктіру.

26. «Поиск» және «Ряд-П» үлгісіндегі пьезокерамикалық сүзгілер – құрастыру.
§ 123. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ҚҰРАСТЫРУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі үлгідегі микротәсімдер мен квантты генераторлардың тораптарын құрастыру. Тәжірибедегі микротәсімдерді құрастыру. Оптикалық құрылғыларды пайдалана отырып күрделі құрылымдағы индикаторларды құрастыру. Ұқсас көп қырлы күрделі-бейнелі индикаторларды және экспериментальді индикаторларды құрастыру. Пьезокварцты датчиктерді және оның тораптарын құрастыру және монтаждау. Шағын, прецизионды және каркассыз күрделі үлгідегі пьезорезонаторларды құрастыру және монтаждау. Механикалық әсерге жоғарылатылған талап қойылған шағын фильтрлі және генераторлы резонаторларды құрастыру. Индикатордағы тесікті айқындау, пленка қабатты жабындардың қалыңдығын айқындау. Өңдеудің оңтайлы режимін таңдау, қызмет көрсетілетін жабдықта өңдеу режимі параметрлерін теңшеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың қызметі, қолданылу принципі және пайдалану шарттары; электронды техника бұйымдарының экспериментальді үлгілерінің кезектілігі және құрастыру тәсілдері; жинақталған аспаптардағы бөлшектер мен тораптардың қызметі; бөлшектерді вакуумды-тығыз біріктіру үшін дәнекерлеу жолымен монтаждау жолдары, бөлшектерді вакуумды-тығыз біріктіру тәсілдері; оптикалық аспаптардың құрылғысы және пайдалану ережесі; тораптарды герметизациялауға тексеру тәсілдері, оқытудың үлгілік бағдарламасының көлемінде теоретикалық мәселелер.

Жұмыс үлгілері

1. «Сегмент-П» үлгісіндегі тәсімдерде белсенді элементтердің шықпалары.

2. Квант генераторлар – белсенді элементті орната отырып құрастыру.

3. Қысым және желілік жеделдету датчиктері - толықтай құрастыру.

4. Диодты матрицалар – бір тұғырға 2 және одан да көп кристалдар отырғызу.

5. Матрицалық үлгідегі индикаторлар – құрастыру.

6. Электронды сағаттар үшін сұйық кристалл индикаторлар – 6 және одан да көп функционалды индикаторларды құрастыру.

7. Кіріктірудің 3 және жоғары дәрежелі микротәсімдері – кристалдарды және шықпалы рамкаларды тұғырға отырғызу.

8. Микротәсімдер – конденсаторларды белсенді емес платаға дәнекерлеу; корпусы жоқ ілмелі элементтерді жұқа пленкалы платаларға микроскоппен желімдеу.

9. Микрогенераторлар – монтаждау және құрастыру.

10. Барлық үлгідегі ОКГ – оптикалық резонаторларды дәлме-дәл түзету, теңшеу және сынау.

11. Микроминиатюралық, прецизиондық, каркассыз, саңылауы бар прецизионды пьезорезонаторлар – толықтай құрастыру және монтаждау.

12. Қатты тәсімдер – корпуссыз рәсімдей отырып құрастыру; кристаллды компаундымен желімдеу.

13. Интегральды тәсімдер – дербес жөндей және режимді таңдай отырып импульсті дәнекермен құрастыру.

14. Атомды-сәулелі түтікшелер – түзету; резонаторды теңшеу дәлдігін өлшеу.

15. Фотоараластырғыштар – құрастыру және түзету.

16. Пьезокерамикалық элементпен ОКГ түзету торабы – құрастыру және теңшеу.
§ 124. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ҚҰРАСТЫРУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі үлгідегі квантты генераторлардың күрделі тораптарын құрастыру. Квантты генераторларды құрастыру және резонаторларды теңшеу. Белсенді элементтердің параметрлерін өлшеу.

Білуге тиіс: әртүрлі үлгідегі тәжірибедегі сериялық квантты генераторлардың кезектілігі және құрастыру тәсілдері; жиналатын аспаптардың бөлшектері мен тораптары; резонаторларды дәлме-дәл теңшеу және айналарды таңдау тәсілдері, қуаттылық өлшегіштерді пайдалану ережесі; қауіпті және жарылатын заттармен жұмыс істеу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Әртүрлі үлгідегі квантты оптикалық генераторлар – тораптарды құрастыру.

2. Тәжірибедегі аспаптар – құрастыру және теңшеу.

3. Оптикалық квант генераторлар – аспапты құрастыру және параметрлерін өлшеу.

4. ОКГ - прецизионды теңшеу және жоғары күрделіліктегі ОКГ әртүрлі үлгілерін сынау.

5. Атомды-сәулелі түтікшелер – параметрлерін теңшеу және өлшеу.


§ 125. БҰЙЫМДАРДЫ, ШИКІЗАТ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ СҰРЫПТАУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Керамикалық және ферритті бөлшектерді сыртқы пішіні бойынша құйып, күйдіріп, тегістегеннен кейін жетпей қалғанды, раковиналардың, сызаттардың, жарықтардың, көпіршіктердің болмауын технологиялық нұсқаулықтар бойынша сұрыптау. Пьезокварцты пластиналарды микрометриялық аспаптың көмегімен сұрыптау. Пластиналарды санау. Пластиналарды одан әрі өңдеу үшін қалыңдығы және контурлы өлшемі бойынша топтастыру.

Білуге тиіс: арнайы айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының атауы, қызметі және қолдану шарттары; ақаулардың негізгі түрлері.

Жұмыс үлгілері

1. Ауыспалы блоктар – дәнекерлегеннен кейінгі сұрыптау.

2. Керамикалық бөлшектер – сыртқы түрі бойынша сұрыптау.

3. Әйнек қорғағыштар – дәнекерлегеннен кейін сұрыптау.

4. ПЛК – 7, 9 экрандар – сызаттар, жаншылғанды болдырмау үшін сыртқы түріне қарай сұрыптау.
§ 126. БҰЙЫМДАРДЫ, ШИКІЗАТ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ СҰРЫПТАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дайын аспаптарды, пластиналар, пьезокварцты сыртқы түріне қарай сұрыптау. Пластиналарды өлшеу аспаптарының (индикаторлы қалпақша, микрометр, штангенциркуль) көмегімен қалыңдығы бойынша сұрыптау. Аспаптарды, пластиналарды, кристаллдарды үлгісі, өлшемі, қалыңдығы және ақаулардың күрделі емес түрлері (сынықтар, тесіктер, сызаттар және т.б.) бойынша сыныптау. Саз бен шамотты бөтен қоспаларды жоя отырып сұрыптау. Керамикалық және феррит бұйымдарды өлшемдерді (геометриялық немесе электр параметрлерінің бірі бойынша) таңдап тексере отырып сыртқы түрі бойынша сұрыптау. Шыны, керамика және феррит бөлшектердің геометриялық өлшемдері бойынша қолмен және автоматта бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының көмегімен сұрыптаушы. Бұйымдарды аспаптарда электр параметрлері бойынша калибрлеу. Кесте бойынша берілетін шекті айқындау. Бұйымдардың ақауларын аспаптар бойынша анықтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың атауы, қызметі және қолдану принципі; сұрыптау және калибрлеу процесін жүргізетін айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану шарттары; бұйымдарды сыртқы түрі және қалыңдығы бойынша сұрыптау әдістері; ақаулардың негізгі түрлері; жартылай өткізгіш материалдардың механикалық қасиеті; пьезокварцты пластиналар мен кристаллдардың түрлері және үлгілері; табиғи және қолдан өсірілген пьезокварцтың сипаттамасы және құрылымы; сұрыпталатын бұйымға техникалық құжаттама және сызбалар.

Жұмыс үлгілері

1. Галька және пьезокварц кристаллдары - сорты, өлшемі, сапасы бойынша сұрыптау.

2. Галька, шамот, тальк және басқа материалдар - бөтен заттар мен қосулардан сұрыптау.

3. Резисторлардың, конденсаторлардың және оқшаулағыштардың бөлшектері – сыртқы түрі және геометриялық өлшемдер бойынша сұрыптау.

4. Керамика және феррит бөлшектер мен бұйымдар – сыртқы түрі және геометриялық өлшемдеріне қарай сұрыптау.

5. Модульді трансформаторлар арналған жиынтықтау бөлшектері - сыртқы түрі және геометриялық өлшемдер бойынша сұрыптау.

6. Барлық түрдегі (дайын) конденсаторлар - өлшемдерді таңдап тексере отырып сұрыптау.

7. КЧЧ-1Т, ММКТ конденсаторлар – ротор және статор шықпаларын байланыстың болуын өлшей отырып сұрыптау.

8. КПК-1 конденсаторлар – конденсаторлардың жазықтығының параллельділігін лекальді сызғыш бойынша өлшей отырып сыртқы түріне қарай дайын конденсаторларды сұрыптау.

9. МБА және МБИ магниттер (бөлшектер) – сыртқа түріне қарай сұрыптау.

10. Металлдандырылған қағаз, пленка – сыртқы түріне және геометриялық өлшеміне қарай сұрыптау.

11. Микроплаталар – сәуле түсіруге сұрыптау.

12. Микротәсімдер, диодты және транзисторлы матрицалар – сыртқы түріне қарай сұрыптау, шықпалары бойынша сұрыптау; ыдысқа салу.

13. Панельдер (дайын) - өлшемдерді және механикалық сипаттамаларды ішінара тексере отырып сұрыптау.

14. Жартылай өткізгіш материалдардың пластиналары – қалыңдығы, сынасы, бүгілген жері бойынша индикатор қалпақтың көмегімен сұрыптау.

15. Керамикалық пленка – жарық құрылғыларда сұрыптау.

16. 0,05-тен 10 ВТ-қа дейінгі қуаттықтағы резисторлар – геометриялық өлшемдер және сыртқы түрі бойынша калибрлеу.

17. Керамикалық сақтағыштар – дәнекерлегеннен кейін сұрыптау.

18. Шыны түтікшелер – сыртқы және ішкі диаметрлер және сыртқы түрі бойынша сұрыптау.

19. Триодтар, диодтар, кристаллдар, жинақталған арматура – сыртқы түріне қарай сұрыптау.

20. Марганец-мырыш ферриттер – сыртқы түрі және геометриялық өлшемдері бойынша қолмен сұрыптау.
§ 127. БҰЙЫМДАРДЫ, ШИКІЗАТ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ СҰРЫПТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кристалдарды қалыңдығына қарай қолмен және дірілді сұрыптау құрылғысында сұрыптау. Бір уақытта сұрыптай отырып, ақаулардың қарапайым түрлері бойынша бағдарлап ыдыстарға қалау. Геометриялық өлшемдері және электрлік параметрлері бойынша автоматты жабдықта шыны, керамика және феррит бұйымдарды сұрыптау және калибрлеу. Пьезокварцты пластиналар мен кристалдарды үлгілері және түрлері бойынша сұрыптау және арнайы айлабұйымдар мен өлшеу құралдарының көмегімен кристаллофизикалық белгілері бойынша топтастыру. Электр өлшеу аспаптарын мен құрылғыларын берілген параметрлер бойынша теңшеу және сұрыптау.

Білуге тиіс: сұрыптау және калибрлеу кезінде қолданылатын жабықтың құрылғысы және жөндеу әдістері, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылғысы және қолданылу принципі; аспаптар мен құрылғыларды берілген параметрлер бойынша теңшеу ережесі; пьезокварцты пластиналардың қызметі; кристаллофизика жөніндегі негізгі ұғымдар; сұрыпталатын бұйымдардың техникалық жағдайы мен өлшем және параметрлерге МСТ-ы.

Жұмыс үлгілері

1. Керамикалық конденсаторлар, газ сорғыштар, вакуум құралдардың бөлшектерін дайындау – геометриялық өлшемдер мен сыртқы түріне қарай сұрыптау.

2. Металл керамикалық корпустарды (платаларды) дайындау – микроскоппен сыртқы түріне қарай сұрыптау.

3. Феррит бұйымдар – конвейер желілердегі сыртқы түріне және геометриялық өлшемдері бойынша сұрыптау.

4. Түрлі керамикалық массалар мен шынылардан жасалған бұйымдар – геометриялық өлшемдері және сыртқы түрі бойынша түрлі өлшегіш құралдармен калибрлеу.

5. Сазына келтірілген керамика, шыны керамика конденсаторлар – сұрыптау.

6. Шағын габаритті керамикалық конденсаторлар және оларды дайындау – микроскопты пайдалана отырып үлгілерге сәйкестігін сыртқы түріне қарай сұрыптау.

7. Кристаллдар - шатографта габаритті өлшемдерді өлшеу; кристаллдарды 5 мка арқылы топтар бойынша қалыңдығына қарай сұрыптау; сыртқы түріне қарай сұрыптау және ыдысқа салу.

8. Металл керамика корпустар – дәнекерлегеннен және гальванмен қаптағаннан кейін микроскопты пайдалан отырып сұрыптау; қатпарлану өлшемдерін, жиектерді және ығыстырылған байланыс алаңшаларын өлшеу.

9. Интегральды тәсімдерге арналған корпустар – сұрыптау.

10. Диод сақиналары – микроскоппен топтары бойынша сұрыптау.

11. Микротәсімдер – корпустардың сыртқы түрі бойынша сұрыптау; габаритті өлшемдерді бақылау; таңбалау сапасын тексеру.

12. Микроплаталар, платалар, микротрансформаторлар – микроскоппен сызаттардың болмауын сұрыптау.

13. Түрлі үлгідегі және қуаттылықтағы резисторлар – геометриялық өлшемдер, параметрлер және сыртқы түрі бойынша қолмен және автоматтарда калибрлеу.

14. Сым резисторлар –орағаннан кейін микроскоппен сұрыптау.

15. Пленкалы секциялар – автоматта секцияларды сұрыптау және нығыздау.

16. Электр вакуумды шыны бұйымдар – сыртқы түрі және геометриялық өлшемдері бойынша сұрыптау.

17. Слюда (күмістелген және күмістелмеген) – қалыңдығы және сыртқы түрі бойынша сұрыптау.

18. ТШ, ВС, БЛП түтіктері – «Акор» үлгісіндегі автоматтарда сұрыптау.

19. Марганец – мырыш ферриттер – ПРФК жартылай автоматында және АРФК автоматында магнит өткізгіштігі бойынша сұрыптау.

20. Ферритті жүрекшелер – индикатордың көмегімен калибраторда биіктігіне қарай сұрыптау.

§ 128. БҰЙЫМДАРДЫ, ШИКІЗАТ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ СҰРЫПТАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы құрылғылардың бірнеше үлгідегі жартылай өткізгіш аспаптарын сыртқы түріне қарай сұрыптау. Кристаллдарды, жартылай өткізгіш материалдарды қол, жартылай автоматты және автоматты режимде жұмыс істейтін құрылғыларда қалыңдығына қарай ± 1 мкм дәлдікпен сұрыптау. Жартылай өткізгіш аспаптардың бөлшектері мен тораптарын сыртқы түрі және өлшемдері бойынша ± 1 мкм дәлдікпен өлшеу құралдарын және оптикалық аспаптарды пайдалана отырып сұрыптау. Пьезокварц блоктарын үлгілері және түрлері бойынша сұрыптау. Кристаллдар мен блоктардағы үлкен және кіші қырлардың бағыттарын, өсу аймағының болмауын айқындау.Эталон бойынша сұрыптау құрылғыларын теңшеу және қайта құру, эталонның дәлдігін оптиметрде тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құрылғыларының құрылысы, теңшеу, қайта құру және жөндеу тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану шарттары; қолдан өсірілетін кварцқа қойылатын техникалық шарттар; пьезокварц блоктарының үлгілері мен түрлері және олардың қызметі; кристалдардың өсу ерекшеліктері; жасанды кварц кристаллдарының морфологиялық ерекшеліктері; бұйымдардың ақауларын сыныптау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптары.

Жұмыс үлгілері

1. Кварц блоктар (кварцты бағдарланған секциялар; арнайы кварц пластиналар, дыбыс өткізетін кварц келтектер) – сұрыптау.

2. П-үлгісіндегі оқшаулағыштар – сыртқы түріне және геометриясына қарай сұрыптау.

3. Кремний, германий пластиналары – қалыңдығына, тобына қарай сұрыптау.

4. Өзекшелер, штабиктер, пластиналар, белгілер – тобына қарай сұрыптау.

5. Шыны түтіктер, баллондар, ұстағыштар, шықпалар – сыртқы түріне және өлшеміне қарай сұрыптау.


жүктеу 6,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау