әдістемелік нұсқауларда берілген материалдарды зерттеу;
техникалық есеп беру құру;
қолданылатын контакты машиналар құрылымын зерттеу және екі пластинаны нүктелік пен тігісті машиналарда пісіру.
4.5 Есеп беру мазмұны
жұмыстың мақсаты;
негізгі анықтамалары бар қысқаша теориялық бөлім;
пісіру әдістерінің сұлбасы (сурет 2, 4, 5);
параметрлері көрсетілген қысқаша теориялық кіріспе;
жұмсақ және қатты режимдердегі нұктелік байланыстық пісіруі бар машинаның принципті электрлі сұлбасы (сурет 7);
тәжірибе сипаттамалары;
жұмыс бойынша шешімдер.
4.6 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
байланыстық электрлі пісірудің негізгі әдістері;
пісіріп байланыстырудың құралым аумағындағы термофизикалық үрдістер;
пісіру әдістерін қолдану аясы;
пісіру құрылғыларының принципті құрылымы.
5 ТОКАРЛЫ СТАНОКТАРДА ӨҢДЕУ
5.1 Жұмыстың мақсаты
токарлы-винторезді станок құрылымын зерттеу;
қозғалыс түрлері мен олардың өлшемділігін зерттеу;
инструментті зерттеу;
бейімдемелер мен жаблықтауды зерттеу.
5.2 Құрылғы, айлабұйым, құралдар
токарлы станоктар;
станок құрылғылары бойынша плакаттар;
патрондар; орталықтар; ауыспалы төлкелер;
люнеттер;
кескіштердің негізгі типтері бар стенд.
5.3 Жұмыстың мазмұны
5.3.1 Токарлы топ станоктары
Токарлы станок топтарына токарлы-винторезді, токарлы-револьверлі, көпкескішті токарлы, карусельді-токарлы, лобовойлы, токарлы автоматтар мен жартылай автоматтар, бұрғыла--кесілетін (бұралмалы дайындамалар кезінде) және арнайы токарлы станоктар.
5.3.1.1 Токарлы-винторезді станоктар
Токарлы-винторезді станкоктар универсалды, олармен көптеген әртүрлі бөлшектерді дайындайды. Бұл станоктарды бірегей, аз сериялы өндірісте және машиналарды жөндеуде, зауыттардың тәжірибелік цехтарында, агроөнеркәсіптік кешеннің бөлімшелерінде, оқу және ауыспалы мастерскойларда қолданады.
1 – беріс қорабы; 2 – алдыңғы бабка; 3 – суппорт; 4 – артқы бабка; 5 – бағыттауышы бар станина; 6 – фартук; 7 – жүріс валигі; 8 – жүріс винты.
Сурет 1 – Токарлы-винторезді станок
Сурет 1-де 16К20 модельді орташа токарлы-винторезді станок көрсетілген. Токарлы-винторезді станоктың басты түйіндері станина 5, жылдамдық қорабы бар алдыңғы бабка 2, фартугы бар 6 суппорт 3, артқы бабка 4 және құрамына беріс қорабы 1, жүріс винты 8, жүріс валигі 7 кіретін қозғалысты шпиндельден суппортқа жіберетін механизм болып табылады.
Сурет 2 – Шпиндель.
Шпиндельдің оң жағында (сурет 2) патрондарды бұрамдау және арнайы құрылымдарға арналған резьба 3 кескіленген.
5.3.1.2 Токарлы-винторезді станоктарға арналған құрылғылар
Орталықтары шпиндель мен артқы бабканың пинольюсының арасында дайындамалар орнату (базирлеу) үшін қызмет етеді. Орталықта дайындамаларды орнату үшін оның қырында алдын-ала орталық тесіктерді (сурет 3,а) атқылайды.
Сурет 3 – Құрылғылар.
Өздігінен орталықтандыратың патрондар дайындамаларды орталықтандырумен қатар бекіту үшін қолданады. Патрондардың орталықтандырғыш механизмдерінің бірнеше түрлері болады: екімәндімен винтпен, спиральды, рейкалы және жұдырықша саны 2-ден 4-ке дейінгі басқалар.
Сурет 5 – Патрондар.
Төрт жұдырықша патрондарда (сурет 5,б) әр жұдырықша өз винтынан қозғалады, ол онда симметриялы емес және дөңгелек емес дайындамаларды бекітуге мүмкіндік береді.
Патрондарда дайындамаларды бекіту мүмкін емес болғанда, планшайба 5 (сурет 5, в) қолданады. Планшайбада диск формалы дайындамаларды прихватамен бекітеді; келтеқұбыр 6 (сурет 5, г) бекіту үшін бұрышы 7 қолданады.
Сурет 6 – Люнеттер.
5.3.1.3 Револьверлі станоктар
Револьверлі (токарлы-револьверлі) станоктарды даналы (ковалы, құймалы) дайындамалар мен прутоктан бөлшектер дайындаған кезде сериялы өндірісте қолданады.
Сурет 7 – Токарлы-револьверлі станок 1П365.
Сурет 7-де 1П365 модельді револьверлі басының 2 осі тік болатын револьверлі станок көрсетілген.
Сурет 8 – Токарлы-револьверлі станок 1341.
Сурет 8-де 1341 модельді 16 позициялы револьверлі басының 2 осі көлденең болатын револьверлі станок көрсетілген.
5.3.1.4 Токарлы автоматтар мен жартылай автоматтар
Токарлы автоматтарды домалақ және көп қырлы қималы калибровалды (суық тартылған) жыйындардан жасалған әртүрлі бөлшектерді дайындауға қолданады.
Сурет 9 – Токарлы автомат 1Б140.
5.3.1.5 Каруселді-токарлы станоктар
Каруселді-токарлы станоктарды диаметрі биіктігінен жоғары болатын орташа және үлкен дайындамаларды өңдеу үшін қолданады; өңдеу кезінде дайындаманың айналу осі тік.
Сурет 10 – Токарлы-каруселді станоктар.
5.3.2 Қайрау
«Қайрау» ұғымы келесі негізгі жұмыс түрлерін біріктіреді: цилиндрлі, конустық және фасонды беткейлерді қайрайды; қыр беткейлерді қайралған және кесілген.
Сурет 11 – Кесу сұлбасы.
Достарыңызбен бөлісу: |