10
қарағанда республикада жыл сайын 8 мыңға жуық ата-ананың қарауынсыз
қалған балалар анықталады, олардың 3 мыңға жуығы балалар үйіне
орналастырылады. Соңғы жылдары толық мемлекеттің қамтамасыз етуіне
берілетін балалар санының біртіндеп өсе бастағаны секілді жағымсыз үрдіс те
алаңдатушылық туғызады.
2012 жылы балалар үйіне 2 231 бала жіберілсе, бұл көрсеткіш 2014 жылы
2
839 болған, оның арасында 2 012 бала бала асырап алу, қамқорлыққа алу мен
патронаттың күші жойылғаннан кейін балалар үйіне қайтарылған.
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау
комитетінің деректеріне қарағанда 2015 жылдың басында жетім балалар мен
ата-ананың қарауынсыз қалған балалар саны 32 362 болған. Оның 21 350
баласы қазақстан азаматтарының отбасыларында қамқорлыққа алынып
тәрбиеленуде, 1 820 бала – патронаттық тәрбиеде, 9 192 бала 188 балалар
үйінде тәрбиеленуде. Балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің 7 395 (80,4%) 7
мен 18 жас арасында, ал 19,6 % (1 797 адам) 6 жасқа дейінгі балалар.
Интернаттық мекемелер жүйесі 58 балалар үйі мен мектеп-
интернаттарды, 25 бөбектер үйін, 18 ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған
үй-интернаттарды, 13 паналату үйлері, 28 жастар үйін, 29 отбасы түріндегі
балалар үйлері және 17 жекеменшік балалар үйлерін қамтиды [7].
Жетім балаларды қамқорлыққа алудағы қазақстандық мемлекеттік жүйе
оларды заңды түрде өз бетінше өмір сүруге сапалы түрде даярлауға баса назар
аударуы қажет, жүйе әлі де болса «кәмелеттік жасқа жеткенше ұстау»
қағидасымен жұмыс жасайды. Тәрбиелеу мен әлеуметтік бейімдеудің
шешілмеген мәселелерін «мерзімді ұзарту», яғни Жасөспірімдер Үйі мен
Жастар Үйі арқылы шешу оларды тағы да интернаттық мекемелердегі сияқты
қамтамасыз етудің бір түріне әкелуі мүмкін.
Елде болған түрлі тарихи жағдайларға (әлеуметтік катаклизмдер,
репрессиялар, соғыс) байланысты қалыптасқан тәжірибелер ықпалынан болар
Қазақстанда жоғарыда аталған балаларды тәрбиелеуде бірінші орында
интернаттық мекемелер тұрды. Бірақ, қазіргі қоғамдық қатынастардың өзгеруі,
экономикалық ахуалдың дамуы, отбасы мен бала тәрбиесіндегі заңнамалық
актілердің әлемдік стандарттарға бейімделіп жетілдірілуі әрбір баланың
бақытты өмір сүріп, елінің лайықты азаматы болатындай тәрбиеленуіне жағдай
жасаудың басқа да жолдары мен тәсілдерін іздеуді, енгізуді қажет етеді.
,
РАТРИФИЦИРОВАННЫЕ КАЗАХСТАНОМ
Мигрант, босқын отбасыларының балалары
Қазіргі қоғамдағы босқындар мен амалсыз қоныс аударушы отбасылар
проблемасының маңызы индивидтің тұлғалық-орта қатынастарының әр түрлі
аспектілерінде өзекті болады.
Қоныс аударуға мәжбүр болған жағдайда адамның әлеуметтік бейімділігі
бұзылатыны белгілі: ол бір табиғи және әлеуметтік ортадан басқасына көптеген
табиғи-антропологиялық
байланыстарды
қиындықпен
үзіп,
сондай
байланыстарды жаңа жерде орната отырып ауысады. Осының салдарынан
босқындардың балалары өз ата-аналарының, туыстарының өліміне куәгер бола
11
отырып, жиі психикалық жарақат алады. Психологтардың айтуынша, зиянкесті
оқиғалар баланың психикасында терең із қалдырып, есінде ұзаққа дейін
сақталады. Психологиялық шокты басынан өткізген барлық балалар оның
салдарынан зардап шегеді. Көптеген дене бітімінде және психикалық
бұзылыстардан басқа оларда таным процесі мен қоғамдағы тәртіп бұзылыстары
да байқалады. Бұзылыстардың айқындығы және олардың көрінісі әдетте,
зорлық-зомбылықтың ауырлық дәрежесімен, денедегі жарақаттардың болу
немесе болмауымен, отбасылық қолдаудың сақаталуы немесе одан
айырылуымен байланысты.
Балалар ересектерге қарағанда сенгіш және ергіш болып келеді.
Сондықтан әр түрлі жайттарда олар көбінесе құрбан болады. Олар үй
жағдайындағы немесе мектептегі, көшедегі зорлық-зомбылықтың құрбаны
болуы мүмкін. М.Д. Асанова балаларға зорлық-зомбылықтың төрт түрін бөледі:
−
дене бітімдік зорлық-зомбылық – бұл бала дене бітімі жағынан әлсіз
жағдайға әдейі қойылатын, денесіне қасақана жарақат жасап немесе жарақат
алуының алдын алмау кезіндегі балаға қатынас түрі;
−
жыныстық зорлық-зомбылық – бұл функционалды жетілмеген
балаларды немесе жасөспірімдерді олар оны толық түсінбей, оған келісім
беруге қабілетсіз немесе отбасылық рөлдердің әлеуметтік тиымын бұзатын
жыныстық әрекеттерге тарту;
−
психологиялық зорлық-зомбылық – бұл балаға қатысты жасалған оның
қабілеттерінің дамуын тежейтін немесе зиянын тигізетін әрекеттер.
Психологиялық зорлық-зомбылыққа баланы қорлау, кемсіту, жәбірлеу және
келемеждеу сияқты тәртіптің созылмалы паттерндері жатады;
−
кеміту – ата-ананың немесе күтімді жүзеге асыратын тұлғаның
кәмелетке толмаған баланы тамақтандыруда, киіндіруде, тұрғылықты жерде,
медициналық күтімде, білім беруде, қорғау мен бағуда негізгі қажеттіліктерін
қамтамасыз етуге созылмалы қабілетсіздік. Физикалық күтімсіз қалғанда бала
жасына сай қажетті тамақтанусыз қалдырылып, ауа-райына сәйкес емес
киіндірілуі мүмкін. Эмоционалдық қараусыздық кезінде ата-аналары баланың
қажеттіліктеріне бейберекет қарайды, оларды елемейді, тактилді байланыс
болмайды. Кеміту баланың денсаулығының нашарлауынан, оған қажетті емнің
жасалмауынан көрінуі мүмкін. Баланың білім алуын кеміту бала мектепке жиі
кешігіп баруынан, сабақтардан қалуынан, өзінен кіші балаларға қарап қалуынан
және тағы басқадан көрініс табуы мүмкін [8].
Зорлық-зомбылықты басынан өткізген балалармен жұмыстың ортақ
мақсаты жарақаттық күйзелістерді азайту және жою, өзін кінәлау мен ұялу,
өзіне сенімсіздік сезімдерін еңсеру болып табылады. Баламен жұмыс
барысында оны қоршаған адамдермен өзара қарым-қатынасты саралау
қабілетін қолдау, оның тұлғалық дамуына ықпал ету маңызды.
Соңғы уақытта кәмелетке толмағандар қылмыскерлігінің артуы үнемі
атап көрсетіліп, жасөспірімдер әрекетінің қатыгездігі мен айлалығы және
қылмыскерліктің едәуір жасаруы байқалатыны айтылады. Жасаған қылмысы
үшін жазалау шараларының бірі ретінде қолданылатыны оны бас