Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: ______________ Л.Ж.Елимбетова
Колледж психологы: ____________ Г.М.Абдибаттаева
Топ тәлімгері: _____________ П.Қ.Омарова
«Orda» жоғары колледжі
0516000 –Қаржы мамандығы бойынша
Ф-9-18г оқу тобының студенті
Әбутәліп Әсет Полатұлы
психологиялық – педагогикалық
МІНЕЗДЕМЕ
Жеке тұлға туралы мәліметтер: Әбутәліп Әсет Полатұлы
24.05.2001 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжіне 2018 жылы 0516000 – «Қаржы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, Ф-9-18 оқу тобына оқуға қабылданды. Отбасы жағдайы жақсы, отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасы жақсы. Отбасымен бірге тұрады, денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу іс-әрекеті мен жеке тұлғаның бағыт – бағдары мен арнаулы қабілеттері: Әсеттің үлгірімі жақсы, өзін - өзі бірқалыпты ұстайды. Алға қойған мақсатқа жетуде табандылық таныта біледі. Барлық ережелер мен нұсқауларды толық ескереді және ұстанады. Оқу тобындағы жолдастарымен қарым-қатынасы жақсы, ешкіммен шиеленіске келмейді, барлығымен достықты сақтай біледі. Топта пікірін анық жеткізе біледі. Ойлау қабілеті жақсы дамыған. Кез-келген жағдайға төзімді, өзін ұстай алады. Өз бағытының тиімділігін дәлелдей алады. Еңбекке көзқарасында белсенділік көрініс береді. Интеллектісі және есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Оқуға, еңбекке деген ынтасы, қабілеті жақсы, жаңашыл. Жетістікке жетуге талпынады. Кез-келген жұмысты жинақы, ұқыпты орындайды. Өзіне-өзі сенімді, айналадағы адамдарға әрдайым көмек беруге тырысады. Еңбекқор, шыдамды, сабырлы. Бәсекелестікке жақын.
Ұжымға және колледжге деген қатынасы: Еңбекқор, әрбір іске төзімділікпен қарайды. Жеке іс-әрекетін ұйымдастыруда өзіне бақылау жасай алады, ортаға тез үйренуге тырысады. Сынды дұрыс түсінеді және сол сынды түзетуге тырысады.
Үлгірімі жақсы. Әсет мейірімді, мінезі бірқалыпты. Достарына адал, сыйлы, қоғамға бейім. Берілген тапсырманы уақытылы орындайды.
Мінез және темперамент ерекшеліктері: Меланхолик темпераменті басым. Әсеттің мінезі тұйықтау, өте сабырлы, байыппен қозғалады, көпшілікпен бірге болғанды қалайды. Сезімталдық және өзгелерді түсіне білу қасиеті басым. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Дұрыс шешім таба біледі.
Жалпы психологиялық - педагогикалық қорытынды: Тұлғаның қалыптасқан жеке басының жетістіктерін ескере отырып Әбутәліп Әсет Полатұлы болашақта білімді де, білікті маман болатынын сеніммен айта аламын.
Достарыңызбен бөлісу: |