Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет5/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

 
12 
 
Бұл  әсіресе  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ерекше  білім  беру 
қажеттіліктері  бар  балалардың  оқудағы  жетістіктерін  бағалауға  қатысты. 
Қазақстандық  білім  беру  жүйесінде  қиыншылықтар  келесі  жағдайларға 
байланысты тереңдей түседі: 

оқыту  сапасы  мониторингі  және  бағалау  іске  асырылмайды,  ерекше 
білім  беру  қажеттіліктері  бар  балалардың  білімі  мен  біліктері  критериалды 
бағалаудың нақты индикаторлары жоқ; 

ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  балалардың  оқуында  туындаған 
проблемаларды жою бойынша превентивті шаралар жеткілікті қабылданбайды. 
Олар оқушының денсаулығына, оның моральдық-психологиялық жай-күйі мен 
әлеуметтік жағдайына байланысты болуы мүмкін; 

инклюзивті  білім  беруді  ақпараттық-консультативтік  қолдау  нашар 
ұйымдастырылған [20]. 
Бұлар төмендегі проблемаларды туындатады: 

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың көпшілігі 
жеткілікті  қамтамасыз  етілмеуі  салдарынан  олардың  әлеуеттік 
мүмкіндіктері іске асырылмайды; 

әлеуметтік бейімделу механизмдері нашар іске асырылады, нәтижесінде 
девиантты  мінез-құлықты  балалар  саны  артады,  балалар  қылмысы  мен 
суицидтерінің саны кемімейді; 

мұндай балаларда төмен функционалдық сауаттылық қалыптасады, олар 
жұмысқа орналасуда қиындыққа кездеседі. 
Оқу 
жетістіктерін 
критериалды 
бағалаудың 
психологиялық-
педагогикалық  жүйесі  проблеманы  шешудің  келесі  маңызды  тәсілдерінен 
тұрады: 
− 
тұлғалық-бағдарлы  тәсіл,  оның  құрамына  түрлі  типологиялық 
топтардағы  оқушылардың  оқу  материалын  оқу  жетістіктерін  бағалаудың 
деңгейлік  критерилерін  қолдану  мен  меңгеру  мүмкіндіктерінің  біртексіздігін 
ескеру кіреді; 
− 
әрекетті  тәсіл  балаларға  түрлі  қолжетімді  өнімді  қызмет  түрлеріндегі 
мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтауды көздейді; 
− 
денсаулық  сақтау  тәсілі,  ол  бағалау  жағдайында  қолайлы 
психологиялық  ахуалды  қалыптастыру  арқылы  оқушылардың  психологиялық-
соматикалық  денсаулығын  сақтау  және  нығайту  міндеттерін  шешуді 
қамтамасыз етеді [20].  
Аталған  тәсілдерді  іске  асыратын  педагогикалық  шарттар  келесі 
аспектілерден тұрады: 

оқу  жетістіктерін  бағалауда  қызметтік  формада  сипатталған, 
оқушыларға қолжетімді әрі түсінікті көрсеткіштер бойынша анықталған, оқушы 
үшін шынайы және тұлғалық маңызды критерилерді қолдану; 

бағалау  процесінде  көрсетілген  көрсеткіштерге  сәйкес  келетін  түрлі 
деңгейдегі және үлгідегі тапсырмаларды қолдану; 


 
13 

оқушылардың өз жеке оқу жетістіктерін шынайы таңдауын қамтамасыз 
ету және осы таңдауына қолдау көрсету. 
Бағалау кезінде аталған шарттарды іске асыру білім алушының өзін еркін 
сезінуіне,  танымдық  белсенділігі,  оқу  мотивациясы  деңгейінің  артуына, 
эмоционалдық  біркелкілігіне  ықпал  етеді  және  өз  мүмкіндіктеріне  сенімі 
артады.  Міндетті  түрде  критериалдық  бағалау  жүйесі  ерекше  білім  беру 
қажеттіліктері  бар  балалардың  мүмкіндіктеріне  бейімделуі  тиіс,  олардың 
ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отыра дайындалуы қажет. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда нақты 
көмек  көрсететін  психологиялық-педагогикалық  қызмет  болуы  тиіс.  Оның 
міндетіне  балалармен  қарым-қатынас  орнатуда  дамытушы  немесе  түзету 
жұмысы  ғана  емес,  сонымен  қатар,  бағалау  қызметін  сүйемелдейтін    ортақ 
тәсілдер,  оқушылармен жұмыстың бірыңғай стратегиясын  дайындау  бойынша 
педагогтармен және ата-аналармен тұрақты ынтымақтастық орнату кіреді.  
Психологиялық-педагогикалық  қызметтің  әрбір  мүшесі  кәсіби  этиканы 
сақтауы,  психологиялық-педагогикалық  тексеру,  консультативтік  қызмет 
немесе  басқа  да  қызмет  түрінің  барысында  алған  мәліметтер  оқушыға  немесе  
оның  отбасына  зиян  тигізетін  болса,  таратпауы  қажет.  Педагог-дефектолог 
мүмкіншіліктері  шектеулі  балаларға  терең  зерттеу  жүргізеді,  әрбір  баламен 
түзету-дамыту  жұмысының  жоспарын  анықтайды,  оны  іске  асырады, 
тәрбиеленушілердің  даму  динамикасын  қадағалайды;  балаларды  кіріктіре 
оқыту  және  тәрбиелеу  мәселесі  бойынша  педагог  қызметкерлерге 
ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді. Педагог-логопед балалардың 
тіл  ақаулығын  анықтайды  және  оларды  жою  бойынша  түзету  жұмысын 
жүргізеді,  жалпы  білім  беру  ортасында  тілдік  біліктерін  дамыту  бойынша 
жұмысқа  қатысады.  Мұғалім  мен  тәрбиеші  педагог-дефектологпен  және 
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге қатысатын басқа да мамандармен 
тығыз  байланыста  балалардың  жеке  ерекшеліктерін,  қызығушылықтары  мен 
қабілеттерін терең зерттеу негізінде олардың толыққанды психикалық дамуын 
қамтамасыз  ететін  білім  беру  жұмысын  жоспарлайды,  ұйымдастырады  және 
жүргізеді.  Инклюзивті  білім  берудегі  оқу-тәрбие  процесі  мектеп  психологына 
да тікелей қатысты. Ол бұл процесте өте маңызды рөл атқарады: басты назарда 
балаларды шектеу емес, олардың мүмкіншіліктері болатын жеке оқушылар мен 
мұғалімдерді,  тұтас  сыныптар  мен  жергілікті  қауымдастықты  біріктіретін 
біртұтас  жүйе  құрады.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  мектеп  психологы  өзара 
қатынастың  мектептік  мәдениетін  дамытуды  қолдайды  және  бағалау 
қызметімен  байланысты  қажет  жағдайларда  мұғалімдерге  көмектеседі  [19]. 
Мүгедек-оқушымен  және  ДМШ  балалармен  жүргізілетін  психологиялық 
қызметтің  мәні  жүйке-психикалық  күш  түсіруден  арылту,  өзін  өзі  бағалауын 
түзету,  психикалық  қызметтерді  –  жады,  ойлау,  елестету,  зейін,  селқостықты 
жеңу, 
дербестікті 
қалыптастыру, 
жатырқаушылықты 
жеңу 
және 
коммуникативтік дағдылар қалыптастырудан тұрады.  


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау