ОСМАН ИБН АФФАН عثمان ابن عفان - хижіреттің 47 жыл бұрын Таифте дүниеге келді. Пайғамбарымыздан(с.а.у.) алты жас кіші. Халықты жәннатпен сүйіншілеген үшінші халифа.
Осман (Р.А.) әдептілік пен ар-ұяттың жарқын үлгісі. Оның табиғаты өте жұмсақ , көркем мінезді және турашылдықпен біртұтас болып кеткен-ді. Ол 34 жасында мұсылман болды. Ислам келмес бұрын Әбу Ләхабтың ұлы Ұтба Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қызы Руқияға үйленген еді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаңа бір дінді уағыздағанын естігеннен кейін Ұтба Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Сенің қызыңды да, уағыздаған дініңді де қаламаймын!» - деп хазіреті Руқиямен ажырасып кетті. Осман (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.с.) Руқияны өзіне некелесіп қосуын өтініп, оған үйленді.
Мүшріктердің көрсеткен қорлықтарынан құтылмақ үшін Лұт пайғамбардан кейін Эфиопияға жанұясымен көшкен жалғыз Осман (р.а.) еді. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісімен барлық соғыс алаңдарында бірге жүрген, арқа сүйер жан жолдастарынаң бірі осы Осман (р.а.). Бірақ жұбайы Руқияның науқастанғанына байланысты Бәдір соғысына қатыса алмай қалады. Науқасынан айыға алмай қалған жұбайы қайтыс болады. Соғыстан жеңіспен оралған мұсылмандар Осман (р.а.) қайғысын жеңіспен жеңілдетеді. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) екінші қызы Үммүгүлсүмді Османмен некелестіреді. Осыдан кейін Османға (р.а.) «зун-нурайн» яғни қос нұрдың иесі деген есім берілді.
Ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев адамдардың сұлтаны болған Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың өірі жайлы деректерде достары әрі ізінен ерген сахабалары жайлы да мәліметтер берген. Мысалы, Осман ибн Аффан жайлы «Ғұсман» есімімен былайша жырлаған еді:
Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғалы да бар,
Жастары бар ішінде, кәрі де бар.
Отыз үш мың сахаба үлкен-кіші,
Садуақас, мажен, Мәлік, Жүсіп – бәрі де бар.
Қасына көп жамиғат ермек болды,
Хақ расул, - бәрі бірге жүрмек болды.
Пайғамбар Хақ Расулы бабасына
Ер Ғұсман қонағасы бермек болды.
Ақынның Осман сахаба туралы басқа да діни лирикалық жырларында көптеген мәліметтер айтылған.
Әдеб.: Әділбаев А. Саңлақ Сахабалар – Алматы, 2004. – Б. 70. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 60.
ДАРАЛХИЛУ دار الحيل - төртінші жұмақ; қ. «Жұмақ».
ДАРАЛЫХПАН دار الخبان- бірінші жұмақ; қ. «Жұмақ».
ДАРИЛ ҚАРАР دار القرار - жетінші жұмақ; қ. «Жұмақ».
ДАРИС САЛАМ دار السلام - екінші жұмақ; қ. «Жұмақ».
ДІН دين – ибрани жєне арами тілінен араб тіліне ауысып «‰кім», араб тілінде «єдет-ѓ±рып, ќарыз, жол жєне ±лт», парсы тілінде «дін» деген ќазіргі ±ѓымды білдіреді.
Діни маѓынасы: Д‰ние жєне ахиретте баќытќа баратын жолды кµрсетеді. Жаќсылыќты жамандыќтан, кµріктіні кµріксізден ќалай айыратынымызды ‰йретеді. ¤мірімізді кемелділікке жеткізетін Алланыњ жолы. Б±л туралы Ќ±ран Кєрімніњ Р±м с‰ресі, 30-аятында: [фє ′аќим уєжћєкє Лид-диини ханииман, фитротє – ллаћил – лєтии фєторон – нєєсє ″алайћєє, лєє табдиилє лихалќи-ллєћи, зєєликєд-диинул ќаииму ує лєєкиннє єксєрєнн-нєєси лєє я″ламуун.] Демек, «Бєрінен бет б±рып, ж‰зіњді Ислам дініне жµнелт. Аллаћ жаратылыста адам баласын соѓан арнап жаратќан. Аллаћтыњ жаратуында µзгеріс болмайды. Осы т±п-тура дін. Біраќ адамдардыњ кµбі т‰сінбейді.» - делінген. Аќын Мєшћ‰р – Ж‰сіп Кµпеев «Дін ѓылымы – бірінші сабаќ» атты ќолжазбасынды дінді былай сипаттайды: «Дін дегеніміз Алланыњ ќойѓан зањы; айдаушы, жетелеуші аќыл иелерімен µз ыќтиярыменен жаќсылыќќа ќарай маќтаулы болѓан. Адам балалары кемшіліктен шаршап дін тапќан. Бізге ењ керекті дін Ќ±рани ислам діні».
Яѓни Машћ‰р Ж‰сіп дінніњ не екенін айќын т‰рде т‰сіндіріп, адамдардыњ арасында ењ кµрікті єрі адам ќажетін µтей алатын т±раќты дін хаќ жаратушы Алланыњ жіберген Ислам діні екенін айтады. Мєшћ‰р – Ж‰сіп µлењдері мен ќолжазбаларында «дін» сµзін арќау етіп, м±сылманшылыќќа шаќырѓан.
«Ќажылыќ, иман шарттары» µлењінде:
«...Дін ‰йрен, ѓылым ізден болмасањ кµр,
Ќанша айтќанмен ѓылымсыз жоќ саѓан тµр!...»
«...Кєпірді даѓуат етіп дінге сал! – деп,
Алшедан фахиы бірлєн аят енді...» - деген.
Таѓы бір «Ыќылас с‰ресі» µлењінде Мєшекењ:
«Кµњілі кєпірліктен ќауіп алса,
«Иманым Аман болсын!» деп ойласа.
Д‰ниеден ислам дінмен сапар шегер,
Ауызын м±ны оќудан бос ќоймаса»,
- деп, Алланыњ ±лы сипаттарын кµрсететін ќасиетті Ќ±ран сµзін дєріптей ‰немі оќыѓан адам ѓана д‰ниеден мєртебелі т‰рде сапар шегетінін айтќан.
Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпей±лы шыѓармалары мен µлењдерінде «дін» сµзі жиі ќолданысќа т‰скеніне ќараѓанда, ол наѓыз діндар, Ислам дінін ±станып, таќуалыќќа бет б±рѓан адал жандардыњ бірі екені ањѓарылады, єрі дін аќын µмірінде мањызды рµл атќарса, µлењдерініњ µзекті таќырыбы болѓаныныњ айѓаѓы.
Әдеб.: «Ќ±ран кєрім ќазаќша маѓынасы» Х. Алтай аудармасы. 21-пара, 30-Р±м с‰ресі, 30-аят, -Б. 407. Талќанбаева Ќ.Ќ., Жанарыс Х. «Мєшћ‰р Ж‰сіп ќолжазбаларындаѓы ислам мєдениеті», -Б. 90. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . – Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 115, 28.
ЖАҚЫП يعقب пайѓамбар, Жүсіп пайғамбардың әкесі. Қ±ранда Ибраһимнің ±рпағы ретінде аталады. Оның таќуалығы мен кµріпкелдігі Алла тағаланыњ бүкіл Ибраһим єулетіне ризашылығын білдіруі ретіндс бағаланады. Тәпсіршілердің түсіндіруі бойынша «... Ал ±рпағында жолы болғыш және өзді-өзіне зиян келтірген» деген Қ±ран аяты - Жақып пен Иса пайғамбарға жасалған т±спал. М±сылмандық аңыздарда Жақып туралы әңгімелер оның баласы Жүсіпке байланысты сюжеттерде көп кездеседі. М±хаммед пайғамбар Жақыпты Ибраһимнің баласы деп таныған. Тауратта Жақыптың бастан кешкен оқиѓалары егжей-тегжейлі баяндалған. Ол — Ибраһим пайғамбардың ±лы Ысќақтың екі баласының бірі. Шешесі Ревекка үлкен ±лы Исадан (Исавтан) гөрі Жақыпты жақсы көреді. Зағип болып ќалған Ысқаќ үлкен ±лына бата бермек болғанда, Ревекка оныњ орнына кіші ±лы Жақыпты апарады. Сол үшін Иса інісін жек көріп кетеді. Исаныњ ќастандыќ жасауынан корыќќан Ревекка Жақыпты ағасы Лаванныњ колына аттандырады. Жақып Лаванныњ ќолында 20 жыл тұрып, оның екі қызы Лия мен Рахильге үйленіп, мол байлықпен еліне ќайтады. Өзін ќарсы алуға шықќан ағасына сый-сыяпат жіберіп, жолда қонып жатќанда түс көреді түсіне Қ±дай кіріп, екеуі күш сынасады. Содан соњ Қ±дай Жақыпқа «Сен енді б±дан былай Исрайл («Қ±даймен күрескен») аталасын, адамдардан мерейің үстем болады» деп аян береді. Жақыптың екі әйелінен 12 ±лы болған (б±лардан еврейлердің 12 тайпасы таратылады). Олардыњ ішінде есімі ањызға айналғаны — Жүсіп (Иосиф) пайғамбар. Жүсіптің ыќпалымен Жақып єулеті ежелгі Мысырға қоныс аударған.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Қажыларға» атты өлеңінде Жақып пайғамбарға да тоқталып өтеді. Мәселен:
Ағайын алыс кетті туысқаннан,
Қадірлес ойнап өскен мың мен саннан.
Тағы да бір Жүсібің (Иосифің) қасірет шегіп,
Түңілген хазірет Жақып (Иаков) мал мен жаннан.
- деп көрсеткен. Сол сияқты Жақып жайлы көптеген шығармаларында атап өтеді.
Єдеб: Ќазаќстан. ¦лттыќ энциклопедия 3 том./ Бас. ред. Є.Нысанбаев. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2001. 483 б.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б 211.
ЖАНАЗА جنازة — м±сылмандардың қайтыс болған адамға арнап оқитын намазыныњ атауы. 1) діни, өлікті жуу, үйден шығару, жаназа намазын оқу т.б. процессия; 2) табыт, катафалк (өлікті салатын арба) мағыналарын береді. Өлген адамның жасына ќарай жаназа намазының мазм±ны түрліше болып келеді. Діни наным бойынша, кәмелетке жеткен адам ғана «күнәкар» болады. Адамның «күнәға» ±шырайтын кезі еркектер үшін 12 жастан, әйелдер үшін 9 жастан басталады. «Күнә» жасына жетіп µлген адамға оқылатын жаназа б±л жасќа жетпей өлген адамға шығарылѓан жаназадан басќаша болады. Жаназа Орта Азия мен Қазаќстанға ислам діні арќылы 8 ғ-да тараған. Ислам діні тәлімі мен шариат зањдары бойынша, марқ±мға әуелі жаназа оқып, кейін жерлеуге рұқсат етіледі. Жаназа жайлы Қ±ранда ешқандай ң±сќау жоқ. Тек фикһ ілімінде жан-жақты талданып айтылады. Жаназа намазы үйде не мешітте оқылады. Өзін-өзі өлтіргендерге, маскүнемдерге және дінсіздерге жаназа оқылмайды. Қ±дайға сенбеушінің денесін жумай жерлейді. Дүниеге келген нєрестенің кеудесінде жаны болған болса, оған жаназа оқылады. Шаһид µлгендердің денесін жумайды, кебіндемейді, жаназа оқылмайды. Үстіндегі киімдерімен жерлейді. Жаназа оќуға әйелдер қатыспайды. Жаназа үстінде, жалпы өлік шықќан үйде ќатты дауыстап жылауға тыйым салынады. Жаназа намазын молда оқиды. Дәреті бар ер адамдар жаназа намазына т±рады. Жаназа намазын оқуға ниет етіледі. Бұл намазда санаулы ракаат болмайды. Төрт тәкбармен бітеді. Отыруға да, еңкеюге де болмайды. Тік т±рып оқылады. Тәкбар айтќанда біріншісінде қ±лақ каѓылады, ќалғандарында қақпайды. Жаназа шығаруға м±сылман балаларының катысуы өте сауапты іс.
Мәшһүр – Жүсіп Көпеев діни лирика жазғандықтан ақынның өлеңдерінде осы сөз жиі кездеседі.
Соның бірі:
Періштелер жиылды белге таман,
Алып шықты қырық қадам жерге таман.
Періштелер шығарады жаназасын,
Білмей алып, көтереді сол мазасын.
- дейді «Ибраһим» атты жырында. Осы іспетті өлеңдер баршылық.
Єдеб: Ќазаќстан. ¦лттыќ энциклопедия 3 том./ Бас. ред. Є.Нысанбаев. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2001. 524 б.
Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 106. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 73. Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 104.
ЖАННАТ – ҒАДИН جناة عاد - алтыншы жұмақ; қ. «Жұмақ».
ЖАННАТ – НАҒИМ جناة نعيم - бесінші жұмақ; қ. «Жұмақ».
ЖАРАТУШЫ ХАҚ – қ. «Аллаһ».
ЖАРТЫ ТОҒЫЗ - қ: Адам ата, Хауа ана
АДАМ АТА أدم - ең алғашқы адам - хазiрет Адам. Алла Тағала хазiрет Адамды топырақтан жаратты. Оған рух бергеннен кейiн, перiштелерге “Адамға сәжде қыл” (Бақара сүресi, 34-аят) деп әмiр еттi. Барлық перiштелер оған сәжде қылды, тек қана шайтан хазiрет Адамды қызғанғандықтан тәкәппарланып сәжде қылмады. Содан соң Алла Тағала оны қуды. Сол үшiн ол “қуылған шайтан” деп аталады. Осылайша шайтан, хазiрет Адамға және оның ұрпақтарына дұшпан болды.
Алла Тағала хәзiрет Хауаны да жаратты. Оны хазiрет Адамның жары қылғаннан кейiн екеуiн де Жұмаққа орналастырды. Оларға: «Әй, Адам! Сен де, жұбайың да Жәннатта тұрыңдар, ерiктi түрде қалағандарыңша жеңдер, iшiңдер. Бiрақ, мына ағашқа жоламаңдар. Бұзақылық қылатын залымдардан болмаңдар». (Бақара сүресi, 35-аят) деп бұйырды. (Ол көбiнесе бидай, жүзiм ағашы делiнген) Бiрақ шайтан оларға: “Бұл ағаштың жемiсiн жесеңiз, Жәннатта мәңгi боласыңдар” – деп оларды алдады және тиым салыған жемiстi жегiздi.
Алланың тиым салған әмiрiн орындамаған хазiрет Адам мен Хауа жұмақтың нығыметiнен мақрұм қалып, жер бетiне түсiрiлдi. Хәзiрет Адам мен Хауа жасаған қателiктерi үшiн тәуба етiп Алладан кешiрiм тiледi. Алла Тағала олардың тәубасын қабылдады және оларды Меккеде кездестiрдi.
Барлық адам баласы хазiрет Адам мен Хауадан тарады. Бiраз уақыттан кейiн хазiрет Адамға пайғамбарлық жiберiлдi және он бет (кiтап парасы) түсiрiлдi. Осылайша, хазiрет Адам алғашқы адам және алғашқы Пайғамбар болды.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Адам атаның жаралып, дүниеге келгені» атты өлеңінде Адам атаның ең алғашқыда топырақтан жаралғандығын баян етеді. «- Топырақтан жаратам Адам! – дейді, - Жебірейіл, бұйырамын саған! дейді. – Бар – дағы Мағриб, Машрих ортасынан, Бір уыс топырақ ап кел маған! – дейді».
Үш жүз жыл Адам ата жүрді жылап,
Көзінен аққан жасы- дария бұлақ.
Иа, Раббына замина анқисина
Зарланды қылып тәубе, медет сұрап.
Адам ата. Алғашқы жарытылған адам, алғашқы пайғамбар. а. [------адам. Адам, человек] – 1. человек, существо обладающее мышлением, речью, способностью создавать и пользоваться ими в процессе общественного труда.
Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 129.Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 17.
ХАУА-АНА حواء - алғашқы әйел ана. - др. евр. а. [------ хәууа: источник жизни] – Ева, по библейской мифологии , первая женщина на земле, жена Адама, сотворенная богом из ребра Адама; Праматерь рода человеческого в иудаистской, христианской, затем мусульманской мифологии. Адам а. [------адам: Адам, человек] – 1. человек, существо обладающее мышлением, речью, способностью создавать и пользоваться ими в процессе общественного труда. Дін Адам ата мен Хауа ананың азғыруымен Алла алдында күнәкар болып, жұмақтан қуылды деу арқылы қоғамдағы әйел теңсіздігінің әлеуметтік – экономикалық негіздерін бүркемелеуге тарысты (Қ.С.Э.). Хауа ана мен Адам ата мифологияға айналған қазақ әдебиетінде де орны алған діни кейіпкерлер.
Хауа ана:
Қалдырма! – деп, зарлық етті,
Тыңдамай зытып алып малғұн кетті.
Дағдарып осылайша тұрғанында,
Бір жақтан Адам ата келіп жетті.
Әдеб.: Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 17, 294. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Таңдамалы шығармалары. 1 том. –«ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2005. –Б. 19.
ЖАҺИМ جحيم - екінші есіктің аты. қ. «Тозақ»
ЖАҺУТ يهود дін. яһуд – еврейлер (еврей халқы). Көне өсиетшілердің ең ескі бөлімі, әр заманда айтылып, жызылған және мейлінше өзгертіліп, бұрмаланған, ертедегі яһуд әдебиетінің және фольклорының жинағы, көне өсиет – йудаистер мен христиандардың діни кітабы. Көне түркі тілінде й дыбыстылар болған. Йа қосарлы дыбысты я мен белгілеу 1954 жылдан басталды. Сол сияқты көне түркі тілінде йер//жер , йар//жар сияқты жазу белең алған болатын. Осы үлгімен яһуд діні жаһут болып жазылды. иаһудий-яһуди – еврейлік; еврей. Біздің жыл санауымыздан мың жыл бұрын Арабстан жерін мекендеген еврей тайпалары арасында яһуди діні шыққан, бұл діннің уағыздары христиан діні мен ислам дініне ауысқан. Яһуди а. [йәһуди: иудей, еврей] – иудейская религия; жители Иудеи, позже еврей вообще. Ясриб еврейлерінің көпшілігі арабтар болған, бірақ олар яһуди дініне кіріп, өздерін «еврейміз» деп санаған.
Мәшһүр – Жүсіп жаһут (жөйт) түрінде қолданды:
Жаһутке (жөйтке) Заунас патша болды ғалып,
Халқымен Жаһут дінін қабыл алып.
Хабыранидңі дініне кірмеген Насыраниді,
Санақпен күйдіреді отқа салып
- дейді.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 32. Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 2 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 218-219. Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 320.
ЖӘБРЕЙІЛ خبرائل Аллаһтың дінін жер бетіне тарату үшін пайғамбарларға Аллаһтың үкімін, уаһиларын жеткізетін періште, Аллаһтың қалтқысыз қызметшісі. Жәбрейіл (ғ.с.) періштелер арасында пайғамбары аталған дәрежелі болған 4 періштенің бірі. Адамзаттың сұлтаны болған Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға да ұлы жаратушы Аллаһтан өсиет жеткізген де осы Жәбрейіл (ғ.с.) періште еді.
Орыстың даңқы асқан ақыны Александр Сергеевич Пушкин де Жәбрейілді былайша жырлаған:
Ұнатып тұр Мария барлық түрін...
Түсті көз, жалғыз-ақ қыз көңілінде!
Ал мақтан, мақтан енді Жеберейілім! (А.Пушкин).
Дінтанушы ақын Мәшһүр – Жүсіп Көпеев өзінің қолжазбаларынада діни лирикада жырлағандықтан Жәбірейілді періште кейіпінде былайша суреттейді:
Періште төрт Муқарраб тірі қалар,
Әуелі Мекайлдің жанын алар.
Исрафил, Жебірейіл, Ғазірейіл,-
Нәубет бірлан берген жанын һәм олар
Тыњдамай сµзін оныњ ж‰ре бердім,
Алдымда – Жебірейіл, соѓан ердім.
Бисмилланыњ мимінде кеш пе, ерте ме?!
Алдына мешіт Аќса жетіп келдім.
Пайѓамбар Жєбрєйілге айтты жєне
Ќанша жол екі арамыз айтшы маѓан.
Жєбрєйіл Рєс‰лге айтты жеті ж‰з тєш
Жол депті шаќыр Ямин Мєдинаѓа.
Жєбрєйіл расулге айтты:
-Иа, пайѓамбар,
Мен сізге мєлім етіп айтайын жар.
Ќ±рметке, міне, осындай ие болад
«Ыќыластыњ тірлігінде оќыѓандар».
- деп төрт періштені де атап өтеді. Ақын өлеңдерінде Жәбрейіл періште туралы тағы да басқа мәліметтер бар.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 11, 255, 147,Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 96.
ЖЕТІ ТОЗАҚ тозақтың жеті түрі. қ. «Тозақ».
ЖЕТІНШІ ЖҰМАҚ – «ДАРИЛ ҚАРАР» دار القرار қ. «Жұмақ».
ЖҮНІС يونس – пайғамбар. Жүніс, Сахиб әл-хут, Зу-н-нун, Юнус-пайғамбар, Құран Кәрімнің кейіпкері. Құранның бір сүресі оның атымен аталған. Құран Кәрімде Жүністің Ирактың солтүстігіндегі Найнауада бір Аллаға сиынушылықты уағыздауы сәтсіз болғандығы айтылады. Ол өз ісінің қиыншылықтарына шыдай алмай, кемеге жасырын тығылып, қашуды ойлайды. Бірақ кеме орнынан қозғала қоймайды, ол кемеде қашқынның бар екендігінің белгісі еді. Жеребе көрсеткендей, бар кінә Жүністе болғандықтан, оны теңізге тастайды. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Миғраж» дастанында Жүніс пайғамбарға тоқталған.
Жүністі халас қылсам үш зұлматтан,
Балық қарны қараңғы түнде жатқан.
Үш жерде үмбетіңді сақтайын да:
Қабірде, қиямете һәм сираттан.
Әдеб.: «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002, 4 том. –Б. 100. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 154.
Ж¦МА جمعة – м±сылмандар ‰шін ќасиетті к‰нніњ бірі. Б±л к‰н к‰ндердіњ ењ жаќсысы жєне ахиретте Аллаћ Таѓаланыњ дидарын кµретін к‰н. Б±л к‰нді иаум-ул-мазид деп атайды. Жұма күні мұсылмандар мешітке жиналып, жұма намазын оқиды. Ол үшін, бір күн бұрын намазға дайындалып, тазаланып, хош иістер сүрту керек. Мешітке кіргенде ең алдыңғы саптағы бос орынды толтыра отырып, уағыз тыңдауы, салмақты болуы керек. Осы күні Аллаға көп дұға ету керек. Себебі жұма, дұғаның қабыл болатын күні. Сондықтан істеген күнәларына тәуба етіп, истиғфар жасау қажет.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Мұқыш Жұпарұлы» атты өлеңінде жұма күніне былайша тоқталған:
Үндерде не жақсы: - Құран үні!
Түндерде не жақсы: - Қадір түні!
Жаңаша октябрьдің сегізінде
Шарапатты, даңқы зор – жұма күні!
- деген. Басқа да өлеңдерінде жұма күні жайында жиі айтылады.
Әдеб.: Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. –Б. 271. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 62.
ЖҰМАҚ جنة жаннат - діни түсініктегі адам жанының о дүниеде мәңгілік рақатта болатын орны. Жаннат туралы түсінік жанның о дүниелік өмірі туралы алғашқы діни сенімдерден бастау алады. Тауратта (Көне өсиет) жаннат алғашында Адам ата мен Хауа ана т±рып, кейін күнєлары үшін ќуылған ғажайып бау-бақша түрінде суреттелген. Інжілде (Жаңа өсиет) жаннат туралы түсінік дінге сенушілердіњ өлгеннен кейін қайтып оралатын орны ретінде сипатталған. Көптеген діндерде жаннат рахаты күнаһарлардың тозақта тартатын азабына қарсы қойылады. Жаннат ислам дінінде адал мұсылмандардың о дүниедегі мәңгілік мекені ретінде суреттеледі. Алла Тағала ќасиетті Қ±ран Кәрімдегі «Зүмәр» сүресініњ 72 - 73-аяттарында былай деген. «Раббыларына ќарсы келуден сақсынғандар, топ-топ жәннатқа жолданады. Сондай-ақ, олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: «Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жәннатқа мәңгі қалатын түрде кіріњдер»- дейді.».
Ислам хадистерінде жаннаттың 8 түрі аталады:
1. Дар ул-жалал (ақ маржанмен безендірілген);
2. Дар ус-салам (қызыл тастардан т±ратын);
3. Жаннат ул-магуа (жасыл асыл тастардан жасалынған);
4. Жаннат ул-култ (сары маржан тастардан жасалынған);
5. Жаннат ул-нағим (ақ күмістен жасалған);
6. Дар ул-қарар (қызғылт ал-тыннан жасалынған);
7. Жаннат ул-фердаус (күміс, алтын, асыл маржан тастардан жасалынѓан);
8. Ғадын (аќ асыл тастан т±ратын).
Жєннат – бау баќша маѓынасындаѓы сµз. Ислам сенімі бойынша; ахиретте м‰´миндер т±ратын немесе б± д‰ниеде жасаѓан жаќсылыќтарыныњ, ізгі істерініњ сыйлыѓы ретінде берілетін мєњгілік орын. Д‰ниеде к‰нє жасаѓан м‰миндердіњ к‰нєсін Алла Таѓала кешірсе, тозаќта жазасын тартќаннан кейін жєннатќа кіреді. К‰нєсіз, таќуа м‰´миндер т±п-тура жєннатќа кіреді жєне мєњгілік сый сияпатќа бµленеді. Жєннаттаѓы ењ мањызды оќиѓа - м‰´миндердіњ Алла дидарын кµрулері. Б±л ант дєлелдермен бекітілген жєне б±ѓан сену єр м±сылманѓа парыз.
Қазақтың біртуар ақыны Мәшһүр-Жүсіп Көпеев діни лирикалық сарында жазған діни жырларында жұмақ және оның түрлеріне ерекше тоқталған, мысалы:
- Ж±маќтан єуелі, Адам, сен шыќ! – дейді,
-Т±руѓа енді м±нда жол жоќ! – дейді.
- Екеуіње он ќой, бір ат енші бердім,
Кешікпей енді м±нан тез шыќ – дейді.
Тµртінші – ж±маќта мен ж‰ргенімде,
Шыѓарды бір к‰нємен кµргенімде.
Олар д‰ние ж‰зінде к‰нє ќылса,
Бейішке кіргізеді µлгенінде.
Хадишадан туыпты жеті бала,
Бесеуі – ќыз, екеуі – еркек бала.
Фатима, єм Г‰лсім, Зейнеп, Раќия,
Ќасым, Таћыр, Махб‰бі – гаућар дана.
- десе, жұмақтың түрлеріне былайша тоқталады.
...Бірінші жұмақ аты – «Даралыхпан»,
Гауһардан жаратыпты Алла тағалам...
...Жаратқан екіншісін саф алтынан,
Аты дүр ол жұмықтың – «Дарис салам»...
...«Даралхилу» - төртіншінің аты ирөр,
Сары маржаннан жаралған өзі ғана –...
...Жұмақтың бесіншісі – «Жаннат-Нағим»,
Ақ күмістен жаратқан, әне, тағын – ...
...«Жаннат-Ғадин» – ирөр алтыншы,
*Жақұттан жаратқан дүр Құдірет Кәрім...
...Жұмақтың жетнішісі – «Дарил қарар»,
Ішінен ізгі пенде орын алар –...
- дейді. Ақынның жазған өлеңдерінде көптеген жұмақ, тозақ, дін тақырыбы қаралып, басты мәселе ретінде қаралған.
Єдеб: Ќазаќстан. ¦лттыќ энциклопедия 3 том./ Бас. ред. Є.Нысанбаев. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2001. – Б. 617.
Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. – Павлодар, 2006. – Б. 118.
Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. . –Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 128, 135
ЗЄБУР زبور Дәуіт (а.с.) пайғамбарға Аллаһ тарапынан түсірілген қасиетті кітап. Ќ±ран-Кєрімнің Исра с‰ресі, 55 - аятында: «Біз Дєуітке Зєбурді бердік» делінеді. Қасиетті Құранға дейін үш пайғамбарға үш кітап түскен болатын. Соның екіншісі осы – Зәбур еді. Бұл кітаптың ішінде де Аллаһ Тағала тек жалғыз өзіне ғана құлшылық ұруын бұйырған болатын. Бірақ, Дәуіттің пайғамбарлығына шек келтірген қараңғы жұрт Зәбурді де мойындамады. Ал мойындағандары болса уақыт өте келе Зәбурді өзгеріске ұшыратты. Кейінде Құран Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға Аллаһ тарапынан жіберілгенде Таурат, Зәбур және Інжілдің ислами күші жойылды. Қазір Зәбурдің түп нұсқасы сақталмаған.
Ақын Мәшһүр – Жүсіп діни өлеңдерінде Зәбур жайлы аса көп кездеспесе де бірең-сараң жерлерде көруге болады. Мәселен: «Ықылас сүресі» атты өлеңінде:
Д‰ниеде фазыл болѓан тµрт кітап бар
Зєбур мен Тєурат, Інжіл, Ќ±ран олар.
Сипатын бір Ќ±дайдыњ зікір еткен –
Олардыњ баршасында б±л с‰ре бар.
- деп, Зәбурдің дүниеде қасиетті кітап екенін көрсетсе, енді бірде:
Бір реет оқыса шын ниетпен,
Сол болар тілегіне барып жеткен.
Айтылған Зәбур, Таурат, Інжіл, Құран,
Сауабы жазылады қатым еткен.
- деп, Зәбурдің қасиеті туралы баян етеді.
Ал, ақынның Мұхаммед пайғамбарға арнаған діни дастандарында «Хаятбақшы» атты жырында:
Таурат, Забур, Інжіл мен Құранды көр,
Қуа келсе, бәрінің соқпағы бір.
Мақтағаннан басқа жоқ айтар бөлек,
«Шарапатлы туар, - деп, - бір ғазиз ер!»
- деген. Зәбур жайында ақынның тағы да басқа өлеңдері де баршылық.
Әдеб.: Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 9, 154. Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 115. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. . – Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 115. Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 197.
ЗЄМЗӘМ- زمزم شريف – «мол су» дегенді білдіреді. Меккедегі ќасиетті ќ±дыќ. Ќаѓбадан оњт.-шыѓысќа ќарай 20 м жерде, Бани Шайба есігініњ ќара тасќа (Хажар ул-Асуад) ќарама-ќарсы орналасќан. ‡сті к‰мбезбен кµмкерілген б±л ќасиетті ќ±дыќтыњ терењдігі 42 м. Хадистерде зәмзәм ќ±дыѓыныњ ќасиеті туралы былайша баяндалады: Ибрахим пайѓамбардыњ (ѓ.с.) ж±байы Сара ±заќ уаќыт бала кµтермеген соњ, Хажар есімді мысырлыќ єдемі бір к‰њді (жарис) к‰йеуіне некелеп ќосады. Хажардан Исмаил пайѓамбар (ѓ.с.) д‰ниеге келеді. Алайда, Сара к‰њдесініњ м±ндай баќытын ќызѓана бастайды. Сондыќтан, Ибрахим пайѓамбар (ѓ.с.) Хажар мен Исмаилды (ѓ.с.) алып, Меккеге єкеліп орналастырады. Ашыѓып ќалмасын деп азын-аулаќ ќ±рма мен су ќалдырады. Ибрахим пайѓамбар (ѓ.с.) кеткеннен кейін су таусылып, шµлдеген сєби шырылдап жылай бастаѓан соњ, Хажар су іздеп Сафа мен Мєрує тµбелері арасында жан ±шырып ж‰гере береді. Сол уаќытта Жєбірейіл періште аяѓыныњ (немесе ќанатыныњ) ±шымен Мєрує тµбесінен жерді ќазып, су шыѓарады. Кейін ж‰рћ‰м ж±рты б±л ќасиетті ќ±дыќты бітеп тастайды. М±хаммед пайѓамбардыњ (ѓ.с.) атасы Абд ал-Мутталиб т‰с кµріп, зәмзәм ќ±дыѓыныњ орнын тауып алады. Аббас єулетінен шыќќан халиф Єбу Жафар Манс±р зәмзәм ќ±дыѓыныњ айналасына мєрмєр тасын орнатќан. Осман єулетінен шыќќан с±лтан С‰леймен Кануни зәмзәм ќ±дыѓы айналасына 1,5 м. биік мєрмєрмен ќоршап, хауыз салдырды. Зәмзәм суы – ќасиетті су. Ќаѓбаѓа тєуап етіп барѓан ќажылар б±л суды ішіп ќана ќоймай, µздерімен бірге елдеріне алып кете жатады.
Мәшһүр –Жүсіп Көпеевтің шығармаларында да осы «зәмзәм» сөзі кездеседі. Ақын бұл сөзді діни лирикалық өлеңдерінде жиі атайды. Соның бірі:
Жақсылық, талап ойлап жолға түстің,
Қатын-бала, мал-жаннан түгел кештің!
Су алып өз қолыңнан, мейірің қанып,
Құдықтан зәмзәм Шариф тойғанша іштің!
Осы тектес өлеңдерде зәмзәм сөзі бірнеше жерде кездеседі.
Әдеб.: Ќазаќстан ±лттыќ энциклопедия 4 том. Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ», 2002. - 181 б. Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. Павлодар «ЭКО», ҒӨФ, 2003. – Б. 247.
ЗЕКЕТ- ذكاة – «тазарту» дегенді білдіреді. М±сылмандардыњ бес парызыныњ бірі, яки м±сылмандыќтыњ тµртінші шарты, ќоѓамдаѓы кедейлерге берілетін міндетті садаќа. Шариѓат бойынша, кємелетке толѓан ауќатты м±сылмандар ѓана жылына бір рет малыныњ, д‰ние-м‰лкініњ, дєулетініњ ќырыќтан бір бµлігін зекет ретінде беруге міндетті. Зекет берілсе, бай адам мал-м‰лкініњ кірінен, кедейлер алдындаѓы борышынан тазарады. Зекет берілмесе, кедейдіњ ќаќы желінген болып табылады. Зекет мына нєрселер ‰шін беріледі: алтын-к‰міс, тµрт т‰лік мал, аќша жєне сауда-саттыќ тауарлары. Б±лар белгілі бір мµлшерге толуы ќажет. Зекетке толатын мµлшерді «нисап» дейді. Мысалы: саны ‰шін белгіленген «нисап»: 40-тан 121-ге дейін 1 ќой, 121-ден 399-ѓа дейін 2 ќой, 400-ден бастап ж‰зден бірі зекет т‰рінде садаќаѓа берілуі тиіс. Сиырдыњ саны 30-ѓа жетсе, «нисапќа» толѓан болып, 30-дан 39-ѓа дейін 1 тайынша, 40-тан 59-ѓа дейін 1 ќ±нан µгіз не ќ±нажын сиыр, 60-тан 69-ѓа дейін 2 тайынша, 100-ден 202-ге дейін 4 тайынша, не 3 ќ±нан µгіз, не 3 ќ±нажын сиыр, б±дан жоѓары сандарѓа жеткенде єр 30-дан бір тайынша, не єр 40-тан 1 ќ±нан µгіз, не ќ±нажын сиыр зекетке беріледі. Т‰йеніњ саны 5-ке жетсе «нисапќа» толады. 5-тен 9-ѓа дейін 1 ќой, 10-нан 14-ке дейін 2 ќой, т.б., 196-дан 200-ге дейін 4 бесті інген зекетке беріледі де, одан жоѓарѓы санѓа жеткеннен кейін єр 50 т‰йеге 1 дµнежін інгеннен есептеледі. Айналымдаѓы алтын-к‰містен µз салмаѓыныњ 40-тан бірі зекетке беріледі. Сондай-аќ, 20 мысќал (96 г) алтынныњ, яки 200 дирћам (641 г) к‰містіњ баѓасындай сауда м‰лкінен де, аќшадан да 40-тан бір мµлшерінде зекет беріледі. Ќ±ран Кєрімде айтылѓандай, зекет сегіз т‰рлі кісілерге: кедейлерге, міскіндерге (ќолында т‰гі жоќ таќыр кедейлерге, жетім-жесірлерге), зекет жинаушыларѓа, жања м±сылмандарѓа, ќ±лды азат етуге, борыштыларѓа (ќарызын тµлеуге шамасы келмейтіндерге), м‰сєпірлерге (‰йіне жете алмай, жолда ќалѓандарѓа) таратылуѓа тиіс. Зекет беруші зекетті берген уаќытта зекет ‰шін беретіндігін ниет ету, яѓни ішінен ойлауы шарт. Ал зекет алушыныњ зекет екендігін білуі шарт емес. Зекетті бергеннен кейін міндетсу немесе ренжітіп, кемсітіп беру, сондай-аќ, маќтан ‰шін беру зекеттіњ ќайыр-сауабын зая кетіреді. Зекет исламныњ бес шартыныњ біреуі. Сонымен ќатар, д‰ние-м‰лікпен орындалатын ќ±лшылыќ. Ћижри екінші (Милади 624) жылы парыз болды. Зекеттіњ негізгі маѓынасы: кµбею, тарау, берекеттену жєне ‰лкею деген маѓыналарды білдіреді. Діни маѓынасы: Шариѓат зањы бойынша бай деп есептелінетін адам, ћижри жыл санауына ќарай кµбейген д‰ние м‰лкінен, жыл сайын белгілі мµлшерде беретін діни салыќ. Діни терминде зекет беруді: «тєзкия» ал, зекет Берген кісіні «м‰зєкки» деп атайды. Зекеттіњ кімдерге берілуі керек екені Ќ±ран Кєрімде аныќ айтылѓан: «Зекеттер: Алла тарапынан парыз ретінде, ќолы ќысќа кедей паќырларѓа, еш нєрсесі жоќ міскіндерге, зекет жинайтын ќызметшілерге, м±сылмандыќќа шын кµњілімен бейім-делгендерге, ќ±лдарды азат етуге, борыштыларѓа, Алла жолында болѓандарѓа жєне жолда ќалѓандарѓа беріледі. Алла єр нєрсені білетін, ењ ±лыќ ‰кім беруші» (Тєуба с‰ресі, 60-аят).
Діни лирикалық шығармаларында Ислам дінін арқау еткен ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев те зекет жайында бірнеше мәрте айтқан болатын. Адамзатты мұсылманшылыққа шақырып, бір-біріне қайыр-жақсылық жасауға үндеді. Сол себепті ораза мен зекеттің жайын «Ізбас қажы» атты жоқтау өлеңде де атап көрсеткен. Мысалы:
Ораза, зекет пенен – екі парыз,
Мойныңа құтылмасаң болар қарыз.
Тілеп қал қажетіңді тіл барында,
Құдайға өлмей тұрып қылып арыз
- дейді.
Әдеб.: Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. – Б. 229. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 207. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 120.
Ќазаќстан ±лттыќ энциклопедия 4 том. Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ», 2002. 187 б.
ЗЕЙНЕП زينب - Ислам дінін єлемге таратушы, хазіреті М±хаммед (с.а.с.) пайѓамбарымыздыњ ќызы. Ол жер бетінде єділетті орнатушы пайѓамбарымыздыњ (с.а.с.) алѓашќы єйелі Хадиша анамыздан туѓан 6 баланыњ екіншісі. Зейнеп (р.а.) ќыздыњ алдында аѓасы Ќасым болѓан. Ол кішкентай кезінде ќайтыс болѓан. Балаларыныњ ‰лкені Зейнеп болды. Зейнеп ‰лкейген кезінде пайѓамбарымыз (с.а.с.) кµзі тірісінде ќайтыс болѓан. Діни кітаптарда Зейнеп ќыздыњ µмірі ќысќа болѓандыќтан кµп айтыла ќоймайды. Ќазаќ аќыны, дінтанушы Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпеев те µз µлењінде:
Болды ма сізге басшы далил онда,
Бар ма еді ортањызда терењ молда?
Зейнеп, Рухия жєне де Єм Кашом (Умму Гулсім),
Ќыздары пайѓамбардыњ жатќан сонда.
- деп, Аллаћтыњ Елшісі М±хаммедтіњ (с.а.с.) ќызы екенін атап кµрсеткен.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 3 том. –Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 244.
ИБРАҺИМ – ابرهيم Ибраһим, Ы б ы р а и ы м , Авраам — Құран Кәрімде аты аталған пайғамбар. Ең көп тараған есімі -- Халил Алла ("Алланың досы"), оны «Имам», «Сыдыќ Ханиф» деп те атайды. Құран Кәрімде Ибраћимнің өмірі мен қызметі туралы бірнеше рет егжей-тегжейлі баяндалған. Ол жастайынан-ақ өзінің тайпаластары мен єкесі Азар табынған пұтқа сенудіњ мєнсіздігін түсінеді. Ибраћим әуелі Күнге, Айға, Жұлдыздарға сенеді, сонан соң бір Аллаға деген сезімі оянады. Ибраћим µзінің сезімін әкесіне және халқына түсіндіре алмайды; сонан соң қасиетті орындарға кіріп, бірнеше пұтты зақымдайды да, келгендерге мұны ең басты пұт жасады дейді. Олардың өз сөзіне сенімсіздігін пұтқа сенімдерінің жалғандығынан деп түсіндіреді, бірақ Ибраћимніњ уағызын олар түсінбейді. Ибраћимді патшаларына алып барады, ол Ибраћимді өртеп жіберуге б±йырады. Алайда Алла өзінің пайғамбарын, оған сенген Лұтпен бірге құтқарып қалып, Палестинаға апарып қоныстандырады. Бірде Ибраћимге Лұт орныққан қаланың опасыз тұрғындарын жазалауға бара жатқан періштелер келеді. Олар Ибраћимге өзінің және әйелінің қартайғанына қарамастан ұлды болатынын хабарлайды. Ибраћим өзінің ұлы Исмаилмен бірге Меккедегі әл-Қағбаны салады. Ибраһим Алладан өзінің өліге жан бітіретін қасиетін көрсетуді сұрайды. Оған төрт құстың қалдығын төрт тауға апарып қою тапсырылады. Алла тағала шаќырғанда єлгі төрт құсќа жан бітіп, ұшып келеді. Алла тағала Ибраћимді єр кез жебеп-желеп отырады, оның ұрпақтары арасынан бірнеше пайғамбар шыққан. Құран Кєрімнен кейін шыққан аңыздарда Ибраћимнің көп саяхаттағандығы, Мысырда да болғандығы, сонда перғауын оның әйелі Сараны тартып алмақ болғанда, Алланың құтқарып қалғандығы айтылады. Ибраћимді Арабиямен байланыстырған аңыздар да көп тараған. Негізгі арқауы — оның арабтар мен еврейлердің атасы екендігі. Сара оның күңі Хаджарды (Ажарды) баласы Исмаилмен (Ысмайылмен) бірге қуып жіберген соң, Ибраћим оларды Меккеге єкеліп қоныстандырады. Өзі де жиі келіп тұрады. Бір келген сапарында ол Исмаилмен бірге тасқын қиратқан әл-Қағбаны қалпына келтіреді. Меккенің жанында Ибраћим өзінің ұлын қ±рбандыққа шалмақ болады. Бірақ Құран Кєрімде ұлының аты аталмайды, аңыздарда Исмаил делінеді. Алла Ибраћимнің ниетіне риза болып, ұлының орнына құрбандықќа шалуға көктен тоқты т‰сіреді. Содан бері Алла жолына құрбандыќқа қой шалу дәстүрі орныққан. Құранда баяндалатын бұл оқиғалар («Ибраһим» сүресінің 41-аяты; Саффат сүресінің 41-аяты) Тауратта да кездеседі (Быт: 1-12, 22; 2-12). Құран Кєрімдегінің Таураттағы Авраамнан айырмашылығы — ол ұлын құрбандыққа шалу туралы Алланың бұйрығын түсінде көреді. Сондай-ақ, Тауратта ұлының аты айтылады, Құранда тұспалданады. Сонымен ќатар, Құдайдың бұйрығын алған Авраам ұлы Исаакты оған ескертпестен құрбандыққа шалуға ниеттенсе, Құрандағы Ибраћим әуелі күдік келтіреді, алайда баласы Алланың бұйрығын ойланбастан орындау қажеттігін айтады. Барлық құрбандыққа шалу үрдісі Тауратта толық баяндалса, Құран Кєрімде оған аса назар аударылмаған. Ислам дінінде Қағбаға тәжім ету ғана емес, қажылыќтың барлық рәсімі Ибраћим есімімен байланысты. Мысалы, Хаджардың сәбиі Исмаилға су іздеп ас-Сафа мен әл-Маруа төбелері арасын кезуі, Зәмзәм суын табуы, Ибраћимнің әл-Каланы ќайта калпына келтіруі, шайтанмен айқасы, құрбандыққа ұлының орнына тоќты союы т.б.
Аңыз бойынша, Ибраћим зираты Палестинадағы єл-Халилде делінеді. Қабірдің маңайы мұсылмандар ерекше құрмет тұтатын "киелі орын" болып саналады.
Қазақ ақыны Мәшһүр – Жүсіп те хазіретті Ибраһим жайлы өз шығармаларында айтқан болатын. Мәселен:
Хасен бірлан Хұсайын,- шаһзадалар,
Бір Ғалының өзінде он жеті ұл бар.
Пайғамбардың – Ибраһим жалғыз ұғлы
Жанларын үмбет үшін құрбан қылар
- деп «Хадишадан соң Ғайшаны алғаны» атты діни лирикалық жыр он төртінші бапта жырлаған. Ақын өзінің шығармаларының арқауы діни тәрбие, мәліметтер және тарих болғандықтан Ибраһим пайғамбар (ғ.с.) жайында көптеген мәлімет қалдырған.
Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 146.
ИМАМامام – Жамағатқа намаз оқыту үшін көпшіліктің алдына шығатын кісі. «Көсем, бастық, сөз иесі» деген сияқты мағыналары бар. Бұл міндеттің маңызды қызмет екенін біліп, жамағатты басқарудың көптеген тәсілдеріне ие болу керек.
Осы себеппен имам болатын кісі:
1) кәміл мұсылман болуы;
2) кәмелетке толған еркек болуы;
3) намаз дұрыс болу үшін Құран аяттарын жатқа білуі;
4) науқас (үзірлі) болмауы керек;
Имам болудың бұл шарттарынан басқа, мынандай ерекшелігі де болуы қажет:
1) намаз үкімдерін толық білуі;
2) Құран қирағатының (намаз оқылуының) парыз екенін және сол сияқты уәжіп пен сүннеттің орындалуын білуі;
3) хазірет Пайғамбардың сүннетін жақсы біліп, сол сүннет жолымен жүруі;
4) дін үкімдеріне, шариғатқа мән беруі;
5) сөзімен, іс-әрекетімен, өмір сүру мақсатымен халыққа үлгі болуы қажет;
Біртуар ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің діни лирикасының қолданылысында осы «Иман» сөзі жиі кездескен. Соның бірін мысал ретінде келтірсек:
Ибраһим – пайғамардың жалғыз ұлы (ұғлы),
Сахаба жеті мәшһүр кәтте тұғлы.
Басында дұға қылып тұрғаныңыз-
Имамға имам Мәлік болып тұғыры.
- дейді.
Әдеб.: Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. –Б. 174. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 244.
ИМАН امان – сену, ж‰ректіњ бір мєселеге µзініњ ќалауымен к‰діксіз байлануы жєне ќабылдауы. Діни маѓынасы: Алланыњ бар екеніне жєне оныњ жалѓыз екеніне, хазірет М±хаммед оныњ Пайѓамбары екеніне жєне адамдарѓа жіберген дінініњ шындыѓына ж‰рекпен сеніп, тілмен айту. Иман екі т‰рде болады: 1) Ижмали иман: Иман ететін мєселелердіњ б‰кіліне сену. Б±л «кєлимє шаћадат немесе кєлима таухидте» мазм±ндалѓан, Алладан басќа Ќ±дай болмаѓанына, Пайѓамбарымыз да оныњ ќ±лы єрі елшісі болѓанына сену, иман ету. 2) Тафсили иман: Єр нєрсеге жеке сену, иман ету. Б±л «Ємєнтуде – толыќ иманда айтылатын;» Аллаѓа, Періштелеріне, Кітаптарына, Пайѓамбарларына, Аќирет к‰ніне, Таѓдырѓа (хайыр жєне жаманшылыќтыњ Алладан келгеніне) µлгеннен кейін тірілуге сену. Кітап жєне С‰ннетпен наќты білдірілген, д±рыстыѓы тауатур (жалѓан сµйлемейтін адамдардыњ бір ауыздан айтќан хабарлары) жолымен біздіњ заманымызѓа дейін келген хабарлардыњ жєне ‰кімдердіњ бєріне жеке-жеке сену. Иманныњ алѓашќы дєрежесі жєне м±сылман болудыњ бірінші шарты Ижмали иман. Біраќ м±ндай иман жеткіліксіз болѓандыќтан, басќа иман ететін мєселелерге де жеке-жеке сену ќажет. Б±ѓан мысал келтіретін болсаќ; Ижмали иман, аѓаштыњ ±рыѓына, Тафсили иман сол ±рыќтан кµгеріп шыќќан аѓашќа ±ќсайды. Иманныњ отауы-жүрек. Сонымен бірге, адам жүрегімен иман еткенін тілімен дауыстап айтуы (иқрар) керек. Адам иман етпей, м±сылман болмайды, яғни иман – м±сылмандардың бес парызының алғашқысы әрі негізгісі. Иманның алты шарты бар.
Олар:
1) Алла тағала хақтығына сену;
2) Періштелерге сену;
3) Алла тағала тарапынан түсірілген кітаптарѓа сену;
4) Пайғамбарларѓа сену;
5) Ақыретке, киямет-қайым күніне сену;
6) Тағдырға қалтқысыз сеніп, иман ету.
Б±л алты шарттыњ біріне күмән келтіргеннің сенімі толыќ болмайды. Иман — тєсілім етуді қажет етеді. Ақылдыњ шектеулі өлшемімен шешілмейтін кейбір тылсым, әрі т±њғиық түйінді мәселелерді талқыға салмай, таразыламай тәсілім ету (қалтќысыз сену) керек. Иман — тақлиди иман жєне тахкики иман болып екіге бөлінеді. Тақлиди иман — қоршаған ортаның әсерімен немесе біреулерден естіп, соларға елітіп мақ±лдау. Б±л иманның әлсіз түрі болып саналады. Абай мүндай иманды сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек деген. Тахкики иман — санамен саралап, сезіммен куаттап, зерттеп іздену нәтижесінде толық көз жеткізу. Мызғымас бекем сенім болып табылатын м±ндай иман «яќини иман» деп те аталады.
Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпеев иман мєселесіне байланысты:
Єуелі Адам пайѓамбарды Хаќ жаратты,
Бір осы топыраќтан тєн жаратты.
Жан беріп, иман мірµз етті,
Біздерге Руза т±тпаќ сонан ќапты.
М±хаммед ‰мбетіне иашћ‰р рамазан!
- деп «Ораза туралы» атты өлеңінде айтса, иман ақынның басқа өлеңдерінде де діни лирикасының негізгі арқауы, түп қазығы болды. Мәшһүр-Жүсіптің лирикасының мағынасы да осы Адам баласын иманға тәрбиелеп, Исламға шақыру еді.
Әдеб.: Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. – Б. 32. Әдеб.: Ќазаќстан ±лттыќ энциклопедия 4 том. Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» 2002. 247 б
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 4 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2004. – Б. 306.
ИСРАФИЛ يسرافيل - аќыр заман келгенде с‰р ‰рлейтін періште. Б±л періште ќиямет к‰ні Аллаћ Таѓаланыњ б±йрыѓымен сырнайды алѓаш ‰рлегеннен кейін ¦лы Жаратушыныњ ќалаѓан кейбір жаратылыстарынан тыс кµктегі жєне жердегі барлыќ жаратылыс пєнилікке бас иеді. Сосын екінші рет сырнайѓа ‰рлеген уаќытта бєрі ќайта тіріледі. Бұл періште періштелер арасында мәртебесі жоғары болған төрт періштенің бірі . Мәшһүр – Жүсіп діни өлеңдерінде жиі кездеседі.
Діни сарында жазылған ақын өлеңдерінде Исрафил періште жайлы былайша тоқталған еді:
Исрафил, сорын ‰рер, ѓалайссалам,
Таралѓан с‰йек жылып, шіріген тєн.
Суѓа батып, баѓзысын ќасќыр жесін,
Б±рынѓыдай болады барша адам.
Онан соњ жіберіпті Исрафилды,
Бєрінен тµмен жатќан жер паќыр – ды!
Жердіњ айтќанын естіген соњ,
Тоќтатып, ала алмады, о да аќылды.
Тағы бір шығармасында:
Періште төрт Муқарраб тірі қалар,
Әуелі Мекайлдің жанын алар.
Исрафил, Жебірейіл, Ғазірейіл,-
Нәубет бірлан берген жанын һәм олар
- деп төрт періштенің бірі – Исрафилді де атап өтеді. Қазақ тілінде ысырапыл, сұрапыл, ысырап түрінде фонетикалық өзгерістерге ұшыраған. Ысырапыл - діни.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 120, 339, 255. Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 31. Ќайрат Жолдыбай±лы Аќиќат шуаѓы. – Алматы, 2004. – Б. 171.
Достарыңызбен бөлісу: |