Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 4,04 Mb.
Pdf просмотр
бет15/92
Дата21.11.2018
өлшемі4,04 Mb.
#23179
түріМетодические рекомендации
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92

32 
 
дамытудағы  мүмкіндіктерімен  ерекшеленеді.  Білім  алушылардың  алған 
білімдері  мен  біліктіліктерін  әртүрлі  оқу  және  практикалық  жағдайларда 
қолдануға, білім алушыларды өзiндiк шығармашылық еңбекке, өмiрге белсендi 
араласуға дайындауға негiз болады. 
Жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасының  ерекшелігіне 
байланысты  келесі  бөлімде  «Физика»  пәнін  оқытуды  ұйымдастырудың 
формалары мен әдістері қарастырылады. 


33 
 
2  «Физика»  пәнін  оқытуды  ұйымдастырудың  формалары  мен 
әдістері 
 
Қазіргі  өркениеттің  ақпараттар  ағыны өсіп отырған  жағдайында  мектепте 
оқытудың  мақсаттары  мен  қызметі  елеулі  өзгеріске  ұшырады.  Осыған 
байланысты,  бүгінгі  қоғам  алдындағы  мақсат  –  өмірдің  барлық  саласында 
белсенді  шығармашылық  іс-әрекетке  қабілетті,  еркін  тұлға  тәрбиелеу.  Енді 
білім алушыдан аса көлемді ақпаратты игеру емес, оны нақты өмірде қолдана 
білу талап етіледі. Мектепте оқыту сапасы мәселесі қазіргі қоғам талаптарына 
да тығыз байланысты. 
Мектептегі білім беру жүйесі қоғамдық дамудың өзекті сұраныстарына сай 
болуы  үшін  білім  беру  мақсаты  қоғам  дамуының  әр  кезеңі  ескеріле  отырып, 
оның  білім  мазмұнына,  оқытудың  әдістеріне,  ұйымдастыру  формалары  мен 
құралдарына сәйкестігін анықтау арқылы үнемі нақтыланып отыруы қажет. Ал 
білім  беру  жүйесінің  маңызды  құраушысы  білім  мазмұны  әрі  оны  жаңарту 
процессінің  басты  мақсаты  білім  мазмұнын  жаңа  сапаға  көтеруге  және  оны 
жүзеге  асыруға  бағытталуы  тиіс.  Өйткені  жеке  пәндердің  нақты  мазмұнының 
тұлғаны  оқыту,  тәрбиелеу  мен  дамыту  мақсатына  сәйкестігін  айқындау  білім 
мазмұнының  дұрыс  таңдалып  алынуының  басты  шарты  болып  табылады. 
Солай  болған  жағдайда  ғана  педагогикалық  процесс  оқытудың  заманауи 
сұраныстарына сай мазмұнымен қамтамасыз етілмек. 
Мектепте  оқытылатын  физика  ғылымының  мазмұнын  беруге  қоғамның 
қоятын  талаптары  мен  оқытудың  қалыптасқан  жүйесiнiң  (оқу-тәрбие 
процессiнiң  мақсатын,  мазмұнын,  әдiстерiн,  құралдары  мен  ұйымдастыру 
формаларын қамтитын) арасындағы, яғни  

қоғамның  мектеп  бiтiрушiлерге  қоятын  талаптары  мен  олардың 
әрқайсысының  нақты  физика  ғылымындағы  бiлiм,  дүниетаным,  мәдениет, 
әлеуметтiк белсендiлiгi; 

жалпыға бiрдей орта бiлiм берудің мiндетi мен оқыту нәтижесiнiң сапасы 
жоғары болуын талап ету; 

мазмұнды  ғылымиландыру  талабы  мен  оның  түсiнiктiлiгiн  қамтамасыз 
ету; 

әлемнiң  бiртұтас  ғылыми  бейнесiн  қалыптастырудың  қажеттiгi  мен  оқу 
пәндерiнiң алшақтығы; 

әр  жастағы  білім  алушының  психологиялық-физиологиялық 
ерекшелiктерi  мен  берілетін  білім  мазмұнының  көлемi,  оқыту  мерзiмi,  ретi, 
күрделiлiк деңгейi арасындағы қарама-қайшылықтардың арта түскендiгi оқыту 
мен  тәрбиелеудiң  жаңартылған  «Физика»  пәнін  оқытуды  ұйымдастырудың 
формалары мен әдістерін қажет етеді. 
Физика  ғылымының  өзіндік  зерттеу  әдісі  болатыны  секілді  физиканы 
оқытудың  да  өз  әдісі  бар.
 
Сондықтан  негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің             
7-9-
сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік 
оқу  бағдарламасы  ғана  емес  оны  оқытудың  әдiстемелiк  жүйесiн  жаңарту  мен 
жетiлдiру,  яғни  мазмұнды,  оқу  процессін  ұйымдастырудың  әдiстерi  мен 
формаларын, білім алушылардың таным қызметiнiң сипатын, оларды оқу пәнiн 


34 
 
меңгерту  процессінде  тәрбиелеу  мен  дамытуды  жүйелеп,  қалыпқа  келтiретiн 
жүйесiн жасауға елеулi маңыз берiледi. 
Оқыту  әдістері  деп  мұғалім  мен  білім  алушының  өзара  бірлескен 
қызметіндегі оқу мақсатына жетуде қолданылатын іс-әрекет тәсілдерін айтады. 
«Оқыту  әдісі»  ұғымы  дидактикалық  мақсаттарға  сәйкес  оқыту  процессінде 
мұғалімнің  оқу  жұмысы  мен  білім  алушылардың  танымдық  іс-әрекетін 
байланыстыратын  оқу  іс-әрекетінің  міндеттерін  бейнелейді.  Демек,  оқыту 
әдістері  -  оқыту  міндеттерін,  яғни  дидактикалық  міндеттерді  шешуге 
бағытталған  мұғалім  мен  білім  алушылардың  біріккен  іс-әрекетінің  жолдары 
болып табылады [10].  
Оқыту әдістері – күрделі, көп жақты, көп салалы құбылыс. Оқыту әдістері 
арқылы объективтік заңдылықтар, мақсаттар, мазмұны, принциптері мен оқыту 
формалары  бейнеленеді.  Оқыту  әдістері  оқу-тәрбие  процессінде  үйретуші, 
дамытушы,  тәрбиелеуші,  ынталандырушы  (мотивациялық)  және  бақылаушы-
түзетуші кызметтерді атқарады [10]. 
Заманауи  педагогикалық  процесте  қолданылатын  әдістер  саны,  түрі 
орасан көп. Қазіргі күнде педагогикада әдістерді топтастырудың төрт жолы кең 
танылған. 
Әдістер әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі: 

оқу  іс-әрекетінің  сипаты  бойынша:  репродуктивтік,  проблемалық, 
зерттеу, ізденушілік, түсіндірме – көрнекілік, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) 
және тағы басқалар; 

педагог  пен  білім  алушының  белсенділік  деңгейіне  байланысты: 
пассивті, активті, интерактивті; 

оқу  материалының  көзі  бойынша:
 
сөз,  көрнекілік,  іс-әрекеттік 
(практика);  

оқу-танымдық  қызметті  ұйымдастыру  тәсілдері  бойынша:
 
іс-
тәжірибеде  білім,  білік,  дағдыларды  қалыптастыру  әдістері,  жаңа  білім  алу 
тексеру және бағалау әдістері [11]. 
Жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  оқыту  білім  алушының  белсенділік 
деңгейіне байланысты әдістерге кеңірек көңіл бөлінеді (10-кесте).  
 
10-
кесте – Білім алушының белсенділік деңгейіне байланысты әдіс түрлері 
 
Пассивті 
(енжар) 
әдіс 
Активті (белсенді) әдіс 
Интерактивті әдіс 


жүктеу 4,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау