Методические рекомендации Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет14/31
Дата20.05.2018
өлшемі0,88 Mb.
#14798
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

29 

 

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалармен жұмыс жүргізу бойынша 



әдістемелік ұсынымдар 

 

Зорлық  құрбандарына  көмек  көрсетудің  мақсаты  –  олардың  басынан 



кешкен жарақатының теріс ықпалын келешек дамуына тигізер ықпалын азайту, 

мінез-құлығындағы ауытқулардың алдын алу, қоғамдағы оңалтуды жеңілдеті. 

Балаларға  және  олардың  ата-аналарына  практикалық  көмек  келесі  негізгі 

бағыттарында көрсетіледі: 

балалармен жүргізілетін түзетуші-псхологиялық жұмыс; 



балалар  мен  олардың  ата-аналары  арасында  бірлескен  жаттығуларды 

өткізу. 

Осы  мақсаттарды  басшылыққа  алып,  педагогтер  келесідей  тактикалық 

міндеттерді шешуі тиіс: 

• 

бала,  оның  отбасы,  қызығушылықтары,  зорлық  жағдайлары  туралы 



ақпаратты жинақтау. Баламен сұхбаттасу кезінде тек баланың, ешбір жағдайда 

күш көрсетусіз өзі хабарлап отырған мәліметтерін ғана пайдаланады; 

• 

психологпен 



бірлесіп, 

зорлық 


құрбанының 

психологиялық 

денсаулығы  деңгейін  бағалайды  және  көмектің  басқа  түрлерін  қажетсіну 

көрсеткіштерді анықтайды; 

• 

туындаған  мәселелерді  шешу  үшін  едәуір  лайықты  пайдалану 



мақсатымен баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерделейді; 

• 

баланың    мәселені  өз  бетінше  шешуін  қамтамасыз  ететін  жасырын 



психологиялық ресурстарын шоғырландырады; 

• 

жеке үйлесімсіздік және әлеуметтік икемсіздігін түзетуді орындайды; 



• 

жеке тұлғаның келешек дамуындағы негізгі бағыттарды анықтайды; 

• 

отбасының  өзге  мүшелерін,  туыстарын,  құрдастарын,  сенімді  және 



референтті тұлғаларды зардап шеккен балаға психологиялық қолдау көрсетуге 

тартады. 

Балаларға  қатысты  зорлық  көрсетудің  мәселесі  әлдебір  мамандарға 

жүгінуге  тікелей  себеп  болуы  сирек  кездеседі.  Жиі  жағдайда  зорлық  өзге 

мәселелермен  жұмыс  жасағанда  анықталады,  мысалы:  мінез-құлығындағы 

өзгерсітер,  мінез-құлығы  мектептегі  икемсіздік,  отбасындағы  даулар,  сабаққа 

келмеу және т.б. балаға көрсетілетін зорлықтың маркерлерін анықтауға болады 

(2-


қосымша). 

Зорлық  анықталатын  барлық  жағдайларда  маңызды  міндеттердің  бірі  – 

оқиғаның  диагностикасын  жүргізу  және  интервенцияның  қажетті  дәрежесін 

бағалау (адамның жеке кеңістігіне психологиялық араласу, ал оның мақсаты – 

белгілі  оң  өзгерістерді  ынталандыру).  Бұл  жағдайда  балалардың  жасы  өте 

маңызды: неғұрлым бала жас болса, соғұрлым ол қорғанысты талап етеді. 

Жасөспірім  жасында  балаға  көрсетілетін  зорлықтың  мінез-құлық  және 

психологиялық  индикаторлары  ретінде  девиантты  мінез-құлығының  тұтас 

спектры шығады. 

Балаға қатысты зорлықты анықтауда жұмыс үш бағытында көрсетіледі: 

• 

медициналық; 




30 

 

• 



психологиялық-терапевтикалық;  

• 

әлеуметтік. 



 

Әр педагог білім беру әкімшілігіне балаға көрсетілген зорлықтың белгілі 

болғаны  туралы  ақпараттың  дер  кезінде  жеткізілмеуінің  салдары  ретінде  

(жағдайға байланысты, соның ішінде балаға қатысты қылмыстық әрекеттердің 

орын  алуы  салдарынан  оның  өміріне  және  денсаулығына  қауіп  төнгені) 

тәртіптік, әкімшілік,  қылмыстық шара қолданылуына жетелейтінін есте сақтау 

керек.    Балаларға  қатал  қарау  жағдайларын  дер  кезінде  анықтау  және  қатал 

қарағаннан  зардап  шеккен  балалар  мен  жасөспірімдерге  көмектің  шұғыл 

көрсетілуі олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік беріп, олардың 

оңалуы мен қорғанысын, қажетті көмекті қамтамасыз етеді. 

 

Суицидке бейім балалардың санаты 

 

Суицидент-балалардың жалпы белгілері болатындары: 



мектепте оқуындағы қиыншылықтар;  

соматикалық-вегетативтік симптоматиканың кең спектрі;  



бейімделуге қиын баруы; 

эмоционалдық және мінез-құлығындағы бұзылыстар;  



мінезіндегі акцентуацияның болуы: лабильді-сензитивті, истериоидты-

қыр көрсету және шизоидты түрлері; 

қатынас аясындағы қиыншылықтар; 



-

өзіне  қол  жұмсаудағы  жеке  мәнінің  бара-бара  қалыптасуымен 

икемсіздіктің полиморфтылығы; 

 

Балалардағы суицидальдық мінездік ерекшеліктері: 



Суицидальды  мінез  қатері  психологиялық-әлеуметтік  бейімделуінде 

бұзылыстар  бар  балалардың  басым  санында  анықталады.  Ер  балаларда 

суицидальдылық  «шыңы»  9-34  жас  аралығына,  ал  қыз  балаларда  15-18  жас 

аралығына түседі. 

Жеке  тұлғаның  психологиялық  ерекшеліктерінің  дамуы  барысында 

қалыптасатын  тәрбелеу  және  оқытудың  шарттары  мәнді  психологиялық 

жарақат  беретін  жағдайларға,  психикалық  бейімделуінің  икемсіз 

нұсқаларының  клиникалық  көрінісіне  және  күйзеліс  жағдайындағы  мінез-

құлығының стратегиясы алғышарт болады. 

Тұқым  қуалайтын  қолайсыздығы  және  жеке  тұлғаның  эмоционалдық-

жігерлілік аясында бұзылыстары бар балаларда суицидальды мінез-құлықтың 

дамуында едәуір жоғары қатер анықталған. 

Балалардағы  суицидальды  ерекшеліктерді  білу  балалар  ортасындағы 

суицидальдық  мінез-құлықтың  алдын  алудағы  және  оны  түзетудегі  негізгі 

бағыттарды  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Педагогтерге,  ата-аналарға,  сынып 

жетекшілеріне суицидтің алдын алу үшін осыған назар аудару қажет. 




31 

 

Жасөспірімнің немесе баланың жүріс-тұрысына әсерін тигізетін кез-келген  



күтпеген  және  қайғылы  өзгерістер,  баланың оқу  үлгеріміндегі,  мектепке  барып 

жүруіндегі және мінез-құлығындағы кез-келген кенеттен орын алған және елеулі 

өзгерістерді қатаң назарға алу қажет. 

 

Суицидке бейім балалармен жұмыс жүргізудегі әдістемелік ұсынымдар  

 

Қазіргі  кездегі  әлеуметтің  суицидогендік  факторларының  соншалықты 



алуан  түрлі  болғаны,  оларды  тек  мектеп  шеңберінде  және  мектеп 

психологтарының және әлеуметтік педагогтердің күшімен алдын алу мүмкін 

емес  екенін  айта  кеткен  орынды.  Сәйкесінше,  міндет  өзіне  өзінің  қол 

жұмсауын шектеуді, оның алдын алуға үйренуді көздейді. Бұл міндет күрделі, 

ауқымды  әлеуметтік  бағдарламаларды  талап  етеді,  өйткені  оны  шешу  үшін 

қоғамдық  қатынастарда  микро-  ,  макро-  әлеуметтік  деңгейлерде  оң 

ілгерілеулерге қол жеткізу қажет. 

Мұғалім  немесе  ата-аналар  балалардың  өз  өздеріне  қол  жұмсауын 

болдырмау үшін қандай шара қолдану керек? 

• 

жасөспіріммен 



қарым-қатынасты 

сақтап 


қалу. 

Ол 


үшін 

жасөспірімдермен қатынастардың авторитарлық стилін ұстанудың тиімсіз және 

керек десе, қауіпті болатынын есте сақтау керек. Асыра тыйым салу, еркіндігіне 

шектеу  қою  және  жазалаулар  жасөспірім  бойында  жауап  ретінде  агрессияны 

немесе аутоагрессияны (яғни, өзіне бағытталған агрессияны) тудыруы мүмкін. 

Жасөспірім  шағында  өзара  әрекеттесудің  қалаулы  нұсқасы  ретінде  мәмілеге 

келу шығады. Егер шектеулер қажет болса, оның тиімділігі туралы түсініктеме 

беруге уақыт аямай дайын болған жөн; 

• 

сыныпта, үйде достықты қолдайтын ахуалды қалыптастыруға ықпал ету, 



оқушыларды бірлескен әріптестікке бағдарлау; 

• 

егер  сіз  сынып  жетекшісі  болсаңыз,  сыныпта  мектеп  психологының 



жұмысына  сыныптағы  буллингтің  алдын  алу  және  оны  диагностикалау 

бойынша кешенді бағдарламаларды түзу және оны іске асыру жолымен бастама 

беріңіз; әр баланың жайлы уақыт өткізуін қамтамасыз ету мақсатымен сыныпта 

қолайлы ахуалды орнатуға ықпал етіңіз. 

 

Психолог жұмысына арналған әдістемелік ұсынымдар 

 

• 



психологиялық  жарақаттану  жағдайындағы  психологиялық  кернеуді 

түсіру; 


• 

суицидальдық мінез танытуына себеп болған жағдайдан психологиялық 

тәуелділік сезімін азайту; 

• 

мінез-құлықтың өтемдеу механизмдерін қалыптастыру; 



• 

өмір мен өлімге лайықты көзқарасты қалыптастыру; 

• 

мектеп  әкімшілігімен  және  психологымен  бірлесе  отырып  буллингтің 



алдын алу бойынша кешенді шараларды әзірлеу.  

 



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау