6
1) жетімдік;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық
мінез-құлық;
3-
1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру
ұйымдарында болуы;
4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы
мүмкіндіктерінің шектелуі;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм
функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп
төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
7)
әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған
қатыгездік;
8
) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
9
) бас бостандығынан айыру орындарынан босау [6].
Қазақстан Республикасындағы балаларға қатысты мемлекеттік саясат,
бала мен ананы, отбасын жан-жақты кепілді мемлекеттік қорғауды өзінің
маңызды міндеттері ретінде анықтайды.
Әлеуметтік саладағы біртіндеп жүзеге асырылып келе жатырған
мемлекеттік саясаттың нәтижесінде демографиялық процесстердегі оң
динамика өз жалғасын таба бастады. Елдегі демографиялық ахуалдың
жақсаруымен байланысты республикадағы халық саны, сонымен қатар балалар
саны да өсіп келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика
комитетінің деректері бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарында республика
тұрғындарының саны 17 417 673 адамды құрады (2014 жылдың 1 қаңтарында -
17 160 774
), халық санының өсімі 260 мың адам. Әйелдер саны 9 003 150
құрады, ал ерлер - 8 414 523, яғни ерлер саны әйелдермен салыстырғанда 588
мың адамға кем.
2015 жылдың 1 қаңтарында 0 – 17 жас аралығындағы балалар саны 5
298 488
құрады, бұл көрсеткіш 2014 жылы - 5 151 221 болды. Өсім 147 267 адам
(2014
ж .- 121 285). Ер балалар саны, қыз балалармен салыстырғанда 141 132
адамға артық (2719810/ 2578678).
Бір жасқа дейінгі балалар саны да жыл сайын артып келеді. 2015 жылы
республикадағы бір жасқа дейінгі балалар саны 2014 жылмен салыстырғанда
13
207 адамға көбейді (2014 г.- 383507, 2013 г. -376574).
Орта білімге қолжетімділік құқығы
Қазақстанда орта білімге қол жеткізу құқығы 2,7 мыңнан астам
балаларды қамтитын 7 511 мектептерде жүзеге асырылады. Олардың арасында
7160
мектеп (3 161 шағын жинақты мектептерді қоса алғанда ) - жалпы білім
беретін мемлекеттік күндізгі мектептер, 111 – жекеменшік мектептер, 11 –
7
халықаралық мектептер, 20 – Назарбаев Зияткерлік мектептері, 100- мүмкіндігі
шектеулі балаларға арналған арнайы мектептер.
Орта білім алуда денсаулығына немесе әлеуметтік-экономикалық
факторларға байланысты уақытша немесе тұрақты қиындықтарға тап болған
адамдар үшін 79 кешкі мектептер жұмыс жасайды, оның 32 түзету
мекемелерінің жанында, 7 девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған,
оларда 14 288 оқушы білім алады.
Тұтас алып қарағанда, 7160 жалпы білім беретін мемлекеттік күндізгі
мектептердің:
−
3777 оқыту қазақ тіліндегі мектептерінде және аралас тілді
мектептердегі қазақ сыныптарында 792 223 оқушы;
−
1262 оқыту орыс тіліндегі мектептерінде және аралас тілді
мектептердегі орыс сыныптарында - 832 173 оқушы;
−
2088 оқыту қазақ және орыс тілдеріндегі аралас мектептерінде;
−
16 оқыту өзбек тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі
өзбек сыныптарында 80 655 оқушы;
−
13 оқыту ұйғыр тіліндегі мектептерінде және аралас тілді
мектептердегі ұйғыр сыныптарында 15 067 оқушы;
−
4 оқыту тәжік тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі
тәжік сыныптарында 4 009 оқушы қамтылған.
Инклюзивті білім беру даму үстінде – мектепке дейінгі және орта білім
алу үшін, даму бұзылыстарын түзету және әлеуметтік бейімдеу үшін, сапалы
білімге деген қолжетімімдікті барлық балалар үшін: денсаулығында
қиындықтары бар (мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар); қоғамға әлеуметтік
бейімделуде қиындықтары бар (девиантты мінез-құлқы бар, әлеметтік-
экономикалық және әлеуметтік- психологиялық статустары төмен); қамтамасыз
ету мақсатында жағдайлар жасалуда.
Мигрант, оралман, босқын статусы бар отбасыларының (6 мыңнан астам,
оның ішінде 889- мектепке дейінгі жастағы, 5358 мектеп жасындағы балалар)
балаларына, 24 725 оқушы-репатрианттарға, мектептері жоқ 1523 елді
мекендерде тұратын 27 363 балаларға білім алуға мүмкіндік қамтамасыз етіліп
отыр.
Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар үшін де білім алуға деген конституциялық құқығы
қарастырылған.
Шетелдік азаматтардың балаларын мектепке қабылдау Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және
азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта білім алу ережесін бекіту туралы" №468 Бұйрығына сәкес жүзеге
асырылады.
Білім беру ұйымдарының есебіне қарағанда республиканың жалпы білім
беретін мектептерінде басқа елдерден келген 20 655 оқушы (2012 жылы -14 374
оқушы) білім алады.