ИХРАМ احرام – мұсылманның қажылыққа немесе умраға (кіші қажылыққа) барғанда киетін киімі. Шариат бойынша, қажының Меккеге жолға шыққанда Ихрам киюі уәжіп саналады. Бірақ, б±л өте қиын болғандықтан Ихрамды көбінесе қасиетті жерге жақындаған кезде киеді. Хижазға кемемен барған қажылар Жиддаға келгенде Ихрам киеді. Шариатта Ихрам кию үшін белгілі бір мекен белгіленген. Бұл жерді «микат» деп атайды. Микат бес жерде орналасқан.
1. Мединеден келетін қажылар үшін - Зул-Хуләйфә;
2. Сирия және Мысырдан келетін қажылар үшін - әл-Жухфа;
3. Нәдждан келетін қажылар үшін - Ќарн єл-Мәнєзил;
4. Йеменнен келетіндер үшін - Иәлєм-ләм;
5. Ирактан келетіндерге - Зат Ирк.
Ихрамды кеш киген кісі қажылықтан кейін құрбан шалуы тиіс. Қажылық пен умраға баратын адам алдын-ала мынадай шарттарды орындауы қажет:
1. Ғұсыл алу;
2. Тырнақтарына қына жағу;
3. Денелеріне әтір жағу;
4. Шаш, тырнақ алу;
5. Сақал түзеу.
Бұл шарттар ер адамдар үшін. Ал әйел адамдар ғұсыл алады, тырнақтарын алып, қына жағады. Осыдан кейін тігіссіз арнайы ақ жамылғы киіледі. Б±л жамылғы екі бөлімнен тұрады:
1) белден тµмен оралатын мата. Б±л "и з а р " деп аталады;
2) иық, көкірек және арқаның оң жағынан байланып, үстін жабатын кең мата. Бұны "рида", байлау тәсілін "у и ш а " деп атайды. Шариат бойынша мата ақ болуы тиіс.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Ізбас қажы» атты өлеңінде:
-Ихрам киіп, рида біз байланып,
Жүгірдік Байтулланы жеті айналып.
Зиарат қанша десең табылатын,
Тыныш тауып жата алмадық біз жайланып,
- деп Ізбас қажының Меккеге барып, қажылық қылғанын сипаттағанда, осы қажының үстіне ихрам кигенін айтады.
Єдеб.: Ќазаќстан ±лттыќ энциклопедия. 4 том, / Бас. ред. Є.Нысанбаев. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2002. - 352 б.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2003. - Б. 20.
ИШАН اشان — халық арасында сауат ашу, ғибадат айту қызметін атқарып жүрген діни сауатты адамға берілетін діни атақ. Ишан қазы, имам тәрізді лауазым болып саналмайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында, әдетте, Ишанның дәріс беретін белгілі бір ауылдары болған. Ишанның міндеті — өзінің ќарамағындағы ауыл тұрғындарының діни сауатын ашу, шамасы келгенше діни ғұрыптарды атқару. Еңбек ақысы ретінде ауыл тұрғындары Ишанды мал, азық-түлік және ақшамен қамтамасыз ететін болған. Әрине, Ишан болу молдалардың дүниеге деген мұқтаждығынан туған іс емес. Ишандықтың негізін Алла Тағаланың разылығы үшін халыққа дінді, ақиқатты үйрету мақсатындағы адал ниет құрайды. Ишан болу атадан балаға өтетін мұрагерлік іс десе де болады. Себебі, әкесі дүниеден өткен жағдайда оның қарамағындағы ауыл тұрғындарының діни мұқтажын өтеу баласының міндеті болып есептелген. Қазақ арасындағы атақты Ишандардың көпшілігі өз міндеттеріне дәстүр жалғастығы ретінде қараған. Дүниеден өткен Ишанның ұл баласы болмаған жағдайда ауыл тұрғындары діни сауаты бар, халықтың сенімін ақтайтын басқа бір кісімен Ишан болу мәселесін келіскен. Қазіргі уақытта Ишандық қызметін ауыл имамдары атқарады.
Ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев те өз өлеңдерінде ишан жайлы жазған еді. Соның бірі «Исабек ишан» атты жоқтау ретінде жазылған көркем туындысы. Исабек ишан Екібастұз қаласының тұрғыны, өз әулиелігімен жұрт назарын аударған адам. Сол кісі дүниеден озған кезінде Мәшһүр-Жүсіп артынан былай деп жоқтап қалған еді:
Бір халфе Төртуылдан жұрт бастады,
Қылған ісін хылап деп жұрт тастады.
Қанша ишан, қанша мүрид шықса-дағы,
Бәрі де Ишекемнен бір аспады!
- десе, өлеңнің басында Исабектің ишандығы жайлы:
«Өзі –ишан жұрт бастаған, заты қожа,
Сейітзада нәсілі сондай таза...»
- деген еді. Осы жерде ақын ишан сөзін қолданысқа түсіріп тұр.
Єдеб.: Ќазаќстан ±лттыќ энциклопедия. 4 том, / Бас. ред. Є.Нысанбаев. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2002. - 354 б.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. – Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. - Б. 236.
КӘПІРكافر (кәфирун) – дінсіз, дінге сенбейтін, яғни м±сылман емес. Алла тағаланың ныѓметін мойындамаушы, Жаратушысына раќметі жоќ, имансыз адам дегенді білдіреді. Толыққанды мазм±ны күпірлік ұғымымен айқындалады. 19 ғ-дың соңына дейін Солт.-Шыѓыс Ауғанстанның таулы аймағындағы Н±рстан тайпаларын көрші мұсылман халықтары кәпір деп атап, елін Кєпірстан деген. «Кәпір» сөзінен, сондай-ақ, сол мағынадаѓы кєуір сөзімен қазақ ќауымы да діні бөтен халықты атаған. Зайырлы ортада ''Кәпір" сµзі рақымсыз, қатыгез, кісәпір, жақсылық істеуді білмейтін адам мағынасында қолданылады.
Мәшһүр – Жүсіп Көпеев кәпір сөзін былайша қолданған:
Күжілдеп үрген иттей кәпір...
Бұ жөйттің алғаны шын мың лағынет.
Түкіріп екі қолға жалақтады:
- Кел, кел, дәмең болса, - деп- Мұхаммед!
Ақынның діни лирикасын қарастырғанда кәпір сөзі мұсылман мағынасына қарама-қарсы болғандықтан сөз мағынасын ашпақ үшін басқа да өлеңдерінде қолданыс тапқан.
Єдеб.: Ќазаќстан ±лттыќ энциклопедия. 4 том, / Бас. ред. Є.Нысанбаев. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2002. 451 б. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б 43.
ЌАДІР Т‡НІ ليلة القدر – ењ ќасиетті жєне сауабы мол т‰н. Аллаћ Таѓала қасиетті Құранның «Қадыр» сүресінде: «Біз Ќ±ран Кєрімді Ќадір т‰нінде т‰сірдік. Ќадір т‰ні мыњ айдан хайырлы. Періштелер жєне Жєбрейіл (а.с.) ол кеште Раббыларыныњ р±ќсаты бойынша барлыќ іс ‰шін т‰седі» деген. Пайѓамбарымыз (с.ѓ.с.): «Кім ќадір т‰нініњ сауабына сеніп, шын кµњілімен ќ±лшылыќ істейтін болса, Аллаћ б±рынѓы к‰нєларын кешіреді» - деген. Қадір түнінде Алланың еркіндік құдіреті бүкіл нәрсені қадірлейді. М±сылман кісі осы ќасиетті кеште алдымен намаз оќуы керек. Намаз оќуды білмегенніњ µзінде, зікір айтып, ѓибадат жасаѓанѓа сауап болады. Пайѓамбарымыз (с.ѓ.с.): «Бір зікір бар, оны кім бір к‰нде 100 рет оќыса, 100 сауап, 100 ќатесі кешіріліп, 10 ќ±лды босатќандай сауап алады», - деген. Ол мынадай д±ѓа: «Ла илаћа иллолоћу», ол д±ѓаны 1000 рет, «Єлћамдуллилаћи» деп 1000 рет, «Аллаћу Акбар» деп 1000 рет айту керек. Намаз оќуды білмегенніњ µзінде, зікір айтып, ѓибадат жасаѓанѓа сауап болады. Мєшћ‰р – Ж‰сіп Кµпеев «М±ќыш Ж±пар±лы» атты µлењінде ќадір т‰ніне тоќталады:
‡ндерде не жаќсы: - Ќ±ран ‰ні!
Т‰ндерде не жаќсы: - Ќадір т‰ні!
Жањаша октярьдіњ сегізінде
Шарапатты, дањќы зор – ж±ма к‰ні.
Әдеб.: Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. –Б. 273. Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпей±лы. Шыѓармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» Ѓ¤Ф, 2003. –Б. 62.
ЌАЖЫ حاج - м±сылманныњ бес парызын орындаѓан кісі. ҚАЖЫЛЫҚ - исламдағы бес парыздың ең соңғысы. Барлық күші жеткен мұсылмандарға қажыға бару парыз екендігі туралы Алла Тағала Құран кәрімдегі Бақара сүресінің 196-шы аятында былай деді: «Хаж және умраны Алла үшін толық орындаңдар». Бұл аят Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) хижраның 6-шы жылында Мәдинада түскен. Осы күннен бастап қажылық ету күллі мұсылманға парыз болды.
Қажылық - өте сауапты да маңызды құлшылық.
Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисі бар: «Қажылық жасаған адам анасынан жаңа туғандай болады, барлық күнәсі кшіріледі».
Қажылық парызын өтеуді ниет еткен адам төмендегі 5 шартты толық орындауы міндетті әрі өте-мөте қажет.
1. Ислам дінінде болуы керек. Яғни Алла Тағала тыйған істерінен сақтанушы және бұйырған нәрселерін орындаушы – салауатты мұсылман болмағы ләзім.
2. Балиғат жасына жетуі керек.
3. Ақыл-есі дұрыс болуы керек.
4. Еркіндікте бас бостандығы болуы керек.
5. Қажылыққа баруға күші келетін, қажылыққа барып келгенше жетерлік қаржысы және ол ақшасы адал кәсібімен табылған болуы керек.
Егер осы шарттың біреуі орындалмаса, онда ол адамға қажылық ету – парыз болмайды.
Мүмкіндігі толық келетін адамға қажылық парыз екендігін Алла Тағала Құран кәрімде «Әл-Ғимран» сүресінің 96-шы аятында: «Шамасы келген кісілер Алла үшін Қағбаны зиярат етіп, хаж ету керек» - деп атап көрсетті.
Ақын Мәшһүр - Жүсіп Көпеев өз шығармаларының бірінде:
Басқаны қажы ісінен қылдың харам,
Шарттарын кітап айтқан айлап тамам.
Қарата Байтоллаға бет қойғанда,
Жөнелдің ұшқан құстай көкке таман.
- деген.
Әдеб.: Әбдіхалық Аманкелді Еренғайыпұлы «Қажылық» - Алматы, 2004. –Б. 13 . Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 246.
АХМЕД ИАССАУИ حوج أحمد يسوي - Ахмет Иассауи (1904 ж. туған, қазіргі Шымкент облысы, Сайрам маңы, - 1166 ж., Түркістан қаласы) – ортағасырлық ақын, софылық-мистикалық әдебиеттің көрнекті өкілі. Жас кезінен шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. 17 жасынан бастап өзі де өлең жаза бастайды. Өлеңдерін өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Софылық поэзияның ықпалында болып, Бұхара қаласындағы парсы жұртынан келген оқымысты Иусуф әл-Хамаданиден тағылым алып, білімін молықтырады. Кейін Ясыға (Түркістанға) оралып өмірінің соңына дейін сопылықты, ислам дінін уағыздайды. 1157 жылы 63 жасқа толғаннан кейін «пайғамбар жасына жеттім, бұдан әрі өмір сүруім күпірлік» деген оймен осы күнгі өзінің мавзолейі маңынан жер асты мешітін- хилует салдырып, сонда ғұмыр кешеді. Хилуетте өткізген 10 жылдың ішінде Ахмет Иассауи өзінің атақты «Диуани хикмет» («Даналық сөздердің жинағы») деп аталатын циклды өлеңдерін жазады. Ақын бәйіттерінде хикметтерінің 400 шумақ екенін ескертеді. Онда діни нанымдармен бірге халықты әділдікке, адалдыққа мейірімділікке шақырған гуманистік идея да арқау етілген. Бірақ бұл идея діни уағыз түрінде айтылады. Шығарманың түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткен варианттардың 15 және 16 - ғасырларда көшірілген нұсқалары ғана. «Диуани хикмет» Қазан (1887, 1901), Стамбул (1901), Ташкент (1902) баспаларында бірнеше рет басылды. Бірқатар өлеңдері орыс тілінде аударылып, «Библиотека всемирной литереатуры» сериясымен жарық көрді. Ахмет Иассауи шығармашылығы жайлы түрік ғалымы М.Ф. Копрюлюзаде, орыс шығыстанушылары А.Н. Самойлович, А.К. Боровков, Е.Э. Бертельс, өзбек, қазақ ғалымдары Е. Рустанов, Х.Сүйіншалиев, Ә. Дербісілиев, Е. Келімбетовтың зерттеу еңбектері бар. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев пен Қожа Ахмет Иассауи шығармалары көбінесе шығыстық үлгіде сарындас болып келеді.
Мысалы:
Бес жаста ауызға алдым: «Бисмилланы!»,
Һаптиек құран оқып, білдім мә-ні!
Иассауи Қожа Ахмет хикметінен,
Көңіліме төгілді нұр хош кәләми
- деген. Екі данышпан ақынның жырлары діни лирикада болса, тәрбиелік мағынасы да исламды насихаттап, адалдық пен шындықтың, бейбітшілік пен бауырластықтың, сондай-ақ адам өзінің рухани болмысын тәрбиелеуге үндеу жасайды.
Әдеб. : Мәшһүр – Жүсіп. Шығармалары. –Павлодар, «ЭКО». ҒӨФ. 2т. 2003. – Б. 97.
ҚОРҚЫТقرقط - Кейбір зерттеушілер Қорқыт сөзінің түп төркіні «көр» және «құт» деген екі сөзден тұратындығы. Осы орайда «көр» сөзінің гор, гөр, гур сияқты фонетикалық нұсқалары болғанындай, «құт» сөзінің де гут, ғұт, хут дейтін варианттары кездесе береді. Сондықтан да әуелгіде Ғұрғұт, Гөргут, Горгуд, Көрхут, Көрғұт сияқты тұлғаларда айтылуы әбден ықтимал. Әзірбайжанша қазір де Горгут, түркіменше Горкут болып айтылады. Құт адамға желеп - жебеуші киелі күштердің, рухтардың, басқа дүние иесінің арқасында қонады. Оны кері қайтарып алатындар да сол күштер. Қатты қорыққанда «құты қашты» дейді қазақтар. Дж. тат. قوت кутъ, жизнь, счастье; сердце, храбрость, въ алт. душа, присутсвіе духа: قودي جقتي душа вышла, т.е. растерялся отъ страха. Қазақтар «құт» келді деп әр нәрсені ырым – жора ретінде тұтынған. «Құт» кетсе ырысым бірге кетеді деп түсінген. Табиғаттың құбылыстарын да: жаңбыр, қар молынан жауса соған байланысты адам өміріндегі өзгерісті «құтты» құбылыс деп ұққан. Ќ.Халид: Тарихшылар «Ќұдатғу білік» туралы осы кітап атына аса ќаныќ болмаѓаны ‰шін біраз т‰сінік жазу керек болды. «Ќұдатғу білік–ќ±тадғу білік» боп жазыла береді, екеуі бірдей білік–білу, «ќ±д»-к‰т (екеуі–ќ±т) дегені б±л арабтыњ «к‰тіб» сµзінен алынѓан, тіл–сµз. «Ќ±тыб»-єр нєрсеніњ баянды боп байыздап т±руына айтылады, сол ‰шін «ќ±тыб ж±лдызы» атауы бар (Темірќазыќ ж±лдызын айтып отыр). «Ќ±т – баќыт маѓынасында, «оѓан пєлен жерге ќ±т болды» дейді, яѓни «сонымен ол баќытты болды» демекші, ќ±ттықтаѓанда «ќ±тты болсын» деу осыдан». Осы кітапта берілген т‰сінікте: «Ќ±т» атауы арабтыњ «ќ±тыб» сµзінен алынды деу шындыќќа келмейді. «Ќ±т» - µз алдына ±ѓым беретін ертедегі т‰ркі сµзі, маѓынасы – «баќыт», «жан», «баќытты болу» - дейді. Ќ±т а. [ќ±т: пища, пропитание] – изобилие; счастье; благодать. Ќ±т зат. Баќыт, береке; ЌУТ–ќ±т, баќ, дєулет; Ќ±т>дєулет. Мәшһүр-Жүсіп Қорқыт жайлы былай деген: «Қорқыт ең алғаш бақсы болған кісі, түбі-қалмақ».
Әдеб.: Тұрышев. А.Қ. Мәшһүр – Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // фил. ғылым. док., ғылыми дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. – Б. 104. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 8 том. Павлодар. «ЭКО», ҒӨФ, - 2006. –Б. 59.
Ќ¦РАН قرأن – Аллаһ Тағаланың тарапынан Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға дүние жүзіне Ислам мәдениетін орнату мақсатымен Жәбрейіл (ғ.с.) періште арқылы жіберілген Аллаһтың өз сөздері. Құран Кәрiм Пайғамбарымыз хазiрет Мұхаммед (с.а.с.) Алла тарапынан уахи жолымен, Миладидiң 610-632 жылдары арасында, шамамен 23 жылда аят-аят, сүре-сүре болып түскен. Құранның сөзi мен мағынасы Алланың кәламы. Пайғамбарымызға араб тiлiнде түскен. Ешқандай ауыстырылмай, өзгертiлмей қазiрге дейiн сақталған, бұдан кейiн де өзгертiлмейдi.
Құранды қабылдамаған кiсi кәпiр болады!
Құранның түсу себебi:
Құранның аяттары немесе сүрелерi хазiрет Пайғамбарға сұрақ сұралғанда немесе сол дәуiрдегi қандай бiр оқиғаға байланысты, Алла Тағаладан жiберiлуi «түсу себебi» деп аталады. Бiрақ әрбiр аяттың және сүренiң келу себебi болмаса да, көбiнiң түсуiне себепшi болған бiр оқиға болған. Түсу себебiнiң бiлiнуi, аяттармен сүрелердiң мағынасын түсiнуге пайдалы болған. Бұл тақырып бойынша, мысал ретiнде, Пайғамбарымыздан сұраған сұраққа былай деген: Хазiрет Пайғамбар топтасып, отырған бiрнеше еврейдiң жанынан өтiп бара жатқанда: «Рух деген не?» деп сұрайды. Бұл сұраққа жауап ретiнде төмендегi аят түседi.
«(Мұхаммед ғ.с) Олар сенен рух (жан) туралы сұрайды. Оларға: «Раббымның әмiрiнен, сендерге өте аз мәлiмет берiлдi» деп айт». (Исра сүресi, 85-аят). Қандай бiр оқиғаға байланысты түсу себебiне мысал берейiк:
Пайғамбарымыз Меккеден Мәдинеге һижра еткен кезiнде Мәдине саудагерлерiнiң таразыда қулық жасағандарын көредi. Осыған байланысты «Мұтаффифин» сүресiндегi: «Адамдар, өздерiне бiр нәрсе өлшеп алған кезiнде кемiтпей тура алып; бiрақ, өлшеп берген кезiнде кемiткендерге нендей өкiнiш!». (Мұтаффифин сүресi, 1-3-аят) деп басталған аяттар жалғасы түскен.
Құран Кәрiмнiң алғашқы түсiрiлу оқиғасы:
Құран Кәрiм Миладидiң 610 жылы Пайғамбарымыздың қырық жасында Меккенiң оңтүстiгiндегi Хира үңгiрiнде түсiрiле бастаған. Рамазан айының дүйсенбi күнi екенiне ғалымдардың пiкiрi бiрлескенiмен, қай дүйсенбi болғанына пiкiр айырмашылығы бар. Бiрақ Рамазанның он жетiсi, жиырма төртi, Қадыр түнi немесе қасиеттi түнде түсе бастағанына байланысты белгiлер бар.
Пайғамбарымызға ең алғашқы түскен аят Ғалақ сүресiнiң алғашқы аяттары: «(Ей Мұхаммед! Жаратқан Раббының атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол қаламмен үйреткен Раббының аса ардақты. Ол, адамзатқа бiлмеген нәрсесiн үйреткен». (Ғалақ сүресi, 1-5-аят). Осы аятардың түсуiмен Пайғамбарымыздың пайғамбарлығы бiлiнгенiмен, уағыз ету әмiрi берiлмеген. Бұл аяттардан кейiн бiраз уақыт уахи кешiккен, кейiннен Мүддәсiр сүресi түскен: «Әй жамылушы! (Мұхаммед (ғ.с) алғаш Жабрайл ғалаиһиссаламды көргенде қобалжып: «Жабыңдар, менi жабыңдар» деп жамылып жатады.) Тұр ендi! Адамдарға ескерт! Раббыңды ұлықта! Киiмiңдi тазала! Әртүрлi лас iстерден аулақ бол! (Жасаған iсiңдi) көп мiндет қылма. Раббың үшiн сабыр ет». (Мүддәссiр сүресi, 1-7-аят).
Құранның жаттау арқылы сақталуы:
Пайғамбарымыз түскен аяттарды алдымен өзi жаттап, кейiннен уахи жазушыларына жаздырған. Өйткенi, Пайғамбарымыз сауатсыз болған едi. Хазiрет Пайғамбарымыз жаттаған аяттарын Жабрайл (с.а.с.) бiрге жыл сайын бiр рет, қайтыс болатын жылы екi рет қайталап оқыған. Бiлiм адамдарының көзқарасы бойынша, Пайғамбарымыз Сахабаларын Құранды жаттауға үгiттегендiктен санының көбеюiне себеп болған.
Құранның жазба түрiнде сақталуы:
Пайғамбарымыз уахи жазушыларына дұрыстап, жаттаған аяттарды тиiстi жерiне орналастыруын әмiр еткен. Ол дәуiрде қағаздың орнына құрма бұтақтары, жамбас сүйектер, иленген терi, жұқа және ақ тастардың үстiне жаздырған. Жазылған аяттар Пайғамбарымыздың үйiнде сақталуымен бiрге, уахи жазушылары өздерiне де бiр дана жазып үйлерiне апаратын болған. Бұндай ұқыптылық Құранды басқа кiтаптар сияқты жоғалу және ауыстырылу қаупiнен құтқарған
Құранның аты және басқадай есiмдерi:
Кiтабымыз Құранның бiрнеше есiмдерi болса да ең көп қолданылған аты Құран. Құран сөзiнiң түбiрi жайында әр түрлi пiкiрлердiң iшiнен ең таңдаулысы «оқу» және «жинау» мағынасындағы сөздер. Араб тiлi грамматикасы бойынша осы «оқу» және «жинау» мағынасындағы сөздiң арабшасы قَراَ (Қараә) етiстiгi. Етiстiктi орындаған сөз түбiрi мағынасында болған قُران (Құран) түрiнде атау есiмдiгi болған.
Құран есiмiн қойған Алла жәллә жәләлүһү: “Күдiксiз бұл Құран (адамдарды) ең тура жолға салады.”, (Исра сүресi, 9-аят). “Шын мәнiнде бұл Кiтап, (лаухы Махфузда) сақтаулы. Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды. (Дәретсiз кiсi ұстамайды). Ол ардақты Құран әлемнiң Раббынан түсiрiлген.” (Уақиға сүресi, 77-80-аят).
Құранның осы есiмi хазiрет Пайғамбарға түскен аяттармен сүрелердiң барлығын қамтитын беттер жинағына қойылған ең даңқты есiм. Бұл сияқты Құранда жазылған басқадай бiрнеше есiмдерi бар. Құранның тоқсан немес елу бес аты, сипаты кiтабымызда болғаны белгiлi. Бұл есiм немесе сипаттарының ең мәшһүрлерi мынадай:
Китаб, Фурқан, Тәнзил, Зикр, Мәуғиза, Хақ, Мәсани, Қасас, Бурхан, Нур, Рух, Уруәтүл-Уүсқа, Ахсанүл-Хадис, Кәламуллаһ, Уахи, Фасл, Хүда, Рахмет, Шифа, Хикмет, Халиуллаһ, Баян, Қаййум, Тәзкир, Адл, Сидқ, Бәлағ, Бушра, Мәжид, Азиз, Бәшир…
Құранның ерекшелiктерi:
Алла сөзi болуы жайындағы ерекшелiктерi:
1 Құран Кәрiмнiң мағынасы және сөздерi Аллаға тән.
2 Құран араб тiлiнде болуы.
3 Құран Пайғамбарымыз хазiрет Мұхаммедке түсiрiлiп, адамзат, жын және барлық әлемдi қамтыған.
4 Құран түскеннен берi ешбiр өзгерiске ұшырамаған және бұдан кейiн де өзгертiлуi мүмкiн емес.
Тәртiп, рет жөнiнен ерекшелiктерi:
Құран Кәрiмдегi 114 сүренiң бәрi Бисмилләмен басталады. Әр бiр сүреде аят деп аталатын 6666 сөйлеммен құралған. Бет санына қарай параға бөлiнген, пара санына қарай хизптарға бөлiнген.
Ислам дінін насихаттаған ақын Мәшһүр-Жүсіптің өлеңдерінде Құран туралы анық әрі жиі жазылған. Мысалы:
Осылайша б±л с‰реніњ фазылы бар,
Ќ±ранныњ тєпсірінде айтылар.
Ќ±ранда фазыл болѓан уаќиѓасын,
Имамдар осы т‰рде ќылады исћєр
Құран туралы деректер мен мәліметтер, арнайы бір сүреге арналған өлеңдер ақынның қолжазбасын құрайды.
Әдеб. Жанарыс Хызыр. Имандылықтың ғылыми негізі. Павлодар 2006, 325 б. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 7.
ҚҰПТАН НАМАЗЫ عيشة қ. «Намаз».
«ЛӘӘ ИЛӘӘҺӘ ИЛЛӘ АЛЛАҺ» لا اله إلا الله- араб тілінен енген діни сөйлем, тікелей мағынасы: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ». Бұл сөйлем, яғни ұғым, әсіресе, мұсылмандар қолданысында өте жиі кездеседі. Ислам дінін ұстанушы ұғымында бүкіл әлемді, жалпы он сегіз мың ғаламды жаратқан ол Аллаһ. Өз жаратылысында адамды ерекше марапатпен және жындар мен періштелер арасында өте мәртебелі жаратқандық. Өз жаратылысының әрбіреуін сондай ұлы махаббатпен жаратқандықтан оларды ризықтандырып, керек-жарағын қамтамасыздандырып, тағдырын шешіп, тіпті жамандық пен жақсылықты өзі жаратқан болса да қорғап-қоршап тұратын осы ұлы Аллаһ. Сондықтан дүниеге Адам боп келгендіктен, көрген күніне шүкірлік етіп, тәубеге келу керек екендіктен тек Аллаһқа ғана құлшылық қылуды талап етеді. Аллаһтан басқа құдайға табынған Адам көп құдайшыл атанғандықтан ондай адамды мұсылман емес деп есептейді. Ислам дінінің Аллаһтың әмірімен Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға уаһи жеткізіп, Құран түсіруінің себебі де сол, «Аллаһтан басқа құдай жоқ, тек бір ғана Аллаһқа сиыныңдар» деген үндеу еді. Мұхаммед с.а.с.-ға пайғамбарлық келгенде 13 жыл бойы Исламға шақырған ол тек тауһид ілімін яғни Аллаһты бірлеуге шақырған еді. Исламды қабылдап, мұсылман болған әрбір Адам тілін кәлимаға бұрып, шын ықыласымен «ЛӘӘ ИЛӘӘҺӘ ИЛЛӘ АЛЛАҺ, МҰХАММАДУР-РАСУЛ АЛЛАҺ» - демек, Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның құлы әрі елшісі деп айтуы тиіс. Исламға сеніп, кәлима айтпаған адамның иманы толық болмайды. Тіпті Ислам дінінде «ЛӘӘ ИЛӘӘҺӘ ИЛЛӘ АЛЛАҺ» деген адамды өлтіруге тыйым салынады. Қасиетті Құранның Лұқман сүресінің 29-30-аяттарында: «Көрмедің бе? Расында Аллаһ түнді күндізге қосады. Сондай-ақ күн мен айды бағындырады. Барлығы бір мерзімге дейін жүреді. Рас, Аллаһ, олардың істегендерін толық білуші. Міне шексіз Аллаһ – Ол хақ. Сөз жоқ олардың Аллаһтан өзгеге жалбарынғандары босқа. Күдіксіз Аллаһ – Ол өте жоғары, аса ұлы.» - дейді.
Осындай ұлы Аллаһқа сиынып, Хақтың пәк жолымен жүрген, . Ислам дінін берік ұстанған ақын, данагөй Мәшһүр – Жүсіп Көпеев те Аллаһ сөзін жиі қолданады.
Мысалы:
Дүниеде ешбір кәләм ауызға алмай,
Ләә иләһә иллә Аллаһ тілден салмай.
Дәріс беріп шәкірттерге әдеттенген.
Үйренген тірлікте мінез қалмай
- дейді. Және осы іспеттес дін туралы көптеген өлең жырлар жазады.
Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. - 262.
Л¦Т (ѓ.с.) لوط – пайѓамбар. Л±т (ѓ.с.) ¤лі тењіздіњ мањындаѓы, Ќызыл тењіздіњ сол жаќ жаѓалауында орналасќан Содон деген ќалада µмір с‰реді. Ибраћим (ѓ.с.) пайѓамбардыњ заманында ќатар µмір с‰рген жиен туысы. Ибраћим (ѓ.с.) – мен бірге ±заќ мерзімді саяхаттар мен сапарларда бірге ж‰рген, шыѓарып салып ж‰рген адамныњ бірі. Ол Ибраћим (ѓ.с.) халќыныњ кµрші еліне пайѓамбар ретінде жіберілген. Біраќ б±л ел жабайылыќ єрі т±рпайылыќ істер гомосексуализммен айналысатын болѓан. Л±т (ѓ.с.) уаѓыз айтумен Аллаћтыњ хаќиќат жолына т‰суіне, Аллаћќа ќ±лшылыќ етуге шаќырѓанда оныњ пайѓамбарлыѓын мойындамай, керісінше µзіне ќарсы шыѓып, ескіше µмір с‰ре береді. Уаѓыз айтып, т‰зу жолѓа шаќырѓандыќтан оны халыќ жек кµріп кетеді де, ж±рттан ќуып шыѓады. Аллаћќа д±ѓа етіп, жалбарынѓан Л±тќа (ѓ.с.) Аллаћ екі періштені жігіттіњ кейпінде жібереді. Аллаћтыњ елшілік ќызметіндегі екі періште µз адамдарын жинап, т‰нде т±рѓан жерін тастап кетуін ескертеді. Ел-ж±ртты, жерін тастап кеткен Л±т(ѓ.с.) Ибраћимѓа барып пана табады. Тањѓа жуыќ Л±тќа (ѓ.с.) ќарсы шыѓушыларды аспаннан тас жаудырып, ќайнап т±рѓан балшыќтар жаудыру арќылы халыќты ќатты азаптайды. Сол бір ќаланы астан-кестен етіп, халќын, ќаласын Аллаћ жер бетінен біржолата жоќ ќылады. Б±л оќиѓа жайында Тауратта, Інжілде, Ќ±ранда жазылѓан.
Дін жайында жазылѓан кµптеген лирикаларында, шыѓармаларында, баптарында аќын Мєшћ‰р – Ж‰сіп Кµпеев те жазѓан болатын. Мысалы:
¤тіпті Зауал, Кєфел, пайѓамбар Л±т,
Біз енді ќ±тыламыз ќайда барып?!
Ѓарасат майданына жияр дейді,
Пендені жиып, теріп, айдап алып.
Єдеб.: Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпей±лы. Шыѓармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» Ѓ¤Ф, 2003. –Б. 310.
МЕККЕ مكة – мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда Қағба бар, бас мешіт Масджид әл-Харам орналасқан. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың отаны. Арабтардың ежелгі мәдени орталығы. Мұсылман аңыздары бойынша мұнда бірсыпыра уақыт Адам ата мен Хауа ана, Шис, Ибраһим, Исмаил пайғамбарлар тұрған. Аңызға қарағанда Меккені джурхум, хузаа тәрізді ежелгі тайпалар қоныс еткен. Ал 4-ғасырдың аяғында мұнда құрайыш тайпасы қоныстанған. 6-7 ғасырда оның халқы Қағбадан оңтүстік-шығысқа қарай 800-900 метр және оңтүстік-батысқа қарай шамамен 500 м. ауданды алып жатты. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа құлшылық ету үшін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта оның есігін соған қаратты (құбыла). Мұсылмандардың Меккені 630 жылы жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айырықша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Қағбаны айналып тәуап ету салтына Арафат тауына бару енгізілді. Меккеге барып тәуап ету мұсылмандықтың бес парызының бірі болып жарияланды. Меккенің орталығындағы Қағбаның айналасына ғибадатханалар комплексі (Байтуллаһ) орналасқан.
Мәшһүр – Жүсіп шығармаларының бірі «Ізбас қажы» атты өлеңінде Меккенің жайы жақсы айтылған. Сондай-ақ басқа да шығармаларында, Мұхаммед пайғамбарға арнаған діни дастандарда, Имандалаққа тәрбиелеу мақсатында жазылған лирикаларында жиі аталады.
Соның бірін мысалға келтірсе:
Төртімен Мұхаммед үйге қайтты,
Төрт барып фифмге көңіл айтты…
Ибраһим сол жерде өліп(жатты) қалды,
Жаны- жұмақ, сүйегі-Мекке барды.
«Меккеде аман-есен ж‰р, -деп - µзі!» -
Єњгіме б±л заманда ж±рттыњ сµзі.
Алыстан єкем бар деп, ањсап келген,
Мен едім т±ѓырында ќалѓан ізі
- деп жырласа, тағы бір қолжазбасында: «Манағы Меккеден көшіп шыққан ел қайта өз қонсытарына келіп, жаудан қалған олжаға шаш етектен ілініп, мәз – мейрам болысыпты»- деген еді.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 6 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2005. – Б. 61. Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 195. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 73. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 94.
МОЛДАمولد — шариат білгірі, діни рәсімдерді атқарушы, ұстаз, білімі толысқан адам. Қазақ жерінде патшалыќ, Ресей билігі т±сында молда қызметін атқарған діни қызметкерлердің міндеттері мемлекет ќаулыларымен белгіленіп, шенеуніктердің бақылауында болды. Молда арнайы тағайындалып, жергілікті мешіттердің қарамағына жіберілді. Кењестік дәуірде діннің өмір сүру формасы діни рәсімдердің аясында қалғаны себепті молдалар қызметі ислам дінінің жөн-жоралѓыларын атќарушы ретінде ғана көрінді. Молда қызметіне Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшылық жасады. Казіргі уақытта б±л ќызметті Ќазақстан мұсылмандарының діни басќармасына бағынатын жергілікті имамдар атќарады.
Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпеев шыѓармаларынан «молда» сµзін бірнеше жерден ањѓаруымызѓа болады.
Ќ±ран мен тєпсір еді ±стаѓаны,
Ќош кµріп молдаларды ќостаѓаны.
Ниеті дін, исламѓа жаќын болып,
Ќ±дайдыњ жаќсы жолѓа бастаѓаны.
Жасынан дін ісіне болѓан мыќты,
¦натып µзге µнерден молдалыќты.
Сарып ќып д‰ние шашып барѓан ќажы,
Билік пен керек хќылмай болыстыќты.
«Кетпейтін б±л сµзімнен бермей хабар,
Мен µлмей жан емеспін аузын жабар.
Тµрт маѓз±м, екі ќожа, ‰ш молда бар,
Ж±рт µзі кім екенін ойлап табар.».
- дейді. Осы тұрғысында көптеген қолжазбаларында «молда» сөзі кездеседі.
Єдеб: Ќазаќстан. ¦лттыќ энциклопедия 6 том./ Бас. ред. Б.Аяѓан. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2004. 542 б.
Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпей±лы. Шыѓармалары. 1 том. – Павлодар: «ЭКО» Ѓ¤Ф, 2003. Б. -214 З.Солтанбай±лы. Мєшћ‰р. –Павлодар: Ѓ¤Ф «ЭКО», 2001, Б. -132. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 117. Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 198.
НАМАЗ صلاة– ислам дінініњ єрбір м±сылманныњ орындайтын 5 парызыныњ бірі.
Яѓни:
Кєлимаћи шаћадат айту.
Намаз
Ораза
Зекет
Хажыѓа бару.
Осындаѓы 5 т‰рлі парыз Исламныњ 5 ірге тасы болып саналады. М±ныњ ішінде «кєлимєћи шаћадат» тілмен, ж‰рекпен, аќылмен яѓни рухани т‰рде орындалатын болса, намаз осы тіл, ж‰рек, аќыл жєне адамныњ б‰кіл денесімен ќимыл жасау арќылы орындалады. Тєн жєне жанды орындауда бірдей ќажет ететін ѓибадаттыњ ењ негізгісі де осы − намаз. Намаз єрт‰рлі, парыз намаздар, уєжіб намаздар, с‰ннет намаздар, нєфіл, айт, ж±ма, жаназа намаздары болып бµлінеді. Осындаѓы парыз намаздар Аллаћ тарапынан бекітіліп, ќасиетті Ќ±ран арќылы єр м±сылманѓа міндет етілген.
Парыз намаздыњ µз ішінде 5 т‰рге бµлінеді:
Тањ намазы – араб тілінде «фаджр» деп атайды. Б±л намаз тас ќарањѓыдан аспан сейіліп, ж±лдыздар тарќайтын жєне рауандап к‰нніњ алѓашќы н±ры ќылаңданѓаннан к‰н шыќќанѓа дейін орындалады.
Тањ намазы 2 ракаѓат с‰ннет жєне 2 ракаѓат парыздан т±рады.
Бесін намазы – араб тілінде «зухр» деп аталады. Осы намаз к‰н тас тµбеден ауып, кµлењке т‰скенге дейін оќылады.
Бесін намазы 4 ракаѓат с‰ннеттен, 4 ракаѓат парыздан жєне 2 ракаѓат с‰ннеттен т±рады.
Екінті намазы – араб тілінде «аср» деп атайды. Ал, ќазаќша «екінді, намаздыгер» деп те айтыла береді.
Екінті намазы к‰нніњ кµзі шаќыраюдан шайылып, адамныњ кµлењкесі µз бойынан екі есе ±зарѓан уаќыттан к‰н батарѓа дейін оќылады.
Екінті намазы 4 ракаѓат парыздан т±рады.
Аќшам намазы – араб тілінде «маѓриб» деп аталады. Ќазаќта «шам намазы,намазшам» деп атай береді.
Аќшам намазы к‰нніњ кµзі ќайтып, ќызарып батќаннан к‰н ±ясына т‰гелдей кіргенге дейін оќылады.
Ол 3 ракаѓат парыздан, 2 ракаѓат с‰ннеттен т±рады.
Ќ±птан намазы – араб тілінде «иша» деп аталады. Ќазаќта оны «ќ±птан, жєшић» деп те атайды.
Ќ±птан намазы ж±лдыз шыќќаннан, ж±лдыз тарќаѓанѓа дейін оќылады.
Ол 4 ракаѓат парыз, 2 ракаѓат с‰ннеттен т±рады.
Соњынан ‰єжіб болѓан 3 ракаѓат «‰тір намазы» оќылады.
5 намаздыњ біреуі уаќытынан кешіктіріліп оќылатын болса «ќаза» намазы деп аталады. Ќаза намаз орындалѓанда тек сол намаздыњ парызы м±сылманныњ мойнынан т‰скенімен Аллаћ тарапынан жєне µзіне де ешбір сауап та, игілік те, денсаулыѓы, кµњілі ‰шін де ешбір пайда болмайды.
Б±л парыз болѓан 5 намаздан басќа нєфіл намазы яѓни к‰ллі адамзаттыњ с±лтаны болѓан М±хаммед с.а.с.- ныњ Аллаћ алдында мінажат ќылып оќыѓан ќосымша намаздары:
1.Духа намазы 4.Тарауих намазы
2.Тахаджут намазы 5.Тауба намазы
3.Таспих намазы 6.Истихара намазы
Б±дан басќа ораза жєне ќ±рбан айттарында оќылатын «айт» намазы, єрбір ж±ма к‰ні болѓанда мешіттерде оќылатын «ж±ма» намазы, адам ќайтыс болѓанда «жаназа» намазы бар.
Сондай – аќ, намазда жањылыс болса, саћу сєждесі жасалып, жалѓастырылады. Ал сапарѓа шыќќан адам мусафир саналып, «сапар намазын» оќиды.
Намаз жайында Ќ±ранда Аллаћ Таѓала бірнеше мєрте атап айтќан. Соныњ бірін дєлел етер болсаќ, «Исра с‰ресініњ» 78-79 аяттарында Аллаћ аныќ б±йырѓан: «Т‰с ќиѓаннан, т‰нніњ ќаранѓылыѓына дейін намаз оќы. Єрі тањ намазын оќы, к‰діксіз тањ намазына періштелер де ќатынасады. Т‰ннен оянып, µзіне тєн нєфіл оќы. Раббыњныњ сені бір маќтаулы орынѓа жеткізуінен ‰міт етіледі» - деген. Жєне де осы іспеттес кµптеген аяттар т‰сірілген.
Ќазаќтыњ біртуар аќыны,данагµй єрі дін іздеуші Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпеев те µз µлењдерініњ кµпшілік осы діни лирикалыќ сарында жазѓан. Оныњ µлењдерініњ арќауы Аллаћ, дін, намаз, зекет, ќ±рбан т.б. болса, мєні мен маѓынасы мейірімділік пен таќуалыќќа, тыныштыќ пен ќ±лшылыќќа шаќыру мен µмір-µлім алдындаѓы дайындыќ сєті екенін баяндайды. Ал намаз туралы аќын Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпеев кµптеген жерде атап µткен. Мєселен:
Оразаң отыз күнгі – отыз кісің,
Бес кісі – бес намазың, білемісің.
Жоқ қылып жамандықты жойылтуға,
Бұлармен дәнемеге келмес күшің
- деп бес намаз жайында айтса:
Қонаққа шақырыпты Ғұсман батыр,
Әр сөзі – мыңділдалық, балдай татыр,
Мешітте ақшам намаз оқып алып,
Бас болып ақ пайғамбар келе жатыр.
- деп ақшам намазы туралы сөйлеген.
Алдынан шыќсын иманы,
Ќаза ќылмай оќыѓан:
Ораза, намаз, ќ±раны!
Ділалат жер кµп ќылѓан
Садаќа, зекет, ќ±рбаны.
Ќырыќ парыздан мен айтайын Исламды,
Бес иманды ‰йрен, оќы намазды ертелі-кеш.
Ораза т±т, ќажы ќылѓыл, бергіл зекет
Ынсапќа малыњ толса, ќалдырма еш (ћеш).
Уаќытында оќы, ниет ќыл, ќ±была намаз,
Б±л алтауы намаздыњ тысындаѓы.
Алтыныњ бірі ќалса, намаз емес,
Єйтеуір Алла ќабыл ќылсын-даѓы!
Осымен он екінші болды тамам,
Намазды ќалдырмаѓыл, оќы єман (ћєман).
Намазды жорта ќойса кєпір болар,
Ѓазабы ќиямет к‰н болар жаман
- деген жолдардаѓы адамныњ б±л д‰ниемен о д‰ниеде баќытќа жетуіне намаздыњ ќажет екендігін, Алла Таѓалаѓа ќ±лшылыќ етіп, Пайѓамбарымыздыњ (с.ѓ.с.) жолымен ж‰руді айтады.
Әдеб.: Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. –Б. 161. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 52, 176. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 61. Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңдамалы. (Екі томдық шығармалар жинағы). –Алматы, 1990. –Б. 167.
Н¦Х ПАЙҒАМБАРنوح - Нұқ, Нұх - пайғамбар. Құран кәрімде "Алланың жердегі өкілі" ретінде әңгімеленеді. Тіпті аяттан тұратын «Нұх» сүресі де бар. Мұхаммед (с.ғ.с)-нан бұрын өмір сүрген. Алланың әмірі бойынша пұтқа табынып келген өз халќын (бөду, сува, йагусу, йаку, насру) бір құдайға ғана құлшылық ету жолына уағыздаған. Бірақ, Н±қ төңірегі, тіпті әйелі иланбай, ақылынан адасқан адам деп санап, жєбір көрсетіп, таспен атып өлтірмек болған. Н±ќ ақыры Аллаға жалбарынып, дінсіздерді жазалауын тілеген. Құдірет иесі Н±хқа кеме жасауға бұйрық береді; содан соң жер мен кµкті суға алдырып, бүкіл єлемді топан су қаптайды. Дінсіздер түгел қырылып, тек Н±хтың сөзіне сенгендер, Алла тағаланың хақтығын мойындағандар ғана кемемен әл-Жүди тауының басына жетіп, аман қалған. Осы таќілеттес әпсаналар Тауратта да кездеседі. Әлем халықтарының, соның ішінде ќазақтардың фольклорында Н±х пайғамбардың кемесі туралы осы діни аңыз нұсқалар жетерлік. Арабтар Н±х кемесі — әл-Жүди тауының, армяндар — Арарат, ал қазақтар Оңт‰стік Қазақстан облысындағы Қазығ±рт тауының басына аялдаған дейді. (мыс., "Қазығ±рттың басында кеме ќалѓан, ол єулие болмаса неге қалған").
Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шығармаларында да Нұх пайғамбар туралы айтылып өткен еді. Мысалы: «Топан су әуел таһрор қылғанда, хазірет Нұх ғалайссаламның нан жабатұғын тандырынан білінді. Ол тандыр - тас еді, хазірет Хауа анамыз нан жапқан, сонан әулетіне (ауладина) мирас қылған.» деп баяндайды. Ақын қолжазбаларында бұл пайғамбар жайлы басқа да деректер баршылық.
Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 6 том. Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2005. –Б. 53.
ОРАЗА صوم – ораза араб тілінде «саум жєне сиям» деген ±ѓымды береді. Парсы тілінде рузе сµзінен келген. Уаќыт µте келе орузе деп µзгерген, ораза деп ќазаќ айтады. Саум мен сиямныњ сµздік маѓынасы: бір нәрседен алыстау. Діни маѓынасы: Имсаќ уаќытынан (тањ атќаннан), аќшам намазыныњ уаќытына дейін ешбір нєрсе ішіп-жемеу жєне жыныстыќ ќатынаста болмау. Аузы берік адамның жақсы сөздер сөйлеуі, бос сөзбен орынсыз іс-қимылдарды бойын аулақ ұстау. Ораза исламныњ бес шартыныњ бірі болѓандыќтан, денемен жасалынатын ќ±лшылыќ. Ћижраныњ екінші жылы (Милади 624) м±сылмандарѓа парыз болѓан. Парыз болуы: Кітап, С‰ннет жєне Ижмамен дєлелденген. Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 185-аятта «Ей иман келтіргендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» делінген. Ораза адамды жаманшылыќтан аулаќтауға, жаќсылыќќа бейімделуге, төзімділік пен сабырға, туыстық қарым-қатынасты бекітуға, аш адамның жағдайын түсініп, дүниенің қадірін білмекке тәрбиелейді. Оразаны арнайы бұзған адам жаза ретінде екі ай үздіксіз ұстайды. Ж‰регіндегі арам ойдан ораза ұстаушы саќтанып, рухын жаќсы сезіммен толтыруы керек. Кµмекке м±ќтаждарѓа кµмектесіп, µз міндетін д±рыс т‰сініп, єрќашан адалдыќтан, тура жолдан таймауы шарт.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің діни лирикаларының ішінде ораза бес парыз ретінде анық айтылған. Сондай-ақ оразаға арналған «Ораза туралы» атты өлеңі де бар. Имандылыққа шақырумен қатар өзінің рухани болмысын тәрбиелеуге үндеу жасағанда да ораза мәселесін қалдырмаған. Соның бірі:
Жанарлар – намаз, ораза ќазасына,
¤тірік, µсек, ѓайбаттыњ ызасына.
Єркім сол штраф (еш тарап) к‰нін тµлеп,
Ќаратар к‰нєсыныњ жазасына
- деп, оразаның маңыздылығын ашқан. Ақынның көптеген діни жырлары мен дастандарында ораза жайында сөз қозғалған.
Әдеб.: Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. 217 б. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 333. М.Исаұлы, Қ.Жолдыбай. «Ислам ғылымхалы», Алматы, - 2003 ж.
РУЌИЯ رقية - Пайѓамбарымыздыњ ќызы. Руќия бинт Мухаммад ибн Абдуллаћ. Єділеттілік пен бейбітшілікті, достыќ пен адалдыќты єлемніњ Жаратушысы Аллаћтыњ ємірімен орнату маќсатында Елші болѓан Абдуллаћ ±лы М±хаммед (с.а.с.) пайѓамбардыњ ќызы. Руќия (р.а.) М±хаммед пайѓамбардыњ (с.а.с.) бірінші єйелі Хадиша хазіретті анамыздан туѓан ќызы, алты баланыњ ‰шіншісі, ќыздарыныњ екіншісі. Руќияныњ алдында Ќасым, Зейнеп, µзінен кейін Умму Гулсум, Абдуллаћ жєне Фатима туѓан пайѓамбарымыздыњ (с.а.с.) ќызы. Руќия ислам діні келмес б±рын Єбу Лєхабтыњ ±лы ¦тбаѓа т±рмысќа шыќќан еді. Пайѓамбарымыз (с.а.с.) жања бір дінді уаѓыздаѓанын естіген ¦тба «ќызыњды да, уаѓыздаѓан дініњді де ќаламаймын»-деп ќызымен ажырасып кетеді. Сол кезде пайѓамбарымыздыњ жан жолдасы хазіретті Осман бин Аффан µзіне некелесуін с±райды. Соѓыс алањдарында бірге ж‰рген Осман (р.а.) Бєдір соѓысы болѓанда Руќияныњ науќасына байланысты ќатыса алмайды. Науќасынан айыѓа алмай Руќия бинт М±хаммед кµз ж±мып, д‰ниеден µтеді.
Аќын Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпеев те µз µлењдерініњ бірінде:
«Зейнеп, Руќия жєне де Єм Кашом (Умму Гулсум)
Ќыздары пайѓамбардыњ жатќан сонда»
- деп атап µткен.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 3 том. –Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 244.
ТАБЛИТ تبلت - діни ұғым (жұптылық). Мәшһүр – Жүсіптің «Ібіліс шайтан хикаясынан» алынған мақұлықтың (шайтанның) аты. Тәблит пен Жәблит екеуі ерлі – байлы мақұлықтар. Олар тозақтан жаратылған бірі арыстан сықылды да, екіншісі қасқыр сияқты. Содан екеуі буаз болып олардан жылан-шаян жаратылады. Ол жылан-шаяндар бірімен бірі үйленіп тынады. Топырақтан Алла тағала Адам атаны жаратады. Әділдік жеңеді. Аш көздік, көрсе қызарлық адам баласын ұшпаққа жеткізбейді деген идея айтылады. Мәшһүр – Жүсіп діни дастанында ізгілік иесі Адам ата мен зұлымдық иесі Жәблитті қарама – қарсы қояды. Ақырында ізгілік жеңеді.
Мысалы:
Деп айтар: «Тәблит, Жәблит» қазақша аты,
Жаралған болып мақұлық, оттан-заты.
Арыстан (арсылан) суретінде болып Тәблит,
Құйрығы жыландай боп қияпаты
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 3 том. –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 3-15.
ТЄУРАТ تورة – Яхуди дiнiнiң Пайғамбары – Мұса (ғ.с.), кiтабы – Таурат. Дiн адамдары Қахам, құлшылық қылатын орындарының үлкендерi Қаура, кiшiсi Синагог делiнген. Яхуди Израилдiктердiң (Ибранидердiң-Яхудилердiң) дiнi. Алғашында Мұса ғаләиһиссәламға жiберiлген Таурат үкiмiне қарай әрекет (ғамал) қылған. Ол уақытта дiни кiтаптарды жаттау былай тұрсын, бетiнен оқитын адамдардың өзi аз болған. Сондықтан Таурат өте азайған. Хазiрет Мұсадан кейiн бiрнеше соғыстардан израилдықтар тәуелсiздiгiн жоғалтып, ғасырлар бойы басқалардың қол астында қалған. Ұшыраған пәлекеттердiң себебiнен Таураттың негiзiн сақтай алмаған. Бiздiң эрамыздан 622 жыл бұрын, Азра есiмдi бiр бақсы Таураттың түпнұсқасын Құдыста тауып жарыққа шығарғанын бiлдiрген. Айтушыларға қарағанда, бұны Азра жазған және өзiнше қосымшалар жасаған. Мұса ғаләиһиссәламнан жетi ғасыр кейiн, Таурат кiтабы болып қабылданып, көбейтiлген. Қазiргi кезде еврейлердiң қолындағы Ахди атик (ескi Ахид) деп аталған кiтаптың негiзi осы. Сонымен бiрнеше ғасырдан кейiн бiр адамның сөзiне бола Таураттың түпнұсқасы болып қабылданған кiтаптың қаншалықты сенiмге сай болғандығы жайында ойланған кiсiге түсiнiктi. Олай болса қазiргi Таурат – Алладан Мұса ғаләиһиссәламға жiберiлген Құранда аты аталған Таураттың өзi емес. Сол себептен Яхуди дiнiнiң қасиеттi кiтабы болып есептелетiн Таурат бұзылғандықтан бұл дiндi «түпнұсқасы бұзылған дiн» деп атаймыз. Мұсылмандар Таураттың бұзылмаған түпнұсқасына сенгенiмiзбен, қазiргi нұсқасын қабылдамаймыз.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өлеңдерінде Алла Тағала тарапынан түскен кітаптарға тоқтала келе, адамдарды екі дүниеде де бақытқа жеткізетін туралықты насихаттайтын білім көздері екендігіне назар аудартады.
Бір рет кім оќыса шын ниетпен,
Сол болар тілегіне барып жеткен.
Айтылѓан Зєбур, Тєурат, Інжіл, Ќ±ран
Сауабы жазылады ќатым екен
Тєурат иврит тілінде «зањ, ереже-ќаѓида, шариѓат» деген маѓыналарды білдіреді. Ќ±ранда: «Ішінде адамдарѓа тура жол жєне н±рды ќамтыѓан Тєуратты біз жібердік (Майда с‰ресі, 44)» - делінеді. Тєураттыњ ќазіргі тањда танымал ‰ш т‰рлі н±сќасы бар. Б±л ‰ш н±сќада айтылѓан кµптеген ереже-ќаѓида, хабарлардыњ бір-бірімен сєйкес келмеуі – Тєураттыњ адамдар тарапынан ќатты µзгертілгендігін тайѓа тањба басќандай білдірсе керек. Таураттыњ Ибраниша, грекше жєне Самирише ‰ш т‰рлі белгілі н±сќасы бар, б±лар да µзара ±ќсамайды. Ќ±ранда Таураттыњ µзгертілгені білдірілген.
Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 9. Ќайрат Жолдыбай±лы Аќиќат шуаѓы. – Алматы, 2004. – Б. 220.
Достарыңызбен бөлісу: |