25
бағдарламаларды жүзеге асыруды ата-ана- бала-ұстаз өзара байланысты тұтас
жүйесінде өткізуге ұсыныс берілуде.
Ата-аналар мен педагогтер жиі жағдайда бала қиыншылықтарының
сипатын түсіне бермейді де, олардың алдына дамуындағы шынайы деңгейге сай
келмейтін міндеттерді қояды. Балалар оған лайықсыз мінез-құлықпен және
әрекетсінуден бас тартуымен жауап беріп, бұл жағдай оқудағы сәтсіздіктерге
жетелейді. Оңай жауап ретінде ересектер қорқытуға, жазалауға кірісіп,
онысымен кінәлік сезімін тудырады, ол өз кезегінде болымды нәтижеге
жеткізбейді. Оған қоса, ата-аналар мен мұғалімдер баланың «үстінен қарап»,
оның қиыншылықтарын түсінбейді, жиі жағдайда онымен эмоционалдық
қатынасты орнатуға ынтасын білдірмейді. Бала жалғыздық сезіміне түсіп,
ересектердің жағынан оның табысына деген тілектестік сезімдерін таппайды.
Баланың қиыншылықтарына ересектер жиі теріс қарап, онымен жұмыс
жүргізуде тек оның сәтсіздіктерін талдауға негізделеді. Егер баланың оқуы
табысты болмаса, ол ересектердің көзінде «жаман» болып шығады, бұл
баланың өзін-өзі төмен бағалап, оның қобалжу сезімінің артуына, онысымен
бала дезинтеграциясының артуына себепші болады. Осылайша, «шырғалаң
шеңбер» деп аталатын жағдай туындайды: әрекеттіліктің бұзылуы сәтсіздікке
жетелейді, сәтсіздік қобалжуды және өзін-өзі бағалау сезімінің төмендеуін
тудырады, бұл бала дамуындағы қолайсыз бағыттың нығаюына ықпалын
тигізеді.
Білім
беру
үдерісінің
барлық
қатысушылары,
әдетте,
фрустрацияланған, бір-бірін кінәлап, қалыптасқан жағдайда шығатын жолды
көрмейді [20].
Дағдарыс жағдайынан шығу бала-ата-аналары (заңды өкіл) және педагог
арасындағы өзара қатынастарды және өзара әрекеттерді барлық қатысушылар
бір-бірінің күйіне және мінез-құлығына өзара алғы шарт бола алатындай өзара
байланысты бірыңғай жүйе көзқарасынан қарастырғанда мүмкін. Осы жүйенің
жағдайын өзгерту үшін баламен де, ата-аналармен де, мұғаліммен де, сонымен
қатар олардың қатынасқа түсу амалдарымен де бір уақытта жұмыс жүргізу
қажет. Әдетте, білім беру мекемесінде бұл жұмысты психолог жүргізеді.
Психологиялық араласудың мақсаты:
-
«қолдаушы ортаны» қалыптастырумен бала жағдайын өзгерту және
оның дамуын жалғастыруға ықпалын тигізетін функциялардың қалыптасуын
ұйымдастыру;
-
ересектерді баланың жағдайы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат-
тандырып, оларда баланы дағдарыс жағдайынан шығару және оның дамуын
жалғастыру бойынша шақыру сезімдерін тудыру арқылы ересектердің балаға
деген көзқарасын өзгерту.
Осылайша, психолог балаға тікелей ғана емес (арнайы ұйымдастырылған
ортада жеке және топтық жұмыс жүргізу режимінде),сонымен қатар ата-
аналары, мұғалімдері арқылы, олар арқылы баланың дамуындағы өзекті
жағдайдағы талаптардың жүйесі мен пысықтауларын өзгерте алады [21].
Жеке дамыта-түзету жұмысын таңдау және оны іске асыру бойынша
шаралар келесі кезеңдерді көздейді:
26
•
Бала дамуындағы жақын аумақты, сонымен қатар оның дамуындағы
ресурстарды анықтау және баламен және оның ата-аналарымен қолдағы
әлеуметтік жағдайда пайдалану мүмкіндіктері мен амалдарын анықтау;
•
Баланың оң мақсаттарын түзуінде көмек көрсету, яғни оның келешектегі
даму үлгісін жасау, сонымен қатар баланы белгіленген мақсатына өз
қажеттіліктерін, мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін ескерумен қол
жеткізуіне түрткі беру;
•
Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу амалдарын, соның ішінде баламен
жасанды жағдайда жасайтын тапсырмаларының, сонымен қатар
қалыптасқан дағдыларды бала дамуындағы өзекті жағдайға ауыстырудың
бағдарламасы мен режимін таңдау.
Дамыта-түзетудің жеке бағдарламасын әзірлеу механизмінде мынадай
блоктарды ажыратуға болады:
1.
Психологиялық-педагогикалық амалдар мен жұмыс әдістерімен
денсаулықты
сақтау,
психологиялық-соматикалық
және
психологиялық-неврологиялық қолайсыздықтардың алдын алу және
оларды түзету.
2.
Оқу қызметін қамтамасыз ететін психологиялық-физиологиялық
функциялардың дамуындағы тапшылықты толтыру.
3.
Табысты әлеуметтену үшін қажетті болатын әлеуметтік-рухани
қасиеттерді дамыту.
2.
Эмоционалдық-жігерлілік аясындағы бұзылыстарды түзету [4].
Жеке бағдарламаларды іске асыруда түбегейлі мәні бар жеке
бағдарламалар болып табылатындары:
- дамуындағы немесе мінез-құлығындағы ауытқулардың диагностикасы
мен түзету шараларының бірлігі қағидасын ұстану;
- баланың және оның отбасының дамуындағы әлеуметтік ахуалды ескеру;
- ата-аналар немесе олардың орнын басатын тұлғаларды педагогикалық-
түзету үдерісіне тарту;
- оқыту мазмұнын өзгерту және жұмыс әдістері мен амалдарын жетілдіру
арқылы тәрбиелеуге және оқытуға жеке тұлғаға бағытталған көзқарасты
іске асыру;
- ересектердің балалармен өзара әрекеттесу нұсқаларын кеңейту және
балалар арасындағы әріптестік серіктестік нұсқаларын белсендендіру
үшін жағдайларды қалыптастыру.
Жоғарыда келтірілген дамытушылық-түзету бағдарламасының үлгілі
екенін атап көрсету қажет. Бағдарламаның тараулары әрбір нақты алынған
баланың білімділік қажеттіліктерінен жеке алынып анықталады. Жеке
бағдарламаны әзірлеудің үдерісі педагогтердің өзара әрекеттесуі мен
шығармашылығын бағамдайды. Ешбір әдістемелік құрал нақты баланың
барлық қажеттіліктерін дәл ескеруі мүмкін емес.
Ал сабақтардың нақты мазмұны мен режимі зерделеу барысында
анықталған баланың негізгі қиыншылықтарындағы «ауырлық ортасын»