Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: ______________ Л.Ж.Елимбетова
Колледж психологы: ____________ Г.М.Абдибаттаева
Топ тәлімгері: _____________ П.Қ.Омарова
«Orda» жоғары колледжі
0516000 –Қаржы мамандығы бойынша
Ф-9-18г оқу тобының студенті
Мусаева Назерке
психологиялық – педагогикалық
МІНЕЗДЕМЕ
Жеке тұлға туралы мәліметтер: Мусаева Назерке 23.02.2002 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжіне 2018 жылы 0516000 – «Қаржы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, Ф-9-18 оқу тобына оқуға қабылданды. Отбасы жағдайы жақсы, отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасы жақсы. Отбасымен бірге тұрады, денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу іс-әрекеті мен жеке тұлғаның бағыт – бағдары мен арнаулы қабілеттері: Назеркенің үлгірімі жақсы, өзін - өзі бірқалыпты ұстайды. Алға қойған мақсатқа жетуде табандылық таныта біледі. Ұжымдық пікірді әрдайым қолдайды. Барлық ережелер мен нұсқауларды толық ескереді және ұстанады. Оқу тобындағы жолдастарымен қарым-қатынасы жақсы, ешкіммен шиеленіске келмейді, барлығымен дос, барлық жолдастарын жақсы көреді, оларға қамқор болғанды ұнатады. Қоғамдық жұмыстарда өз тобының мүддесі үшін өз бойындағы іскерлігін таныта біледі. Топта пікірін анық жеткізе біледі. Ойлау қабілеті жоғары дамыған. Кез-келген жағдайға төзімді, өзін ұстай алады. Жаңа нәрселерді білуге деген қызығушылығы басым. Айналасына құрметпен қарайды. Сөзі логикалық жүйеде, тез және анық сөйлейді. Жетекші болуға қабілетті. Өз бағытының тиімділігін дәлелдей алады. Еңбекке көзқарасында белсенділік көрініс береді. Пән оқытушыларының да Назерке туралы көзқарастары өте жақсы.
Ұжымға және колледжге деген қатынасы: Жетістікке жетуге талпынады. Кез-келген жұмысты жинақы, ұқыпты орындайды. Өзіне-өзі сенімді, айналадағы адамдарға әрдайым көмек беруге дайын тұрады.
Мінез және темперамент ерекшеліктері: Меланхолик темпераменті басым. Назерке мінезі тұйықтау, өте сабырлы, байыппен қозғалады, көпшілікпен бірге болғанды қалайды. Сезімталдық және өзгелерді түсіне білу қасиеті басым. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Дұрыс шешім таба біледі.
Жалпы психологиялық - педагогикалық қорытынды: Тұлғаның қалыптасқан жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, Мусаева Назерке болашақта білімді де, білікті маман болатынын сеніммен айта аламын.
Достарыңызбен бөлісу: |