Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет4/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

 

Жалпы  білім  беретін  мектептің  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 
түлектері,  оның  қатарында    есту,  көру  қабілетінде,  тірек-қимыл  аппаратында 
бұзылыстары  бар  және  күрделі  тіл  кемістігі  бар,  психикалық  дамуы  тежелген 
түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады. 
Осыған  орай  МЖМБС  сәйкес  білім  беру  сапасын  арттыру  барысында 
жұмыстың 
маңызды 
бағыттары 
білім 
беру 
процесінің 
барлық 
қатысушыларының  ең  үздік  білім  ресурстары  мен  технологияларына  тең 
қолжетімділігін  қамтамасыз  ету,  оқушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру,  тез  өзгеретін  әлемде  табысқа  жету;  орта  мектептерде 
Қазақстан Республикасының азаматының зияткерлігін, дене бітімі және рухани 
дамуын қалыптастыру болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
10 
2  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ерекше  білім  беруде  қажеттіліктері 
бар  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалдық  бағалаудың 
психологиялық-педагогикалық негіздері  
 
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  маңызды  рөл  атқарады. 
Психологиялық-педагогикалық  қолдау  мамандардың  жүйелі  ұйымдасқан,  бір 
тұтас  әрекеттерінің  барысында  әрбір  баланың  білім  беру-тәрбие үдерісінде  өз 
мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті 
әлеуметтік-психологиялық  және  педагогикалық  қолдау  балаға  көмек  (немесе 
қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады [18].  
Бағалау  қызметінде  психологиялық  және  педагогикалық  қолдау 
көрсетудің екі бағытын көрсетуге болады: өзекті – балада осыған дейін пайда 
болған  қиындықтарды  шешуге  бағытталған;  перспективалы  –  оқуда  болуы 
мүмкін ауытқуларды ескеру және алдын алуға бағытталған.  
Екі  бағыт  та  педагогикалық  үдеріске  қолдау  қызметінің  барлық 
мамандарының  бірлескен  күш-жігерінің  арқасында  іске  асырылуы  мүмкін. 
Олардың қызметінде өзара байланысты және оларды ескеру қажет міндетті үш 
компонент бар:  
• 
бала дамуының диагностикасы (психикалық, тұлғалық, әлеуметтік);  
• 
түзету-дамыту  бағыттылығының  жеке  және  топтық  сабақтарының 
бағдарламаларын іске асыру; 
• 
білім  беру  ортасын  баланы  оқыту  мен  дамыту  және  бағалау  жүйесі 
арқылы оның даму деңгейін бағалауға қоятын талаптары көзқарасы тұрғысынан 
талдау [19].   
Оқушылардың  бұл  санатын  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың 
нысаны  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  үдерісі  болып  табылады. 
Ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау 
түрлі  мамандардың  (пән  мұғалімінің,  психологтың,  логопедтің,  арнайы 
педагогтың, әлеуметтік педагогтың), мектеп дәрігерінің, басқа мұғалімдер мен 
ата-аналардың өзара тығыз әрекетін білдіреді.  
Ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
критериалды  бағалауды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  төмендегілерге 
бағытталуы тиіс: 

баланың  денсаулығын  және  дене  күшін  қолдау:  бала  өмірінің 
денсаулық-сақтау  түзімін  ұйымдастыру,  оларды  жеке  таңдалған  қимылдық 
белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру; 

балалардың  зерде  дамуын  қолдау:  әрбір  баланың  танымдық 
ерекшелігін  анықтау  және  дамыту,  оқу  әрекетінің  табысты  болуы  үшін 
жағдай тудыру; 

баланы қарым-қатынас саласында қолдау: балаларға гуманистік өзара 
әрекеттенуіне  жағдай  тудыру,  балалардың  қолы  бос  кезіндегі  әрекеттерде 
жеке қабілеттерін байқатуларын қолдау, тәртіп түрін саналы түрде таңдауына 
көмектесу; 


 
11 

баланың  жанұясын  қолдау:  жанұялық  қатынасты  зерттеу,  олардың 
үйлесімді болуына көмек көрсету. 
Психологиялық-педагогикалық  қолдау  ерекше  шығармашылық  ахуал 
құруды және балаларға таңдау жағдайын ұсынуды білдіреді. Мұндай жағдайлар 
оқушылардан білімді, икемділікті ғана емес, сондай-ақ, рефлексия тәжірибесін, 
шешімді өздігінен қабылдауды, ерік пен мінезін байқатуды талап етеді. 
Дамуында  мүмкіншіліктері  шектеулі  оқушыларды  психологиялық-
педагогикалық  қолдау  психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңестің 
қорытындысы  мен  ұсынымдары  негізінде  ұйымдастырылады  және  білім  беру 
ұйымында штаттағы мамандармен (арнайы педагог, психолог, логопед-мұғалім, 
әлеуметтік  педагог,  ЕДШ  мамандарымен  және  т.б.),  сондай-ақ,  білім  беру 
ұйымынан тыс орталықтардың, түзету және инклюзивті білім беру кабинетінің 
мамандарымен,  сол  сияқты  арнайы  (түзету)  білім  беру  ұйымының 
педагогтарымен келісім шарт негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. 
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары: 
1) 
бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық 
тәсілдері. 
2) 
білім беру үдеріндегі баланың дамуын  қолдаудың үзіліссіздігі. 
3) 
қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру. 
4) 
қолдау  әрекетін  әлеуметтік-педагогикалық  және  психологиялық 
жобалау. 
5) 
даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық- 
педагогикалық  қолдау  шараларына  ата-аналарды,  педагогикалық  және 
балалар ұжымын белсенді тарту болып табылады [19].  
Бала дамуының ерекшеліктеріне, сондай-ақ ПМПК ұсынымдарына сәйкес 
ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  қолдаудың  бағыттылығы,  қарқыны 
және  ұзақтығы  анықталады.  Жалпы  білім  беру  мектебі  оқушыға  оның 
қажеттілігіне сәйкес қолдау түрін ұсынуға міндетті. Бұл қолдау қысқа мерзімді, 
орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді негізді болуы мүмкін. 
Қысқа  мерзімді  қолдау  оқуда  шамалы  және  уақытша  қиындықтары  бар, 
логопедпен,  психологпен  түзету  сабақтарының  қысқа  мерзімді  кезеңін  қажет 
ететін оқушыларға көрсетіледі (жарты жылға дейін).  
Орташа  мерзімді  қолдау  арнайы  дайындалған  педагогтар  мен 
мамандардың  қарқынды  қолдауын  қажет  ететін  және  дамуындағы 
ерекшеліктерге байланысты оқуда тұрақты қиындықтарға кездесетін оқушылар 
үшін ұйымдастырылады. 
Оқушылар дамуындағы проблемалар бастауыш сатыда жойылмаған кезде 
олар  білім  алуды  арнайы  сынып  жағдайында  және  оқытудың  келесі 
сатыларында  жалғастырулары  мүмкін.  Бұл  кезде  оқушыларды  ұзақ  мерзімді 
қолдау іске асырылады. 
Инклюзивті  білім  беру  туралы  түсініктер,  ерекше  білім  беру 
қажеттіліктері  бар  балаларды  оқыту  формасы  ретінде  олардың  оқуын 
ұйымдастыру мүмкіндіктерін және қолжетімдігін шектейді. 


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау