Метонимия (гр. 'metonymіa' – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады.
Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады. Метонимия тілге жаңа сөз қоспайды, бұрынғы бар сөзге жаңа мағына үстейді немесе оның қолдану аясын кеңейтеді. Метонимияда әдет-ғұрыпқа, діни ұғымға байланысты сөздер алғашқы атауымен айтылмай, басқа сөздермен ауыстырылады
Метонимия мен оның бір түрі меңзеудің арақатынасын білу аса маңызды, жалпының орнына жалқыны немесе бөлшегі арқылы бүтінді тану меңзеуге жатса, басқа ауыстырулар метонимия бола алады.[1]
Метонимия қызметіндегі атаулар мынадай реттерде ауысып отырады:
1) бір табақ ет жеді (тамақ), сұйықтың орнына ыдыс атауының: табақ (бір табақ жеді);
2) заттың жасалатын материалының атауы: шыны (шыныға құйды - стаканға құйды, шөлмекке құйды);
3) тұрғындардың орнына қоныс атауы: ауыл (бүкіл ауыл жиналды - бүкіл ауыл тұрғындары жиналды);
4) қимылдың орнына қимыл нәтижесінің атауы: аялдама (автобус аялдамаға келді - автобус аялдайтын жерге келді);
5) қатынасушылардың орнына сол әлеуметтік оқиғалар мен шаралардың атауы: конференция (конференция шешім қабылдады - конференцияға қатынасышулар шешім қабылдады);
6) ғылым, білім салаларының орнына сол ғылым, білім нысандарының немесе керісінше, ғылым мен білім нысандарының орнына сол ғылым, білім салалары атауларының қолданылуы: синтаксис (біріншіден, бұл грамматиканың бір саласы ретінде жұмсалады; екіншіден, грамматиканың осы саласы зерттейтін нысандардың атауы ретінде де жұмсалады);
7) әлеуметтік ұйым, мекемелердің мүшелердің орнына сол мекеме, ұйымдардың атаулары пайдаланылады: кеңшар - кеңес шаруашылығы (кеңшар) көктемгі егіске әзір - кеңшар (кеңес шаруашылығы) жұмысшылары көктемгі егіске әзір;
8) сезімге әсер ететін оқиғаның орнына эмоционалдық сөздің қолданылуы: тамаша (тамаша болды - тамаша концерт болды);
9) оқиға, шығарманың орнына сол оқиға, шығарманың авторының аталуы: Әуезов, Төлебаев (Әуезовті оқыдым — Әуезов әңгімелерін оқыдым; Төлебаевты тыңдадым — Төлебаевтың операсын тыңдадым), бірақ Әуезов қызық екен немесе Төлебеав мұңды екен сияқты сөйлемдерде метонимияның қызметі жоқ және сөйлем мүлдем басқа мазмұнды баяндап кетеді. Метонимияның эллипсистік түрлері тілімізде жиі кездеседі. Бұлар көп жағдайда ауызекі сөйлеу барысында немесе көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің сөздерінде ұшырасып отырады. Сондай-ақ эллипсистік метонимия көрші сөйлемдердің мазмұнынан түсінікті болып отырады: бастың дәрісі - бас аурудың дәрісі. Саған не болды? - Басым (басым ауырып тұр). Ол жүректен (жүрек ауруынан) қиналып жүр
Бұл метонимияға жақын, өйткені
Достарыңызбен бөлісу: |