21
-
ерекше қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктері туралы ақпараттар
алуға және зерттеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-диагностикалық (білім беру
субъектілерінің жеке бейімделушілік ерекшеліктерін диагностикалау);
-
бағдарлық-пропедевтикалық, оның аясында бейімделген білім беру
ортасының даму перспективаларын және қажетті басқару шешімдерін анықтау
қамтамасыз етіледі;
-
әлеуметтік менеджмент технологиясын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін базалық-технологиялық.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтау мәселесіне ерекше көңіл
бөлінеді, бәрінен бұрын бұл білім беру ұйымы МШБ-мен медициналық
құжаттама негізінде жұмыс істейді. Тәуекел тобының балаларын бастапқыда
анықтау, сабаққа қатысу, мұғалімдерден сұрау және балалардың ата-
аналарымен жұмыс істеу негізінде жүргізіледі.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтаудың келесі критерийлері
атап көрсетіледі:
-
медициналық айғақтар;
-
оқу дағдыларын, біліктері мен білімдерін қалыптастыру және
автоматтандыру қиындықтары;
-
интеллектуалды дамуынан баланың артта қалуна күдік;
-
баланың мүдделері мен қабілеттері тарапынан дәстүрлі жағдайларда
әлеуметтік бейімделудің асқынуына алып келетін әр түрлі көріністер;
-
іс-әрекетін еркін реттеудегі жалпы проблемалар, қозғалыс тежеушілігі
және ықыластың бұзылуы көріністері, баланың мінез-құлықының тепе-тең
болмауы;
-
сөйлеуде кез-келген бұзылудың болуы;
-
көру мен естуге және т.б. күдік келтіру.
Ерекше білм алу қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесі әр түрлі
деңгейлі бағдарламалар бойынша және психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеумен жеке бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Түзету компонентін
қосу міндетті болып табылады.
Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының
(бұдан әрі ТП ҰҒПО) эксперименттік алаңы ретіндегі инклюзивті мектептің
моделі.
Осы моделге сәйкес мектептің ТП ҰҒПО-мен келесі бағыттар бойынша
тығыз ынтымақтастығы көзделеді:
-
инклюзивті практиканың ұйымдастыру-әдістемелік негіздерін әзірлеу
және байқаудан өткізу;
-
білім беру процесіне нейропсихологиялық түзету әдістерін енгізу;
-
даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға көңіл бөлу мен телерантты
қабылдауды қалыптастыру бойынша бағдарламаны әзірлеу және байқаудан
өткізу.
Ақмола облысы мысалында, Ақмола облыстық білім басқармасы және
«Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпараттық орталығының» ҮЕҰ (Астана
22
қаласы) қолдауымен инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әр түрлі
құрылымдардың өзара әрекеттесунің аймақтық моделін жасау тәжірибесі
зерттелді.
Инклюзияны білім беру процесіне кіріктіру аясында аймақта келесі
мүмкіндіктер қолданылды:
-
арнай білім беру ұйымдарының барынша тармақталған желісінің болуы
(ПМПК, ППТК, мектеп-интернаттар және т.б.);
-
тиісті білімі және қажетті жұмыс тәжірибесі бар, арнайы білім беру
ұйымдары қызметкерлерінің штатының болуы;
-
инклюзивті білім беру бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдар
санын ұлғайту, олардың тақырыптарын кеңейту;
-
ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру процесіне
нақты кірістіру («стихиялық инклюзив»).
Зерттеу көрсеткендей, білім беру процесіне инклюзияның кірігу үдерісі әлі
күнге дейін қиындықтарға ұшырауда және шешілмеген проблемалар да бар:
-
әртүрлі типтегі білім беру ұйымдары, білім беру органдарының іс-
әрекеттеріндегі келіспеушілігі, бытыраңқылығы;
-
ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың кедергісіз қол жеткізуге
жағдайдың жоқтығы (білім беру ұйымдарының көпшілігінде);
-
инклюзивті практиканы енгізуге білім беру ұйымдары мен педагог
қызметкерлердің ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан дайын еместігі;
-
бірлескен оқытуға педагогтардың, ата-аналардың және оқушылардың бір
бөлігінің психологиялық дайын еместігі.
Сөйтіп, еліміздің түрлі өңірлеріндегі бір қатар білім беру ұйымдарындағы
инклюзивті білім берудің жайын талдау, инклюзивті білім беруді дамытудың
күшті әрі әлсіз жақтарын және түзетушілік пен алдын алу технологиялары мен
әдістерін пайдалануды көрсетті.
Күшті жақтары:
- 2020-
жылға дейін Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасына, бір бағыты ретінде инклюзивті білім беруді
енгізу;
-
бұл мәселені шешудегі қоғамның өскелең қажеттілігі;
-
бұқаралық мектепте инклюзивті ортаны дамыту қажеттігін түсіну;
-
бұл проблеманы бұқаралық мектепте шешу қажеттілігін ата-аналар
қауымының түсінуі.
Әлсіз жақтары:
-
білім беру ұйымдарында ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс
істеу үшін дайындалған педагог кадрлардың болмауы;
-
инклюзивті білім беру бойынша педагог кадрларды даярлау оқу
бағдарламаларында (ЖОО-да және колледждерде) болмауы, оқу курстарының
болмауы;
-
инклюзивтік ортаны ұйымдастыруда білім беру деңгейлері арасында
сабақтастықтың болмауы;