Министерство труда и социальной защиты населения республики казахстан



жүктеу 0,86 Mb.
бет1/5
Дата14.12.2017
өлшемі0,86 Mb.
#4405
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

Қарағанды облыстық Мәслихатының

2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 267 ХVІІІ сессиясының шешімімен

Бекітілген


Облыстық Мәслихаттың Хатшысы Облыс әкімі

Қ. Медиев _________________ К. Мұхамеджанов

2006-2008 Жылдарға арналған Қарағанды облысының мүгендектерді

оңалтудың бағдарламасы

Қарағанды 2005ж.



М А З М Ұ Н Ы
Бағдарламаның паспорты.............................................................................................................................................4

Кіріспе............................................................................................................................................................................6

1.Қарағанды облысындағы мүгедектіктің және мүгедектерді

оңалтудың қазіргі жай-күйіне талдау..........................................................................................................................7

2.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.................................................................................................................19

3.Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетігі................................................................................19

3.1. Мүгедектіктің алдын алу............................................................................................................................ 20

3.2. Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін

жетілдіру.................................................................................................... ...................................................................20

3.3. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту

жүйесін жетілдіру.........................................................................................................................................................21

3.3.1. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін

дамыту........................................................................................................................................................................... 21

3.3.2. Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру............................................................................................... 22

3.3.2.1. Медициналық оңалту............................................................................................................................23

3.3.2.2. Әлеуметтік оңалту.................................................................................................................................23

3.3.2.3. Кәсіптік оңалту......................................................................................................................................25

3.4.Бағдарламаны іске асыруға ҮЕҰ мен мүгедектердің

қоғамдық бірлестіктерінің қатысуы...........................................................................................................................28

3.5. Қызметкерлерді дамыту............................................................................................................................ 28

4. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері.................................................................................... 29

5. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер.............................................................................................. 29

6. Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған

бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары..................................................................................... 31




Бағдарламаның паспорты


Бағдарламаның атауы

2006-2008 жылдарға арналған Қарағанды облысының мүгедектерді оңалту бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган
Бағдарламаның мақсаты

Бағдарламаның міндеттері

Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

Күтілетін нәтижелер

Іске асыру мерзімі


«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеу-меттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ Заңының 10 бабы;
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті
Оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру сапа-сын жақсарту
Мүгедек болу патологиясы бар, жиі және ұзақ ауыратын адамдарды алдын ала емдеу жүйесін қалыптастыру;

Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту және атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту;

Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер аясын ұлғайту;

Кешенді оңалту мекемелерінің жүйесін дамыту, олардың қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіру, материалдық-техникалық базасын нығайту;

Мүгедектерге берілетін компенсаторлық техникалық құралдардың, протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмектің атаулылығын қамта-масыз ету және сапасын арттыру;

Мүгедектердің (халықтың ұтқырлығы төмен топтарының) әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу;

Мүгедектерді жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу нысандарын дамыту;

Медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы кадрлық қамтамасыз ету жүйесін, оңалтуды, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын және оңалту индустриясын жетілдіру.

Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджет-тің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң-намасы тыйым салмаған басқа да қаражат бағытталатын болады.

Мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 1906,7 млн. теңгені, оның ішінде 2006 жылы - 441,5 млн. теңгені, 2007 жылы – 483,6 млн. теңгені, 2008 жылы – 981,6 млн. теңгені; оның ішінде: республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен – 148,8 млн. теңгені, оның ішінде 2006 жылы – 49,5 млн. теңгені, 2007 жылы – 49,5 млн. теңгені, 2008 жылы – 49,8 млн. теңгені, жергілікті бюджеттен – 1757,9 млн. теңгені, оның ішінде 2006 жылы – 392 млн. теңгені, 2007 жылы – 434,1 млн. теңгені, 2008 жылы – 931,8 млн. теңгені құрайды.


Бағдарламаны іске асыру:

мүгедектерді оңалтудың бірыңғай жүйесін құруға және оларды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыруға;

мүгедектікке шығу қатерін азайтуға және мүгедектік деңгейін төмендетуге;

мүгедектікке әкеп соқтыратын туа біткен және тұқым қуалайтын ауруы, даму кемістігі бар балалардың туу қатерінің дәрежесін азайтуға;

медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасын арттыруға;

мүгедектерге көрсетілетін медициналық, әлеуметтік, білім беру және өзге де оңалту қызметтерінің тізбесін кеңейтуге және сапасын арттыруға;

мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына және ақпараттық ортаға қол жеткізуін жақсартуға;

мүгедектердің лайықты еңбекке қол жеткізуін ұлғайтуға;

медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерге әлеуметтік және оңалту қызметтерін көрсететін қызметтердің кәсіптік деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ететін болады.
2006-2008 жылдар




К І Р І С П Е
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді. Мүгедектік – бұл тек қана медициналық проблема емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік проблема.

Қоғам олардың тәуелсіз өмір сүру үшін, қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуға адамның табиғи құқына ие болуға және тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, көлікке, коммуникация құралдарына, еңбекке және білім беруге қол жеткізу еркіндігі мен таңдау еркіндігі бар стандарттарды өте мұқтажды мүгедектігі бар адамдарға икемдеуге міндетті.

Қазақстанда мүгедектік проблемаларын халықаралық нормаларға сәйкес айқындау және шешу тәсілдерінде түбегейлі өзгерістер жүрып жатыр. Қазіргі кезде еңбек ету қабілеті төмендеген немесе жоғалған адамдар ғана емес, сонымен қатар тіршілік әрекетінің басқа да шектелулері (өзіне өзі қызмет ету, жүріп-тұру, адамдармен қарым-қатынас жасау, бағдарлану, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқыту) бар адамдар да мүгедек деп танылады.

Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мүгедектерді оңалту пробелмаларын тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын кешенді нысаналы бағдарламалар шеңберіндегі белсенді қолдауын талап етеді. Ағымдағы жылы осындай бағдарламаның біреуін - Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аяқталады, оның барысында тиісті органдарда мүгедектерді әдеттегідей күтуден мүгедек-балалардың аса сапалы білім алуға және жасы ұлғайған мүгедектерді оңалтуға дейін өтіп, мүгедектер проблемасы шешілді. Білім мен оңалтудың арқасында мүгедектер қоғамдық бірлестіктер арқылы мүгедектерге қарасты саясатты әрі қарай дамытуға аса тиімділік танытты.

Мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттағы оң өзгерістер 2005 жылы қабылданған заң жобаларының қатарында орын алды («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы; «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 Қаулысы; «Медициналық әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 Қаулысы және т.б.).

Қарағанды облысында мүгедектерді оңалтудың қалыптасқан жүйесі жоғары сапалы деңгейге көшу үшін шарттар мен мүмкіндіктер бар. Осыған байланысты, жақын арадағы болашақта жаңадан мүгедектерді әлеуметтік оңалту бағдарлама әзірлеу қажет.

Бағдарламаны әзірлеу үшін «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 10 бабы негіз болып табылады.



1. ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІКТІҢ ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТЕРДІ ОҢАЛТУДЫҢ ҚАЗІРГІ

ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Қарағнды облысындағы барлық санаттағы мүгедектердің саны 47,4 мың адам немесе халықтың жалпы санынан 3,6 % құрады.

Қарағанды облысындағы мүгедектер санының динамикасы




Көрсеткіштер


2003 ж.

2004 ж.

1.10.2005ж.

Халық саны (мың.адам)

1330,9

1331,6

1333,4

Мүгедектер саны (адам)

46747

47455

47994

Халықтың жалпы санынан мүгедектердің үлесі (%)

3,5

3,57

3,60

01.10.2005 жылғы жағдайы бойынша облыста 47994 мүгедек тұрып жатыр, олардың 3951 мүгедек-балалар. Сонымен қатар мүміндігі шектеулі адамдардың үштен бірі Қарағанды қаласында (34,9% немесе 16735 адам) тұрады. Жаңаарқа ауданы (4,9%), Сәтбаев қаласы (4,6%), Ұлытау (4,4%) және Қарқаралы аудандары (4,3%) тұрғындары арасынан халықтың жалпы саны ара-қатынасынан мүгедектер үлесінің жоғарғы екендігі байқалады.

Мүгедектердің жалпы санынан 1,2 топтағы мүгедектердің пайыздық ара-қатынасы Теміртау қаласында (68,8%), Қарағанды қаласында (68,6%) және Ұлытау ауданында (68,8%), ал 3 топтағы мүгедектер Сәтбаев қаласында (37,4%), Шахтинск қаласында (37,4%), Шет ауданында (34,3%) жоғары екендігі байқалды.

Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Департаментінің мәліметінше облыста алғашқы мүгедектік тенденциясының төмендеуі байқалды.
Алғашқы мүгедектіктің 10 000 адамға шаққандағы серпінді көрсеткіші


Көрсеткіштер

жылдар

2002

2003

2004

Алғаш рет мүгедек деп танылғандар (барлығы)

5062

4787

4710

Оның ішінде:

балалар арасында

ересектер арасында

762

666

623


4300

4121

4087

Алғашқы мүгедектіктің серпінді көрсеткіші (мүгедектердің барлық санаттары үшін)

37,6

35,8

35,4

Оның ішінде:

балалар арасында

ересектер арасында

22,4

20,3

19,7



42,8

40,8

40,2

2004 жылы алғашқы мүгедектіктің негізгі себебі жалпы аурулар болып отыр, алғашқы мүгедектік құрлымында ересектер арасында 89,1% құрады. Басқа да себептер алғашқы мүгедектік құрлымында мынадай:


Алғашқы мүгедектік құрлымы

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2003-2005жж. Қарағанды облысының мүгедектерді оңалту бағдарламасының мәліметтері

Жалпы аурулар

90,3

88,9

89,1

бала күнінен мүгедек

2,7

2,6

1,5

еңбек залалы

3,8

4,5

4,9

кәсіптік ауру

1,8

2,4

3,5

иондалған сәулелену әсерінің салдарынан мүгедектік

0,8

0,9

0,5

әскери себептер

0,6

0,55

0,5

Алғашқы мүгедектіктің нозологиялық құрылымы тұрақты, ересек халықтың арасындағы алдыңғы қатарлы ауруларға:

қан айналымы жүйесінің ауруы- 22,2 %;

жарақаттар салдарының барлығын локализациялау-17,3%;

қатерлі ісіктер- 15,5%;

түберкүлез-8,9%;

сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары-8,4% жатады.

Мүгедек-балалардың арасында алғашқы мүгедектердің алдыңғы қатарлы себептеріне: туа біткен даму аномалия, психиканың бұзылуы іс-әрекетінің бұзылуы, жүйке жүйесінің аурулары жатады.

Ағза функцияларының бұзылуы және мүгедектердің тіршілік әрекетінің шектелуін дәрежесін сипаттайтын топтардың ауырлығы бойынша алғашқы мүгедектік құрылымы, мүгедектердің арасында екінші топтағы мүгедектердің үлесі– 65,0 % (2003 ж.-62,0%; 2002 ж.-62,1%), бірінші топ мүгедектері – 9,6 % (2003 ж.-10,0%; 2002 ж.-10,2%), үшінші топтағылар – 25,4 % (2003 ж.-28,0%; 2002 ж.-27,7%) басымдылығын дәлелдейді.

2004 жылы барлығы 17102 адам қайта куәландырылды. Қайта куәландыру нәтижесінде толық оңалтуды 4,2 % (2003 ж.-3,6%; 2002ж.-3,7%); ішінара оңалту - 9,2 % (2003 ж.-8,3%; 2002ж.-8,5%) құрады; мүгедектік тобының ауырлауы көрсеткіші – 4,1% (2003 ж.-4,4%; 2002ж.-4,8%). Мүгедектік тобының тұрақтылығы 2004ж.- 86,4 % (2003 ж.-86,9%; 2002ж.-86,2%) құрады.

Барлық мүгедектіктің жас топтарында еңбек етуге жарамды жастағы адамдар басым – 87,0 %.

Мүгедектік көрсеткіштері мынадай бірқатар факторларға:

елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен әлеуметтік саясат басымдықтарына;

ұлт денсаулығының жай-күйіне;

денсаулық сақтау жүйесінің дамуына, медициналық қызметтердің қол жетерлік болуына және олардың сапасына;

оңалту қызметтерінің қол жетерлік болуына және олардың сапасына;

еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің жай-күйіне;

экологиялық ортаның жай-күйіне және өзге де себептерге байланысты болады.

Соңғы жылдары экономикалық қолайлы ахуал мен мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылылығы, халықты, бірінші кезекте оның әлеуметтік осал буындарын әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру, мүгедектікті түсінуге және мүгедектерді әлеуметтік қорғауға, олардың қоғам өміріне қатысуына теңдей мүмкіндіктер жасауға бағытталған жаңа тәсілдерді тану оң әсер етіп отыр.

Көлеңкелі факторлар:

биологиялық деңгейде созылмалы, туа біткен және генетикалық аурулардың жоғары деңгейінің байқалуы;

медициналық-ұйымдастыру деңгейінде – аурулардың кеш анықталуы, аурулар мен мүгедектіктің алдын алуға жеткілікті мән берілмеуі, тегін медициналық көмекке қол жеткізушіліктің, медициналық қызметтер сапасының төмендеуі, бірыңғай оңалту жүйесінде мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестірудің болмауы;

әлеуметтік-орта деңгейінде – денсаулыққа қауіпті және зиянды еңбек жағдайлардың орын алуы, өндірістік жарақаттанушылық, кедейліктің сақталуы, әлеуметтік жәрдемақылардың біршама төмен деңгейі, бірқатар өңірлердің экологиялық қолайсыздығы.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесі бойынша мүгедектік санатын айқындап, әрбір мүгедек үшін медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды қамтитын оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрі - ОЖБ) әзірлейді.

2005 жылдың 9 айында МӘС аумақтық бөлімдерінің мамандары медициналық оңалту бойынша 16916 ОЖБ, әлеуметтік оңалту бойынша – 891 ОЖБ және кәсіптік оңалту бойынша – 1404 ОЖБ әзірленген.

Медициналық оңалту – аурулардың және мүгедектердің денсаулығы мен бұзылған немесе жойылған ағза функцияларын орнатуға бағытталған емдеу шараларының кешені.

Қарағанды облысының мүгедектеріне медициналық көмек медициналық ұйымдар желісімен, оның ішінде 7 балалар шипа-жай бар тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шегінде көрсетіледі. 2004 жылдың шілдесінен бастап облыста анасы мен баласының бірге болуына жүйке жүйесінің ағзалық зақымданған және психикасы бұзылған балалар үшін “Үміт” оңалту орталығы жұмыс істейді.

Облыста жүріп-тұру аппаратының туа біткен және пайда болған патологиясымен ауратын ауруларға мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым, «Проф.Мақажанов атындағы көпсалалы клиникалық больница» КГКП жұмыс істейді, облыстың барлық өңірлерінде ауруларға шұғыл және жоспарлы травматологиялық көмек көрсету үшін травматологиялық пунктер мен травматологиялық төсектер желісі жандандырылған.

2002 жылдан бастап «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 11.07.2002ж. № 343 Заңының орындалысы шеңберінде бала туатын үйлердің және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының медициналық қызметкерлерімен даму және оны түзеу проблемасын уақытылы анықтау мақсатында ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуының скринингі жүргізіледі.

2005 жылдан бастап облыста жүкті әйелдердің құрсақ ішіндегі инфекцияларды және ұрықтың туа біткен аномалиясын тексерілу жөніндегі Бағдарламасы іске асырылды, оның мақсаты – даму кемістігі анықталған балалардың туу жиілігін төмендету.

Облыстық медициналық ұйымдарымен 2005 жылдан бастап «Артериалдық гипертония» ВОЗ Бағдарламасы іске асырыла бастады, оның мақсаты аурулардың гипертония ауруынан мүгедек болуын және өлімді төмендету.

Медициналық оңалту сатысында аурудың ағза функцияларының толық қалпына келтірілмеуі және тіршілік әрекетінің айқын білінетін шектелу-лерінің сақталуы әлеуметтік оңалту шараларын қабылдауды талап етеді.

Мүгедектерді әлеуметтік оңалту мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-ортаға бейімделуін қалпына келтіруге бағытталған. Ол мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыруды, оларға қажетті әлеуметтік қызметтер көрсетуді, оларды көмекші (компенсаторлық) техникалық құралдармен қамтамасыз етуді, мүгедектердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге, ақпараттық ортаны пайдалануға теңдей мүмкіндіктер туғызуды, материалдық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуді және т.б. қамтиды.

Бүгінгі күні облыстағы мүгедектер табысы негізінен алынатын жеңілдік орнындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы және жергілікті бюджет төлемдері (біржолғы және тұрақты берілетін), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен құралады.

1.10.2005 жылғы жағдайы бойынша бөгде адамның көмегін қажет ететін 823 жалғызбасты мүгедек облыстық бюджеттің қаражаты есебінен мемлекеттік жәрдемақыға ай сайын қосымша үстемеақы алады.

Бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін Қарағанды облысында 2162 төсек орындық 9 мемлекеттік интернат-үйлері, оның 1- қалалық (110 төсек орындық), 8 облыстық бюджеттен қаржыландырылады (2052 төсек орындық); 360 орындық 8 мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік (әлеуметтік) ұйымдар білдіреді.

Интернат үйлер профильдары бойынша:

жүйке-неврологиялық аурулар интернаты- 3 (1150 орындық);

қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат-үйлері- 5 (652 орындық);

ақыл-ойы дамуы артта қалған балаларға арналған - 1 (350 орындық) болып бөлінеді.

Мемлекеттік интернат үйлерінде 1656 мүгедектерге медициналық-әлеуметтік оңалту жүргізіледі.

Сонымен қатар стационарлық үлгідегі (қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат-үйлері, жүйке-неврологиялық аурулар интернаты, ақыл-ойы дамуы артта қалған балаларға арналған интернат үйлері) медициналық-әлеуметтік мекемелеріне анықтауды қажет ететін азаматтар саны келесідей көрсетілген:

жалпы үлгідегі интернат үйлеріне - 25 адам;

жүйке-неврологиялық аурулар интернаттарға - 470 адам;

ақыл-ойы дамуы артта қалған балаларға арналған интернат үйлеріне- 110 адам.

Көрсетілген мәлеметтер интернат үйлерінің пайдаланымдағы ғимараттарын жаңарту, көрсетілген мекемелердің желісін кеңейту қажеттілігін дәлелдеп отыр.

Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді 48 бөлімше жүзеге асырады. Әлеуметтік қызметкерлер 4821 адамға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетеді, оның 848 мүгедектер.

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қазіргі уақытта мүгедек-балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді. Бұл бөлімшелердің негізгі міндеттері бөгде адамның күтіміне мұқтаж мүгедек-балаларды анықтау, оларды әлеуметтік дағдыларға, өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларына үйрету, демалысын ұйымдастыру, ата-аналар мен отбасы мүшелерін мүгедек балалармен араласуға және оларды күтуге үйрету, медициналық және құқықтық консультациялық көмек көрсету болып табылады.

2003 жылдан бастап 1.07.2005 жылдың аралығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін ашу кезең кезеңімен жүргізілді. Сөйтіп, 2003 жылы 11 бөлімше ашылды, онда 2003 жылдың аяғына дейін 848 балаға қызмет көрсетілді. 2004 жылдың 1 жарты жылдығында қосымша 8 бөлімше ашылды (Қарағанды қаласында, Жезқазған қаласында, Ақтоғай, Жаңаарқа, Нұра, Осакаров аудандарында) және 2004 жылдың аяғында мүмкіндігі шектеулі 1434 балаға көмек көрсетуге қамтылған, 19 бөлімшелер жұмыс істеді. 2005 жылы Жезқазған, Сәтбаев қалаларында қосымша екі бөлімшелер ашылды, 1.10.2005 жылғы жағдайы бойынша 1556 балаға көмек көрсететін 21 бөлімшелер жұмыс істейді.

Әлеуметтік қызметкерлердің облыстағы жоспар бойынша 273 бірлік болса, нақты 252 енгізілген. Мысалы, Осакаров, Ақтоғай және Абай аудандарында орта арнаулы педагогикалық және медициналық білімі бар мамандардың жоқтығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде әлеуметтік қызметкерлер штаты толықтырылмаған.

«Қазақстан Республикасындағы 2003-2005 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша мүгедектерді оңалту бағдарламасын» іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын орындау шеңберінде, Қарағанды қаласында мүгедек-балаларды және оларды тәрбиелеп жатқан отбасыларын қолдау бойынша “Лучик Надежды” қоғамдық бірлестігі жанында әртүрлі ауру түрлерімен, оның ішінде ДЦП, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, жүйке аурулары, сөйлеу, есту қабілетінің бұзылуы және басқа да аурулармен ауыратын мүгедек-балаларды әлеуметтік, шығармашылық және еңбектік оңалту орталығы жұмыс істейді. Орталықта мүгедек балалармен педагог-психологтар, логопедтер, дефектологтар, дене шынықтыру мамандары жұмыс жасайды. Балалардың орталыққа келуі ақылы негізде жүргізіледі, осыған байланысты, қазіргі уақытта және бұдан әрі де аз қамтылған отбасылардың мүмкіндігі шектеулі мүгедек-балалары, сонымен қоса дене кемістігі әсерінен үйінен шығу мүмкіндігі жоқ балалар үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде көмек көрсетіледі, ал баланың тәрбиеленуі мен оқуын төлеу мүмкіндігі бар отбасылар “Лучик Надежды” қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік, шығармашылық және еңбектік оңалту орталығының қызметін пайдаланады.

Сонымен қатар, Қарағанды қаласында 2005 жылдың қыркүйек айында “Үміт” облыстық оңалту орталығы ашылды. Алғашқыда орталық 3 тен 7 жас аралығындағы, одан әрі 7 ден 18 жастағы балалардың дамуында проблемасы бар мүмкіндігі шектеулі 60 балаға әлеуметтік-психологиялық және консултативтік көмек , емдік түзету, түзетіп-дамыта оқытуды жоспарлайды.



2005 жылға дейін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарын алу республикалық бюджет есебінен жүргізілген. 2005 жылы осы мақсатқа облыстық бюджетте 63,9 млн. теңге көзделген.


Оңалту және қызмет көрсетудің қосымша техни-калық (компенсаторлық) құралдарының тізімі

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

Кресло-күймелер

170

155

198

Балдақтар мен ходуноктар







10

Сурдоқұралдар:










Ұялы телофондар

-

-

450

телефакстар

-

-

54

көпфункционалды сигнал жүйесі

-

-

212

Есту аппараттары

386

364

462

Тифлоқұралдар:










“Книголюб-компакт” оқу кітабы

-

-

1

Брайль принтері

-

-

1

Компьютерлік тифлокешен

-

-

2

Тифломагнитола




500




Көзі нашар көретін азамат-тар үшін қол сағаттары

-

-

802

Жоғары және төменгі жақтарын, сүт бездерін протездеуге жіберілгендер (адам)

775

1284

539

Қарағанды қаласында Петропавл протездік-ортопедиялық орталығының филиалы жұмыс істейді. Облыстық орталықта және Жезқазған қаласында естуді түзету орталығының филиалдары жұмыс істейді.

Мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етудің айқын жақсарып келе жатқанына қарамастан, мүгедектердің протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмекке қажеттіліктері толық қанағаттандырылудан әлі де алыс. Бұл мүгедектер қажеттіліктерінің нақты есебінің болмауымен қатар, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар өндіретін отандық кәсіпорындардың ескірген техникалық базасымен де байланысты.

Жүріп-тұруы шектеулі, көру немесе есту кемістігі бар адамдарға тиісті инфрақұрылымды ыңғайлау талап етіледі.

2002 жылы “№3 автопарк” АҚ жүріп-тұру аппараты бұзылған мүгедектерді тасымалдау үшін “Фольксваген” маркілі арнайы жабдықталған 5 шағын автобустар алынған. Диспечерлік қызметті ұстау, пайдалану және ұстаумен байланысты шығындарды аталған көлік кәсіпорыны алады. Осыған орай, техникалық жағдайы мен тозуына байланысты бағытқа барлық автокөліктер шықпайды. Мамандардың ойынша, мүгедектерге және оларға ары қарай қызмет көрсету, арнаулы көлік алу бүгінгі күнгі өзекті проблемасы осы мақсатқа бюджет қаржысын бөлу арқылы шешілуі мүмкін.

Мүгедектердің тұрғын үйді, қоғамдық және өнідірістік ғимараттарды, көлікті, мәдени-көріністік ұйымдар мен спорт кешендерін қоса, әлеуметтік инфрақұрылымға, қоғамның әлеуметтік өміріне қиналмай қол жеткізуі олардың өміріне елеулі өзгерістер туғызады.

Қарағанды облысынында ақпараттық ортаға мүгедектердің қолы жеткізуі жеткілікті емес. Радио мен теледидардағы ақпараттық және көркем хабарларға нашар көретін және нашар еститін мүгедектердің қолы жетпейді. Осындай жағдай жалпы Қазақстанда орын алған.

Мүгедектерді қоғамға кіріктіру мақсатында, сондай-ақ кәсіптік оңалту шаралары да қажет. Кәсіптік машықтар алуды немесе бұзылғандарын қалпына келтіруді, кәсіптік бағдарлану мен жұмысқа орналастыруды кәсіптік оңалту шараларына жатқызады.

1.10.2005 жылғы жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне келген жұмыссыз мүгедектің жалпыланған портреті ұзақ жұмыс істемеген (1 жылдан астам), 40 жастан жоғары, 10 жылдан жоғары жұмыс өтілі, орта кәсіптік немесе алғашқы кәсіптік білімі және жұмыс мамандығы бар болып келеді.

Соңғы үш жылда жұмыспен қамту қызмет орындары 209 мүгедекті жұмысқа орналастырған,осыған орй ағымдағы жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша осы категорияның келуінің төмендеуі байқалады (ағымдағы жылдың 9 айында - 82 адам, 2004ж. - 158 адам). Талдау көрсеткендей, жұмысқа орналасқан мүгедектердің саны жұмысқа қабілетті мүгедектердің жалпы санының азғана бөлігін құрайды.

Қарағанды облысында мүгедектерді жұмыспен қамту, Қазақстанның барлық облыстарындағы сияқты, әжептәуір кедергілерге кездеседі, оның ішінде ең бастысы мүгедектердің еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілетінің төмендігі. Жұмыс берушілерге мүгедектерге арнаулы жасалған еңбек жағдайлары мен еңбекақы беру экономикалық жағынан тиімсіз.

2005 жылдың 9 айында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне келген мүгедектердің жалпы санының 35% әйелдер құрайды (29 адам).Жұмысқа орналасқан- 44 адам, оның ішінде әйелдер- 17 адам.

Жыл басынан бастап қоғамдық жұмыстарға мүгедектер санынан 53 адам қатысқан, ондағы 20 адам әйелдер (қоғамдық жұмыстарға қатысқандардың жалпы санынан 37%). Қоғамдық жұмыстардан кейін жұмысқа орналасқандар 6 адам немесе қоғамдық жұмыстарға қатысқандардың жалпы санынан 11%.

2005 жылдың қаңтардан қазан айы аралығында кәсіптік оқыту мен қайта даярлауға 7 адам жіберіліп, оның ішінде әйелдер- 5 адам. Кәсіптік оқытуды –6 адам аяқтады, оның - 7 жұмысқа орналастырылған.

Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ету және жеке ісін ашуға материалдық көмекті 6 адам алды (сауда-саттық қызметі).

2005 жылдың 9 айында жұмыссыз мүгедектерді әлеуметтік қорғау шараларын қамту пайызы 60% құрады.

1.10.2005 жылғы жағдайы бойынша мүгедектер санынан 36 адам есепте тұр, оның ішінде әйелдер - 27 адам (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде есепте тұрған жұмыссыздардың жалпы санынан 75,0%).

Қарағанды облысында Қазақ зағиптар қоғамының (Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Сәтбаев қалаларында) 4 оқу-өндірістік кәсіпорындары (ОӨК) мен Қазақ саңыраулар қоғамының 1 кәсіпорнындары бар. Бұл кәсіпорындар қызметінің негізгі түрлері тігін өнімдерін, тоқыма, картонаж, электротехникалық, пластмасса бұйымдарын, жиҺаз жасау, баспахана өнімдерін шығару мен жөндеу-құрылыс жұмыстарымен айналысу болып табылады. Осы кәсіпорындардың үлкен тәжірибесі бар, бірақ қазіргі уақытта ескірген құрал-жабдықтарды пайдалану мен сауатты және қазіргі менеджменттің жоқтығының себебінен пайдасыз болып отыр. Бұл мүгедектердің жұмыс орындарының санының тез төмендеуіне әсер етпей қоймады. Мысалы, Қарағанды қаласындағы ҚЗҚ кәсіпорыны өз жұмысмен 400 адамды қамтамасыз етсе, қазіргі уақытта кәсіпорында тек 40 адам жұмыс істейді, олардың жартсынан көбі- 1 және 2 топтағы көру бойынша мүгедектер.

Бүгінгі күні жұмысшыларға киім тігетін Қазақ саңыраулар қоғамының Қарағанды филиалының кәсіпорныны жұмыс істемейді, аыптық санкцияға сәйкес электр жарығы ажыратылған, жабдықтар ұрланған. Бүкіл әлем тек білім алу кезеңінде ғана емес, жұмыс орнында да мүгедектерді қоғамның басқа мүшелерінен шеттету практикасынан шығуда. Зағиптар мен саңыраулар қоғамының ОӨК мүгедектердің мамандандырылған өндірістік кәсіпорындары болып табылады. Кейінде оларды өзінің ерекше қажеттілігі немесе аса ауыр мүгедектік түріне орай еңбек рыногының талаптарына жауап бере алмайтын мүгедектерді ғана жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін (сонымен қоса несиелеу арқылы) реанимациялау керек.

Облыстың экономикасының дамуы мүгедектерді жұмыспен қамту саласында да азаматтық бастамаларының дамуына әсер етпей қойған жоқ. Мүгедектерді кәсіптік оңалту қоғамдық бірлестіктердің алдына қойған міндеттерінің бірі болып табылады. Мысылы, 2004 жылдың желтоқсан айында мүгедектердің облыстық ерікті қоғамы “Лайықты өмір” мүгедектерді оңалту орталығы құрылды, онда мүгедектерді ақпараттық технологияларға оқыту жобасы іске асырылады; мүгедек-балаларға және олар тәрбиеленіп отырған отбасыларына көмек көрсету жөніндегі “Лучик Надежды” қоғамдық қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі адамдардың мамандық алуы үшін оқу-өндірістік орталықтың жобасын әзірледі.

Мүгедектерді кәсіптік оңалту жалпы білім беру даярлығынсыз мүмкін емес.

Ерекше қажеттілікті балаларға, сонымен қатар мүгедек-балаларға білім беру қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, облыста мектепке дейіні жастан бастап жалпы орта білім алғанға дейін мүгедек балаларды сапалы оқытуға мүмкіндік беретін кешенді жүйе құрылған және жұмыс істейді.

Сонымен, облыста білім берудің түзету ұйымдарының барлық түрі жұмыс істейді:


Қарағанды облысының білім беру департаментінің деректері бойынша арнаулы түзеу ұйымдарының (бірлік) және олардағы балалардың саны (адам)


Білім берудің арнаулы түзеу ұйымдарының жүйесі

Жылдар

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

9 айы


Мектепке дейінгі арнаулы ұйымдар (бір.)

8

(6-арнаулы, 3-шипажай бақтары)



10

(8-арнаулы, 2-шипажай бақтары)



8

(5-арнаулы, 3-шипажай бақтары)



Арнаулы түзеу топтары бар, жалпы нысандағы мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы тортар саны(бір.)

69

57

78

Мектепке дейінгі арнаулы түзеу ұйымдарындағы және түзеу топтарындағы бала саны (адам)

3079

3296

3552

Білім беру арнаулы түзеу мектептері

11

11

11

Арнаулы түзеу ұйымдарындағы және жалпы білім беретін мектептердің арнаулы сынып-тарындағы бала саны

2307

2429

2819

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер(бір.)

1

2

2

Психологиялық-педагогикалық кабинеттер

-

1

1

Балаларға арналған оңалту орталықтары

-

2

2

Облыстық мүгедектік спорт мектебі




1

1

жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау