Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: ______________ Л.Ж.Елимбетова
Колледж психологы: ____________ Г.М.Абдибаттаева
Топ тәлімгері: _____________ П.Қ.Омарова
«Orda» жоғары колледжі
0516000 –Қаржы мамандығы бойынша
Ф-9-18г оқу тобының студенті
Қуаныш Елнұр Ерланұлы
психологиялық – педагогикалық
МІНЕЗДЕМЕ
Жеке тұлға туралы мәліметтер: Қуаныш Елнұр Ерланұлы 07.01.2003 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжіне 2018 жылы 0516000 – «Қаржы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, Ф-9-18 оқу тобына оқуға қабылданды. Отбасы жағдайы жақсы, отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасы жақсы. Отбасымен бірге тұрады, денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу іс-әрекеті мен жеке тұлғаның бағыт – бағдары мен арнаулы қабілеттері: Қуаныш мінезі ашық, көпшілікпен бірге болғанды қалайды. Әртүрлі жағдайларға тез бейімделеді. Айналадағы адамдармен үйлесімді қатынас орната біледі. Алға қойылған мақсатына жетуге табандылық танытады. Бастаған істі аяғына дейін жеткізеді. Байыпты, сабырлылық сақтай біледі. Интеллектісі және есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Өте сезімтал. Оқуға, еңбекке деген ынтасы, қабілеті басым, жаңашыл. Жетістікке жетуге талпынады. Кез-келген жұмысты жинақы, ұқыпты орындайды. Өзіне-өзі сенімді, айналадағы адамдарға әрдайым көмек беруге дайын тұрады. Еңбекқор, шыдамды, достарына адал, мейірімді. Сөзі логикалық жүйеде, тез және анық сөйлейді. Жетекші болуға қабілетті. Бәсекелестікке жақын. Өз бағытының тиімділігін дәлелдей алады. Еңбекке көзқарасында белсенділік көрініс береді.
Ұжымға және колледжге деген қатынасы: Үлгірімі өте жақсы. Қоғамдық және мәдени іс-шараларға белсене араласады. Достарына сыйлы, адал, кішіпейіл тұлға. Тапсырылған жұмысты тиянақты, жауапкершілікпен атқарады. Шыдамды, істің аяғын бақылай алады. Берілген сұраққа ойланып, тиянақты жауап береді. Достарымен ашық жарқын араласады. Адамгершілігі мол, кез келген тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен атқарып шығады.
Оқу тобындағы барлық студенттермен тең қарым-қатынас сақтайды, жалпы көпшілікте сабырлы, көңіл-күйі бірқалыпты, сондықтан оның тәртібін өте жақсы деп бағалаймыз.
Мінез және темперамент ерекшеліктері: Сангвиник темпераменті басым. Елнұр мінезі ашық, көпшілікпен бірге болғанды қалайды. Сезімталдық және өзгелерді түсіне білу қасиеті басым. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Дұрыс шешім таба біледі.
Жалпы психологиялық - педагогикалық қорытынды: Елнұр тұлға болып қалыптасудағы өзіндік ерекшеліктерін, мамандыққа қызығушылығын ескере отырып, Қуаныш Елнұр Ерланұлы болашақта білімді де, білікті маман, кемел тұлға болады деп сенім білдіремін.
Достарыңызбен бөлісу: |