28
Мысалы: «Физикалық өлшеулер» бөлімі үш сыныпта да яғни 7-9-
сыныптарда қайталанып, тереңдетіліп беріліп отырады. Осыған байланысты
оқу бағдарламасының мазмұндық негізіне құрылған, оқу материалын
зерделеуге арналған шиыршық принципі арқылы материал мазмұнын
құрылымдауды есепке алған жөн (8-кесте).
8-
кесте. Шиыршық принципі арқылы берілген білім мазмұнының үлгісі
7-
сынып
8-
сынып
9-
сынып
дененің ұзындығын, көлемін,
температурасын және уақытты
өлшеу, өлшеу нәтижелерін
аспаптардың
қателіктерін
есепке ала отырып жазу
эксперимент деректерін
жинақтау, талдау және
өлшеу және қателіктерін
ескеріп жазу
алған нәтижені түсіндіру
және қорытынды жасау
кішкентай денелердің өлшемін
қатарлау әдісі арқылы анықтау
тәжірибені жүргізуге әсер
ететін
факторларды
анықтау
эксперименттің нәтижесіне
әсер ететін факторларды
талдау және экспериментті
жүргізуді жақсарту жолдарын
ұсыну
физика
кабинетінде
қауіпсіздік ережелерін білу
және сақтау
физика
кабинетінде
қауіпсіздік
ережелерін
білу және сақтау
физика
кабинетінде
қауіпсіздік ережелерін білу
және сақтау
Шиыршық принципінің сипаттық ерекшелігі, материалды баяндауда
білім алушы негізгі мәселені назардан тыс қалдырмай, қозғалған тақырыпқа
қатысты білімін ұдайы кеңейтіп, тереңіне үңіле білуіне ықпал ететіндігінде.
Осылайша білім алушылар нақты оқу мәселесіне қатысты білімін біртіндеп
және үздіксіз кеңейту мүмкіндігіне ие болады.
10-
кестеден «Физикалық өлшеулер» бөлімшесінде оқу мақсаттарының
сыныптан сыныпқа көшкен сайын кеңейіп, күрделене түсетінін көруге болады.
Мысалы, білім алушылар 7-сыныпта дененің ұзындығын, көлемін,
температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың
қателіктерін есепке алу арқылы анықтайтын болса, 8-сыныпта эксперимент
деректерін жинақтау, талдау және өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу
қалыптасады, 9-сыныпта алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасауды
үйренеді
Кейбір бөлімдер төмендегідей ішінара шиыршық принципі негізінде
әзірленген (9-кесте).
9-
кесте. Ішінара шиыршық принципі арқылы берілген білім мазмұнының үлгісі
Бөлімі
7-
сынып
8-
сынып
9-
сынып
Кинематика негіздері
Динамика негіздері
Сақталу заңдары
Молекулалы-кинетикалық теория негіздері
Білім алушыларға ғылым негіздерін игерту процесінде «Физика» пәнінен
пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың мынадай тәсілдерін көрсетуге
29
болады, жаңа оқу материалын меңгертуде білім алушылардың басқа пән
сабақтарында алған білімін пайдалану, мұнда пәнаралық байланысты жүзеге
асырудың үш кезеңі қарастырылады:
-
жаңа ұғымды қабылдауға білім алушыларды дайындауда пәнаралық
байланысты жүзеге асыру;
-
жаңа ұғымды меңгерту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге
асыру;
-
жаңа оқу материалын бекітуде және есептер шығаруда пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыру.
Физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндіруде
математикалық аппаратты қолдануына назар аударылады. Математиканың
физикамен байланысының айқын мысалының бірі – физикалық шамалар
арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалану.
Координат жазықтығын оқып үйренумен байланысты білім алушылар әртүрлі
графиктерді сызып үйренеді. Өз кезегінде білім алушылардың физикадан
механикалық қозғалыс, жол, жылдамдық, сондай-ақ, балқудың, қатаюдың
графиктерін салуына өз игілігін тигізеді. Сөйтіп, математикадан алған
білімдерін білім алушылар физикалық білім игеруге пайдалана бастайды. Олар
әртүрлі математикалық шамаларды өлшеу, сан мәндерін дөңгелектеу туралы
алған ұғымдарын физикалық эксперименттер нәтижесін анықтауға (әртүрлі
өлшеу жүргізу барысында) қолдана алады. Сол сияқты, білім алушылар екі
айнымалысы бар теңдеу туралы алған түсінігін және оны шешу жолындағы
игерген тәсілдерін, тура және кері байланыс, тағы басқа ұғымын физикада жиі
пайдаланады. Олар функция ұғымын игеріп, оның берілу тәсілдерін меңгереді.
Одан кері функция түрлерін оқып үйренеді, олардың графиктерін сызып
дағдыланады. Осы дағдылар мен математикалық білім физиканы игеру үшін
қаншалықты қажет екені түсінікті.
Физика мұғалімі білім алушылардың есептеу шеберліктері мен
дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдын-ала математика
мұғалімдерімен бірігіп, ортақ әдістерді қолдануға болады [9].
Физика мен химия ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып отырады.
Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз
тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ
ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ
энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы, тағы
басқа жатады. Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық
байланыстары екеуінде бірдей: молекулалық-кинетикалық және электрондық
теорияны, атом құрылысы теориясын оқып үйренуде айқын көрініс алады.
Білім алушылардың қабiлеттiлiктерін дамытудың маңызды факторына
арнайы қызығушылықтары жатады. Адам қызметiнiң белгiлi бiр саласына
қызығушылық білім алушыны осы қызметпен болашақта айналасу
бейiмдiлiгіне жалғасуы мүмкiн. Қандай да бiр оқу немесе еңбек iс-әрекеті
түрiне қызығушылықтың туындауы оған деген қабiлеттiлiктердiң пайда
болуымен тығыз байланысты және олардың дамуының алғышарты болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |