Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: ______________ Л.Ж.Елимбетова
Колледж психологы: ____________ Г.М.Абдибаттаева
Топ тәлімгері: _____________ П.Қ.Омарова
«Orda» жоғары колледжі
0516000 –Қаржы мамандығы бойынша
Ф-9-18г оқу тобының студенті
Өтепберген Аруна Мұратқызы
психологиялық – педагогикалық
МІНЕЗДЕМЕ
Жеке тұлға туралы мәліметтер: Өтепберген Аруна Мұратқызы 03.12.2002 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжіне 2018 жылы 0516000 – «Қаржы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, Ф-9-18 оқу тобына оқуға қабылданды. Отбасы жағдайы жақсы, отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасы жақсы. Отбасымен бірге тұрады, денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу іс-әрекеті мен жеке тұлғаның бағыт – бағдары мен арнаулы қабілеттері: Аруна ұқыптылығымен және жақсы тәртібімен ерекшеленеді. Тәртіпті, көбіне жағымды мінезі басым, көп сөйлемейді, беделді. Бектұрдың үлгірімі жақсы, өзін - өзі бірқалыпты ұстайды. Алға қойған мақсатқа жетуде табандылық таныта біледі. Ұжымдық пікірді әрдайым қолдайды. Барлық ережелер мен нұсқауларды толық ескереді және ұстанады. Оқу тобындағы жолдастарымен қарым-қатынасы жақсы, ешкіммен шиеленіске келмейді, барлығымен дос, барлық жолдастарымен жақсы қарым-қатынасты сақтайды. Топта пікірін анық жеткізе біледі. Ойлау қабілеті жоғары дамыған. Кез-келген жағдайға төзімді, өзін ұстай алады. Жаңа нәрселерді білуге деген қызығушылығы басым. Айналасына құрметпен қарайды. Сөзі логикалық жүйеде, тез және анық сөйлейді. Өз бағытының тиімділігін дәлелдей алады. Еңбекке көзқарасында белсенділік көрініс береді.
Ұжымға және колледжге деген қатынасы: Топтық, ұжымдық жұмыстарда белсенділік көрсете біледі. Теориялық білімді жақсы меңгерген. Бастаған ісін тиянақтылықпен аяқтайды. Үлгірімі жақсы. Оқу орнының қойған талаптарына бағынады.
Мінез және темперамент ерекшеліктері: Мінезі ашық, ұстамды. Өмірде ұқыптылық пен тәртіпті ұнатады. Өте сезімтал, өз ісіне тиянақты. Мәліметті тыңдағанда оның мәнісіне толық түсінуге, меңгеруге тырысады. Холерик темпераменті басым. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Дұрыс шешім таба біледі.
Жалпы психологиялық - педагогикалық қорытынды: Тұлғаның қалыптасқан жеке басының жетістіктерін ескере отырып Өтепберген Аруна Мұратқызы болашақта білімді де, білікті маман болатынын сеніммен айта аламын.
Достарыңызбен бөлісу: |