Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Шетел тілдері факультеті
Шетел филология кафедрасы
ШЕТ ТІЛДЕРГЕ ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ӘДІСТЕМЕСІНЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Әдістемелік құрал
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО СОВРЕМЕННОЙ МЕТОДИКЕ ОБУЧЕНИЯ ИНОСТРАННЫМ ЯЗЫКАМ
Методическое пособие
Павлодар
УДК 37 2.881.1
ББК 74.268.1
Ш50
Шетел тілдері факультетінің Әдестемелік кеңесімен ұсынылды
Рецензент:
филология ѓылымының кандидаты, профессор Ќалиева А.Ќ.
Ќ±растырушылар: п.ѓ.к., доцент Ќайырбаева А.Қ.
аѓа оќытушы Дµненқүлова Р.Ѓ.
Ш50 Шет тілдерге оқытудың қазіргі әдістемесіне арналған әдістемелік құрал. Павлодар. 155 б.
Бұл құрал тіл мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындары мен шет тіл факультеті студенттеріне арналған. Құралдың негізгі мақсаты- отандық тіл білімінің қазіргі ахуалы мен даму перспективасы, оқушылардың лингвомәдени дайындығының деңгейімен сапасына қойылатын талаптар туралы түсінік беру.
УДК 37 2.881.1
ББК 74.268.1
© Ќайырбаева А.К. Дµненқүлова Р.Ѓ., 2007
©С. Торайѓыров атындаѓы Павлодар мемлекеттік университеті, 2007
Кіріспе
1970-1980жж. Лингвистикалық зерттеулерді бағыттылығына себепші болған әдістемелік жағынан радикалдық бетбұрыс шет тілдерде қарым-қатынастың қалыптастыру қыбілеттерінің айқын байқалған прагматикалық бағыттылығында анық көрінеді
Қазіргі әдістемелік ғлымның терминологиялық аппараты келесі категориялармен толықтырылады:
1) сөйлеу қабілеті;
2) коммуникативтік біліктілік;
3) қарым-қатынастың әлеуметтік факторлары;
4) буынды тілдік тұлға.
Аталмыш оқу әдістемелік құралдың негізгі мақсаты –тіл білімнің қазіргі жағдайы мен болашақтағы даму және оқушылардың лингва-мәдени дайындығының деңгейімен сапаға қойылған талаптары туралы түсініктеме беру. Қазіргі тіл білімінің дамуы мен қызмет көрсету саласының күрделілігі мен динамикалығы өзінің субъектілеріне жаңа талап қояды. Мұғалім тек қана өзінің пәнінде оқытудың жекек иновациялық-технологияларын мүлтіксіз білуге тиіс емес, сонымен қатар оның негізінде жаткан заңдылықтыңң мәнін түсіну және олардың бастамасы мен болашақтағы дамуын көру. Аталмыш құрал болашақ ұствз студенттерде шет тілін оқыту теориясы ғылым саласы ретінде және ауызша-жазбаша қарым-қатынастың дамуында, оның оқу үрдісінің құрылу заңдылықтары туралы жалпы түсініктемелерді қалыптастыру. Бұл әдістемелік ғылымның дамуының тілдер иен мәдениеттерді оқыту және зерттеу үрдістерін мәдени аралық порагдималық зерттеулерге ізбасарлық бет бұруымен байланысты өтпелі кезеңінде аса маңызды.
Соңғысы ең табиғилық түрде әдістемелік ғылымның ұғымдық категориялық аппаратының қайта ұғынуын, жаңа тәсілдердің негізін, тілдерге үйретудің құралдары мен амалдарын, мұғалімнің өзіне артылығын функционалды міндетінің спецификасын талап етеді.
1 Шет тілдерін оқытудың лингводидактикалық негіздері
1.1 Әдістеме ғылым ретінде. Әдістеме пәні.
1.2 Қайталама тілдік тұлғаның лингводидактикалық моделі.
1.1.1 Қазір оқытуда алға қойылған мақсаттарды, мазмұн мен нақты жағдайларды ескере отырып, әдістеме пәні оқытудың ғылыми негізделген мақсаты мен мазмұны болып табылатын теориялық және қолданбалы ғылым ретінде түсінуді жалпы көпшілік мойындады. Шет тілді оқыту әдістемесі бірқатар ғылымдармен байланысты және олар анықтаған фактілер мен жасаған заңдылықтарын пайдаланады.
Әдістеме байланыстары сан алуан, шартты түрде 3 топқа бөлуге болады. Біріншіден, әдістеме лингвистика мәліметтеріне сүйенеді. Лингвистиканың шет тілдері сабақтарында оқылатын пән де болып саналатын тілді өзінің зерттеу объектісі етіп қарастыратыны белгілі. Әдістеме негізгі лингвистикалық ұғымдармен заңдылықтарды пайдаланды, пайдаланады да, себебі олар оқыту ерекшелігін айқындап отыр. Тек соңғы жылдары лингвистердің адамға сөйлеу қимылдарын жасау қабілетіне дайындығы тұрғысынан тілдік тұлға ретінде қарауы шет тілін оқытудың әдіснамалық негіздерін қайта қарауды қажет етті.
Екіншіден, әдістемеде психологиямен тығыз байланыс бар. Психологияда объект ретінде адам психикасының табиғи, әлеуметтік, нақты тарихи жағдайда психикалық функциясының қызметі мен дамуы ерекшеліктерінің алынатыны белгілі. Бұл заңдылықтарды білу шет тілін оқытумен айналысатын маман адамға білімді, дағды мен шеберлікті меңгерту үрдісін тиімді де нәтижелі құруына көмектеседі.
Осыған байланысты әдістеме үшін мақсатты педагогикалық ықпалдың әсерімен оқушыларда психикалық қасиеттер мен үрдістер функциясының заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін педагогикалық психология мәліметтерінің мәні ерекше. Соңғы уақытта әдістемеде психология мен лингвистиканың тоғысында туған және сөз тудыру (ойды айту) мен сөзді тану (сөзді түсіну) механизмдерін зерттейтін ғылымның жаңа саласы – психолингвистиканың маңызы артып келеді. Бұл әдістемеге шет тілдік сөйлеу қызметінің әр түрлерін оқыту модельдерін жасауға көмектеседі.
Үшіншіден, әдістеме ішінара және жалпы қатынаста лингводидактика мен тәрбие теориясының ортақ қағидаларына негізделеді, себебі лингводидактика мен тәрбие теориясы жалпы оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын, ұстанымдары мен ережелерін қалыптастырады, ал әдістеме нақты пәнге, біздің жағдайымызда „Шет тілі“ пәні қатысты осы қағидаларды нақтылайды. Дидактика адамның шет тілдік қатынасы қабілеттерінің механизмінің функциясы мен жасақталу қабілеттеріне қатысты заңдылықтарды қалыптастырса, әдістеме осы мәліметтерді нақты оқулықтарда, жаттығулар жүйесінде, оқыту құралдарында, оқу үрдісінде өткереді.
Сөйлеу мен ақпаратты жеткізу үрдістерін зерттейтін басқа ғылымдарға қарағанда лингвистика, психология, дидактика әдістемемен барынша тығыз байланыста. Сондықтан бұл ғылымдар шет тілге оқыту әдістемесіне базалық болып аталады.
1.2.1 Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап лингвистикалық зерттеулерде процессуальды, қызметтік лингвистикалық пайдасына басымдылық жүйелілігінен бас тарту байқалады.
Тіл мамандарын „тіл – қатынас құралы, қаруы, аспабы“ деген қарапайым жаттандылық қанағаттандырмайды. Олардың қызығушылық аясына әлеуметтік өзара әрекеттестік барысында туындаған сан алуан мақсаттарға жету үшін тілді қолдану механизмдерін зерттеу енді. Осыған байланысты лингвистикалық зерттеулер барынша айқын көрінетін прагматикалық бағыт алды, ғылыми зерттеулердің негізгі міндеті – тілдің құрылысы емес, қызметі болды. Лингвистикалық прагматиканы жақтаушылар нақты айтушы / тыңдаушы / жазушы/ оқушының тілді нақты жағдайды қолданғанда ғана тілді үйренеді, тілдің функциясы коммуникативтік актіге қатысушы қолданған контекст пен жағдайлық фактілердің бүкіл жиынтығы назар алынғанда ғана анықталады деген қорытындыға келді.
Сөз қатынасының табыстылығы толық мәнінде қатысушылардың бір-біріне қатынас міндетіне бара-бар ықпал ету қабілетіне және өзінің сөйлеу және үнсіз мінез-құлқын коммуникативтік біліктілік аталатын қатынас міндеттеріне барабар ұйымдастыра білуіне қатысты деген қағида лингвистикалық зерттеулердің маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады.
Лингвистер қатынасу қабілетін дамыту тек тілдік біліктілікті дамытумен, яғни тілдік құралдар мен оларды нақты тілдің заңына сәйкес қолдану ережелерін білумен шектелмейді деген тезис ұсынуда. Қатынасу қабілетін дамыту әр түрлі араласуды орнықтыру мақсатында тілдік құралдарды қатынасудың әр түрлі жағдайларында қолдану қабілетін, сол сияқты қатынас жағдайын бағалау, талдау қабілетін дамытумен, өзінің коммуникативтік әлеуметін субъективті бағалаумен және қажетті шешім қабылдаумен байланысты.
Лингвистикалық зерттеулердің айқын байқалған прагматикалық бағыттылығы ұғымдық ақпаратына коммуникативтік біліктілік, сөйлеу қабілеті, қатынастың әлеуметтік факторлары және басқа категорялар енген ғылым ретінде әдістеменің жалпы концептуальды позициясында байқалады.
Қазіргі лингвистика күш-жігерін адамның қоғамдық-практикалық қызметіне енетін қоғамдық құбылыс ретінде тілді зерделеуге, сөздік қатынасқа қабілет механизмін табуға, осы қатынастың өтуін айқындайтын заңдылықтарды белгілеуге жұмсайды.
Тілді үйренуге лингвистикадан соң лингводидактика назар аударып, шет тілді үйрену тұрғысынан қайталама тілдік тұлғаның құрылымы мен мазмұнын сипаттауды өзіне мақсат етіп қойған. Қайталама тілдік тұлға дегеніміз адамның басқа мәдениет өкілдерімен тең дәрежеде араласу түсінігінде мәдениетаралық деңгейде шет тілде сөйлесіп, араласу қабілеттерінің жиынтығы. Ол үйреніп жүрген тілдің вербальды – семантикалық кодын, яғни сол тілде сөйлеушілердің „әлемдік тілдік суретін“ және адамның жаңа таныс әлеуметтік ақиқатты түсінуіне мүмкіндік беретін әлемнің „ауқымды“ суретін меңгеруден құрастырылады.
Жоғарыда айтылғандардан оқытудың басымдылық сапасы тілдің жүйесі мен оқыту мазмұнын жеткізу үрдісу емес, оқытудың мазмұндық сапасы, демек оқу үрдісінің субъектісі ретінде оқушылардың қызығушылығы мен сұраныстары деген қорытынды шығады. Осыдан келіп, оқытудың әлеуметтік-мәдени факторлары, пайым мен ана тілі, бөтен мәдениетпен қатынас үрдісі барысында оқушының қабілетін дамыту тәрізді оқыту аспектілері қазіргі әдістемеде ерекше мәнге ие болуда (1 нобай).
Сөйтіп, лингводидактика, онымен қоса әдістеме қайталама тілдік тұлғаның концептін алып, шет тілді оқыту жүйесін сол жүйенің субъектісі ретінде оқушының тұлғасына қайта бағдарлау идеясын ұсынуда. Сонда жаңа методологиялық шешім аясында шет тілді оқыту үрдісі дегеніміз оқушының жеке басын, әлеуметтік қабілеттерін дамыту үрдісі.
Қазіргі кезеңде шет тілді оқыту мақсатын былайша көрсетуге болады (1 жоба):
Лингводидактика
Қайталама тілдік тұлға деген не?(қалыптасу жағдайларының механизмдері, талдау
Жалпы әдістеме
---------------------
Жеке әдістеме
Қайталама тілдік тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдарының негіздемесі (мақсат, мазмұн, әдіс, құралдар)
Коммуникативтік біліктілік
Мәдениетаралық біліктілік
1 жоба
2 Шет тілін оқытудың ұстанымдары және мазмұны
2.1 Қазіргі кезеңде тулғалық-бағдарлық бағыт пен қызметтік негіз шет тілін оқытудың жетекші ұстанымдары ретінде.
2.2 Шет тілін оқыту мазмұнының компоненттері.
2.1.1 Нақты оқу үрдісінің маңызды функциясы мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасын орнықтыратын «ерекше түрде құрастырылған қатынас немесе қатынастың ерекше түрі ретінде қарастыру қажет. Оқу үрдісі субъектілерінің бірлесіп келісілген қызметінің үрдісі ретінде көрінеді. Оқушылардың басқа тілде сөйлеу тәжірибесін меңгеруі мен жаңа мәдениет пен ұлттық құндылықтарды тануы осындай қарым-қатынастың нәтижесі болып табылады.Оқытумен тәрбиелеу мақсатында оқытушының оқушыға нысаналы ықпалы туралы 60-70 жылдарда педагогика ғылымының орнына білім берудің жаңа тұлғалық-бағдарлық тұжырымдамасы келді.Білім берудің тұлғалық-бағдарлық бағыты оның мазмұнын түбегейлі өзгертті, онда:
оқушылардың әлеуметтік тәжірибені, яғни қоғамда,нақты социумда қалыпты өмір сүруге қажетті білімдер мен шеберліктерді меңгеруге ықпал етуге;
мектеп оқушысының еркін ойлау қабілетін ынталандыруға;
мектеп оқушысының бойында дүниетанымды қалыптастыруға, тұтас әлем көрінісін жасауға,
өз дамуын саналы жоспарлай білуін,соңғысының динамикасын түсінуге және өз бетінше оқуға үйренуін дамытуға;
оқушының бойында өзіндік дамуына ықпал ететін жеке басының әлем суретінің жасақталуын бақылау құралы ретінде ынта, әдет, жүйелеу білім алу қасиеттерімен қабілеттерінің жүйесін дамытуға тиіс.Шет тілді оқыту жүйесі жалпы білім беру жүйесінің бір элементі болғандықтан жоғарыда айтылғандар оған да қатысты. Тұлғалық-бағдарлық бағыт, оқушының тілдік тұлғасына бағыт ұстау шет тілді оқытудың негізгі ұстанымы болып табылыды.
Оқыту ұстанымдары - оқыту үрдісінің сипатын анықтайтын негізгі қағидалар, олар таңдап алынған бағыт пен сол бағытқа сәйкес жолдардың негізінде жасақталады. Оқытудың айқын жасалған ұстанымдары оқытудың қандай мазмұнын қалай іріктеп алу, қандай тәсілдер мен материалдарды пайдалану туралы мәселені шешуге көмектеседі.
Шет тілді оқытуды оқушының бойында екінші тілдік қасиеттерін қалыптастыруға бағдарлау ұстанымы оның үйреніп жүрген мәтіндік қызметті жүзеге асыру қабілеті мен дайындығын, өзге мәдениет пен социум өкілдерімен тең тұрғыда араласу қабілетін дамыту міндетін өзекті етеді.
Пәнді оқыту жүйесі оқушының тұлғасына, оның нақты сұрақтары мен ынтасына, дамудың социомәдени және жеке бағдарламаларына бағдар ұстанғанда ғана бұл қағиданы өткеру мүмкін болмақ.
Осылайша шет тілді тұлғалық –бағдарлық оқыту мұғалімнің білім беру қызметін, сондай-ақ оқушының тіл үйрену қызметін қайтадан ой елегінен өткізуді қажет етеді. Оқушы оқу үрдісінің басты субьектісіне айналады. Мұғалім оқушыны мазмұнды меңгеруге қызықтыратын ынталандырушы модератор ролінде қалып қимайды, әрі жәрдемші болып табылады.
Оқу үрдісі оқу материалының басымдылығы тұрғысына құрылмайды, оқу-тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде оқушының қайнар көзі болып табылады. Осы қағиданы өткеру үшін тәжірибеге мақсатты білім мен шеберлікті жинақтау еме, әр оқушының тұлғасын өзі ұйымдастыртын және өткеретін механизмдерді қалыптастыру болып табылатын технологияны еңгізу қажет. Әңгіме шет тілін оқытудың тілдік аспектілерінің тар шеңберімен мүдделері саласына шығу туралы болып отыр.
Тілді оқыту дегеніміз оқушының өзара байланысты коммуникативтік және социомәдени дамуын ескертіп, мәдениетікке оқыту.
Тілді дамыту дегеніміз концептуальды жүйелер әлемінде тиісті айырмашылықтарды меңгеру. Тілдің көмегімен көрсетілетін «әлем суретінің» тұп нұсқалылығын проблемасы ерекше мәңге ие болады. Шет тілді оқыту үрдісі басқа (өзге тілді) тілдік қауымдастықтың нышандары көрінген коммуникация (мәтіндік қызмет өнім) бірлігі ретінде тұпнұсқалық инофондқоры мәтінге арқа сүйеуге тиіс. Мұндайда әңгіме әлеуметтік мәнді, арнайы мәдениет танымдық ақпарат жайлы болды, соны меңгергенде оқушы белгілі бір деңгейде өзге этномәдени қауымдастық өкілдерінің лингвокогнитивтік сипаттарына назар аудара алады, оның мәтіндік қызметін түсініп, өзінің төл мәдениетін жақсырақ сезінеді. Оқыту үрдісі сөйлесу деңгейінде оқушылардың енжарлығын болдырмауға тиіс, демек коммуникативтік қызметті өз бетінше жүзеге асыру қабілетін дамытуға тиіс.
Соңғысы оқыту үрдісіне «тежеусіз меңгеру» мүмкіндігін береді, сөйтіп оны барлық жағынан екінші тілді табиғи тілдік жағдайда меңгеру үрдісіне жақындатады. Сөйтіп құр еліктеуден гөрі оқытудың мазмұнды аспектілеріне екпін түсіретін және «ойлау жүктемесін» мәнді ететін оқытудың шығармашылық, әлеуметтік түрлерімен тәсілдері басым түседі.
Оқушылар мен сол тілде белсенді қарым-қатынас орнағанда ғана шығармашылықпен айналысуға үйренуге болады. Сондықтан бірінші кезекте тіл жүйесін меңгеруге бағытталған қатынас амалдар оқу үрдісінің субъектісі - оқушы мен оқыту үрдісіне іскерлік сипат берушілерді біріктіретін оқытудың жаңа, интерактивті түрлерімен алмастыруға тиіс.
Шет тілді оқытумен үйренудің тағы бір ұстанымы пәнді оқытудың қызметтік негізі оқушының сыртқы және ішкі (ойлау) белсенділігімен байқалады. Сөйлеу белсенділігін тек мұғалім танытып, ал оқушы сұрағанда ғана белсенділік көрсететін дәстүрлі жаппай жұмыс оқытудың дербес, топтық және ұжымдық түрлерінің пайдасына қысқарды. Нақты тілдік қатынас жағдайын «ынталандыратын» тәсілдерді пайдалануға тиімді болып табылады.
Оқушы саналы (ойлайтын) және жеке (дербес) қызмет істейтін индивидум ретінде оның сөйлеу қызметі (тілді меңгеруде) тілді меңгеру мен сол тілде араласуды жалпы, үнемі өзгертіп отыратын сөйлеу тәжірибесінің ықпалында болды. Олай болса оқу үрдісі әр оқушының бойындағы іскерлік қабілетін, білімі мен сөйлеу тәжірибесін, әсері мен көңіл-күйін белсендіруге және осы тұлғалық қасиеттерін дамытуға тиіс.
Сондықтан оқу үрдісін оқушы белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шешетіндей, қажеттілікті сезінетіндей және өз ойын жүзеге асыратындай мүмкішілікке ие болатындай, яғни өз ойынан жұмыс істей алатындай етіп құру керек. Айтылымды мәтіндік қызмет деңгейінде тұпнұсқалық жағдай шегінде тудыру және түсіну қабілетіне оқыту басты назарда болуға тиіс.
Шет тілін меңгеру үрдісі көбіне шет тілдер жүйелерінің арасындағы айырмашылықтан гөрі оқытудың жеке алғы шарттарына қатысты. Тілдің екі жүйесін салыстыруға әдістемелік сілтемені оқушының еркін сезінуіне ықпал ететін оқытудың мазмұны мен технологияның пайдасына қысқартқан жөн. Оқушылыр тілді үйрену мен сол тілде сөйлесудің, оқи алудан бастап өз тілдік құралдарды пайдаланумен қиын жағдайдан шыға білуге түрлі стратегиялар мен технологиялар мен меңгеруге тиіс, яғни ол:
- оқушының жеке басына, оның ңақты сұраныстары мен уәжіне, социомәдени дамуына, жеке бағдармаларына бағытталса;
- оқушы ең алдымен өзіне қатысты жеке үрдісті сезінсе;
- мұғалім әр оқушының оқуға құлшынысын дәл тауып, оны тілді ойдағыдай меңгеруге бағыттай білсе;
- іскерлік, шығармашылық сипатқа ие болса;
- пәнді меңгерудің қисындылығын мен жүйелілігіне емес, оқушының жеке басын дамыту қисынына, ішкі жан-дүниесіне бағытталса;
- оқушылардың өз белсенділігін танытуына, бір-бірімен орналасқанда қуаныш, қанағаттанғандық сезінуге, сабақ оқуға қажеттілігінің бәріне ынталандырса;
- ана тілі мен шет тілі жүйелерінің арасындағы айырмашылыққа емес, оқыту мен оқыту жағдайларының жеке алғы шарттарын ескерсе, оқушылардың оқу кезінде шет тілді меңгеру үрдісі табысты болмақ.
Оқыту мазмұнына келер болсақ, оқытушы (мұғалім қызметі) мен оқу материалын қолға алғандардың (оқушы қызметі) өзара байланысты қызметі сияқты категориялармен арақатынаста болмақ.
Шет тілді оқыту мазмұны көп компонентті, оған мыналар енеді:
- коммуникативті қызмет салалары, тақырыптар, жағдайлар, коммуникативті және әлеуметтік рольдер, сөйлеу қызметі мен сөз материалы (мәтіндер, сөйлеу үлгілері және т.б.) ;
- тіл материалы, оны рәсімдеу ережелерімен қолдану дағдылары;
- ќатынас құралы ретінде, ішінде интермәдени жағдайларда шет тілді тәжербиелік меңгеру деңгейін сипаттайтын арнайы (сөйлеу) шеберлік кешені;
- оқып жүрген тіл елінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен ақиқаттарын білу жүйесі;
- оқу кезінде тілді меңгеру мәдениетімен сол тілде сөйлейтіндермен қарым-қатынас мәдениетін қамтамасыз ететін ой еңбегінің ұтымды тәсілдері, оқу және орнын толтыру шеберліктері.
Шет тілі мазмұнының негізгі компоненнтерінің сипаттамасына қысқаша тоқталайық. Сөздің тиісті типтері өткірілетін қатынас саласы, яғни тілді практикалық қолдану саласы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің тиісті салаларында талқыланатын пәнді құрастыратын тақырыптардың жиынтығын көрсетеді. Бұл аталған салалары шеңберінде сабақта қарастыру нысаны бола алатын тақырыптар мен тақырыпшалардың шеңберін анықтауға негіз болды. Бұл жерде әңгіме тақырыптарды шоғырландырып қарау, яғни оқу үрдісінде бір тақырыпты оқытудың әрбір келесі кезеңінде оқушының жасына қарай өзекті проблемаларды қосу нәтижесінде тереңдетіп, кеңейту мүмкіншілігіне жайлы болып отыр.
Тілдік қатынас құралдарын (сөздер, грамматикалық құбылыстар және т.б.) және сол құралдарды меңгеру дағдыларын білмейінше коммуникативтік шеберлікті дамыту мүмкін емес. Сондықтан шет тілді оқыту мазмұнына, тілдік білім (тіл бірліктерін ойлы айтылымға айналдыратын жүйелер, ережелер ретінде үйренетін тілдің негізін, мәні түрлі тілдерде түрлеше айтылатын ұғымдарды білу) мен тілдік дағдылар енгізілді. Олар тілдік материалдың барлық түрлерін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық оқытудың әрбір сатысы үшін алынған шағын көлемде оқытудың ойдағыдай пайдалану, сол сияқты белгілі бір коммуникативтік пиғылды (таңдануды, наразылықты, ортақ іске шақыруды және т.б.) білдіретін әдепті сөйлеу формулалары мен сөз формуларын қолдану қажет.
Шет тілін оқыту мазмұны оқушыларды сөз қатынасының жаңа тәсілін ғана емес, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін, оқылатын тіл елінде сөйлеу дағдысының ұлттық -мәдени ерекшелігін білуге бағыттап отыруы керек. Ол оқушының бойында басқа қоғамның қазіргі өмірінің, тарихы мен мәдениетінің түрлі салалары туралы түсінік қалыптастыруға тиіс. Мұндайда оқушыларға тілді сол қолданыстағы елді мекендеген халықтардың мәдениеті арқылы пәнді оқытудың алғашқы қадамынан бастап үнемі жүзеге асыруға тиіс. Осыған байланысты социомәдени білім, эквивалентсіз лексиканы, оқылатын тіл елінде қабылданған мінез-құлық этикетін, георграфиялық, табиғат-ауа райы, саяси ерекшеліктерін, сол елдің тарихынан негізгі мәліметтерді, шетелдік құрдастарының өмірін, ұлттық дәстүрлерін, мерекелерін білу, оларды өз тәжірибесімен салыстыра білу өзекті болмақ. Шет тілді оқыту мазмұнының социомәдени компонентінің мәні бөтен өмір салтын жарнамалау емес, оқушылардың жалпы, әлеуметтік, мәдени дүниетанымын кеңейту, оларды саналы және зияткерлік қызметке, өз социумы мен басқа мәдениет өкілдерінің мінез-құлық ерекшеліктеріне төзе білуге ынталандыру.
Оқу үрдісінің сапасы мұғалімнің кәсіби шеберлігінен де, оқушының оқу пәнінің міндеті мен мазмұнын түсініп қабылдауына да тең дәрежеде қатысты. Оқушы сөйлеу дағдысы мен әдеттерін меңгеру қызметін тиімді де нәтижелі құруға, оқушылармен, мұғаліммен дұрыс қатынас орнатуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренуге тиіс. Сондықтан оқушының тіл үйрену стратегиясын құрайтын оқу шеберлігі шет тілді оқыту мазмұнының маңызды компоненті ретінде айарықшаланып тұрады. Оған жататындар:
Зияткерлік үрдістермен байланысты шеберліктері:
- шет тілдегі тілдік құбылыстарды қадағалау, шет тілімен ана тіліндегі тілдік құбылысты салыстырып, салғастыру.
- белгілі оқу міндетіне сәйкес қажетті (елеулі) негізгі ақпаратты іздеп, табуды жүзеге асыру.
- ақпаратты алдын ала білу, естігенді, оқығанды бағалау.
- хабардың негізгі мазмұнын тіркеу.
- хабардың негізгі идеясын тұжырымдау (ауызша, жазбаша)
- жоспар жасау, тезисті тұжырымдау.
Оқу қызметін ұйымдастырумен және корреляциясымен байланысты шеберліктер:
- түрлі режимдерде (жеке, қос-қостан, топпен) жұмыс істеу;
- анықтама материалдарын пайдалану;
- өз іс-әрекетіңді бақылау, оны объективті бағалау;
- мұғалімнен, жолдастарынан қосымша түсінік беруді өтіну.
Орнын толтыру шеберліктері
- лингвистикалық және контексуалды болжамды., сөздіктерді, мәтінде әр түрлі тіректерді пайдалану;
- сұхбаттасушының сөзін қайталап немесе өзгертіп айтып, оның айтқанын түсінгеңді дәләлдеу.
- әңгімені басқа тақырыпқа бұру.
Шет тілді оқыту мазмұнына сондай-ақ пәннен және оны меңгеру үрдісінен туынданған эмоциялық қызметте енеді. Өзара қатыстылығынан оқыту мазмұнын құралатын оқыту жүйесінің үш маңызды элементі: оқу материалы-мұғалім-оқушы. Оқу материалы мұғалім қызметінің ынта-қажеттілік саласына ықпал етіп оның тұлғасы, шығармашылық тәжірибесі, эмоциональды саласы арқылы оқушыға, оның тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді
3 Ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа үйрету
(кейбір практикалық кеңестер)
3.1 Қарым-қатынас мінездемесі
3.1.1 Ауызша және жазбаша қарым-қатынас төрт түрлі сөйлеу қызметі арқылы іске асырылады. Олар: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу. Бұларды оқыту, бір-бірімен байланыстырумен іске асырылады, бірақ әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөлу қажет. Олардың кез-келген түрін іске асыруда бірдей психикалық процесстер мен психолингвистикалық заңдылықтар негізін табады. Шынайы қарым-қатынас кезінде адам кез-келген мәтінді оқып, оны таңдайды, және осында әр түрлі керекті ақпаратты еске сақтау және қайта жаңғырту үшін қандай да бір тірек конспект жазу керек. Яғни, бұл қарым-қатынас түрлерінің арасында байланыс жатыр және үлкен олардың арасына шекара қою мүмкін емес. Сондықтан оқу процессінде сөйлеу мен жазбаша және ауызша мәтіндерді түсінуге үйрету тығыз байланыста үйрету керек, және керісінше мәтінді оқып, тыңдағаннан кейін оқушылар бұл мәтіннің мазмұнын айтып бере немесе жазып бере алады. Оқу, сөйлеу, тыңдау және жазуды дифференциалды үйрету кезінде продуктивті және рецептивті материалын таңдау үлкен көңіл қажет етеді. Рецептивтік және продуктивтік ауызша іс-әрекеттің ерекшілігін ала отырып ауызша және жазбаша қарым-қатынас кезінде де дұрыс жаттығулар таңдау керек. Қазіргі кезде қарым-қатынас келесі түрде түсіндіріледі. Қатысушы адамдардың белсенділігі кезінде қандай да бір белгілер (сонымен қатар тіл белгілері) көмегімен өзінің серіктестік қоғамын құрайды. Осыған байланысты қарым-қатынастың маңызды мінездемесін табуға болады:
1) кез-келген қатынас қандайда бір мотив пен мақсаттан басталады, яғни кез-келген нәрсені айтуда, тыңдауда, жазуда қандай да бір мақсат бар. Негізінен қарым-қатынас- бұл себебі бар мақсатты процесстер жиынтығы және бұл жиынтық адамның басқа адамдар мен қарым-қатынас жасауында көмек болады.Оқу процессінде негізінен оқушының ауызша емес іс-әрекеттерінің қарым-қатынастың құралын және қызметін үйрететін себептер тудыру керек. Оқушы өзінің ауызша және жазбаша емес іс-әрекеттерінің себебін жақсы түсіне білу керек. Ол сөйлеген кезде және сөйлем құрағанда, мәтін оқу кезінде қандай нәтиже күтіп тұрғанын алдын ала сезе білуі керек;
2) Қарым-қатынас дегеніміз- кез-келген мақсатты игеруге көмектесетін жай ақпараттар алмасуы емес, бұл – сқушылардың мақсатында «тілдік емес» мазмұны бар, бір-бірімен тығыз байланысу процессі. Және бұл жерде тіл бұл байланысты жүзеге асыруға көмектесетін құрал. Сондықтанда шетел тілін оқытуда оқушылар арасында тек қана коммуникативтік қызмет емес, сонымен қатар заттың коммуникативтік процессті қарым-қатынасы болу керек.
3) Адамдар арасындағы белсенді қарым-қатынас өзінің арасындағы бір-бірімен түсіну мен бір-бірінің әсерімен ерекшелінуі мүмкін. Бірақ ауызша қарым-қатынас процессі әр кезде де түсінушілікті бола бермейді. Бір-бірін түсінуге оқушылар арасындағы әлеуметтік және психологиялық кедергілер бөгет жасауы мүмкін. Ал мәдениеті әр түрлі оқушылар арасында мәдениетті кедергілер бөгет жасайды. Әлеуметтік бөгеттер дегеніміз мәдениеттің әр түрлілігі. Психологиялық факторлар – оқушылар арасындағы келіспеушілік: мәдени бөгеттерге оқушылар арасындағы әр түрлі мәдени дәстүрлер, әдеттер сонымен қатар шаруашылықтың өзгешілігі жатады. Сондықтанда оқу процессі кезінде оқушыларды шетел тілінде тек қана дұрыс сөйлемдерді құру емес, тілді тасушылармен жасай білу керек. Шетел тілін оқытудағы негізгі мақсаттарын игеру, мәдениет аралық қарым-қатынасты дамыту, тек қана осы шарттармен жүзеге асырылады, бұл дегеніміз оқыту, мақсатқа жету құралы болып қарым-қатынас саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |