Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет11/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46

 
25 
анықтау; 
-   
әртүрлі атқарған  қызметтері үшін  алған  бағаларының  маңыздылығын 
саралау; 

оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау; 

мұғалім,  оқушы  және  ата-аналар  арасындағы  кері  байланысты 
қамтамасыз ету; 

ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуға кедергісіз орта 
жасау және оқушыларды теңгерме құралдармен қамтамасыз ету; 

бастау  мүмкіндіктері  әртүрлі  балаларға  бірыңғай  білім  беру  ортасын 
құру; 

мәселе бойынша нормативтік-құқықтық база әзірлеу; 

іс-әрекеттің  диагностика-консультациялық,  емдеу-сақтандырушылық, 
әлеуметтік-еңбекшіл  бағыттары  арқылы  инклюзивті  сыныптарда  балалардың 
дамуына психологиялық-педагогикалық бағыттау жүйесін ұйымдастыру; 

ата-аналармен  және  қауыммен  өзара  әрекеттесу,  балалардың  қауымда 
табысты әлеуметтену моделін әзірлеу; 

инклюзивті  білім  беру  мәселесі  бойынша  педагогтардың  кәсіби 
біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету; 

сыни тұрғыда ойлау және өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамыту [27]. 
Шағын міндеттер: 
Ата-аналармен жұмыста: 

ата-аналардың  педагогикалық  және  дефектологиялық  білімдері  мен 
түсініктері  аясын  кеңейту  арқылы  олардың  тәрбиелеу  біліктіліктерін 
қалыптастыруға ықпал ету; 

ата-аналарды  балалармен  өзара  әрекеттесу  тәсілдеріне,  іс  жүзінде 
бірлесіп  әрекеттер  ұйымдастыруға  үйрету  арқылы  оларды  белсенді 
қатысушылар ретінде білім беру үдерісіне тарту; 

ата-аналарға көзқарастарын өзгертулеріне және оларды қатынастың оң 
тәсілдерімен қарулануларына көмектесу; 

дамуының проблемалары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларының 
әлеуметтік  кеңістігін  кеңейту,  ата-аналардың  қоғамдастыққа  бірігуіне  жағдай 
жасау. 
Педагогтармен жұмыста: 

сыни  тұрғыда  бағалаудың,  пәндік  жоспарланған  нәтижелерді 
психологиялық-педагогикалық  сипаттаудың,  бағалауды  қалыптастыратын 
әдістер мен тәсілдердің негізгі теориялық ережелерін меңгеру; 

диагностикалық  аспапты  әзірлеу  және  оны  білім  беру  үдерісінде 
пайдалану тәсілдерін меңгеру; 

инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтардың біліктіліктерін 
арттыруға жағдай жасау; 

педагогикалық қызметтің ынтасын арттыруға ықпал ету; 

проблема  бойынша  өз  бетінше  білім  алуға  және  инновациялық  іс-
әрекеттерге педагогтарды ынталандыру [28]. 
Психологиялық  және  педагогикалық  зерттеулерде  бағалаудың  әр  түрлі 
жақтары  атап  көрсетілген:  рөлі,  бағалаудың  функциясы,  мұғалімнің  бағалау 


 
26 
әрекетінің  құрылымы  және  басқалар.  Бірақ  бұл  проблеманың  мына  сияқты 
аспектілері  түпкілікті  шешімін  тапқан  жоқ:  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
бағалау критерийлерінің бірыңғай жүйесін жасау, бағаның әділетсіздігі, бағаны 
алуға және қоюға оқушылар мен мұғалімдердің жеке басының ерекшеліктерінің 
әсері.  Оларды  шешіп  алмай  тұлғаны  дамыту  міндетін  табысты  жүзеге  асыру 
қиын деп ойлаймыз. 
Педагогикалық бағалаудың функциялары. 

Нормативтік  функция  бір  жағынан,  оқушының  оқып  және  оның  оқу 
орнын  табысты  аяқтауына  сәйкес  барлық  құқықтық  салдарлар  оқушы  үшін 
туындайтындай,  бекітілген  эталонға  қатысты  нақты  оқушының  жетістіктерін 
тіркеуді, екінші жағынан, жеке оқушылардың, мектеп сыныптарының үлгірімін, 
мұғалімнің  дайындығы  деңгейі  мен  жұмысы  сапасын  (тәжірибеге  сәйкес 
бірнеше он жыл бұрын қалыптасқан) қадағалауды қамтиды. 

Ақпараттық-диагностикалық  функция,  білім  беру  үдерісіне  барлық 
қатысушылар  арасындағы  мазмұнды  байланыстарының,  оқушылардың 
мазмұндық  және  эмоционалдық  рефлексиясының,  сонымен  қатар  мұғалімнің 
педагогикалық  рефлексиясының  негіз  боларлық  кезеңдерін  қамтиды.  Дәл 
бағалау  ғана  алдымен  жекелеген  оқушылардың  мектептегі  амандығы  себебі 
сияқты  нақты  сыныптағы  оқу  үдерісінде  барлығы  дұрыс  па  деген  тақырыпта 
толғануға азық болады. 
Оқушының  дамуына  бағаның  әсері  көп  жақты,  ол  көп  функцияға  ие 
болуы мүмкін. Баға келесідей болуы мүмкін: 
а) бағдар беруші – нақта жұмыс үдерісін ұғынуға және оның өз білімдерін 
түсінуіне көмектесетін оқушының ақыл-ойына әсер етеді; 
б)  ынталандырушы  –  оқушының  нәтижелілік-жігерлілік  санасына  табыс 
немесе  табыссыздықты  бастан  өткеру,  әрекеттену  мен  ниеттену,  қылық  пен 
қатынасты қалыптастыру арқылы әсер етеді; 
в)  тәрбиелеуші,  мұнда  ақыл-ой  қарқынын  «жылдамдату  немесе 
баяулату»,  сапалы  өзгерістер,  қоршаған  әлемдегі  өткен  тәжірибедегі  заттарды 
және жеке қондырғыларды түсінуге әсер ету құрылымында өзгеріс, яғни ойдың 
механизмінің  қайта  құрулары  болады.  Баға  оқушының  жеке  басына  тұтастай 
әсер  етеді.  Педагогикалық  баға  мектептегі  сынып  пен  оқушы  арасындағы 
қатынастар мен пікірлердің өзгерулеріне әсер етеді [26]. 
Ерекше  білім  беруде  қажеттілігі  бар  оқушыларды  оқытудағы  саралап, 
деңгейлеп  оқыту  тәсілі,  педагогикалық  саралауға  сәйкес,  оқушылардың 
жетістіктерін бағалау кезеңін қоса алғанда, тұтас білім беру процесінің барлық 
кезеңдерінде  іске  асырылуы  тиіс.  Қарастырылып  отырған  санаттағы 
балалардың  даму  деңгейіне  барабар,  баланың  дағдылары  мен  біліктілігі 
саласындағы  табыстарына  қатысты  педагогикалық  есепті  білдіретін 
сипаттаушы баға болып табылады. Оның сипаттамамен де (біліктілік деңгейін 
сипаттайды),  ұсыныспен  де  (бақылаудағы  өзгерістердің  саны  мен  сапасы 
туралы  пікірі  бар)  көп  ұқсастығы  болғанымен,  олардың  қатарына  жатпайды. 
Сипаттаушы  бағаға  берілген  осы  анықтамадан  оның  негізгі  функциясы  – 
диагностикалық екені шығады. Бұл арада ақыл-ойы кемістігі бар баланың ата-
анасы үшін баланың дамуы мен жетістіктері туралы осындай жазбаша ақпарат 


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау