Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 4,04 Mb.
Pdf просмотр
бет14/92
Дата21.11.2018
өлшемі4,04 Mb.
#23179
түріМетодические рекомендации
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92

30 
 
Мектепте «Физика» пәнін оқыту заманауи технологиялық әлемдегі өмірге 
дайындауда  маңызды  мағынаға  ие.  Білім  алушылар  оқу  процессінде  бақылау 
жүргізуге,  топтастыруға,  құбылыстарды бір-бірімен  байланыстыру  мен оларға 
түсінік беруге үйренеді. Ойды, пәндік білім мен дағдыларды құру мен дамытуға 
ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және жеке бастың маңызды тапсырмалары 
контексінде  ғылыми  мәселелерді  ойлауға  қабілетті  ақпараттандырылған  және 
сындарлы ойлай білетін азаматты тәрбиелеуге де ерекше назар аударылады. 
«Физика»  пәнін  оқу  процессінде  туындап  отырған  барлық  мәселелерді 
білім алушылардың табысты шешуі, олардың пән мен дағдының негізгі білімі 
жүйесімен  қаруланып,  ғылыми  ойлауын  дамытуға  ықпал  етеді.  Физикалық 
білімдерді  игеру  нәтижесінде  ғылыми  әлемді  танудың  негізі  салынады,  ол 
табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді терең түсінуді, осы құбылыстарды 
саналы түрде түсіндіре білуді қалыптастыруды, алдына мақсат қою мен оларға 
жетуді жоспарлауды болжайды. 
Оқу  бағдарламасы  жергілікті  сипаттағы  материалдарды  (нысандар, 
кәсіпорындар,  ақпарат  көздері)  пайдалануға  бағытталған  оқу-жобалау  іс-
әрекеттерін  ұйымдастыру  арқылы  танымдық  және  әлеуметтік  тұрғыдан  білім 
алушының  белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Пәннің  оқу  мақсаттары 
аясында  жүзеге  асырылатын  тәрбиелік  сипаттағы  жоба  жұмысын  ата-
аналармен, 
жергілікті 
қауымдастық 
өкілдерімен 
бірлесе 
отырып, 
ұйымдастыруға болады. 
Технология,  медицина, 
ауыл 
шаруашылығы,  өнеркәсіп 
пен 
энергетиканың  әртүрлі  саласындағы  жетістіктер  ғылыми  идея  мен  ғылыми 
прогресс дамуының жарқын мысалдары болып табылады. 
Мысалы оған төмендегідей мақсаттар берілген: 
8.3.2.23 – 
жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін 
бағалау; 
8.4.3.8  – 
Қазақстанда  және  дүние  жүзінде  электр  энергиясын  өндірудің 
мысалдарын  келтіру; 
9.2.3.4  – 
Байқоңыр  ғарыш  айлағының  аймақтық  және  халықаралық 
маңыздылығына баға беру; 
9.2.5.18  – 
жаңғырықтың  пайда  болу  табиғатын    және  оны  қолдану  
әдістерін сипаттау;  
9.2.5.19  – 
табиғатта  және  техникада  ультрадыбыс  пен  инфрадыбысты 
қолдануға мысалдар келтіру; 
9.8.1.1  - 
адамның  дүниетанымдық  көзқарасының  қалыптасуына  физика 
және астрономияның дамуының әсерін түсіндіру;  
9.8.1.2 - 
жаңа технологиялардың қоршаған ортаға әсерінің артықшылығы 
мен қауіптілігін бағалау.  
Қолданбалы  материалды  теориялық  зерделеу  кезiнде  қарастырылғаны 
дұрыс.  Оның  мазмұны,  негiзiнен,  адамзат  қоғамындағы  жаратылыстану 
ғылымдарының  рөлiн  көрсетуге,  білім  алушылардың  ғылым  жетiстiктерiн 
әртүрлi  көзқарас  тұрғысынан  бағалай  алуға,  ғылыми-техникалық  прогреске 
байланысты туындайтын экологиялық проблемаларды түсiнуге бағытталады.  


31 
 
Жаңартылған  білім  беру  мазмұнында  жетістікке  қол  жеткізу  үшін 
мыналарды жасау: 
ғылыми тілді қалыптастыру мақсатында білім алушылардың сөздік қорын 
байыту,  үш  тілдегі  физикалық  терминдермен  таныстыру  бойынша  жүйелі 
жұмыстар жүргізу; 
физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау 
кестелерін  жасай  білу  дағдыларын,  баяндау,  сипаттау,  салыстыру,  графикті 
талдау,  қорытынды  жасау  және  жалпылама  қорыту  (жазбаша  және  ауызша) 
дағдыларын қалыптастыру; 
есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару; 
жүргізілген  практикалық  және  лабораториялық  жұмыстар  бойынша 
кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді 
дамыту; 
         
білім  алушылардың  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  мәдениетін,  олардың 
пікірлерінің  қисындылығы  және  дәлелдермен  түйінделу  дәрежесін  арттыру 
ұсынылады.  
Оқу  бағдарламасында  жұмыстың  креативті  тәсілдеріне  және 
формаларына  ерекше  орын  бөлінеді,  проблемалық  мәселелерді  талқылау 
арқылы  ұжымдық  жұмыс  жүргізу,  білім  алушыларды  өзіндік  шығармашылық 
жұмысқа және топта бірігіп және жеке жасайтын тапсырмаларға бағыттайтын 
дамытушы  сипаттағы  шығармашылық  тапсырмаларды  орындау  және 
практикалық есептерді шығару ұсынылады. 
Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен 
қатар  кең  ауқымды  дағдылардың  қалыптасуына  бағыттылғаны  оның  ерекше 
өзгешелігі болып табылады. Оқу мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді 
функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу 
жұмыстарын 
жүргізу, 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
пайдалану,  қарым-қатынас  жасаудың  түрлі  тәсілдерін  қолдану,  топпен  және 
жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты 
кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар білім 
алушының  мектептегі  білім  алу  тәжірибесінде  де,  келешекте  мектепті 
бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады. 
Оқу пәнінің әрбiр бөлiмi қорытынды сабақтармен аяқталады, онда білім 
алушылардың  теориялар  мен  әлемнiң  жаратылыстану-ғылыми  бейнесi  туралы 
бiлiмдерi  жүйеленедi.  Осы  сабақтардың  мақсаты  –  теориялардың  қолдану 
аясын  және  олардың  қазiргi  заманғы  әлемнiң  жаратылыстану-ғылыми 
бейнесiндегi орнын көрсету болып табылады. Жаңартылған мазмұндағы үлгілік 
оқу бағдарламаларында әр тарауды игеруге арналған сағат саны көрсетілмеген. 
Тоқсандағы  бөлімдер  және  бөлімдер  ішіндегі  тақырыптар  бойынша  сағат 
сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылған. Жоспарлау кезінде мұғалімдер 
бекіту  және  қайталау  сабақтарын  ескерулері  тиіс.  Ең  бастысы  бір  тоқсанда 
көрсетілген материал сол тоқсанда игерілуі керек. 
 
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» 
пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасы  практикалық 
маңыздылығымен,  сондай-ақ  білім  алушылардың  зерттеу  дағдыларын 


жүктеу 4,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау