15 Аудиттің қорытынды кезеңі



жүктеу 50,69 Kb.
бет1/3
Дата20.01.2022
өлшемі50,69 Kb.
#33764
  1   2   3
Лекция 15


15 Аудиттің қорытынды кезеңі
Барлық қажетті процедураларды өткізгеннен кейін соңғы кезеңде аудитор өзінің жұмыс құжаттары негізінде тексеру барысында алынған ақпараттарды қорытындылап, осылардың негізінде аудиторлық есеп-қисап қаржылық есептілігінің растығы туралы кәсіби ой пікір қалыптастырады және оны фирма басшылығына ұсынады: басшылыққа хат; аудиторлық есеп; атқарылған жұмыстарды қабылдау акті.

Аудиторлық есептің негізі мынадай элементтерден тұрады: тақырып, мекен жай, кіріспе бөлім, аудиттің көлемін анықтайтын бөлім, қорытынды бөлім, есеп берілген күн, аудитордың мекен-жайы, аудитордың қолы.

Аудиторлық есеп төмендегідей ретпен орналасатын негізгі элементтерден тұрады:


  1. тақырып;

Аудиторлық есептің тиісті тақырыбы болуы тиіс. Аудиторлық есепте, мәседен субъект қызметкерлері тәуелсіз аудиторға тән кәсіби этикалық талаптарды сақтауға міндетті емес , басқа да адамдардың есебінен ажырату мақсатында «тәуелсіз аудитор» деп тақырып қойған дұрыс болады.

Аудиттің соңғы кезеңінің құрылымы

700 ХАС

800 ХАС













Атқарылған жұмысты қабылдау акті

Арнайы бағыттағы аудиторлық есеп

Басшылыққа хат

Қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп


Корпоративтік табыс салығы туралы есеп.

Жарғылық қордың жинақ-талуы туралы және басқа қор-лар туралы есеп



Ішкі стандарт бойынша жасалады.

1 Кіріспе бөлім

2 Негізгі бөлім

3 Қорытынды бөлім

Анықталған қа-телер мен ауыт-қуларды түзету жөніндегі ұсы-ныстар

Аудиторлық пікір:

1 Ескертусіз пікір

2 Ескертпе пікір

3 Теріс пікір

4 Пікір беруден бас тарту

Сурет 9 – Аудиттің соңғы кезеңінің құрылымы




  1. мекен-жай;

Аудиторлық есеп аудит жүргізудің талаптарына және басқа да шарттарына сәйкес тиісті дәрежеде белгілі мекен-жайға бағытталуы тиіс. Қорытынды, әдетте қаржылық есептілік тексеріп жатқан субъектінің бақылау кеңесіне немесе акционерлерге бағытталады.

  1. кіріспе бөлім:

а) аудитке тартылған қаржылық тізімі; түсінік хаттар қаржылық есептіліктің бөлінбес бөлігі болып табылады;

ә) субъект басшысы мен аудитордың жауапкершілігі жайындағы тұжырымдар.

Аудитрлық есепте тексеріліп жатқан субъектінің қаржылық есептілігінің жасалған күні көрсетілген тізімі болуы тиіс, жылдық есеп беттерінің номерлерін көрсетуге болады.

Аудиторлық есепке субъект басшының қаржылық есептілік тарапындағы ал аудитордың жүргізілетін аудит негәзәнде қаржылық есептілік жөніндегі жауапкершіліктері атап көрсетілуі тиіс.

Қаржылық есептілік – субъект басшысы тарапынан берңлетін ақпарат. Оның баярлау барысы басшылық тарапынан елеулі түрде субъективті баға беруді және пікір білдіруді, бухгалтерлік есептің негізгі принциптерінің қолданылуын және бухгалтерлік есептің тиісті әдістерінің пайдалануын талап етеді.

Кіріспенің мысалы:

«Біз «А» компаниясының төменде көрсетілген бухгалтерлік балансы мен 20... жылғы 31 желтоқсанға дейінгі пайда және зиян туралы есебіне, ақша қаражаты қозғалыстары туралы тиісті есебіне аудит жүргіздік. Осынау қаржылық есептілікке компанияның бастығы жауап береді. Біз жүргізілген аудит негізінде осы қаржылық есептілік жөнінде білдірген пікіріміз үшін жауап береміз»


  1. аудиттің көлемі мен сипатын суреттеу:

а) аудит ережелеріне, ал егер тиісті ережелер болмаған жағдайда қалыптасқан тәжірибеге сілтеме жасау;

ә) аудитор атқарған жұмыстың сипаттамасы.

Аудиторлық есепте аудиттің Қазақстан Республикасында бекітілген Ережелеріне, ал егер олар жоқ болған жағдайда қалыптасқан тәжірибеге сәйкес өткізілгені туралы сілтеме жасай отырып аудиттің ауқымы көрсетіліуі тиіс. «Масштаб» дегеніміз аудиторға дәл осы жағдай шеңберінде аудиторлық үдерістерді атқаруға мүмкіндік беру деген сөз. Мұның өзі пайланушы тарапына Аудит ережеліріне немесе қалыптасқан тәжірибеге сәйкес өткізілгені турасында сенім ұялатады.

Аудиторлық есепте төмендегідей жағдайлар қамтылды деп көрсетілуі тиіс:



  1. Қаржылық есептілік пен оның ашылуындағы көрсеткіштердің дәлелдері сынақ негізінде зерттеледі.

  2. Қаржылық есептілікті даярлау барысында бухгалтерлік есептің негізгі принциптері қолданылады.

  3. Қаржылық есептілікті даярлау барысында басшылық тарапынан елеулі түрде субъективті баға берілді және пікір білдірілді.

  4. Қаржылық есептілікке жалпы алғанда толық баға берілді.

Қорытындыда аудит пікір білдіруге жеткілікті мөлшерде негіз болды деген дәйектеме орын алуы тиіс.

Төменде аудиттің көлемін көрсету, сипатын баяндаудың мысалы келтірілген.

«Біз аудитті Қазақстан Республикасының бекітілген Аудит ережелеріне сәйкес өткіздік. Осы Ережелер аудитті қаржылық есеп-қисапта елеулі қателіктер болмайды деген сенімді басшылыққа ала отырып жоспарлауға және өткізуге міндеттейді. Аудит қаржылық есептілік пен оның ашылуындағы көрсеткіштердіңдәлелдері сынақ негізінде зерттелуін қамтыды. Аудит, сонымен қатар оны даярлау барысында басшылық тарапынан елеулі түрде субъективті баға беруді және пікір білдіруді, бухгалтерлік есептің негізгі принциптерінің қолданылуын, қаржылық есептілікке жалпы алғанда толық баға берілуін қоса қамтыды. Өткізілген аудит пікір білдіруге жеткілікті мөлшерде негіз болды деп санаймыз»


  1. қаржылық есептілік жөнінде пікір білдіру;

Аудиорлық есепте аудитордың қойылған талаптарға сәйкес даярланып ұсынылған қаржылық есептіліктің нақтылығы және сенімділігі туралы пікірі анық көрсетілуі тиіс.

Аудиторлық есепте мынадай терминдер қолданылады: «нақты және сенімді жағдайды бейнелейді» немесе «бүкіл елеулі аспектілер бойынша сенімді жағдайды бейнелейді» Осы екі терминнің мағыналары бірдей. Осы екі термин, сонымен қатар аудитордың қаржылық есептіліктегі елеулі аспектілерді ғана қарастыратынын байқатады.

Қаржылық есептілікті жасаудың талаптары бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік заң актілері бойынша анықталады. Пайдаланушыға «сенімділік» тарапындағы мазмұнды байқату үшін аудиторлық есепте тағайындалған талаптарға «қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес» деген тіркесті қолдана отырып сілтеме жасалуы тиіс.

Аудиторлық есепте нақты жіне сенімді жағдайды бейнелейді немесе бүкіл елеулі аспектілер бойынша сенімді жағдайдыбейнелейді немесе бүкіл елеулі аспектілер бойынша сенімді жағдайды бейнелейді дейтін пікірден бөлек, қаржылық есептіліктің тиісті заң актілерінде көрсетілген басқа дааптарға сәйкестігі жөнінде де пікір білдірілуі мүмкін.

Төменде пікір білдірудің мысалы келтірілген:

«Біздің пікіріміз бойынша, бухгалтерлік есепптің Қазақстан Республикаснда бекітілген стандарттарына сәйкес, қаржылық есептілік компанияның қаржылық талабынан 20... жылғы 31 желтоқсанға дейігі және қаржылық шаруашылық іс әркетінің және ақша қаражаты қозғалыстарының осы күнге дейінгі қлрытындылырының нақты әрі сенімді жағдайын бейнелейді»

Тиісті нормативтік-құқықтық акт көрсетіледі.


  1. аудиторлық есеп берілген күн;

Аудитор аудиторлық есепте аудит аяқталған күнді көрсетіп белгілейді. Мұнда өзі пайдаланушы тарапынан аудитордың осы күнге дейінгі өзіне белгілі болған оқиғалар мен існамалардың қаржалық есепттңлік пен қорытындыға тигізген әсерін қарастырғаны жайында мағлұмат береді.

Басшылық тарапынан даярланып ұсынылған қаржылық есепптілікке қорытынды жасау аудитордың міндетіне жататындықтан, аудитордың есепті қаржылық есептілікке басшылық тарапынан қол қойылған күннен белгілеуіне рұқсат етілмейді.



  1. аудит жүргізген адамның аты-жөні мен мекен-жай;

Аудиторлық есепте аудит жүргізуге жауапты адамның аты-жөні мен заңды мекен-жайы көрсетіледі.

  1. аудит жүргізген адамның қолы.

Аудиторлық есепте аудитті жүргізу турасында өзіне міндет алған заңды тұлғаның бірінші басшысы лицензия номерін көрсетіп қол қояды немесе қажет болған жағдайда бірінші басшы мен аудитті тікелей жүргізген аудиторлар қол қояды.

Аудиторлық есептің түрі мен мазмұнының бірегейлі оны пайдаланушылардың түсінігін жеңілдету және әдеттен тыс жағдаяттар пайда бола қалған жағдайда оларды тауып анықтау үшін қажет.




жүктеу 50,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау