Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет8/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46

 
18 
− 
оқыту мазмұны; 
− 
педагог әрекеті; 
− 
оқушылар әрекеті; 
− 
педагогикалық диагностика; 
− 
жетістіктерді бағалау. 
Оқыту процесін жобалау кезеңдеп жүзеге асырылады: алдымен оқу курсы 
деңгейінде,  содан  соң  оқу  тақырыбы  деңгейінде  және  соңында  сабақ 
деңгейінде.  
Пән  бойынша  оқу  процесін  жоспарлаудағы  шешуші  сәт  мақсат  қою 
немесе  оқу  бағдарламасының  әр  тарауына  оқу  мақсатын  анықтап  алу.  Бұл 
этапта  жоспарын  шағын  оқу  мақсаттарына  айналдыру  арқылы,  мұғалім 
бағдарламаның  мазмұнымен  жұмыс  жасайды.  Технологиялық  тәсілдерді 
қолдануда  мақсатты  операционалдық  тұжырымдау  әдісі  қолданылады,  яғни 
оқушының  алуы  тиіс  білім-білік  дағдылары  атап  көрсетіледі(оқушының 
сырттай іс-әрекеті арқылы бағаланады). Мақсатты осылай тұжырымдау нақты, 
диагностикалауға қолайлы, нәтижені бағалау тәсілі түсінікті.  
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту процесінде бірдей оқу нәтижесін 
алу мүмкіндігі жоқтығына байланысты, мақсаттар оқу материалдарын меңгеру 
деңгейіне  қарай  тұжырымдалып  отырады.  Бұл  оқу  процесінде  оқушыға  жеке 
және саралап оқыту тәсілін қолдануға мұмкіндік береді. 
Деңгейлеп  оқытуда  Б.  Блум  таксономиясының  оқу  мақсаттарын  негізге 
алуға болады. Білім беруге ерекше қажеттілігі бар балалар үшін алғашқы  үш 
деңгейін  алуға  болады:  «тану»,  «түсіну»,  «қолдану».  Бұл  деңгейлер  П.Я. 
Гальпериннің  ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде 
алынған  әдістемелік  тәсілдермен  сәйкестендіріледі  [24].    Бұл  теорияға  сәйкес 
жаңа ұғымды енгізудің алғашқы этапында (жаңа тақырыпты өту), орындалатын 
оқу әрекеттерін дауыстап егжей-тегжейлі түсіндіруге бағытталған пән бойынша 
оқу-тәжірибелік  іс-әрекет  желісі  құрылады.  Оқушылар  сабақта  мұғалімнің 
демонстрациялаған  оқу  әрекеттерін  қайталау  арқылы  жұмыс  жасайды.  Бұл 
этапта  өтілген  ұғымдар,  терминдер,  жаңа  сөздер  оқушының  енжар  сөздігіне 
енгізіледі. П.Я. Гальперин теориясына сәйкес, келесі этаптарда ауызша пәндік 
оқыту  әрекеті  қысқартылып,  сырттай  сөйлеу  біртіндеп  іштей  ойлануға 
ауыстырылады. Бұл этапта ұғымдар, терминдер, жаңа сөздер оқушының өзіндік 
белсенді оқу әрекеті арқылы бекітіледі.  
Сатылай  отырып,  оқушыда  іс-қимыл  әрекетінің  бейнелік  көрінісі  мен 
ұғымдар  қалыптасады.  Осылайша,  оқу  мақсаттарының  бірінші  категориясы 
«тану»,  танымдық  процестердің  алғашқы  этапы  болып  табылады.    Бұл  этапта 
оқушы  танып-білуге,  ұғымдарды  ажыратуға  (оқу  объектілері)  арналған 
жаттығулар мен оқу тапсырмаларын орындауға қабілетті.  
Оқу  мақсаттарының  келесі  категориясы,  өтілетін  материалдың  ішкі 
мазмұнын  ұғынуға,  терминдер,  ережелер  мен  символдарды  қолдана  алуға  
бағытталған «түсіну» деңгейі болып табылады.  
«Қолдану» - оқу материалын меңгеруге бағытталған қадам болғандықтан, 


 
19 
жаңа ұғымдардың, ережелер мен қағидалардың дұрыс қолданылуын көздейді. 
Әр сабақта оқыту мен бағалаудың толық кешенді әрекетін қарастыратын 
болғандықтан,  бұл  қадамдар  білім  беруде  ерекше  қажеттіліктері  бар 
оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалауға  критериалды  бағалау  жүйесін 
кезеңдермен қолдануға мүмкіндік береді. 
Мұғалім  дайындаған  (күтілетін  нәтиже  түрінде)  оқу  пәнінің 
бағдарламалық мазмұны мен соған сәйкес  мақсаттары оқу процесі жобасының 
бірінші құжаты болып табылады.  
Оқу  мақсаттары  анықталғаннан  кейін  оқыту  курсының  логикалық 
құрылымы пайда болады, атап айтқанда, оқу пәнінің жетекші мазмұндық желісі 
бөлінеді,  оқушыларға  оқыту  реті  анықталады.  Оқу  курсының  логикалық 
құрылымы күнтізбелік жоспарда беріледі. Білім беруде ерекше қажеттілігі бар 
және  ақыл-ойының  дамуында  бұзылыстары  бар  балалар  үшін  оқу 
материалдарын  игеру  қарқыны  әртүрлі  болуына  байланысты,  әр  тақырыпты 
өтуге  нақты  қанша  уақыт  бөлінуі  қажет  екенін  тек  сол  балалармен  жұмыс 
жасайтын  мұғалім  ғана  анықтай  алады.  Қажеттілік  туындаған  жағдайда, 
мұғалім  күнтізбелік  жоспарға  оны  жүзеге  асыру  барысында  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізе  алады.  Күнтізбелік  жоспардың  ішінде  оған  енгізілген 
өзгерістер  мен  негіздемесін  көрсетіп  жазып  отыратын  бағандары  бар. 
Күнтізбелік жоспар жобаның екінші құжаты болып табылады. Оқыту курсының 
деңгейінде жобалау осымен аяқталады.  
Әрі  қарай  жобалау  тақырып  деңгейіне  ауысады.  Деңгейлеп  алынған 
мақсаттарға  сәйкес,  күнтізбелік  жоспардағы  әр  тақырыпқа  қатысты  оқыту 
процесінің стратегиясы мен тактикасы анықталады. Жобаның үшінші құжаты- 
оқу тақырыптарының технологиялық карталарына түсірілетін оқытудың нақты 
әдістемелік жүйесі анықталады, оқу және оқыту қызметі жіктеледі [21].  
Технологиялық  карталарда  оқушыларды  оқыту  процесіндегі  деңгейлік 
мақсаттардан тұратын жұмыс этаптарының барлық ерекшеліктерін (мазмұндық 
және әдістемелік) көрсетуге болатын мүмкіндік бар. Оқыту процесінде педагог 
оқушыны  оқу  материалын  танып-білуден  бастап,  түсінуге,  әрі  қарай  білімін 
қолдануға  дейін  сатылап  жетелейді.  Жоғарыда  аталған  оқу  материалдарын 
меңгеру  этаптарын  ерекше  білім  беруде  қажеттілігі  бар  барлық  оқушылар 
бірдей  өтуге  қабілетті  емес.  Кейбір  оқушылар  танып  білу  деңгейінде  қалады, 
біреулері  түсіну  деңгейіне  өтсе,  біразы  пәндік  білімдерін  ұқсас  жағдайларға 
қолдана  алады.  Деңгейлеп  мақсат  қою  мұғалімге  оқушылардың  танымдық 
процесін басқаруға және ағымдағы әрекетті бағалау арқылы  бақылап отыруға  
мүмкіндік  береді,  бұл  сыныптағы  әрбір  оқушыға  жеке  көңіл  бөлуге  жағдай 
туғызады. 
Бұл  жағдайда  зерде  бұзылыстары  бар  оқушыларға  әрбір  оқу  пәнін 
оқытуды ұйымдастыруға қойылатын арнайы талаптар мен ерекше қағидаларды 
жүзеге  асыру  қажеттілігі  есепке  алынады.  Мысалы,  алдында  өткенді  үздіксіз 
қайталау,  сөйлеу  тілі  мен  коммуникативті  дағдыларды  дамыту  бойынша 
жұмыс, жаңа күрделі оқу материалын игеруге дайындық жұмысы («алдын ала 


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау