5.2. Автоматты өрт дабылының сипаттамасы.
Қабылдау-бақылау өрт мекен-жай-аналогтық 7200 құралы.
7200 құралы мультипроцессорлық негізде құрастырылған және мекен-жай, периферийлік қондырғылармен бірігіп жұмыс жасауға арналған және автоматты өрт дабылы және сөндіру қондырғыларында қолданылады.
Құрал өрт ескерткіштерінің, дабыл сигналдарының, күйі туралы және басқарушы сигналдардың өрт сөндіргіш жүйелерге берілуі мәліметтерді жинайды, өңдейді және көрсетеді.
Техникалық сипаттамалары.
Жұмыс температурасының ұсынылатын диапазоны – 15-27°С.
Жұмыс температурасының максимальді мүмкін диапазоны – 0-49 С.
Салыстырмалы ылғалдылығы (конденсациясыз) – 32С-та 85% дейін.
Қоректену кернеуі – 187-242 В, 50 1 % Гц.
Резервтік қоректену – 24 В тұрақты (12 В, 7 Ач екі аккумулятор).
Дабыл шлейфтерінің саны – 2-120.
Шлейф өткізгіштерінің максимальді кедергісі – 40 Ом.
Әрбәр шлейфке қосылатын мекен-жай қондырғысының саны – 197 (99 ескерткіштер және 98 бақылаулы және басқарушы модульдер).
Ескерту шлейфтерінің саны – 2.
Құралдың жалпы дабыл және жалпы бұзылғандық релелері бар. 80 символдық сұйық кристалды дисплей және 12 пернелі пернетақтасы бар. Құрал жылжымалы сигнал қондырғыларын басқаруға мүмкіндік береді.
Құрал құрамы. 7200 құралыкелесі бөлшектерден тұрады:
Монтажды плитплы құрал корпусы: САВ-А (492x380x102 мм).
Блоктар: қоректендіруші блогы (РSU/АСU/XFRM); жүйелерді басқару блогы (SCU); (QZU) дабылының әрбір 4 шлейфіне бір блок; (EZU) ескерткішінің әрбір 8 шлейфінебір блок; (ALU) дабылының аналогтық шлейфінің блогы; (QRU/QRU-EOL) 4 релесіне бір блок; күшейтілген (НRU) 4 релеге бір блок; 2 ескерту (DZU/XFRV) шлейфіне бір блок; (ZCU) дыбыс сигналдарын кодтау блогы; (RAU/RAU-FV) шығыс сигналдатқыштарын қосу блогы; (KDU/KDU-L) пернетақта және дисплей блогы; (DIU) интеллектуалдығын арттыру блогы.
Платалар: (EZD) 8 данаға арналған қосымша плата; 8 жарықтық (ЕZA) сигнализаторларын қосуға арналған плата.
Панель адаптері (РВА).
Қоректендіру блогы асқын жүктелуден қорғалған жалпы тоқ күші 5 А тоқ береді: 1 А батареяларды зарядтау үшін және 4 А жүйенің жұмыс жасауы үшін. Максимальді тоқ күші 1 А жағдайында сыйымдылығы 6-34 Ач батареяларды зерттейтін зарядтағыш қондырғысы бар.
SCU жүйесін басқару блогы түсіп жатқан барлық ақпаратты өңдейтін станцияны басқарушы және ақпарат орталығы б.т.
Соленоидты вентильді басқаратын тізбектер параметрлері:
Номиналды кернеу – 24 В тұрақты,
Бақылау тогы – 0,0018 В,
Дабыл кезіндегі максимальді тоқ – 1 А.
Полярлығын реверсирациялау схемасының шығыс параметрлері:
Жұмыстық кернеуі – 17-30 В,
Максимал амплитудасы – 1,7 В,
Бақылау тоғы – 0,0012 В,
Дабыл режиміндегі максимал тоқ – 0,0012 В,
Тізбек үзілумен және жермен тұйықталумен бақыланады.
Бақылау және дабыл релелерінің шығыс контактілерінің коммутациялық мүмкіндігі 2 А/24 В тұрақты.
Әрбір шлейф асқын жүктелуден жеке қорғалған және үзілуге, тұйықталуға және жермен тұйықталуға байланысты бақыланады.
Ескерту шлейфтерінің параметрлері:
Номинал кернеуі – 24 В тұрақты,
Айнымалы құраушының максимал амплитудасы – 1,7 В,
Дабыл режиміндегі максимал тоқ – 1,75 А,
Бақылау режиміндегі тоқ – 0,0008 А.
Блоктың дистанционды принтерді қосуға арналған немесе бейнетерминалды қосуға арналған стандартты К.5-232 порты бар. Екі сандық жеті сегментті бағдарламалық-диагностикалық орталығы бар, ал коды жүйенің жұмыс режимін көрсетеді.
Дисплей және пернетақта блогы жергілікті KDU-L және 80 символдық әріптік-сандық сұйық кристалды дисплейі бар. Ол жүйенің статусын және ақаулығын ескертетін диагностикалық хабарламалары бар. 12 пернелік пернетақта жүйемен байланысу үшін қажет. Құрал белсенді режимде 15 KDU-L блогын қосуға шамасы жетеді. Блоктар дистанционды түрде 1200 м ара қашықтықта орнатылуы мүмкін.
Блоктың техникалық мәліметтері:
кернеу – 24 В,
бақылау режиміндегі тоқ күші – 0,06 А,
дабыл режиміндегі тоқ күші – 0,065 А.
AUL дабылдарының аналогтық шлейфтерінің блогы аналогтық мекен-жайлық иницирлеуші қондырғылармен және басқарушы элементтермен байланысу үшін қажет. Блотың екі өрт дабылы бар және әрқайсысына 197 адрестеуші құралдарды (99 аналогтық ескерткіштер және 98 аналогтық емес кіріс/шығыс құралдары) қосуға болады. Орнатылған блоктардың максимал саны – 15. Әрбір қосымша қосылған 5 блокқа бір қоректендіруші блок орнатылады.
Дабыл шлейфтерінің техникалық сипаттамалары:
кернеу – 24 В,
бақылау тоғы – 0,065 А,
дабыл режиміндегі тоқ – 0,085 А,
тізбекте қысқаша тұйықталу кезіндегі тоқ – 0,75 А,
шлейф өткізгіштерінің максимал кедергісі – 40 Ом.
Периферийлік қондырғы ретінде блок шлейфтеріне келесі құралдарды қосуға болады:
фотоэлектрикалық аналогтық түтін ескерткіштері ASD-P, АSD-PL, 2551Т;
ионизациялы аналогтық түтін ескерткіштері АSD-I және ASD-PL;
аналогтық жылулық ескерткіштер АТD, АТD-R;
адрестеудің супервизорлық блогы АММ-2, АММ-4, АММ-4S;
шығыс құралдарының адрестеу блогы АОМ, АОМ-2;
ақауларды изоляциялау блогы М500Х.
4 зонаға арналған QZU блогы екі өткізгіштік немесе төрт өткізгіштік схема бойынша 4 дабыл шлейфтерінің қосылуын қамтамасыз етеді. Құралдың құрамында 15 QZU блогының қосылуына болады. Әрбір шлейфке қызыл диоды (дабыл) және сары диод (ақаулық) қарастырылған. Дабыл блоктарының шлейфтеріне екі өткізгішті түтін ескерткіштерінің SBS, 301, СРD және РSD түрлерін қолдануға болады.
Дабыл тізбектерінің техникалық сипаттамалары:
кернеу – 24 В тұрақты;
максимал тоқ – 0,007 А;
тізбектер бақыланады және артық жүктелуден қорғалған.
Дабыл шлейфтерінің техникалық сипаттамалары:
кернеу – 24 В,
кезекшілік режимдегі тоқ – 0,0025 А,
дабыл режиміндегі тоқ – 0,04 А.
8 зонаға арналған EZU екі өткізгіштік схема бойынша 8 дабыл шлейфтерінің қосылуын қамтамасыз етеді. Құралдың құрамында 15 ЕZU блогының қосылуына болады.
Дабыл блоктарының шлейфтеріне екі өткізгішті түтін ескерткіштерінің SBS, 301, СРD және РSD түрлерін қолдануға болады. Бір шлейфке СРD/РSD типті және SBS/301 типті ескерткіштерді біріктіруге болмайды.
Блок тізбегінің техникалық сипаттамалары:
– кернеу – 24 В (номинал);
– тоқ – 0,009 А.
DSU екі ескерту шлейфіне арналған блок дабыл құралдары бар екі шлейфті қосуға арналған және әрқайсысына 1,75 А тоқ беруге, ал екі шлейфтің жалпы ауыртпалығына 4 А беруге арналған. Блоктың басқа да құралдарды қосуға арналған қосымша 24 В (1,75 А) қоректену шығыны бар. Тізбектің қорғанысы электронды өздігінен оңдалатын сақтандырғыш арқылы іске асады.
Шлейф тізбегінің техникалық сипаттамасы:
кернеуі – 24 В (номинал);
кезекшілік режимдегі тоқ – 0,0008 А;
дабыл режиміндегі тоқ – 1,75 А.
Дистанционды дублирлеуші RAU дабылының блогы сигналдарды жарық диодтары немесе құзу лампалары бар таблоға жеткізу үшін арналған. Бір RAU блогы 32 элементті басқара алады. Бір жүйеге 15 блокқа дейін енгізілуі мүмкін және олар құралдан 1200 м қашықтықта дистанционды орнатылуы мүмкін.
5.3. АӨСҚ (АУПТ) гидравликалық есебі.
Дүкен бөлмелері ҚР ҚНжЕ 2.02.15-2003 екінші нұсқасының кестесі бойынша 1 өрт қауіптілік дәрежесіне жататынын анықтаймыз.
ҚР ҚНжЕ 2.02.15-2003 1-кестесі бойынша сумен шашу интенсивтілігін анықтаймыз =0,08 л/см2.
ҚР ҚНжЕ 2.02.15-2003 1-кестесі бойынша 1 спринклерлі шашқыштың шашу ауданын анықтаймыз Fор=12 м2.
ҚР ҚНжЕ 2.02.15-2003 1-кестесі бойынша суды толық шығындағандағы ауданды табамыз Fр=120 м2.
ҚР ҚНжЕ 2.02.15-2003 1-кестесі бойынша өрт сөндіретін су қондырғысының жұмыс жасау ұзақтығын анықтаймыз – 30 минут.
ҚР ҚНжЕ 2.02.15-2003 1-кестесі бойынша шашқыштар арасындағы қашықтықты анықтаймыз – 4 метра.
ҚР ҚНжЕ 2.02.15-2003 2.14 пунктіне сәйкес сприклерлі шашқыштар мен нашар жанғыш жылытқышы бар жабындыға дейінгі ара қашықтықтық 0,8 метрден артық болмауы тиіс, оны 0,5 метрге тең деп алайық. ҚР ҚНжЕ 2.02.15-2003 2.14 пунктіне сәйкес спринклерлік шашқыштырдан бөгеттер беткейлеріне дейінгі ара қашықтық 0,08-0,4 метр арасында болуы тиіс, 0,3 метрге тең деп алайық.
Шашқыштарды таңдау: өртті сәтті өшіруге қажетті шашқыштардың шашу қуаттылығы келесі формуламен анықталады: л/с.
Бақылау-қосу қондырғысынан алмақ орналасқан өрт сөндіру есептелген ауданға шашатын спринклерлер санын анықтаймыз.
шт.
Басты шашқыш жұмсайтын су мөлшері келесі формуламен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |