Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 4,04 Mb.
Pdf просмотр
бет12/92
Дата21.11.2018
өлшемі4,04 Mb.
#23179
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92

26 
 
Бағдарламада ғылыми-теориялық және техникалық жаңалықтардың қалай 
ашылғандығы,  атомдық  физика  туралы  ілімнің  дамыған  кезеңдері,  оның 
эксперименттік  дәлелдері  мен  қарама-қайшылықтары  хронологиялық  ретпен 
орын-орнымен айқын айшықталады 
«Атом  құрылысы»  бөлімі  көп  оқу  материалдарын  қысқа  уақыт  ішінде 
баяндауды  қажет  етеді.  Сондықтан  сабақта  ол  материалдардың  ең  негізгілері 
ғана  білім  алушыларға  түсінікті  етіп  баяндалуы  тиіс.  Атомдық  және  ядролық 
құбылыстардың  барлығына  егжей-тегжейлі  тоқтала  беруге  мүмкіндік 
болмайтындығын  мұғалім  ескеруі  керек.  Сондай-ақ,  курс  бойынша  оқу 
материалын  білім  алушылардың  меңгеруі  химиямен  пәнаралық  байланыстың 
жүйелі жүргізілуіне және физика мен химияда өтілген тақырыптарды олардың 
дұрыс  түсінгендігіне  тікелей  байланысты  екендігін  ұдайы  ескеру  қажет. 
Ядродағы  физикалық  құбылыстарды  білім  алушыларға  түсіндірудің  бір 
қиыншылығы  –  олар  көзге  көрінбейтін,  қолмен  сезінуге  болмайтын 
құбылыстар.  Оларды  эксперименттік  тұрғыда  сабақта  түсіндіруге  де  қажетті 
демонстрациялық  не  лабораториялық  приборлар  жоқтың  қасы  әрі  жасау  да 
оңай  емес.  Сондықтан  ядролық  физика  туралы  бірқатар  кинофильмдерді, 
электронды лобараторияларды, бейне материалдарды сабақта тиімді пайдалану 
өте  қажет.  Атом  және  атом  ядросы  тақырыбында  негізгі  мәселелер  жүйесін 
түсіндіруде  ең  алдымен,  атом  құрылысының  күрделі  екендігіне  білім 
алушылардың  көзін  жеткізу  керек.  Ол  үшін  радиоактивтілік  құбылысын 
қарастыруға болады. Радиоактивтілік – кейбір заттардың өзінше сәуле шығару 
қасиеті  екендігі  түсіндіріледі.  Оның  шындық  факт  екендігі  радиоактивті 
элементтің ионизациялау, жылу және химиялық әсерлері арқылы дәлелденеді. 
Яғни  радиоактивті  сәулелердің  жәрдемімен  зарядталған  электроскоптың 
ионизациялануы,  ыдыстағы  судың  жылынуы,  фотопластинкадағы  кескіннің 
өңделіп  байқалуы  баяндалады.  Ендеше,  радиоактивті  құбылысты  атомның 
ішінде өтетін процестің нәтижесі деп түсіндіруге болады. Бұдан, атом күрделі 
бөлшек, оның құрылысы қандай, ол өзі қандай бөлшектерден тұрады? - деген 
заңды сұрақ туындайды.  
Көрсетілген  сұраққа  жауап  ретінде  Резерфордтың  іргелі  тәжірибесі 
түсіндіріледі. Атомның ядродан және электроннан құралатындығы дәлелденеді. 
Теориялық  тұрғыдан  ол    Резерфорд  және  Бор  модельдері  арқылы  айқындала 
түседі. 
Атомдық  және  ядролық  физиканы  оқыту  барысында  пәнаралық 
байланыстарды  жүзеге  асырудың  да  маңызы  зор.  Жалпы  пәнаралық 
байланысты жүзеге асуы келесі мақсаттарды көздейді:  

жаратылыстану ғылымдарының диалектикалық бірлігі негізінде табиғат 
туралы бірыңғай көзқарасты қалыптастыру;  

оқу  пәнінде  ғылымдардың  жалпы  жүйесіндегі  орнын  түсіну;  білімнің 
жүйелілігін қамтамасыз ету;  

білім  алушылардың  білімін  жүйелеу  –  табиғаттың  негізгі  заңдарының 
жалпылығы туралы түсінікті орнықтыру;  

құбылыстардың, ұғымдардың, теориялардың, әлемнің ғылыми бейнелері 
арасындағы  жан-жақты  байланыстарды  білім  алушылардың  орнықтыра  алу 


27 
 
біліктілігін қалыптастыру;  

пәнаралық байланыстың теориялық және практикалық білімді дамытуға 
және  тереңдетуге  себептесетін  эвристикалық  принцип  ретінде  түсінілуін 
қамтамасыз ету;  

оқыту  процесінде  пәнаралық  байланыстарды  пайдалану  арқылы  әлем 
дамуын әлемнің бірлігімен байланысты қарастыру.  
Атомдық және ядролық құбылыстарға байланысты тақырыптар бойынша 
материалды  игеру  жарықтың  биологиялық  әсері,  фотосинтез,  рентген 
сәулелерінің  клеткаға  тигізетін  мутациялық  әсері,  ультракүлгін  сәулелер  мен 
инфрақызыл сәулелердің тірі организмдерге тигізетін әсері туралы биологиядан 
(7-
сынып) алған білімге, элементтердің периодтық жүйесі, изотоптар және атом 
ядросының  құрылысы  туралы  химиядан  (7-сынып)  алған  білімдеріне  сүйену 
арқылы іске асады. 
9-
сыныпта  жаңартылған  мазмұндағы  бағдарламада  қолданыстағы 
бағдарламамен  лабораториялық  жұмыстың  саны  бірдей,  өзгеріс  жоқ. 
Салыстырмасы кестеде берілген (7-кесте). 
 
7-
кесте. 9-сыныптың лабораториялық жұмыстың салыстырмасы 
Типтік оқу бағдарламасы) 
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы  
Бірқалыпты  қозғалыс  кезiндегi  дененiң 
үдеуiн анықтау 
 
«Теңүдемелі  қозғалыс  кезiндегi  дененiң 
үдеуiн анықтау» 
Горизонталь 
лақтырылған 
дененің 
қозғалысын зерделеу 
 
«Горизонталь 
лақтырылған 
дененің 
қозғалысын зерделеу» 
Математикалық маятниктің көмегімен еркін 
түсу үдеуін анықтау 
 
«Математикалық маятниктің көмегімен еркін 
түсу үдеуін анықтау» 
Беттік  толқындардың  таралу  жылдамдығын 
анықтау 
 
«Беттік  толқындардың  таралу  жылдамдығын 
анықтау» 
 
9-
сыныпта орындалатын практикалық жұмыстар:  
-  
қозғалыстың  салыстырмалылығы,  денелердің  қозғалысын  сипаттау 
тәсілдері; 
-  
күшті өлшеудің практикалық тәсілдері, жердің ауырлық өрісіндегі дене 
қозғалысының параметрлерін есептеу, дененің еркін түсу үдеуін өлшеу; 
-  
әртүрлі  маятниктер  тербелісінің  периодын  есептеу,  еркін  және  еріксіз 
тербелістерді зерттеу, толқындардың сипаттамасын зерттеу, ұялы телефонның 
жұмыс істеу принципі, аналогті сигналдың берілуі, Морзе әліппесі; 
-  
радиоактивтi элементтердiң жартылай ыдырау периодын есептеу болып 
табылады. 
9-
сыныпқа  арналған  «Физика»  пәнінің  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік 
оқу  бағдарламасында  4  лабораториялық  жұмыс  және  12  практикалық  жұмыс 
қамтылған.  
Пәннің оқу бағдарламасы шиыршық принципі негізінде әзірленген, яғни 
оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен 
кейін  (оқу  жылы  барысында  немесе  келесі  сыныптарда)  білім  мен  дағдының 
көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.  


жүктеу 4,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау