18
-
даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу стартегиясы мен оны түзете
оқыту тәсілдерін таңдау сұрақтары бойынша отбасыға консультативті көмек
беру.
Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы білім беру процесінің субъектілерін
психологиялық-педагогикалық қолдау оның әрекетін үйлестірусіз жүзеге
асырылмайды. Қызмет әрекетін үйлестіруші осындай орган Психологиялық-
медициналық-педагогикалық (ПМП) консилиум болып табылады.
ПМП консилиум – негізгі идеясы балалардың жас және жеке
ерекшеліктеріне, өзекті даму деңгейіне, соматикалық және жүйке-психикалық
денсаулық жағдайына сәйкес балалар өмірінің тиімді жағдайларын қамтамасыз
ететін психологиялық-педагогикалық қолдаудың тұтас жүйесін құру болып
табылатын тұрақты әрекет ететін, үйлестірілген, ортақ мақсатпен біріктірілген,
қолдау стратегиясын жүзеге асыратын мамандардың ұжымы.
Консилиум әрекеті белгілі бір алгоритм бойынша іске асырылады және
үш кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі, талқылау кезеңі және жүзеге асыру
кезеңі.
Дайындық кезеңі диагностикалық мәліметтерді жинақтауды, ақпаратты
жалпылауды және оқушыларды дамыту міндеттерін қоюды қарастырады.
Талқылау кезеңі – түзете-дамыту жұмысының міндеттерін нақтылау,
педагогикалық міндеттерді қою, мамандар командасы әрекетінің мазмұнын
анықтау.
Жүзеге асыру кезеңі – өзінің кәсіби әрекетіне міндеттерді қою және
жүзеге асыру, қойылған міндеттерді шешу үшін формалар мен әдістерді таңдау.
Осылайша, білім беру процесінің субъектілерін психологиялық-
педагогикалық қолдау – бұл бейімдік мектеп әрекетінің өте маңызды және
өзекті бағыты. Оны дұрыс ұйымдастыру – мектептің білім беру кеңістігіне
қосылған кез келген баланы нәтижелі оқыту мен дамытудың кепілі бола алады.
ДЕ
ТЕЙ, РАТРИФИЦИРОВАННЫЕ КАЗАХСТАН
19
3
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен
тәрбиелеудің педагогикалық қолдау моделін қалыптастыру бойынша
әдістемелік ұсынымдар
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жүргізген зерттеулер
аясында, Қазақстанда жұмыс істейтін инклюзивті білім беру моделдеріне
талдау жасау жүзеге асырылды және эксперименттік алаңдардың жұмыс
тәжірибесі көрсетілді.
Өсіп келе жатқан ақпараттар ағыны, инклюзивті орта құру бойынша
мүмкіндіктерді кеңейтуге және ерекше қажеттілігі бар, соның ішінде мүмкіндігі
шектеулі балалардың (бұдан әрі МШБ) сапалы білімге қол жеткізулерін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың заманауи кезеңінде,
өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан инклюзивті білім беруге жағдай
жасаған білім беру ұйымдарының саны көбеюде. Бұл өте маңызды, бәрінен
бұрын, себебі ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар саны азаятын емес және
бұқаралық метептің білім беру ортасына балалар жиірек кіруде, бұл елімізде
инклюзивті білім берудің дамуындағы оң үрдіс болып табылады (10-кесте).
1-
кесте – 2014-2015 оқу жылы басындағы мемлекеттік (мемлекеттік емес)
күндізгі жалпы білім беретін мектептердің жиынтық есебі.
Мектептер, оқушылар және ұстаздар саны
Көрсеткіштер атауы
Жолда
р №
Барлығы (2, 3-
бағаналарыны
ң сомасы)
оның
ішінде,
қалалық
жерлерде
оның
ішінде,
ауылдық
жерлерде
А
В
1
2
3
Мектептердің жалпы саны
(2-4, 6, 7
жолдар сомасы)
(
бірлік)
1
7326
1742
5584
оның ішінде девиантты
мінез-құлықты балаларға
арналған мектептер
(
бірлік)
6
7
6
1
оның ішінде дамуының
шектеу мүмкіндіктері бар
балаларға арналған
мектептер (бірлік)
7
97
90
7
жалпы білім беретін
мектептердегі дамуының
шектеу мүмкіндіктері бар
балаларға арналған
сыныптар (бірлік)
8
1392
984
408
20
Инклюзивті білім беру
үшін жағдай жасаған
мектептер саны (бірлік)*
18
1795
645
1150
Барлық білім алушылар
(20-22, 24, 25
жолдар
сомасы) (адам)
19
2629838
1350692
1279146
оның ішінде девиантты
мінез-құлқы бар балаларға
арналған мектептерде
(
адам)
24
142
121
21
оның ішінде дамуының
МШБ арналған
мектептерде (адам)
25
15170
12443
1074
жалпы білім беретін
мектептердегі дамуының
МШБ арналған
сыныптарда
26
11118
6977
4141
Әдеттегі білім беру
ортасына тартылған даму
мүмкіндігі шектеулі білім
алушылар (адам)*
36
16206
9505
6701
Барлық мұғалімдер (38-40
жолдар сомасы) (адам)
37
276544
103853
172110
Инклюзивті білім беру моделдерін зерттеу, МШБ-ның әлеуттендіру
дағдылары мен коммуникативтік біліктерін дамыту үшін маңызды ресурс
ретінде АКТ, интернет-ресурстарды пайдалану мүмкіндігі мен әлеуетін,
инклюзивті білім беруді дамытудың аймақтық қоғамдастығын құру және
басқару процесінде инклюзивті білім беруді дамытудың тиімді тетіктерін
көрсетті (Ақмола облысы мысалында).
Қазақстанда құрылған инклюзивті білім беру моделдерінің екеуіне
тоқталайық:
Қарағанды қаласының № 27 ЖББОМ ММ мысалында инклюзивті білім
беру мекемесін дамытуды басқару моделі.
Мектеп базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу қызметі құрылды. Бұл қызметтің мақсаты ерекше
қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, қоғамға әлеуметік бейімделу
және кірігуін қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттар аясында келесі міндеттер жүзеге асырылады: инклюзивті
білім беру бойынша жүйелі жұмыс әзірлеу және енгізу; білім біру қызметтеріне
қолжетімділікті қамтамасыз ету және білім беру қызметтерінің барлық
субъектілері үшін білім сапасына қол жеткізу.
Білім беру ұйымы инклюзивті ортаны дамыта отырып, инклюзивті
мектепті басқаруды бірнеше кезеңде жүзеге асыратын тұжырымдама әзірледі: