«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет паспорты



Дата23.11.2018
өлшемі59 Kb.
#24440

«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру»

мемлекеттiк қызмет паспорты


1

Жалпы ережелер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін (порталда ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға өтініш білдіреді) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) ХҚКО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут;
      ХҚКО-ға:
      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні;
      жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні;
      ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.

5

Көрсетілетін қызмет бағасы және төлем тәртібі

. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi

6

Жұмыс кестесі

      1) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат болған жағдайда, қабылдау қөрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүргізілсе, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша объекті болмаса, онда қабылдау жеделдетілмеген қызмет көрсетудің «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

7

Қажетті құжаттардың тізбесі

      1) порталға:
      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) Мемлекеттік корпорацияға:
      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болса – қажет емес);
      жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай (алдын-ала) беру бойынша анықтама алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      жер учаскесін құрылыс мақсаттарына ұсыну туралы жергілікті ақтарушы органның шешімі немесе төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
      сәйкестендіру құжаты;
      шарт (алдын-ала, инвестициялау, сатып-алу);
      мұрагерлік құқық туралы куәлік.



8

Шағымдану тәртібі

     шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспортының 9-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі.
      Шағым жұмыс күндері пошта не көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол жазбаша нысанда қабылданады.
      Шағымды қабылдауды растау мемлекеттік қызметті көрсетушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылданған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым ХҚО www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына түседі.
      ХҚО бөлімінде қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа жазылады) оңы тіркеу болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетушінің, ХҚО атына келіп түскен мемлекеттік қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал кізуге арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өндеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізу, тіркеу, орындау қарау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қол жеткізуге болады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануы мүмкін.
      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оңы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.



9

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде 
электрондық форматта көрсетілетін қызмет көрсетудің
ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар


Заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүруді, бағдарлануды жүзеге асыру қабілеттерінен немесе мүмкіндігінен толық немесе жартылай айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы өтініш беру жолымен ХҚКО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      интернет-ресурсында: www.arshaly.akmo.gov.kz ;
      ХҚКО-ның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz орналастырылған.
      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс интернет-ресурсында: www.arshaly.akmo.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414.



Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау