Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет9/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46

 
20 
шолу»), пәнішілік және пәнаралық байланыстарды орнату, тәжірибелік әрекет 
және  басқалары.  Құрал-жабдықтар,  оқу-дидактикалық  құралдар  тізімі  алдын 
ала анықталады.  
Сондай-ақ, мғалім сынып оқушылары құрамы мен оқу материалы көлемін 
ескере  отырып,  әрбір  тақырыпты  оқуға  қажетті  сағаттар  санын  өз  бетінше 
анықтауы  керек.  Ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  оқыту 
үдерісі оқушылардың типологиялық және жеке психологиялық ерекшеліктерін 
ескеріп,  оқытудың  тиісті  вариативтік  әдіс-тәсілдерін  қолдана  отырып  жүзеге 
асырылады.  Оқу  материалдарын  таңдау,  сондай-ақ  түрлі  типологиялық 
топтардың  оқушыларымен  оларды  оқу  жолдарын,  әдістері  мен  тәсілдерін 
таңдап алу балалрдың білім, білік және қалыптасқан дағдылар меңгеру туралы 
мәліметтер негізінде  жүзеге асырылуы  тиіс.  Ол  үшін  мұғалім өз оқушыларын 
үнемі  зерттеп  білуі  және  педагогикалық  диагностика  арқылы  олардың  оқу 
жетістіктері динамикасын қадағалап отыруы керек. 
Мақсат тұжырымдамасында тіркелген оқудың жоспарлы нәтижелері оқу 
жетістіктерінің  деңгейлері  бойынша  сараланады.  Оларға  сәйкес  әр  оқу 
тақырыбы  үшін  бақылау  өлшемдері  әзірленеді.  Өлшемдер  ретінде  зерделеу 
объектілерін танып білу, сипаттау, түсіндіру және түрлендіру бойынша  пәндік 
белгі, сөзді, ой әрекеттері мен операциялары танылады. Оқу материалын танып 
білу  және  өңдеу,  оны  таныс  және  бейтаныс  жағдайда  меңгеру  және  қолдану 
оушылардың  оқу  міндеттерін  орындау  барысындағы  танымдық  дербестігінің 
дәрежесімен  де  сипатталады.  Бұл  факт  басқалары  секілді,  бағалаудың  бір 
критерийі  болып  табылып,  білімділік  нәтиже  ретінде  қадағаланып,  тіркеледі.  
Әр тақырып үшін әзірленген қадағалаушы-диагностикалық материал күтілетін 
нәтижелердің  деңгейлері  бойынша  әр  оқу  тақырыбы  үшін  реттеледі  және 
оқушыларға танысу үшін ұсынылады [20].  
Оқу  жетістіктеріне  диагностика  және  қадағалау  балалармен  сабақтағы 
әдеттегідей жұмыс барысында, тақырыпты зерделеу аяқталған соң орындалады. 
Ол  сабақта мұғалім оқу материалын қайталауды ұйымдастырады, содан кейін 
орындау  амалдарына  мектеп  оқушыларының  назарын  аудара  отырып, 
қадағалаушы-  диагностикалық  тапсырмаларды  ұсынады  (дербестік  дәрежесі) 
және  әр  балаға  көрсетілген  көмек  түрлерін  ескереді.  Тақырыпты  зерделеп 
болған  соң,  зияткерлік  кемтарлығы    бар  оқушылардың  жетістіктері  бірдей 
болмайды. 1-типологиялық топтағы оқушылар дағдыларды өз бетінше игеруін, 
білімдерін  түрлі  жағдайда  қолдануын  көрсетеді.  2-типологиялық  топтағы 
оқушылар  тақырыптың  негізгі  мазмұнынын  ұғынғанын  көрсетеді.  3-
типологиялық  топтағы  оқушылар  тақырыптың  тек  жеке  элементтерін 
түсінгенін  көрсетіп,  өз  білімдерін  өзектілендіруде  мұғалімнің  көмегін 
қажетсінеді. 4-типологиялық топтағы оқушылар, әдеттегідей, өзге, едәуір жеңіл 
оқу материалын оқиды, олардың жетістіктері мақсатты деңгейлік тұжырымдау 
негізінде  соның  шеңберінде  анықталады.  Оқушының  кез-келген  жетістіктері, 
қаншалықты елеусіз болса да, оң деп қарастырылады [20].  


 
21 
Мектеп  оқушысының  әр  тақырып  бойынша  жеке  нәтижелері  оқу 
жетістіктерінің  арнайы  карталарында  тіркеледі.  Оқушы  өзінің  нәтижесін 
жақсарта  алады,  себебі  оқу  бағдарламаларының  көпшілігі  шоғырланған 
құрылымына ие және оқылған материал үнемі қайталанып, дамытылады және 
бекітіледі.  Бұл  оқушының  оқу  материалын  меңгеруіндегі  ілгері  басу 
динамикасын, оның табыстылығының жеке траекториясын көрсетуге мүмкіндік 
туғызады. 
Тұтас  сыныптағы  оқытудың  нәтижелілігі  туралы  түсінік  алу  үшін, 
оқушылардың  анықталған  жетістіктерін  тіркеудің  меншікті  нысанын  әзірлеп 
немесе  жетістіктердің  жеке  картасын  түрлендіріп  алса  да  болады.  Тұтастай 
сынып  оқушылары  жетістіктері  қорытындысын  шығарып  және  көрсеткеннен 
кейін,  тану  деңгейі  бойынша  қандай  және  қанша  оқушының  жетістігі  барын, 
оқу материалын қанша оқушы түсінгенін және қаншасы қарастырылып отырған 
тақырып  аясындағы  білімдерін  қолдана  алатыны  туралы  педагогтің  түсінігі 
болады.  Оқушылардың  топқа  бөле  отырып,  педагог  саралау  тәсілін 
жоспарлайды және оны жүзеге асыратын болады.  
Оқу  тақырыбы  аясында  жеткен  оқыту  нәтижелерін  есепке  алу  нысаны 
объективті,  ыңғайлы  және  ақпаратты  болғаны  маңызды.  Ол  тек  бағаның 
функциясын  ғана  орындап  қоймай,  мұғалімге  әр  оқушымен  жүргізілетін 
жұмыстардың  ең  жуық  келешегін  анықтауға  бағдар  береді.  Бақылау 
тапсырмаларын  орындау  нәтижелері  бойынша  жеке  оқыту  тәсілімен 
қамтамасыз  етілуі  тиіс  оқушыға  жеке  білім  беру  маршрутын  байқауға  және 
құруға болады. 
Сонымен,  оқу  тақырыбы  деңгейіндегі  жобалау  келесілерді  қамтуы 
мүмкін:  оқу  тақырыптарының  технологиялық  карталарын  жасау,  әр  тақырып 
үшін қадағалаушы-диагностикалық материал жасау, әр тақырып бойынша оқу 
жетістіктерін көрсететін жеке нысандар дайындау.  
Оқу  тақырыбы,  әдеттегідей,  бірнеше  сабақта  оқытылады.  Тақырыптың 
технологиялық  картасында  олардың  саны  белгіленеді.  Сабақ  деңгейінде  оқу 
процесін жобалағанда, педагог оның мақсаттарын тақырыпты меңгеру кезеңіне 
және  сынып  құрамына  сәйкес  анықтайды.  Жобада  оқу  мақсаттары  мектеп 
оқушыларының оқуындағы күтілетін нәтиже болып табылатын қызметі түрінде 
сипатталғандықтан,  мұғалім  қиналмай  анағұрлым  жарамды  мазмұнды,  оқу 
әдістері  мен  тәсілдерін,  көрнекі  құралдарын,  практикалық  қызмет  түрлерін, 
сабақта оқушыларға жеке және сараланған тәсілді таңдай алады. 
Оқу  жылы  аяқталысымен  оқушылардың  жетістіктері  жинақталып, 
қорытынды  кестесінде  сипатталып,  олар  оқушының  сабақтағы  жұмысына 
күнделікті  бақылауларымен  толықтырылып  жетістіктердің  тақырыптық 
карталарындағы деректер негізінде жүзеге асырылады.  
Осымен,  ерекше  білім  беруде  қажеттілігі  бар  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін критериалды-сипаттаумен бағалауды енгізу негізі педагогтардың 
пән бойынша тұтас педагогикалық процесті критериалдық-деңгейлік мақсатты 


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау